Саясаттанудан емтихан тест сҰраҚтары 14-15
1. Ғылым ретінде саясаттану қай ғасырда институцияланды? ХХ ғ
2. Қазақстанда саясаттану пән ретінде қай кезден бастап оқытылып келеді? 1991 ж.
3. Қоғамды тұрақты құрылым ретінде қарастыратын әдісті көрсетіңіз: структурализм
4. Саясатты саяси кеңістіктер немесе саяси шеңбер көлемінде қарастыратын әдіс қалай аталады: топологиялық
5. Саяси ғылымда бихевиористік әдісті қолданудың негізін салушылардың бірі:Ч.Мерриам
6. Төмендегі әдістердің қайсысын эмпирикалық әдіске жатқызуға болады? бақылау
7. Индукция және дедукция қандай әдістер тобына жатады? логикалық
8. Саяси мәдениеттің қоғамды саяси өмірдің нақты ережелерімен, дәстүрлерімен анықтаудан көрініс табатын қызметі қалай аталады? Тәрбиелік
9. Саясаттану не туралы ғылым: Адам мен қоғамның саяси арақатынастарының барлық жақтары туралы ғылым
10. Саясаттанудың қызметтері қатарындағы артығын көрсетіңіз: есептеу
11. Қазіргі адамның билікке қатысты қажеттілігін және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не? саясат
12. Аристотельдің тұжырымдамасындағы саяси ғылымның негізгі объектісі: полис
13. Грек ойшылдарының қайсысы «идеалды мемлекет» идеясын ұсынды? Платон
14. Билік тармақтарының бөлінуі туралы пікірді тұңғыш ұсынған кім? Ш.Л.Монтескье
15. Демократияның қазіргі заманғы идеясын қалыптастырушылардың бірі, американдық ғалымды атаңыз.А.Токвилл
16. «Тәуелсіздік декларациясының» авторы, тарихи тұлға: Джеферсон
17. Саясаттану дербес ғылым ретінде алғаш рет қайда оқытыла бастады? АҚШта
18. Бихевиоризмнің негізін салушы ғылыми мектеп қалай аталады? Чикаго мектебі
19. Орта ғасыр ойшылы, «Құдай қаласы туралы» еңбегінің авторы: А.Аврелий
20. Орта ғасырлық Еуропада саяси ғылым қай діннің шеңберінде оқытты? Католиктік мектебінде
21. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы: Г.Кун
22. Шығармаларында отарлық саясатқа қарсы халықтың мұңын жырлаған Х1Х ғасырдың ақын-жырауларының шоғыры қалай аталады? «Зар заман» ақындары
23. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының саяси идеялары қай баспасөзде жарияланды? «Қазақ» газетінде
24. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады? Саяси жүйе
25. «Қазақ» газеті қай уақыттан бастап шыға бастады? 1913 жыл
26. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» деген сөздің авторы кім? Д.Истон
27. «Саясат – таптар арасындағы күрес» деп тұжырымдаған кім? В.И.Ленин
28. Демократия теориясын жалпы қоғамдық адамзаттық режим үлгі ретінде дамытуды жақтаған Америка Құрама Штаттарының президенті: А.Линкольн
29. Ғылыми теорияда саясаттың қандай түрі кездеспейді? Биологиялық саясат
30. «Саясатта жасауға болмайтын әрекеттерге баруға тура келеді» деген пікірді айтқан кім? Теодор Рузвельт
31. Саяси Ғылымдар Ассоциациясы қай жылы, қай елде құрылды? 1903 жылы Америкада
32. «Референдум» сөзінің этимологиясы және мәні: болуға тиісті жиналыс
33. Бихевиоризмнің саяси ғылымдағы негізін қалаушы кім? Г.Лассуэл
34. Билікті адамның мінез-құлқының ерекше түрі ретінде түсіндіретін анықтама: бихевеористік
35. Мақсатқа, нәтижеге жету мүмкіндігі ретінде билікке берілетін анықтама: телеологиялық
36. Белгілі бір құралдар мен тәсілдерді қолдану арқылы билікке жету мүмкіндігі ретінде қолданылатын анықтама: инструменталды
37. Мына қызметтердің ішінде биліктің қызметіне жатпайтынын көрсет: қоғамда адамдар арасындағы қажетті процестерді қолдау
38. Билікті түсіндірудің мәндік аспектісін анықтаңыз? Қоғамдық қатынастарды мәжбүрлеу негізінде қайта құру
