Азіргі аударма теориясының жалпы сипаттамасы
Лекция 1
Адам қызметінің басқа салаларында сияқты аудармашылық тәжірибе аударма теориясынан әлдеқайда озған. Аударма қоғамдық қажеттіліктің болуына байланысты туындаған, осыған орай аударманың теоретикалық жағын түсіндермей аудармашылар өз ісін жасаған еді. Аударма саласында және ғылымның өзінде теоретикалық жұмыстардың жоқтығына байланысты аудармашылық қызметтің мәні, мақсаттары және тәсілдері жайлы ойлар да туындамаған. Өз жұмысында аудармашы аударманың түрлі нұсқаларын таңдаудың қажеттілігіне , аударылатын мәтіннің мәнін қайтіп және қандай жолмен ашудың қажеттілігіне, туындайтын аудармашылық қиыншылықтарды қайтіп өтудің қажеттілігіне тап болған еді. Көптеген жағдайларда аудармашы интиуциясына бағынып аударуына қарамастан , ол аударудың осы таңдаған амалдарын ойластырып,түсіндіруге талпыныс жасаған еді. Осындай амалдар «аударманың ұстанымдары» түрінде құрастырылды; оларды аудармашы өз жұмысының алғы сөзінде баяндаған , немесе критикалық ескертулерге жауап ретінде қайтарған.
Сөйтіп, аударманың алғашқы теоритиктері аудармашылардың өздері болған; олар өз тәжірибесін ,а лкейде басқа аудармашылардың тәжірибелерін жапыландыруға тырысқан. Өз «аудармашылық сенімін» ең үздік аудармашылар баяндауға тырысқан , алайда олардың пікірлері ғылымилықтың қазіргі талаптарына жауап бермейтіндігіне және бірізділік теоретикалық концепцияларға жатпайтындығына қарамастан , олардың осы пікірлері, әрине қызығушылық тудырады.
Осылай, көне әлемнің аудармашылары да аударманың түпнұсқаға жақындығы жайлы сұрақты талқылаған еді. Таураттың және басқа да шығармалардың қасиетті немесе үлгілі деп саналған, ерте аудармаларында аудармашылар түпнұсқаны дәлме-дәл аударуға тырысқан , бұл әрекеттер аударманың анықсыздығы немесе кейде толық түсініксіздігіне әкелген . Сондықтан кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты аудармашының жоғары еркіндік құқығын негіздеуге, мәтіннің дәлме-дәл емес, оның ойы немесе кейде жалпы мәнін аударудың қажеттілігіне талпынған . Аудармашының мақсаттары жайлы осы ерте айтылған сөздерден бастап, қазіргі уақытқа дейін де «дәлме-дәл» немесе «еркін» аударма жайлы, түпнұсқаның оқырманға әсерін аудармада сақтаудың қажеттілігі жайлы және т.с.с.теоретикалық даулар жалғасуда.
Кейінірек, жеке аудармашылар «аударманың нормативтік теориясына» ұқсас нұсқасын құрастыруға талпынған; бұл ретте олар жақсы аудармаға немесе аудармашыға қойылатын бірқатар талаптарды баяндаған. Француз аудармашысы Этьен Доле ойынша аудармашы аударманың негізгі бес ұстанымдарын сақтауы тиіс:
1) Ол аударылатын мәтіннің мәнін және аударатын автордың аужайын толықтай түсіну керек;
2) Ол аударатын тілді және осы тілден аударатын тілді өте жақсы білуі тиіс;
3) Аудармашы аударманы дәлме-дәл аударуға талпынбауы керек, себебі бұл түпнұсқаның мәнін және оның сипатын бұрмалауы мүмкін;
4) Аудармашы аудармада сөйлеудің жиі қолданылатын формаларын пайдалануы тиіс;
5) Сөздерді дұрыс таңдап және қойып, аудармашы түпнұсқаның «сәйкесінше үндестігінде» жалпы ойын дұрыс беруге тырысуы керек.
Ағылшын ғалымы А.Тайлердің «Аударманың ұстанымдары» кітабінда аудармаға қойылатын негізгі талаптар мынандай :
1) Аударма тұпнұсқаның ойын толығымен жеткізуі тиіс;
2) Аударма баяндалуының стилі және үлгісі түпнұсқадай болу керек;
3) Аударма түпнұсқалық шығармалар секілді жеңіл оқылуы керек . Осыған ұқсас талаптардың айдан анықтығына қарамастан , олар өз мәнін жоғалтпаған.
Аудармашылардың өз жұмысында қолданылатын ұстанымдары аударма зерттеушілері үшін , әрине қызығушылық тудыруда,алайда олар аударманың бірізділік теориясын құра алмайды және алмастыра алмайды.
