Ші сурет. Инновациялық жобаның өмірлік кезеңі
· жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары және қатысушылардың құрамы бойынша ұсыныстарды дайындау;
· ірілетілген нормативтер бойынша болжанған инвестициялар көлемін бағалау және олардың коммерциялық тиімділігін алдын-ала бағалау;
· бастапқы рұқсат беруші құжаттарды даярлау;
· ТЭН-дің бөлімдері бойынша алдын-ала бағалауларды дайындау, соның ішінде жобаның тиімділігін бағалауды;
· инвестициялық мүмкіндіктерді негіздеудің нәтижелерін бекіту;
· жобалау-іздестіру жұмыстарына келісімшарттық құжаттарды дайындау.
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеудің мақсаты– потенциалды инвестор үшін инвестициялық ұсыныстарды дайындау. Егер инвесторларға деген қажеттілік жоқ болса, және барлық жұмыстар өз қаржылары есебінен жүргізілетін болса, онда келісімшартты және және жобаның техника-экономикалық негіздеуін (ТЭН) дайындауды қаржыландыру туралы шешім қабылданады.
Инновациялық жобаны техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) кезеңінде келесі шараларды жүзеге асыру толық көлемде қарастырылады:
· толық көлемде маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
· өнім шығару (қызмет көрсету) бағдарламасын дайындау;
· бастапқы рұқсат беру құжаттарын дайындау;
· техникалық шешімдерді дайындау, соның ішінде бас жоспарды;
· қала салу, архитектуралық-жоспарлау құрылыс шешімдері;
· инженерлік қамтамасыз ету;
· қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғаныс бойынша шаралар;
· құрылысты ұйымдастыру сипаттамасы;
· кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру жүйесінің сипаттамасы;
· сметалық-қаржылық құжаттарды қалыптастыру: өндіріс шығындарын бағалау, капиталдық шығындарды есептеу, кәсіпорын қызметінен келіп түсетін жылдық түсімдерді есептеу, айналымдағы капиталға деген қажеттілікті есептеу, жобаны қаржыландырудың жобаланған және ұсынылған көздері (есеп), шетел валютасына деген болжанған қажеттілік, инвестициялау шарттары, нақты инвесторды таңдау, келісмді рәсімдеу;
· жобаны жүзеге асырумен байланысты қатерлерді бағалау;
· жобаны жүзеге асыру мерзімін жоспарлау;
· жобаның коммерциялық тиімділігін бағалау (бюджеттік инвестицияларды пайдаланған жағдайда);
· жобаны жүзеге асыруды тоқтату шарттарын қалыптастыру.
Жалпы инновациялық жобаны жүзеге асыру кезеңдерін сызба түрінде келесідей көрсетуге болады (8-ші сурет).
Нормативтік Республикалық Үкімет Мемлекеттік
база: мақсаттық қаулысы инвестициалық
бағдарламалар бағдарлама
Бақылаушы Ведомстволар - мемле- Қаржы Экономика
органдар: кеттік бағдарламаларға министрлігі министрлігі
тапсырыс берушілер
Мемлекеттік емес Кепілдік Мемлекеттік
инвестициалық қор инвестициалық
қорлар қорлар
Үкімет агенттері
Инвесторлар Құнды қағаздар Инвесторлар
эмитенттері
кепілдік міндеттемелер сызбаның ұсынылған
элементтері
қаржы ағымдары
6-шы сурет. Инвестицияларды тарту сызбасы