39. Биліктің заңдылығы қалай аталады: легитимділік
40. Биліктің принциптеріне не жатпайтынын көрсет? Үндемеу принципі
41. Қоғамда заңды күштеу монополиясына ие бола алатын саяси билікті жүргізудің ерекше аппараты: мемлекет
42. Саяси қатынастарды жүзеге асыруда қолданылатын ұлттық нормалар мен принциптердің жинағы – бұл: ұлт саясаты
43. Тұрғын халықтың миграциясына жиі әсер ететін факторлар? экономикалық
44. Саяси түрде мемлекет ретінде ұйымдасқан этностың формасы қалай аталады? ұлт
45. Жер бетіндегі барша ұлттардың бірлігі, толеранттылығы мен достығы туралы идея қалай аталады? интернационализм
46. Мемлекеттің қай формасында оның территориясында жекеленген ұлттық-территориялық, субъектілер құруға рұқсат етіледі? федерациялық
47. Ішкі басқару дербестігі берілетін федерация субъектілері қалай аталады? автономия
48. Мемлекет құраушы ұлт дегеніміз не? Мемлекеттің негізін салушы ұлт
49. «Саяси жүйе» ұғымын ғылымға енгізген және «қара жәшік» теориясын ұсынған ғалым: Д.Истон
50. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді? Аристотель
51. Саяси жүйені әлеуметтік-таптық детерминанттары бойынша дәстүрлі және рационалды бөлген ғалым: М.Вебер
52. Мемлекет басқару формаларына қарай қандай түрлерге бөлінеді? Монархия және республика
53. Ш.Л. Монтеське, Д. Локк билікті қандай түрлерге бөлді? Заң шығарушы, атқарушы және федеративті билік
54. «Төртінші билік» деп нені айтамыз? Бұқаралық ақпарат құралдары
55. Құқықтық мемлекеттің ең басты белгілерінің бірі? Заңдылық пен адам құқықтарының сақталуы
56. Саяси ғылым теориясында азаматтық қоғамға қандай анықтама берілген: мемлекеттен тәуелсіз іс-әрекеттер жүйесі бар қоғам
57. Тарихи даму сатысында ең алғаш пайда болған көпшілік бұқаралық партияларды атаңыз: виги және тори
58. . Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан? қоғам
59. Саяси әрекет ету сипатына қарай партиялар төмендегідей болып бөлінеді: реакциялық,консервативтік,самарқау,радикалды және экстремистік
60. Идеялық негіздері бойынша партиялар төмендегідей болып бөлінеді: прагматикалық,доктриналды және харизматикалық
61. Бағдарламасын орындау әдістеріне қарай партиялар төмендегідей болып бөлінеді:
революциялық және реформатолық
62. Мүшелік сипатына қарай партиялар төмендегідей болып бөлінеді: кадрлық және бұхаралық
63. Саяси мақсатқа жетуге бағыт алған, азаматтардың белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін білдіретін қоғамның ең белсенді бөлігі Саяси партия
64. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған? Н.Макиавелли
65. Конституциялық монархия алғашқы қай елде пайда болды? Ұлыбританияда
66. «Динамикалық саяси тұрақтылық» ұғымы нені білдіреді? Қоғамның үздіксіз дамуын
67. Белгілі бір мақсатқа жету үшін екі немесе онан да көп партиялардың бірігуі немесе одақ құруы. Коалиция
68. Бір партияның ішінен құрылған өз бағыттары, тәртібі мен құрылымы бар бөлік: Фракция
69. Еңбекшілердің құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастырылатын қоғамдық ұйым? Кәсіподақтар
70. «Құқықтық мемлекет» ұғымының негізін салған антика дәуірінің ойшылы? Цицерон
71. Дербес саяси күш-қайратқа ие бола алмайтын, саяси мүдделерін жүзеге асыруда өзге әлеуметтік топтың ықпалында болатын, саяси іс-әрекеттің түрі: саяси пассивтілік
72. «Ұлы шахмат тақтасы» еңбегінің авторы ? З.Бзежинский
73. Саяси процестің қандай режимі мемлекеттің саясатын жаңа деңгейге шығарып, уақыттың қауіп- қатеріне жауап бере алады? Даму
