Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
Түсіндірме аппараты ерекшеліктерінің бірі кез келген ғылымның құрылымдық тұтастығы мен аяқталуының, білім логикасы, нақтылығығ реттілігі мен қарама-қарсы болмауының мәселесінде жатыр. Саясаттанудың түсіндірме аппараты зерттелетін шындық туралы түсінікті толықтыратын жаңа ұғымдарды көрсетеді, жаңа мазмұнымен толтырады, жаңарады.
Түсіндірме аппаратының баасқа бір ерекшелігі саяси білімнің көпнұсқалылығында және аспектілерінің көп болуында жатыр. Бұл талуан түрлі теориялардың пайда болуына, ол өз кезегінде, түсіндірме аппаратының әр түрлі анықтамаларының пайда болуына әкеледі. Осындағы басты қауіп-қатер түсініктерге әр түрлі мағына салуында жатыр, яғни, «біз әр түрлі мағынасы бар тілде сөйлей бастаймыз және бір-бірімізді түсінуге қабілетімізді жоямыз».
Саясаттанудағы түсіндірме аппаратына саяси білімдердің пәні мен объектісінің мәселесі өз әсерін тигізеді, яғни саясаттану пәні мен объектісі кеңінен тепе-теңдікке ұшырайды. Саясаттанудағы түсіндірме аппаратының тағы бір ерекшелігі, оның түсініктері мен категориялары қалыпты болмайды.
Сонымен, саясаттанудағы түсіндірме аппаратының келесі ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- саясаттанудың пәнаралық сипатына байланысты әр түрлі тектес түсініктердің сәйкестенуі.
- Түсіндірме аппаратына әсер ететін саясаттанудың пәні мен объектісінің анықтамаларындағы түсінбеушіліктің пайда болуы.
- Бірыңғай саяси теорияның, бірыңғай түсіндірме аппаратының болмауы.
- Ұлттық айырмашылықтар. Саясаттанудағы түсіндірме аппараты әр елдерде бір-бірімен ажырасады. Кей кездері шет елдердің саясаттануынан түсініктерді қолдану мүмкін емес.
- Уақыт өте келе түсініктер мен категориялар эволюция жолына түсіп дамиды және өзгереді. Сондықтан түсіндірме аппарат өз басында «тірі» ағзаға айналады.
Түсініктермен жұмыс істеу кез келген пәнді оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Себебі, оларды білмей тұра оқу үдерісінің қорытындысын анықтауға болмайды.
Әрдайым ескі түсініктер жаңа мазмұнмен толтырылады, сондықтан оларды жаңадан қарастыру, анықтау керек. Студенттердің назары осындай эволюцияға түсуі керек.
Түсініктерді білу білім алудың мақсаты мен амалы болып табылады, себебі кез келген жаңа білім алдағы білімге негізделеді-анықталатын түсініктің мазмұны мен терминдерді білмейінше жұмыс істеуге болмайды. Сонымен қатар, түсініктермен жұмыс адамның ойлау қабілетін дамытуға бағытталған мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылуы керек.
Түсініктер мен терминдер жүйесін құруда осы түсініктер мен терминдерге, анықтамаларға үлкен мән беріледі. Саяси білім берудің тиімділігі, мақсаттар мен мәселелерді шешу және орындау түсініктерге қандай мазмұн берілетіндігіне тәуелді болады.
Анықтамалармен жұмыс істеу барысында келесі ережелерді ескерген жөн:
1) Анықтама мөлшерлес болу керек, яғни анықтаушы мен анықталатын түсініктер бірдей көлемде болуы керек. Бұл ереженің орындалмауы тым кең немесе тым тар анықтаманың пайда болуына әкеледі. Анықтамаға түсініктің барлық қажетті сипаттары кіргені жөн;
2) Анықтама нақты, түсінікті, метафоралық айтылғандардан бос болуы керек;
3) Анықтама логикалық шеңберге ұқсамауы керек, яғни бір түсінік екінші арқылы түсіндірілмеуі керек, бұл сөз қайталауға әкеледі;
4) Жағымсыз анықтамалардан қашу керек, яғни анықталатын заттың кемшілігін атап көрсетпегені жөн;
5) Белгісізді белгісіз арқылы анықтауға болмайды.
Түсіндірме аппаратымен жұмыс істеу бірнеше сатыдан тұрады және арнайы алгоритм құрастырады.
Түсіндірме аппаратымен жұмыс істеудің алгоритмі келесідей көрсетіледі:
Танысу(зерттеу):түсінік білімін зерттеу, берілген түсініктің барлық амал-тәсілдерін қарастыру, яғни «мән-мағыналарды» ашу, түсінік этимологиясын анықтау, түсінік мазмұнының диалектикасы, алғашқа түсінікті анықтау, қазіргі мағынаны анықтау және мазмұнның трансформациясы, мәнді сипаттарды анықтау, анықтамаға сұрақтар қою, мәтінмен жұмыс істеу арқылы жасау, рөлдікм ойын;
Бекіту (орнықтыру): логикалық есептерді шешу, «қателері» бар мәтінді жөндеу, тестілеу, еске сақтауға арналған тренинг, ойын нысандары («Умники и умницы» «Сайлау», «Саяси дебаттар»);
Бақылау (білу және түсіну): диктант, тест, есептерді шешу, түсініктерді қолдану білімін тексеруге бағытталған есептер, бақылау: ағымдық, межелік, қорытынды.