XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.
Қазақстан ХҮІІ ғасырда саяси бытыраңқы ел болды. Билікке таласқан әрқилы топтар өзара тартыс туғызып отырды. Тәуекел ханның өлімінен кейін 1598 жылы хан болып Есім хан тағайындалды. Шығайханның ұлы Есімнің (1598-1628) Аштаханидтер өкілдерімен жасасқан келісімі бойынша Қазақ хандығының құрамына қалаларымен бірге Түркістан аймағы, сондай-ақ уәлаятымен қоса Ташкент бірсыпыра уақытқа Ферғана кірді. Сол уақыттан бастап қазақ мемлекетінің құрамына бұл аймақ және екі жүз жылға Ташкент түпкілікті енді. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Есімханның есімімен аңыздар, бізге жетпеген заңдар жиынтығының қалыптасуын байланыстырады. “Есім ханның ескі жолы” деп аталады.
Есім ханды халықтың ерекше құрметіне бөленген хан қатарына жатқызады. Оның өмір тағдыры төмендегідей, ол 12 жыл қазақ тағынан Тұрсын ханның ықпалымен сыртқа шығарылып тасталған. Осы уақыттың жартысын ол моңғол ойраттары арасында батыс Монғолияда өткізген. Олай деп қазақтар Қашғария оазисіндегі қалмақ, қырғыздарды атаған. Сол бөтен жерде, қуғында жүріп сол осындай сыйға ие болған. Жазба деректерде Есім хан туралы былай делінген: Есім хан Калматук жерінде тұрады және қалмақтармен бірге көшіп жүреді.
1627 жылы Тұрсын хан Есім ханды өлтіргісі келіп, оған жорықтан келе жатқанда бас салады. Бірақ тәжірибелі сарбаз Есім хан өзінің сақтығымен аман қалды. Тұрсын хан талқандалып Ташкентке қашып кетіп, сол жерде өз жақындары қолынан қаза тапқан. Есім хан таққа екінші рет отырды. Ол 1628 жылы қайтыс болып, Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи мешітінің қасында жерленген.
ХҮІІ ғасырда Бұхарада билік басына Жошының ұлы, Аштарханид – Астрахан хандарының ұрпағы – Тоқа Темір келді. Бұл қазақ хандарына Орта Азияның бір бөлігін, Ташкент, Түркістан, Сайрам, Андижан қалаларын басып алуға мүмкіндік берді. Қазақ хандары өздерінің мақсаттарында аштарханидтер арасындағы өзара тартысты тиімді пайдаланды. Негізгі көздеулері – қазақ хандарының иелігі – Ташкент қаласы еді, оның билеушісі қазақ сұлтаны Келді Мұхаммед болды. Аштарханидтер Ташкентті алу үшін жорыққа шығады. Қала үшін ұрыс ауыспалы жеңіспен жүрді. Аштарханидтер жағынан соғысты Иманқұл хан қазақтар жағынан Есім хан бастады.
Есім ханның өлімінен кейін қазақ хандығында өзара тартыс басталды. Ақыры аяғында хан болып Есім ханның баласы Жәңгір жарияланды. Оның билік басына келу мезгілі анық емес. Оның барлық өмірі жоңғарлармен соғыста өтіп, осы соғыста ол 1652 жылы қаза болды. Ол өзінің әкесімен қатар Түркістанда жерленген.
Оның ерліктерінің қатарына жоңғарлармен 1643 жылғы жеңісі жатады.
Қыстың аяғына қарай жоңғардың қалың әскері қазақ хандығына басып кірді. Шабуыл төтенше жағдайда болғандықтан, Жәңгірхан тек 600 адам әскер ғана жинады. Бірақ ол аумақтың таулығын пайдаланып, өз әскерін тиімді реттеп, тамаша жеңіске қол жеткізді. Өзінің жарты әскерін ол таудың арасындағы тар шеңгелге орналастырып, ал өзі 300 әскермен жасырынды. Ойраттар ордағы әскерге шабуыл жасағанда, Жәңгір хан сырттан соққы берді. Сөйтіп жау талқандалып, кейін қайтты.