74. Саяси өзгерістердің мәнін біле тұра процеске (сайлаулар, референдумдар және т.б.) қатынасудан саналы түрде бас тарту немесе тартыну, қалыс қалу қалай аталады? Абсентеизм
75. Мемлекеттік органдардың басқарушылық шешімдеріне белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында парламентте, үкіметте заңды түрде ықпал ету әрекетін жүзеге асыру процесі қалай аталады? Лоббизм
76. Саяси билікке ықпал ете отырып, немесе оны пайдалана отырып өз мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылатын саяси субъектінің әрекеті: Саяси белсенділік
77. Саяси сананың қандай деңгейлері бар? Күнделікті және теориялық
78. Мемлекеттік билікті, үкімет пен оның құрамын заң шығарушы органдары қалыптастыратын республикалық басқару формасы: парламенттік республика
79. Саяси биліктің механизмдерінің іс-әрекетін көрсететін және саяси қатынастар саласында адамдардың мінез-құлқын бағыттайтын руханилықтың көп түрлі көріністері: саяси сауаттылық
80. Экономикалық, саяси және басқа да мақсаттарға жету үшін құрылатын мемлекеттердің уақытша одағы: конфедерация
81. Құрамындағы әкімшілік-территориялық бірліктерінің ешбір саяси егемендік нышандары болмайтын, біртұтас күйдегі бөлінбейтін мемлекет формасы: унитарлы
82. Марат Оспановтың еліміздің Жоғарғы билік саласындағы атқарған қызметі: Парламент спикері
83. Саяси режимді анықтаудың параметрін көрсетіңіз: билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси
84. Қоғамның идеялық-саяси бірігуіндегі БАҚ-тың негізгі қызметі? Қоғамдық пікірді қалыптастыру
85. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы таза саясаттанудың қызметіне жатпайды? Саяси жүйені национализациялау
86. Адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беретін, олардың саяси процесте саяси іс-әрекетке ұмтылысын қалыптастыратын, белсенділігін шоғырландырып жинақтайтын, топтардың әлеуметтік интеграциясына жағдай жасайтын рухани жұмылдыру мен басқарудың құралы: идеология
87. Тоталитаризмнің негізгі түрлері: фашизм, национал социализм, казармалық социализм,
88. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне жатады? Қоғамдық
89. Мемлекеттің саяси және әлеуметтік жүйелері мен олардың фрагменттерін ең дамыған жағдайларға барынша жақындату процесі: модернизация
90. Қоғамда саяси өзгерістердің қажеттілігі сезіліп, жаңа сапаға өту керектігі талаптары айқын білінетін ахуал: дағдарыс
91. Саяси процесте саяси субьектілердің белгілі бір мақсаттарға жетуіне арналған есептелген іс-әрекеттер жүйесі қалай аталады: кампания
92. Билік пен саясатты ерекше рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін қай парадигма? Теологиялық
93. Саясатта көздеген мақсаттарға жетуге қажетті, маңызды саяси міндетті нақты бір мерзім ішінде шешу бойынша жүзеге асырылатын операциялар мен процедуралардың жиынтығы, сондай-ақ, оларды іске асырудың негізделген және сыннан өткен тәсілдері:
94. Сайлауда немесе нақты саяси процесте топ немесе жеке тұлғаның мақсатына жетуде жалған ақпараттарды, сатып алуды, қорқыту мен үркітуді, оппоненттерді дискредитациялауды, саяси оқиғаларды бұрмалауды пайдаланатын саяси әдіс: саяси технологиялар
95. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен оның саясатқа әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады? Әлеуметтанулык
96. «Үндістанның ашылуы» еңбегін жазған Үндістанның премьер министрі: Дж.Неру
97. Қазақстанда саясаттану қай жылдан бастап оқытыла бастады? Е.Карин ????????
98. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы: Н.Назарбаев
99. КСРО идеологиясын қалыптастырған жетекші партия: КОКП
100. 1990 жылдары Кедендік одақ идеясын ұсынған мемлекет: Қазақстан
101. Ең алғаш мемлекеттік биліктің тармақтарын бөліп көрсеткен қай ойшыл? Ш.Л.Млнтескье
102. Қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, бақылап билік жүргізетін режим: Тоталитаризм
103. «Охлократия» сөзі қандай мағына береді? Бұқара билігі
104. Қоғамның, таптың болмаса әлеуметтік қозғалыстың мүдделерін, көзқарастарын, идеалдарын білдіретін идеялар жүйесі: саяси идеология
105. Унитарлы жүйеде өмір сүретін мемлекетті атаңыз? Қазақстан
106. Семьялық-туыстық қағидаға құрылған саяси топтар қалай аталады: саяси кландар
107. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары белгілі мерзімге халықпен сайланып, азаматтары жеке және саяси құқықтарға ие болатын мемлекеттік басқарудың бір түрі. Президенттік республика
108. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет Терроризм
109. 2017 жылы Қазақстанда ЕХРО айдарымен қандай шара өткізілмек? Дүниежүзілік көрме
110. Ғылыми тұжырымдамаларда саяси көшбасшыға берілген анықтамалардың бірі: саяси тұлғаның жоғары түрін көрсететін индивид
111. Негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің түрі: Құқықтық мемлекет
112. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады? Әлемдік саясат
113. Белгілі бір ұлттың артықшылықтарын дәріптейтін және насихаттайтын идеология мен саясат қалай аталады? Национализм
114. Территориясының, тілінің, мәдениетінің, шаруашылық өмірінің, тұрмысы мен мәдени ерекшеліктерінің ортақтығы нәтижесінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы: халық
115. Ұлттың өзін-өзі анықтауындағы ең басты фактор: Ұлттық мемлекеттің құрылуы
116. «Алаш» партиясының саяси бағдарламасының авторы: Ә.Ермеков
117. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара ымыраға келу процесі қалай аталады? Компромисс
118. Саясаттанудың алғашқы факультеттері қашан және қайда ашылды? 19ғ. ІІ жартысы АҚШ та
119. «Бөлік» ұғымы қай саяси терминнің негізінде жатыр? Партия
120. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз. Жергілікті басқару органы
121. Сайлауға азаматтардың ерікті түрде қатыспауы қалай аталады? абсентеизм
122. Демократияның «халықпен сайланған және халыққа арналған халық билігі» деген анықтамасының авторы кім? А.Линкольн
123. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім? Б.Муссолини
124. Құқықтық мемлекетте «саяси билік» категориясы нені білдіреді: Қоғамның мемлекетке өкілеииік беруі
125. «Элита» сөзі қандай мағына береді? сұрыпталған
126. Мәжіліс депутаттары қай сайлау жүйесі бойынша сайланады? Пропорционалды сайлау жүйесі
127. Бір мемлекеттің кеңістіктегі орналасуымен күрделі байланыстылығы мен тәуелділігін көрсететін саяси тұжырымдама: Геосаясат
128. Геосаясат теориясының негізін қалаған кім? Р.Челлен
129. Идеологияның қай түрі бір этностық топтың террорлық және агрессиялық әрекеттер арқылы өз үстемдігін орнатуды көздейді? Шовинизм
130. Саяси партиялардың басты қызметі: билік үшін күрес
131. Сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруден бас тартуы қалай аталады? Абсентеизм
132. Қазіргі демократиялық елдердегі саяси көсемдерден қандай қасиеттер ерекше талап етіледі?