Осы ұстанымдар және нұсқаулар аудармашылық тәжірибеден шығарылды және даусыз болып келеді, бірақ олардың аудармашылық қызметтің мәнін ашатын, қандай болса да ғылыми теорияға негізделмеуіне байланысты олар аударманың тек жеке немесе үстірт аспектілерін ғана қозғады. Ұстанымдар негізделген деректерге қарсы ұстанымды растайтын басқа деректерді де қою қиынға соқпайды. Ағылшын зерттеушісі Т. Сэвори аудармаға қойылатын түрлі авторлардың негізгі талаптарын бірігуге талпыныс жасаған , нәтижесінде бір-біріне қайшы келетін ұстанымдары бар тізім шыққан:
Аударма түпнұсқаның сөздерін жеткізуі тиіс.
Аударма түпнұсқаның ойын жеткізуі тиіс.
Аударма түпнұсқа сияқты оқылуы тиіс.
Аударма аударма сияқты оқылуы тиіс.
Аударма түпнұсқаның стилін жеткізуі керек.
Аударма аудармашының стилін жеткізуі керек.
Аударма түпнұсқаға ұқсас шығарма түрінде оқылуы керек.
Аударма қазіргі заманға сай болу керек және шығарма түрінде оқылуы керек.
Аудармада қосымшалар және қалдырып кеткен сөздер болуы мүмкін.
Аудармада қосымшалар және қалдырып кеткен сөздер болмауы керек.
Өлеңдер прозамен аударылуы тиіс.
Өлеңдер өлеңдермен аударылуы тиіс.
Аудармашылық қызметті ғылым жағынан түсіндірудің алғашқы талпыныстары аудармашылардың қарсылығын тудырды; олардың пікірінше аудармашылар шығармашылығының еркіндігі шектеліп, аудармашылық нормалар мен ережелердің пайда болуына байланысты аудармашының оларға тура бағынудың қажеттілігі туындайды . Олар аударма жайлы теория немесе ғылым аударма өнеріне қарама-қайшы келеді деп ойлаған.
Аударма теориясы – бұл ережелер жинағы деп ұғынылды, оны зерттеп кез келген адам жақсы аудармашы бола алады деген пікір болған. Осы кінәні аудармашылар-мамандар қажетсіз және ақталмаған деп санаған. Олар дарынды аудармашылардың аударма теориясынсыз да аударма жауһарларын жасай алатындығына сілтеген. Және де аударма жайлы ғылым керексіз деп ойлаған, себебі аудару – бұл өнер, ол ғылым және сынауға ұшырмауы тиіс.
Аудармашылық қызметті ғылыми зерттеуге қарсылықтардың қателігі бар екендігі анық. Әдебиет қызметі – бұл , әрине өнер, алайда осыған негізделіп әдебиеттану сияқты ғылымның болу құқығына жол бермеген бұрыс. Аудармашылардың «Аударма ғылым емес, өнер» деген тезисі бұрыс. Басқа да тәжірибелік қызметтер секілді аударма «ғылым» бола алмайды.
Ал аударма -бұл өнер деген пікір нені білдіреді? Аударма өнері аударма писхологиясының саласына, оның аудармашылық барысты іске асырудың шеберлігіне, аударманың дұрыс мәтінін құру, аударманың барысы мен нәтижесіне әсер ететін факторлардың жиынын ескеріп,тіл құралдарының дұрыс таңдауын жасау жатады. Жеке аудармашылардың осы шеберлігі бар ; осындай факторларды көбінесе интуиция жолымен , өнер актісі нәтижесінде таңдалады. Осындай өнерлік шеберліктің жоғары дәрежесі өнер атауына лайық. Аудармашылық қызметтің өнерлік сипаты , осы қызмет немесе оған әсер етуші факторлардың ғылыми сынақ пен теоретикалық сипаттаудың болатындығын, әрине білдірмейді. «аударма өнері» ұғымы аударма мәтінін құру шеберлігіне жатады, бірақ осы процестің мәнін зерттеуіне жатпайды. Ой мен сөз салаларының кез келген түрлерін теоретикалық зерттеудің қиыншылығы сияқты , аудармашылық зертеудің қиыншылығы оның болуы мен қажеттігін болдыртпайды.
Аударма теориясы аудармашылық тәжірибемен тығыз байланысты. Кез келген теоретикалық концепциялар аударманың нақты процесінің бақыланатын деректеріне негізделуі тиіс, олар осы деректерді жалпыландыруы және түсіндіруі тиіс. Өз ретінде, аударманың ғылыми теориясы аудармашылық тәжірибеге кері әсерін тигізеді, оны жеңілтеді және байытады. Бұл кез келген теоретикалық зерттеудің тәжірибеде қолданылуын және кез келген теоретикалық концепциялардың аудармашының жұмысында қолданылуын білдірмейді. Аударма теориясы мен аударма тәжірибесінің байланысы күрделі және жанама сипатқа ие. Объективті шындық процестері жайлы білімдерді кеңейту, әрине маңызды, алайда осы процестері басқару үшін кез келген білім қолданыла бермейді. Тіларалық коммуникацияның нәтижелілігі аударма дәлдігінің жоғары дәрежесін ұйғарады, бірақ нақты аудармашылық тәжірибеде бұл талап көптеген объективті мен субъективті факторларға тәуелді түрлі дәрежеде орындалады.
Аударма түрлері және тәсілдерін қарастырайық.
Лекция 2