Жәңгір хан аштарханидтармен де Сырдария қалалары үшін соғыс жүргізді.
1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуымен, ойраттар жағынан Арал, Жетісудағы қазақ жерлеріне қауіп туды. Цин империясының қысымынан және жайылым мен Қазақстан мен Азияның сауда орталықтарына шығу үшін олар қазақ жерлеріне көз алартуларын тоқтатпады.
ХҮІІ ғасырдың 20-шы жылдары ойраттардың көпшілігі Обь, Тобыл, Ертіс, Есіл өзені бойларымен қоныс аударды. Іле, Талас өзендерін олар қыстаққа пайдаланды. Қазақтар оңтүстік-батыс бағытқа ығыстырылды, онда олар өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрттармен қақтығысты.
Ал аштарханидтерге келсек, олардың құдіреті әлсірей бастады. 1700 жылы маңайында жаңа Қоқан хандығы құрылды. Аштарханид Абу-ал Фаизд хан (1711-1747) билеп тұрған кезде, билік негізінде жеке тайпалар көшбасшылары қолында болған.
ХҮІІ ғасырда қазақ хандарының сыртқы саясатында қалмақтармен қатынасы ерекше орын алды.
Қалмақтар - батыс моңғолдардың түркі тіліндегі аталуы, өз аталуы – ойрат, ал қытай жазбаларында – элиот. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында тайпалардың ойрат одағы монғол хандығының билігінің астынан шығып, өз қолбасшылары (тайши) басқара бастады.
Әуелде олардың иеліктері Хангай тауларымен – Шығыста, Оңтүстікте Гоби құмдары, батыста – Моғолстан, солтүстікте – Ертіс, Енисей аралығында болған. Батыс монғол тайпалары үнемі өзара тартыста болып, кейде Моғолстанға біріккен шабуылдар жасап тұрған ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында ойраттар тайпасы Хара Хулам тайшиға бірігіп 1635 жылы Жоңғар хандығын құрады. Оған Батыр хунтайшы билік етті. (1634-1653ж) Қалмақтар экспансиясы қазақ хандығы аумағына өте баяу және біртіндеп өзара тартыс шиеленіскен. Әскери қақтығыстар мен шамалы татуластықтар бірін бірі алмастырып отырды. Қалмақтар ХҮІІ ғасырдың басында батысқа қарай жылжып, Хорезмге жортуылдар жасады. Жоңғар хандығының негізін алған Батыр Хунтайшы өлгеннен кейін қалмақ тайшилары арасында билікке талас туды. 1653-1670 ж жоңғар мен қазақтар арасында тиыштық байқалады. Бірақ 1670-1697 жж хунтайшы Галдан-Бошоктуды басқару кезінде Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Түркістанға жаңа жорықтар бастады.
1678-1680 жж ойраттар Қашғарияға жорық жасап, 1681 жылы Галдан – Бошоқту Шу өзенінен өтіп Сайрам қаласын қоршады, бірақ ала алмады, Сайрамды ол 1684 жылы алды, барлық тұрғындарын тұтқынға айдап әкетті. 1683-85 жж ол Ош пен Андижанға жорыққа шығып, қырғыздар мен өзбектердің соққысына ұрынып, кері қайтты. Одан кейін ол Шығыс Моғолстанға жорыққа шығып, бірақ оны әскери әрекеттері сәтсіз аяқталды, ол өз өзін өлтірді. Оның өлімінен кейін билік басына Цеван Рабтан (1697-1727) келді. Осы кезеңнен бастап қазақ-жоңғар қатынастары тағы да шиеленісті. Қазақ хандығы бұл кезеңде ауыр жағдайда болатын; аштарханидтар қазақ иеліктерін Ташкент, Түркістан және басқа қалалардан қуып шығуға тырысты, сонымен бірге жоңғар шапқыншылығы.