Саяси білімі, басқару қабілеті және шешендігі
133. Мемлекетті басқа саяси ұйымдардан айыратын негізгі көрсеткіш:
Күшті заңды қолдануға үстемдігі
134. «Ту көтеруші», «қызмет етуші», «өрт сөндіруші» терминдері саясаттың қай субъектілерін қатысты қолданылады? көшбасшылар
135. Арнайы мақсат қоймаған, өз белсенділігімен төңкеріске жақын тұрған психологиялық-эмоционалдық ахуал: бунт
136. «Мемлекет» ұғымы тар мағынада қай мәнде қолданылады: билік көзі ретінде
137. Саяси партияның басты органы: Съезд
138. Биліктің өркениетті жүзеге асуының құралы? бедел
139. Мемлекеттік аппарат саяси биліктің қандай негізі болып табылады? заңдық
140. Әдет-ғұрыпқа негізделген саяси көшбасшылық қалай аталады? Дәстүрлі
141. Аристотельдің еңбектерінде ұсынылған қоғамдағы ең таңдаулы адамдардың билігі: аристократия
142. Саяси ғылымның дамуындағы философиялық кезең қай дәуірден бастау алады? Антика дәуірінен
143. Саяси жүйенің ережелері мен қағидаларын қандай құрылым жасайды? Заң шығарушы органдар
144. Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі - ... Саяси сана
145. Саясаттану ғылымының қандай парадигмалары жоқ? этноцентристік
146. Саяси партия қай ұғымның элементі? Саяси жүйенің
147. Д.Қонаевтың еңбегі: «Өтті дәурен осылай»
148. Мына мемлекеттердің қайсысында дәстүрлі типтегі легитимділік орнаған: Сауд Арабаиясы
149. Тәуелсіздігін сақтап, өзінің билік органдары мен Конституциясына ие болатын, ал біріккен органдары тек бірлескен әрекеттерді координациялау үшін ғана өмір сүретін мемлекеттік құрылымның формасы қалай аталады? Конфедерация
150. Азаматтық қоғам неге негізделеді? Құқықтық мемлекетке
151. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер? Саяси жүйенің
152. Көне грек ойшылдарының қайсысы демократияны дұрыс шешім қабылдай алмайтын, басқара алмайтын, жалпы игілікті ескере алмайтын демостын, төменгі таптың билігі деп санаған?Аристотель
153. «Азаматтық саясат», «Қайырымды қала тұрғындары туралы» еңбектерінің авторы:Әл Фараби
154. Макс Вебер қандай қағиданы ұстанады? Бюрократияның рөлі қоғамда басым болады
155. «Олигархияның темірдей заңы» теориясының авторы кім? Р.Михэлс
156. Әлемді адамның отаны деп санайтын, «Әлем азаматтығы» идеологиясы: космополитизм
157. Саяси қоғамда билік пен басқаруды қамтамасыз ететін өзара байланысты әрекеттесетін саяси ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы: қоғамның саяси жүйесі
158. Қай режимге репрессиялар қолдану тән: тоталитарлық
159. Әр түрлі игіліктер, билік пен престиж жүйесі бойынша адамдардың жіктелуі қалай аталады? Әлеуметтік стратификация
160. Мемлекетке табиғи жағдай мен географиялық ортаның ерекше әсері туралы тұжырымдаманың авторы кім? Монтескье
161. Кландық және рулық т.б. құрылымдарға тән мәдени-тұрмыстық, культтік, қоғамдық-саяси ерекшеленуді қолдау бағыты: трайболизм
162. Саяси ғылым тұжырымдамаларында саяси әлеуметтену қай уақыттарда жүреді? Барлық саналы ғұмыр барысында
163. Өмір сүріп отырған мүмкіндіктерін сақтап қалу үшін алдына қойған мақсаттарынан толықтай бас тартуға қабілетті адамдар тобы Конформизм
164. Қоғамдық-экономикалық формациялар сипатына қоғамдық жүйелер төмендегідей болып бөлінеді:
