Дәріс №1. Қазақстан Республикасының саяси дамуы
1. Қазақстан Республикасының Конституциялары.1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның әділеттік тұрғыдан тәуелсіз мемлекет деп аталуын оның жаңа сапалық жағдайға бет бұруы деп ұғынуға болмайды. Бұл орайда Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ғана ие болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мына жолдарын белгілеп алу керек болды: экономикада - нарықтық қатынастарды тұрақтандыру; саясатта-азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл бағыттың прогресшілдігі қоғамның ең жоғарғы құндылығы есебінде алдымен адамды танып-білуге негізделгендігінде еді. Нәтижеде, тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.
Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам құрылысының нұсқасы-Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа Конституция қабылдау керек болды. Мемлекеттің Негізгі заңына әзірлік, біріншіден — уақытқа, екіншіден-оның құрылымы мен мазмұнына тікелей байланысты. Себебі, бұл жаңа Конституцияда Қазақстан сияқты ұлттық, әлеуметтік жағынан бірегей мемлекеттің өзіндік өзгешелігі, басқа да құқықтық нормалар мен қарым-қатынастар қатаң да әділ реттелуі тиіс. Содан болса керек, ескі саяси жүйеден әлі толық арыла қоймаған 1992 жыл түгелімен осыған кетті. Қазақстан Республикасы өз атын өзгерткенімен, өзінің саяси құрылымының ішкі мазмұнын әлі толық жаңарта алған жоқ еді.
1993 жылдың 28 қаңтары күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының ХІІ шақырылуында Қазақстан жаңа Конституцияға ие болды. Бірінші Конституция, экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздігі құрылысының құқықтық негіздерін белгіледі. Әйткенмен, аталмыш конституцияда қазақстандық қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс тапты.
“Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 ж. қаңтар айында күшінде енген бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті. Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы Конституция Егемен Қазақстанды құрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты.”
1993 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылуы мерзімінен бұрын өз өкілеттігін тоқтатты. Азаматтық талап негізімен Конституциялық сот 1994 жылдың 7 наурызында сайланған Жоғарғы Кеңесті бұдан былайғы жерде заңсыз деп тапты. Осы оқиға жаңа Конституцияны өмірге әкелуге бірден-бір себепші болды.
Алайда конституциялық бұл уақытша тоқырау, тұтас алғанда, саяси тоқырауға жол ашқан жоқ, керісінше, 1995 ж. Қазақстанда ішкі және сыртқы саясат едәуір айшықтана түсті. Атап айтқанда:
- мемлекет ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен 1995 жылдың наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды;
- халықаралық аренада Қазақстан көптеген елдердің мойындауы мен көмегіне ие болды.
Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының халқы ел президенті z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Назарбаевтың ұстанған саяси бағытын қолдап-қуаттап, 1995 жылдың 29 сәуірінде өткен республикалық референдумда мемлекет басшысының өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде өз дауыстарын берді.
“Тізімге іліккен 9.110.156 азаматтың 8.309.637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқан адамдардан 7.932.834 адам немесе 95,46 пайызы президент өкілеттігін ұзартуды жақтады.” Бұл аралықта тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясының нұсқасы отандық және шетелдік мамандар тарапынан талқыланып жатты. 1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Оған азамат және адамның азаттығы мен құқығы — ең бірінші негіз етіп алынды. Жаңа қабылданған Негізгі заңда атқарушы, заң шығарушы және сот өкіметінің функциялары нақты атап көрсетіліп, олардың өзара қарым-қатынасы белгіленді.
“Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.” (1995 ж. Конституция. 1-бап.). Жаңа Конституцияда заң ережелері республикадағы мемлекеттік құрылыс талаптарымен үндестірілді.
1995 жылғы ҚР Конституциясында идеологиялық көптүрлілік бекітілген, мақсаты мен қызметі конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған қоғамдық ұйымдардың қызметіне және құрылуына тыйым салынған. Қалыптасып келе жатқан ұлттық идеология тәуелсіз Қазақстанның идеялары мен құндылықтарының жүйесін бейнелеуі керек болды.
Ұлттық идеологияның негізгі мақсаты көпұлтты Қазақстан тұрғындарын бір мемлекеттің азаматтарының жиынтығы ретінде қайта жаңғырту болып табылады. Өйткені, оларды біртұтас тарихи-мәдени дәстүрлер, бүгінгі күннің ортақ құндылықтары ұмтылысы байланыстырады.
2. Мемлекеттік басқару органдары. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан басқарудың президенттік формасындағы унитарлық мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі-халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну принципіне сәйкес ҚР Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта “өкімет-қоғам” формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде керісінше “қоғам-өкімет” негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек. Мазмұндық және құрылымдық жағынан келгенде, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылы ішінде мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Құрылымдық өзгерістер мына төмендегіше көрініс тапты:
· 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап республика Президенті орнының енгізілуі;
· ҚР Конституциясы атап көрсеткендей, өкіметтің үш тармақтық принципінің қолданылуы;
· “2030 Стратегиясында” белгіленген міндеттерді орындау мақсатында олардың өзара іс-әрекетін реттеу үшін атқарушы органдардың функцияларын өзгерту.