Қазақ хандығының бекуі Тәуке хан (1680-1718) Жәңгірдің кезеңіне келеді. Тәуке ханның билік кезеңі қазақ мемлекетінің “Алтын ғасыры” деп аталады.
Тәуке хан кезінде, халық тиыштықта өмір сүрді, тәртіп болды, әділдік пен заңдылық сақталды.
Тәуке хан кезеңінде қазақтардың қарамағында Сырдарияның 32 қаласы болды. Оның негізгі мекені – Түркістан қаласы болды. Тәуке хан ақылды басшы болды және өзінің маңайына ақылды адамдарды жинады. Оның кеңесінің мүшелері, халық заңдылығын жақсы меңгерген және сөзге шешен адамдар мысалы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды.
Тәуке хан барлық өмірінде белсенді сыртқы саясат жүргізді. Әкесінің кезінде Қашғарияға елшілікті басқарды, Қазақ және Бұхара хандығының арасындағы соғысқа жол бермеді, Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына ықпал етті.
1686-1693 ж Тәуке хан Ресейге бес елші жіберді. Тәуке ханның Ресеймен достық қарым қатынас орнату жөніндегі хаты сақталған. Сонымен бірге, Ресей үкіметінің қазақ хандығын, немесе оның жекелеген руларын бодандықа айналдыру, ниеттері, қазақ билеушілерінің есебінде болған жоқ.
Тәуке ханның билігі кезінде және оның өлімінен кейін 1718 ж қазақ билеушілері Ресей бодандығына ұмтылған жоқ, тек олармен одақтық қарым қатынас орнатуға ұмтылды, әсіресе жоңғарларға қарсы және онымен мәңгі бейбітшілік сақтау мақсатында. Орыстың әскери көмегіне қажеттенген Тәуке хан қалыптастырған қазақ қоғамы өзін өзі сыртқы көмексіз де қорғай алатын еді. Ойраттармен соғыс кезінде Тәуке хан 80 мың сарбаздан тұратын әскерге басшылық етіп, өзін әскер ісінің білгірі ретінде, өжет жаунгер ретінде даңқын шығарып, батыр атағын алды.
Тәуке хан барлық мемлекеттегі билікке ие соңғы хан болды. Оның өлімінен кейін, келте хандар бас көтерді, сөйтіп үш жүзде де өз билеушілері пайда болды. Тәуке хан тума тақсыр болды. Ол өзін қоршағандардың бәрінен ақылымен, батылдығымен ерекшеленді, сонымен бірге жұмсақ мінезді, әділ болды. Тәуке хан ұзақ, оқиғаларға толы өмір сүріп, өз халқына “ұлы, сүйікті, қадірлі” болды. Оның есімімен қазақтардың заңдылық ескерткіш жазылуын байланыстырады: “Жеті жарғы”-ны жазуға Төле би – Ұлы жүзден, Орта Жүздің – Қазыбек би, Кіші Жүзден – Әйтеке би қатысқан, енді бір деректерге қарағанда Тәуке хан Құлтөбеге (Сырдария облысы) жеті биді шақырып, осы билер Қасым хан мен Есім ханның бұрынғы салт дәстүрлерін біріктіріп, жаңа дәстүр “Жеті жарғы” пайда болды делінген.
Тәуке ханның басқаруы кезінде қазақ халқының тарихында өте ауыр кезең еді. Соғыс екі майданда жүрді. Батыста қазақтар Сырдария қалалары үшін аштарханидтармен соғыс жүргізсе, оңтүстік шығыста ойраттармен көші қон үшін талас болды. Осының арынан қазақтар Жетісуда көп көші-қондарын жоғалтты. Бұл ішкі ырың – жырың туғызды, қазақтар өз өзімен жайылымға таласты. Осындай өзара тартыстың тууы қалыпты салт дәстүрдің бұзылуына, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің шайқалуына әкелді. Ол ең бірінші – қоғамдық тәртіпті реттеуге бағытталуы керек еді, себебі тек қана осылайша бар күшті сыртқы жаудан – ойраттардан қорғануға бағыттауға болатын еді. Себебі олармен соғыс – сөзсіз еді.
