Рентабельділік көрсеткіштері
Рентабельділік-экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз табыстан кеткен шығынды азайту.
Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.
Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек.
Табыс факторлары
Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.
Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.
Баланстық пайда үш элементтен тұрады:
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
Пс=Тс-сыз - ӨҚ |
мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн
2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
Пб.с.= Тс - Мқк |
мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.
3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
- Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
- Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;
- Мүлікті жалға беру арқылы;
- Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;
- Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.
Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:
- Сотқа кеткен шығындар;
- Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
- Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
- Ұрлаудан болған шығын;
- Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).
Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Технологиялық шоғырландыру
Шоғырландыру өндірістік бірліктер көлемінде өндіріс масштабының артуын білдіреді, яғни кәсіпорынның іріленуі болып табылады. Шоғырландыруға өндірістік бірліктер ауқымының ұлғаюына қоғамдық еңбек бөлінісі дамуында жетекші роль беріледі. Себебі машиналардың тиімді пайдаланылуы тек өндіріс көлемінің жеткілікті үлкен мөлшерінде ғана мүмкін болады.
Өндірісті шоғырландырудың абсолюттік және салыстырмалы мәндері бар:
• абсолюттік шоғырландыру – өндірістік бірліктердің размерлерін сипаттайды.
• салыстырмалы шоғырландыру – әртүрлі ауқымдағы бірліктердің арасында өндірістің жалпы көлемін бөлуді білдіреді. Салыстырмалы шоғырландыру абсолюттік шоғырландыру әсерінен құралады.
Өндірісті шоғырландырудың төрт нысаны бар:
• агрегаттық;
• технологиялық;
• зауыттық;
• ұйымдастырушылық.
Олар екі жолмен дамиды: экстенсивті және интенсивті.
Технологиялық шоғырландыру – технологиясы біртектес өндірістердің размерлерін ұлғайтуды білдіреді. Технологиялық шоғырландыру агрегаттық шоғырландырудан күрделі. Ол интенсивті жолмен, яғни агрегаттық шоғырландыру базасында және экстенсивті жолмен, яғни агрегаттық шоғырландырудың өзгеріссіз деңгейінде өндіріс құрамында біртектес жабдық бірліктерінің санын арттыру жолымен де дамиды.
Технологиялық шоғырландыру цехтарды нығайтуда, кәсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді және де бір типті жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады.
Тозудың екі түрі
Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.
Кт.т.= Қт/Қбас,
Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:
1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу.
Т = Қб – Ққ.е.
2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:
Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны
Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі
Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл
Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл
3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.
Тозу амортизация түрінде есептеледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:
А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)
Амортизация – бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:
Корт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
Кенг – енгізілетін қорлар құны.
Ешығ – шығарылатын қорлар құны.
Тшығ– қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
Na – амортизация нормасы.
Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы:
Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)
Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны
Ұйымдастыру-шаруашылық шоғырландыру
Ұйымдастыру-шаруашылық шоғырландыру – өндірістік бірлестіктерді құруды және майда кәсіпорындарды әкімшілік біріктіруді білдіреді. Бұл біріктірілетін кәсіпорындарда олардың техникалық қайта жарақтану базасында өндірісті шоғырландыру үшін алғышарттарды құруға тиісті басқарудың орталықтандырылуы болып табылады.
Шошқа шаруашылығы
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
• Әлемдегі шошқа етін импортайтын ірі елдер Ресей және Қытай (2012жылда 1070 и 730 мың. тонна).
• Беларусия Республикасында шошқа етінің жетіспеушілігі сезіледі (60 мың. тонна)
• РФ африкалық шошқаның обасы, сонымен қатар РФ-ң сыртқы сауда айналымына кіруіне байланысты саланың өнім өсімі азайтылған
• Қазақстанда шошқаның құны 70 пайызын құрайтын астық саласын дамыту керек
• Мысалы, Дания жыл сайын 29 млн. шошқаны өндіреді, соның ішінде 85% өнімі Германияға және Польшаға экспортталады. Экспорттың жалпы көлемі 1 жылда 14 млрд. евро құрайды.
Дания Еуропа Одағына кіріп шошқа саласы бойынша бәсекеге қабілетілігі төмендеген, сол себептен шошқа саласын дамуына астық даму сұрағы маңызды орын алды
Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік (3 ай + 3 апта + 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10—12 торай тауып, олар 7—8 айлығында 110—120 килограмға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4—6 азық өлшемі жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі. Және ол азық талғамайды. Шаруашылықтағы азық қорына байлаиысты шошқаларды жемді, жемді—картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рацяондар құрамында қыста 75—80, жазда 85—90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20—30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұиы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандық-тан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.
Өндірістік шошқа шаруашылығы салысының құрылысы: