Жоба сапасын жетілдірудегі бенчмаркинг әдісінің тиімділігін сипаттаңыз
Жоба сапасын жетілдірудегі функционалдық-құндық талдау әдісінің тиімділігін сипаттаңыз
Сапа - бұл нақты қойылған функционалдық талаптар және олардың сипаттамаларына, өңдеуді бiрмәндi құжаттайтын стандарттарға, сонымен бiрге құрылған жабдықтарда жобаланатын қосымша сипаттамаларға сәйкестiк. Жобадағы сапаны басқару (ProjectQuelityManagement ) - жобаларды басқару бөлімі, оған талаптарды қанағаттандыратын жоба кепілдігін қамтамасыз етуші қажетті есептер және процедуралар кіреді.Сапаны басқару құрамына кіреді:сапаны жоспарлау, сапаны қамтамасыз ету, сапаны бақылау. Жобадағы сапамен басқару кезеңдері:сапамен басқарудың тұжырымдасы және инициализациясы; сапаны жоспарлау;сапаны бақылауды ұйымдастыру және іске асыру; күйдi талдау және сапаны қамтамасыз ету. Жоба сапасының функционалдық құндық талдау-жоба сапасының құның анықтау және басқа сипаттамаларын ресустар мен қызметтерді қолдана отырып анықтау әдісі. Функционалды-құндық əдіс – кез келген өнімнің атқаратын пайдалы қызметін толық зерттеу арқасында оны өндіруге кететін шығынды азайта отырып, осы қызметтерді сапалы түрде жаңарту əлісі. Ең бірінші рет –функционалды-құндық əдіс 1947 жылы «Дженерал Электрик» компаниясында пайдаланылған. Функционалды-құндық əдіс бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық; ақпараттық; аналитикалық; зерттеу жəне ізденіс; ұсыну; енгізу жəне жүзеге асыру. Ерекшелігі бұл талдаудың:
Бизнес үдеріске қатысушы, жоба мүшелеріне ақпараттарды жеткізуі түсінікті түрде;
Ресурстарды қолдана отырып, толық әр бөлшегін есептеу арқылы үстеме шығындарды орналастырады;
Бұл талдауды қоданудың мақсаты: жоба сапасын жетілдіру.Көп қолданушылар бұл талдауды күрделі деп есептейді. Бірақ негізінде оның артықшылықтары көп.
Жоба сапасын жетілдірудегі функционалдық-құндық талдау әдісінің тиімділігі:
Жоба немесе бизнес жобасы кезіндегі жалпы талдаудың өзіндік құнын анықтайды (маркетинг, қызмет көрсету, менеджмент сапасы, техникалық қызмет көрсету т.б)
Өнім мен қызмет көрсету сапасын жоғарылату;
Негізгі ,қосымша, қажет емес фуннкционалдық шығындарды анықтау;
Шығындарды төмендетудің салыстырмалы баламалы басқа нұсқаларын ұсыну.Негізгі бағыты: өнімділікті арттыру, құнын төмендету, еңбек сыйымдылығын, уақытты азайту, сапа арттыру.
Бұл талдау 3 этаптан тұрады: алғашқы кезеңде: қызметтерді жүргізу үшін тиімділігін арттыру мүмкіндіктері талданады, екінші кезеңде өндірістік емес шығындардың себебі анықталып, оларды шешу жолдары қарастырылады, және соңғы кезеңде өнімділік параметрлерін есепке ала отырып, қажетту өзгерістерді жақын уақытта енгізу үдерісі жүреді.
Жоба сапасын жетілдірудегі бенчмаркинг әдісінің тиімділігін сипаттаңыз
Бенчмарк(Benchmark) — есептеу желісінің шапшаң әрекеттігін анықтауға пайдаланылатын стандартты ,бағдарлама. Әдетте, ол кейбір тапсырмалар қоспасын құрамына енгізеді. Әдетте үлгіні, мәселелердің диагностикасы мен күшті жақтарын анықтау мақсатындаәртүрлі бағдарламаларды салыстыруға мүмкіндік беретін аса маңызды оперативті мәліметтерді жинаудың және таратудың стандартизацияланған тәсілі.
Бенчмаркингтің көмегімен ұйымның (немесе бағдарламасының) сыртқы бағалауын өткізеді. Сонымен қатар бенчмаркинг:
- диагностика құралы (сапаны анықтау құралы);
- жұмыстарын жақсарту тәсілін табу мақсатында, ұйымға басқа да әртүрлі аспектілердің жұмыстарымен өз жұмыстарын салыстыруға мүмкіндік беретін өзін-өзі жетілдіру құралы;
- Сабақ алу және ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмек көрсету мақсатында, қызметтерді немесе процестерді біріге отырып ашық бағалау;
- Оқу орнының жұмысын жақсартуды үйрету тәсілі;
- Бір-біріне ұқсас ұйымдардың жұмыстарын салыстырудың және өлшеудің үздіксіз процесі болып табылады.
Бенчмаркинг спецификалық қадамдар мен құрылымдық спецификаларды қарастырады. Нені салыстырып жатқанына немесе қандай ақпараттардың жиналып жатқанына байланысты бенчмаркингтің төиендегідей әртүрлі типтері болады: стратегиялық бенчмаркинг (бәсекелестердің стратегиясында не жасалынып жатқанын анықтауға бағытталған); оперативті бенчмаркинг (өнімнің қалай шығарылып жатқандығына, басқа ұйымдардың өз жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарып жатқандығына және оған қалай қол жеткізетіндіктерін анықтауға бағытталған), немесе осы мәліметтер мен жұмыс индикаторларын салыстыруға негізделген статистикалық бенчмаркинг.
Бенчмаркинг «benchmark» деген ағылшын сөзінің орыс немесе қазақ тіліне тікелей аудармасы жоқ, бірақ ол тұрақты бір объекттің көрсеткіші.
Жоба сапасын жақсартуда бенчмаркинг сауалнамалар, жеке кездесулер, жиналыстар, түрлі конференциялар арқылы жүргізіледі.Бұл жұмыстарды жүргізгенде келесі қағидаларды ұстану керек:
Бенчмаркинг әдісін заңды түрде жүргізу;
Құпиялық құқық пен ақпараттың сақталуы, бұзылмауы;
Бенчмаркингтің негізгі элементі-бәсекелестік бақылау.
Бенчмаркингтің 5 негізгі кезеңін көрсетуге болады:
1.Жетілдіруді қажет ететін маңызды қызметтер мен үдерістерді анықтау.
2.Бәсекелес үздік компанияларды анықтау.
3.Өз компанияның көрсеткіштерін өлшеу.
4.Бәсекелес компанияның көрсеткіштерін өлшеу.
5. кез келген алынған мәліметтер мен ақпараттарды өз компанияның көрсеткіштерін арттыруға қолдану.Себебі бенчмаркингтің басты мақсаты бәсекелес компаниялармен салыстырып қана қою емес, өз фирмаңның көрсеткішін, сапасын арттыру болып табылады.
Бенчмаркинг ең алғаш рет 1972 жылы АҚШ-тың Стратегиялық зерттеулер институтында пайдаланылды.Қазіргі күнгі бенчмаркинг əдісі түрленіп көптеген салаларда пайдаланылады.
12. Жоба персоналын ынталандырудың материалдық формаларының