Азақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері 2 страница
32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.
Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді
ШУРА-и-УЛЕМА
Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік «Шуро-и-Улеманың» басшысы Серәлі Лапин болды.
Мұстафа Шоқай атап көрсеткендей, Серәлі Лапиннің «Шура-и-ислам» өкілдерімен арада айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды. Дегенмен, ол сөзсіз, Түркістандағы ірі саяси тұлға және ұлттық қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады.
Көбінесе оның күш-жігерінің арқасында «Шура-и-ислам» ұйымының іс-әрекетінің өрісі Түркістанның басқа да аймақтарына тарады, онда оның бөлімшелері құрылды.
Көрсете кету ләзім, «Шуро-и-Улема» ұйымының идеялық нұсқаулары, сол «Шура-и-ислам» сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.
«Шуро-и-Улема» өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.
Мәселен, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен жазылған «Шуро-и-Улеманың» бағдарламалық құжаттарының бірінде айтылды, Түркістанда «ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет… өлкеде жер пайдалану туралы мәселе Шариғат бойынша жері аз мұсылмандарға мемлекеттік және қоғамдық жерлерді пайдалануға көлемді мүмкіншілік берілуі, бірақ, жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығын сақтау отырып, реттелуі тиіс болды. Түркістан автономиялық федерациясының әлеуметтік-экономикалық құрылымы жөніндегі көрсетілген ережелер бойынша жұмыс еңбегін мөлшерлейтін және жұмысшылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған арнайы заң ережесі Шариғат нұсқаулары бойынша шығарылуы тиіс болды…».
Орытынды
Мәселенің маңыздылығы. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қазақ елінің саяси даму жолында өзіндік орны бар жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар да соңғы жылдарға дейін тарихи шындық тұрғысынан зерттелмей, көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырып болып табылады.
1917 жылы Ақпан төңкерісі патша өкіметін құлатып, Ресейде ерекше саяси жүйені тудырды. Орталықта қос өкімет – Уақытша үкімет пен Кеңестерді, ал жер-жерлерде билікке ұмтылған сан алуан одақтар мен қауымдастықтарды, ұйымдарды дүниеге әкелді. Заман өзгерісі алға тосқан жаңа міндеттерді шешу қажеттілігі ұлттық қоғамдық ұйымдарды да осы мезгілде өмірге алып келген еді.
Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар – Уақытша үкіметтің саяси жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйым. Өлкеде саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болу негіздері мен құрылымдық сипаты, алға қойған міндеттері мен сол міндеттерді іске асыруда атқарған қызметі, тарихта алар орны арнайы зерттеуді қажет етеді, сондай-ақ бұл зерттеу қазақ халқының сол бір аласапыран кезеңдегі саяси өмірінің қырлары мен сырларын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Кеңестік тарихтану ғылымында жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар сияқты ұлттық қоғамдық ұйымдарға біржақты, яғни Уақытша үкіметтің «қолшоқпары» болды деген баға беріліп келді. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдің барлық ұлттық аймақтарында бой көтерген украин, башқұрт, түрікмен, ұйғыр-дүнген, татарлардың, т.б. ұлттық қоғамдық ұйымдарының бір сапында тұрған жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық азаттыққа, дербестікке қол созып, отарлық езгіден құтылып, өз ұлтын өркениетті елдердің қатарына қосуға асықты, сол үшін қызмет етті. Өлкедегі саяси-қоғамдық ұйымдардың басы-қасында болып, оның жұмысының жанданып кетуіне аянбай еңбек еткен, көшбасшы болған қазақ оқығандары, ұлт зиялылары еді. Олардың жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрамындағы қызметі елді феодалдық мешеулік пен отарлық тәуелділіктен алып шығу әрекетін жасаған әлеуметтік күштің қазақ қоғамында болғандығын айғақтайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ қоғамында пайда болған ең беделді саяси-қоғамдық ұйымдар туралы тарихи шындықты мүмкіндігінше толығырақ ашып айтатын уақыт жетті.