Жеті жарғыны жасау барысында оның негізіне: қалыптасқан тәртіпті жаңа қазақ қоғамы талабына келтіру, ескірген ережелерінің орнына жаңасын кіргізу болды.
Тәуке ханның Жеті Жарғысында, сол кезеңдегі қазақ қоғамының тіршілік – тынысы жан жақты заңдастырылған, әлеуметтік және құқықтық негіздер қарастырылып, әрбір жеке тұлға хандықтың қоғамдық құрылымына еңгізілген. Бұл Жеті Жарғыда көрсетілген барлық шарт, дәстүр, тәртіп жиынтығы. Ал, “Жеті Жарғының” өзі бізге орыс ғалымдарының кейінгі жазуларында жетті және екі түрі белгілі. Жеті Жарғының 11 үзінді 1804 ж Жаппас руының старшины Көбек Шүкіралиевтің сөзінен жазылған, оны 1820 ж Спасский “Сібір вестник” бетінде жарияланды. Жеті жарғының екінші редакциясы белгілі қазақ тарихын зерттеуші А.Левшиннің жазуында берілген. Ол 34 үзінді келтірген. Жеті жарғы тек үзінділермен ғана белгілі және барлық мәтіндері тек орысша ғана.
“Заңдар” әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтардың тәртібін заңды түрде бекіткен, сонымен бірге салық, діндік көзқарас туралы ережелер бар, яғни өмірдің барлық жағын қамтыған.
Жеті жарғыға сай, мемлекетте билік хан қолында болған. Басқару сұлтандар және рутайпа билері арқылы, халық жиындар – құрылтай арқылы жүзеге асырылған.
Қылмыстық құқықтық тәртіп төмендегідей қылмыстарды қарастырған: кісі өлтіру, залал келтіру, мертігу, зорлау, ұрлық, ұрып-соғу, қорлау, т.б. Бұлар үшін жаза – қанды кек болып белгіленген. Жазадан құтылуға – құн (сатып алу) төлеу. Өлім жазасы: дараға асу немесе тас лақтырып өлтіру - әйелі күйеуін өлтірсе, немесе әйел некесіз туған баланы өлтірсе, құнның мөлшері: мысалы, қарапайым еркекті өлтірсе, туыстарына 1000 қой, әйелге – 500 қой, сұлтан немесе қажы үшін 7 қарапайым адамның құны төленген, қылмыскердің әлеуметтік жағдайына байланысты және тек қана ол жауапты емес, оның туыстары да жауап береді. Сонымен бірге ұжымдық жауапкершілік принципі болған. Басқа да жазалар болған: дүниесін кәмпескелеу, христиандыққа кіргені үшін, ата анасын қорлағаны үшін – ел алдында масқаралау т.б.
Жеті Жарғы ақсүйектердің жікшілдігін жеңуге ықпал етті, халықты біріктірді, хан билігінің беделін арттырды. Тәуке хан – ыдырайын деп тұрған хандықты біршама қалпына келтірді. Тәуке хан қазақ мемлекеттігін нығайтты, жоңғар басқарушыларының жаугершілік ниетіне тосқауыл қойды.
Тәуке ханның кезінде батыста қазақтар Сырдария қалалары үшін аштарханидтермен соғыс жүргізсе, оңтүстік шығыста ойраттармен көшіқон үшін талас болды.
Тәуке ханның бірінші мақсаты-қоғамдық тәртіпті реттеуге бағытталуы керек еді, себебі тек қана осылайша бар күшті сыртқы жаудан-ойраттардан қорғануға бағыттауға болатын еді. Бұл мақсат “Жеті Жарғымен” орнатылды.
Тәуке хан ыдырайын деп тұрған хандықты бір шама қалпына келтірді. Тәуке хан қазақ мемлекеттігін нығайтты, Жоңғар басқарушыларының жаугершілік ниетіне тасқауыл қойды.