Мазмұндық сипаттағы өзгертулер 1997 жылғы 10 қазандағы ҚР-ның стратегиялық дамуында (“Кәсіптік мемлекет”) нақты атап көрсетілді:
“Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру” т.б.
Аталған басымдылықты жүзеге асыру үшін 1999 ж. “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осы шешімге сәйкес алдағы уақытта кадрларды таңдау, аттестациялау және қызметке тағайындау механизмі реттеліп отыратын болды. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясы мен Мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-әрекет бағдарламасынан:
“Үкіметтің алдағы үш жылға арналған басым міндеттері: стратегиялық жоспарлау мен бақылаудың бірыңғай жүйесінің негізінде ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың функциясын орталықсыздандыру, олардың жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, тиісті заңдармен қамтамасыз ету болады” (“Егемен Қазақстан”. 1998 ж. 15 сәуір).
ҚР Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы жауапты қызметкері, мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын анықтайды, оның ішінде және Халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан сөйлейді. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
ҚР Парламенті республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламенттің өкілетті мерзімі-төрт жыл. Парламент екі палатадан: сенат пен мәжілістен тұрады. Парламент сессиясы палаталардың біріккен немесе бөлек отырыстары түрінде өтеді. Заң шығару ынтасы, құқығы парламент депутаттарына, республика үкіметіне берілген.
Үкімет ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Республика премьер-министрі қызметіне парламенттің келісімімен Президент сайлайды. Премьер-министр ұсынысымен Президент үкіметтің қызметін анықтайды, оның мүшелерін қызметіне тағайындайды және босатады, сондай-ақ республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, жояды немесе қайта құрады.
Қазақстан Республикасында әділеттілікті тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды, ҚР Конституциясының, тағы басқа нормативтік-құқықтық актілердің, Халықаралық келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. ҚР-дағы сот жүйесін ҚР Жоғарғы соты мен жергілікті (облыстық және оған теңестірілген ҚР әскерінің әскери соты), аудандық (қалалық) заңмен бекітілген соттар құрайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары тікелей Президентке бағынады, ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақ тұтастығын, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз етеді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілетті орган-мәслихат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүддені ескере отырып, оны жүзеге асыру шараларын анықтайды. Жергілікті атқару органдары ҚР атқару органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтағы мүдде мен қажеттіліктер дамуына үйлестіре отырып, атқару билігінің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілімен бірге орыс тілі де қолданылады.
Негізінен, мемлекеттің саяси жүйесіндегі өзгерістер 10 жылғы даму ішінде (1991—2001) саяси жүйенің жаңа типін құруға қол жеткізді. Жаңа типті мемлекеттік институт дамуының алғашқы кезеңінде-1991 ж. желтоқсаннан 1993 ж. желтоқсанға дейін мемлекеттік билік жүйесін трансформациялау үрдісі жүрді. Жаңа Конституция дайындалып, 1993 ж. қолданысқа енгізілді. Тұңғыш парламент-ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес 1993 ж. желтоқсанға дейін жаңа жағдайға толық сәйкес келетін болды, өйткені ол бұрынғы саяси жүйенің соңғы буыны еді. Кеңестер бұдан әрі өз өкілеттігін жүзеге асыра алмады. 1993 ж. күзінен Кеңестер төменгі құрылымынан бастап өздерін-өздері тарата бастады. Сөйтіп, 1990 ж. сәуірде өз жұмысын бастаған тұңғыш парламент 1993 ж. желтоқсанда өз жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұдан кейін, 1993 ж. желтоқсанынан 1995 ж. тамызына дейін Қазақстанда атқарушы билік қызметін, бірінші кезекте Президентті күшейту үрдісі жүргізілді. Республикада экономикалық дағдарыс пісіп-жетілді. Екінші парламент — ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес жедел шешім қабылдай алмады. Еркін сайлау нәтижесінде екінші парламентке экономиканың, мемлекеттік емес секторының саяси партиялары өкілдері кірді, бұл ішкі күресті күшейте түсті. Конституциялық соттың 1994 жылғы парламент сайлауы Конституцияға сәйкес жүргізілмеді деген қаулысына орай екінші парламент те таратылды.
1995 ж. жаңа Конституция қабылданған соң Қазақстанның саяси жүйесінде тұрақтану үрдісі басталды. Жаңа саяси жүйенің негізгі сипаты 2001 ж. соңына қарай айқын байқалды:
- бірыңғай мемлекеттік биліктің атқарушы, заң шығарушы және соттық тармақтарға бөліну принциптері іске қосылған;
- президент биліктің үш тармағының бірлікте әрекет етуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік қызмет лауазымдары 1999 ж. 23 маусымдағы “Мемлекеттік қызмет туралы” заңына орай саяси және әкімшілік болып бөлінді;
- демократиялық сайлау институты жетілу үстінде т.б.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15.
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 6, 12, 16, 17, 21, 29, 31.