Жетісу халқының, соның ішінде дүнгендердің Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихын зерттеуші ғалым Юсупов: «…облыстың орталығы Верный қаласында мұндай комитеттер бірнешеу болды: қазақтың – «Алаш», өзбектің – «Шуро-Исламы», ұйғырдың – «Милли-Шуросы», жалпымұсылмандық – «Құрылтай», тараншы-дүнген комитеттері және басқалар. Осы ұйымдардың бәрі еңбекші халықты жеке қанау құқына ие болу үшін күресті, әрі өзара бақталас болды, бір-бірін көре алмады»[25], – деп жаңсақтыққа жол береді. Қазіргі тарихнама ХІХ-ХХ ғ. Басында түрік тілді халықтардың қарым-қатынасы аса жемісті болғандығын куәландырып отыр[26].
Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа ұйымдармен, атап айтқанда, Ақмола облыстық Қазақ комитетінің «Үш жүз» партиясы ұйымымен ара қатынасы Б.Елкеев еңбектерінде[27] қаралады. Зерттеуші «Үш жүз» партиясы мен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ара қатынасының шиеленісуінің басты себебін Қазақ комитетіндегілердің «елордашыл» болғандығынан көреді. Автордың мәселеге біржақты қарауына байланысты бұл екі ұйымның ара қатынасына объективті баға берілмейді.
Кейбір ғылыми еңбектерде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдарды басқа ұйымдармен шатастыру[28], сондай-ақ, жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар мен «Алаш» партиясы комитеттерінің жігін ажыратпай, екеуін бір ұйым деп ұғушылық кездеседі[29].
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың халқымыздың қоғамдық-саяси даму жолындағы алатын орны және қазақ қоғамының саяси белсенділігін арттырудағы рөлін көрсете отырып, оның әлеуметтік-саяси сипатын жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
· Ақпан төңкерісі жеңісінен кейінгі кезеңде өмірге келген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болуының алғышарттарын анықтау;
· жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ұлттық қоғамдық ұйымдар ретінде атқарған қызметтерінің мазмұнын, қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінде алатын орнын айқындау;
· жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа басқарушы орындармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен ара қатынасын көрсету;
· жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Алашорда үкіметін құруға атсалысуын баяндау;
· Кеңестер билігі тұсындағы жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың жағдайын көрсете отырып, олардың жабылу себебін анықтау.
Зерттеудің хронологиялық шегі жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың құрылған кезеңі мен жойылған уақытын, яғни 1917 жылдың наурыз айынан 1918 жылдың маусым айлары аралығын қамтиды. 1917 жылдың наурыз айынан бастап жер-жерде бой көтерген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1918 жылдың көктем айларында, яғни Кеңестердің өкімет билігін алғанынан кейін Қазан төңкерісінің салтанатты шеруіне кедергі келтіретін контрреволюциялық ұйым ретінде таратыла бастады.
Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы негізінен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрылған аймақтарды қамтиды. Сол саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметін жан-жақты ашып көрсету мақсатында сол кезеңдегі әкімшілік-территориялық бөлу бойынша Жетісу облысы құрамындағы қырғыз жерінің солтүстік аудандары да қамтылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың тарихына арналған алғашқы ізденіс жұмысының бірі ретінде жазылған диссертацияда мынадай жаңалықтар бар:
· Нақты материалдар негізінде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1917 жылдың Ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде ұлт-азаттық қозғалыс – Алаш қозғалысының жемісі ретінде өмірге келген алғашқы ұлттық құрылым екені көрсетіледі;
· жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметі халықтың мүддесіне сай жүргізілгендігі объективті түрде дәлелденеді;
· жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық ымыра және тату көршілік қарым-қатынасты насихаттап, оның жаршысы болғаны алғаш рет ашып көрсетіледі;
· жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық тәуелсіздік жолында күресіп, большевиктік саясатқа байланысты жойылғандығы баяндалады.
33.1917 жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
Петроградтағы Қазан төңкерісі.
1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.
Оның себептері:
1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы:
- Басқару түрі;
- Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.
Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау.
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды.
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды.
Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды:
- Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді.
- Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды.
- Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.
Қазақ АКСР – ін құруға әзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ә. Жангелдин Қазақстан Кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда, қазақ АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды.
Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық – түлік диктатурасы енгізілді. Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне азық – түлік отрядтары атандырылды. Олар Петроград және басқа орталық аудандарға 6 млн. пұт астық жіберді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді.