Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
Бухгалтерлік есептің ерте заманда дамуы кезеңінде тек жеке шоттар ғана қолданылған. Кейіннен бухгалтерлік есеп шоттары нақтыланып, әр түрлі тұрғыдағы мүліктер қозғалысы есебін жүргізуші номиналдық шоттары пайдаланылды.
Есептің сенімділігі мен тұрақтылығын жетілдіру, сондай-ақ мұның басқарушылық функциясын арттыру, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі мәліметтерді толықтыру мен талдау мақсатында құрылатын бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына жер жүзі ғалымдары баса назар аударып келеді.
Қазақстан, Ресей, Франция, Германия және басқа да көптеген шетелдерде бірегей үндестірілген, арнайы жүйеге келтірілген, меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарда қолданылатын ұлттық бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары жасалынған.
Шоттар жоспарының негізгі мақсаты – біртектес ақпараттарды топтастыру мен салыстыру, сондай-ақ есеп ақпараттарын сапалы дайындау мен көрсету болып табылады. Мұның өзі әртүрлі ұйымдардағы ақпараттарды салыстырып қарауды және өндіріс тиімділігін талдауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шоттар жоспары тиісті жоғары орындарға, басқа да есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушыларға хабарлаудың негізін салушы үрдіс.
Шоттар жоспары деп – ұйымдардың экономикалық жүйесін тиімді басқаруға арналған ақпараттар алу мен дайындауға, сондай-ақ меншік иелері мен басқада мүдделі тұлғалар талабын қанағаттандыру мен бақылап отыруға және сенімді, толық, таза жолдармен дайындалып, тапсырылатын қаржылық қорытынды жүйесін жасауға, сондай-ақ, ұйымдардың шаруашылық қызметіндегі біртекті фактілер мен операцияларды экономикалық маңызына қарай топтастыруға арналған тараулар мен тармақтарға жүйеленген шоттар тізімін айтады.
Шоттар жоспары бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды шығаруды қамтамасыз етеді. Шоттар жоспары ұйымдардың тиісті органдарға бағыныштылығына және меншіктің түріне қарамастан, шаруашылық қызметін жүргізуші фирмаларда, компанияларда және т.б. ұйымдардың барлығында міндеттік түрде жүргізіледі.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай үйлесімді бағытта жасалған Қазақстандық шоттар жоспарының негізгі мақсатын төмендегіше түсінуге болады:
- елімізде өндіріліп отырған өнімдер мен шикізаттарды әлемдік рынокқа шығару мен халықаралық валюта қорынан, басқа да қаржы салымшылардан инвестиция алу мақсатын шешу үшін халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай келтіру;
- ұйымдардың технологиялық т.б. ерекшелктеріне қарай, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуіне қажетті операциялар жүргізу мен бақылауды қамтамасыз ету т.б орындалған, іске асқан аралық шараларды тіркеу болып табылады.
Есеп жүргізу тәжірибесінде шоттар жүйесі шоттардың жоспары түрінде танылса, екі жақты жазу жекелеген шоттарды өз орнымен дұрыс қолдану жөніндегі әдіснамалық үрдіс және шаруашылық операциялары мазмұнын өзара байланысқан шоттарды тіркеуді қамтамасыз етеді.
2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданылатын шоттардың қазақстандық жұмыс жоспарының мақсаты есеп жүргізу ережелері мен тәсілдерін сапалы қаржылық ақпараттар қалыптастыруға және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сәйкестендіру болып табылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары төрт сан қою белгісінен:
- бірінші сандық белгі – шоттардың қай тарауға жататындығын,
- екінші сандық белгі – шоттардың қай тармақтарға жататындығын,
- үшінші сандық белгі – шоттардың қай синтетикалық шоттар тобына жататындығын,
- төртінші сандық белгіні ұйымдардың өздері белгілейді.
Шоттардың жұмыс жоспарында тізімделген синтетикалық шоттар сабақтастығын сипаттау арқылы активтердің өтеушілік қабілетінің төмендеуінен бастап, активтердің жоғары дәрежеде төлем өтеушілік қасиеттерін көрсетуге арналғандығын көруге болады.
Шоттардың жұмыс жоспары төмендегі 8 тараудан құрылған:
1 тарау –«Қысқа мерзімді активтер»
2 тарау – «Ұзақ мерзімді активтер»
3 тарау – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»
4 тарау – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»
5 тарау – «Капитал және резервтер»
6 тарау – «Табыстар»
7 тарау – «Шығындар»
8 тарау – «Өндірістік есеп шоттары»
Шот жоспарымен жүмысты женілдету үшін әрбір бөлікке және шоттарына оның атауын ауыстыра алатын нөмірі (код) беріледі.
Шоттардың үлгі жоспарында аналитикалық шоттар қарастырылмаған. Әрбір субъект есеп саясатында субъект басшысы бекіткен шоттардың жұмыс жоспарында ішкі шоттар (субшоттар) ашуға құқылы.