Азақ социалистік «Үш жүз» партиясы.

«Үш жүз» социалистік партиясы саяси аренаға 1917 ж. басында болды. Омбыда құрылу съезі өтті. Онда Орталық Комитет құрамы бекітілді, партияның төрағасы болып Мұқан Айтпепов сайланды. Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов, т.б. ОК құрамына кірді. Партияның басылым органы-«Үш жүз» газеті Петропавлда 1917 ж. желтоқсанынан бастап шыға бастады. Әлеуметтік құрамы жағынан «Үш жүз» «Алаштан» өзгеше болды. Партия Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді. Олардың арасында бұрын бақташылықпен айналысқан белгілі балууан Қажымұқан да болды. «Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, қазақ ауылдарында земск мекемелерін құру, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді.1918 ж. алғашқы жартысында Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.Бұл партияның қатарында Қазақстанның кейінгі даму жылдарында саяси аренаданкөрініп, қоғамдық қызметімен танылған қайраткерлер Ә.Досов, Ж.Сәдуақасов, т.б. болды.

2. Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен (1941-1989 жж.)

XXғ басында Қазақстан жағдайы отарлау саясатының, езгінің күшеюмен, ұлт мәселесінің ширығуымен сипатталады. Ресей өзге Батыс елдерімен салыстырғанда мемлекеттік құрылымы реакциялы, артта қалған ел болатын. Сондықтан Ресейде ұлттық езгі күштірек болды. Ол аз санды ұлттардың құқықтарының қорғалмауынан, ұлттық мәдениеттің қудалауға түсуінен, орыс буржуазиясы мен патшалықтың қажетіне ыңғайлы болуын көздеп, экономиканы тұлдырлықтан шығармаудан көрініс тапты. 1913 ж. олар небәрі 14 мың рубльге Қарсақпай сайын жалға алып, зауыт салуға кірісті. Өлкеде жалдамалы жұмысшылар табы қалыптаса бастады. Ол жылдары 197 тау-кен кәсіпорындарын 18 мың жұмысшы істеді. Теміржол тораптарында 20 мыңға жуық жұмысшылар мен қызметкерлер болды. Қазақстанда пайда болған кәсіпорындар жұмысшы саны аз, ұсақ болды. 1913 ж. Қазақстан аумағындағы кәсіпорындар Ресей империясындағы кәсіпорындардың 3,76%-ын құрады. Олардағы жұмысшылардың үлесі 1,78% болды. Бұл кәсіпорындар империяның ценздік өнеркәсібі өндіретін өнімдерінің 0,96%-ын ғана беріп тұрды.

3. Қазақстан халқы Ассамблиясы-1995 ж. 1 наурызда ҚР-ның Президентінің Жарлығымен

құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқа Ассамблеясын құру идеясы алаш рет 1992 ж. Тәуелсіздіктің 1-ші

жылына арналған Қазақстан халқының 1-ші форумында жарияланды. Бұл бірегей институт

еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы

тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосы келеді. Бүгінде

республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті

барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-

ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радибағдарламалар 7

тілде телебағдарламалар шығады.Білім беру толықтай өзбк, тәжік, ұйғыр және украин тілінде

жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностыңтілі жеке пән ретінде жүргізілді.

Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-

білім беру кешендері,жекскенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Жыл сайынға

халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица,

сабантой дәстүрге айналды.ҚР-ның Тұңғыш Президентіне- Елбасына Қазақстан халқы

Ассамблеясын өмір бойы басқаруқұқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея

Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың ассамблеялары құрайды.

Билет

  1. Қазақстандағы ұлттық автономиялар.

Большевиктердің радикалды әрекеттері, орталықтағы және шет аймақтағы, ұлттық элитаның өкілдерін, Құрылтай жиналысын шешіміне қарамастан, автонмияны жариялауға итермеледі.

Қоқан автономиясы- советтердің 3-ші өлкелік съезінің шовинистік шешіміне байланысты ұлттық лидерлер өлкесі басқарудан босатылады, сондықтан олар қарсы шаралар қолдануға мәжбүр болған. 1917 ж. 6 қарашада Қоқан қаласында мұсылмандардың 4-ші төтенше съезі өтті, онда Россияның құрамында Түркістан Автономиялы- Мұхтариаты құрылғаны жарияланады. Оңт. Қазақстанның- Жетісу мен Сырдария обл-ы осы Автономияға кірген.

  1. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.

1953 жылдың соңында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлері мол Оралмен, Сібірмен қатар Қазақстан да аталып жүрді. «Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 ж. көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 ж.ж. тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 жлн га-ға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 80-90 млн пұттауарлы астық алу көзделді.

Наши рекомендации