құл иеленушілік,феодалдық, капиталистік және комунистік
165. Өндірістің, әлеуметтік және мүліктік жіктелудің, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін тұжырымдама: әлеуметтік экономикалық теория
166. Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси ілімдерінің басты ерекшелігі: гуманизм
167. «Қарапайым халық» және «шешім» түсініктері негізінде қалыптасқан саяси термин: плебестит
168. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады? Реттеушілік
169. Халықаралық терроризммен күресетін негізгі ұйым: Интерпол
170. Халықаралық аренада ресми түрде әрекет етуге монополиялық құқығы бар биліктің формасы: мемлекеттік билік
171. Саяси ғылым теориясында элиталардың интеллектуалдық, моральдық, психологиялық қалыптасуын түсіндіретін әдіс: психологиялық
172. Мемлекетті құдай жаратты деген қай тұжырымдаманың негізгі идеясы: теологиялық
173. Азаматтық қоғамның негізгі белгілерінің бірі: Билік көзінің халықта болуы
174. Адамның қоршаған ортаның саяси құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталды? Саяси әлеуметтену
175. “Саяси процесс” ұғымының мәні: Кеңістік пен уақыттағы қоғамдық саяси жүйесінің функционалдық формасы
176. Әлемдік тәжірибеде саяси теориядан алғашқы дәрістер қай оқу орнында оқыла бастады? Колумбия
177. Саяси элитаның құндылықты тұжырымдамасының негізін қалаушы кім? М.Вебер
178. Ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану қай режимге көбірек тән? демократия
179. «Құдай берген дарын» деген мағына қай терминге көбірек сәйкес келеді? Харизма
180. «Терроризм» ұғымының мағынасы: Қорқыту
181. Саяси ғылым толығымен қашан институцияланды? 20 ғасырда
182. Ағартушылық дәуірінің әлеуметтік-саяси ойларының негізгі ерекшеліктері: адамның шынайы құқығы, қзінің еркіндігі мен заң және сот алдындағы теңдігі
183. К. Маркстың негізгі еңбегін атаңыз. «Капитал»
184. Мақсатқа жету үшін қолданатын айла-тәсілдердің жиынтығы: Саясат
185. Белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдениет және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі Альянс
186. М. Шоқайдың саяси еңбегі қалай аталды: «Кеңестер билігіндегі Түркістан»
187. Республикалық басқарудың бір түрін көрсетіңіз? парламенттік
188. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының басты идеясы: саяси автономия
189. Әлеуметтік сатылық құрылымды көрсететін термин: Иерархия
190. Көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық азшылықтардың егемен мемлекетті немесе ұлттық автономияны құруына бағытталған жекешеленуіне ұмтылыс? Сеператизм
191. Белгілі бір себептерге байланысты қоғамның әлеуметтік тобы немесе табы категорияларына кірмей қалған адамдар қалай аталады? Люмпендер
192. Ж. Боден саяси ғылымға енгізген термин: Либерализм
193. Мемлекеттің немесе партияның іс-әрекет жоспары қандай саяси шешім түріне жатады? Бағдарлама
194. Миграцияның немесе күштеп қоныс аударудың салдарынан өзінің тарихи отанынан ажырап, өзге мемлекет территориясында өмір сүруге мәжбүр болған белгілі бір халықтың бөлігі немесе тобы: диаспора
195. Ғылымға «қолдау», «талап», «кіріс», «шығыс» ұғымдарын енгізген американдық ғалым: Д.Истон
196. Саясаттағы бір адамның шексіз билікті қолына алып, қатаң бақылау арқылы басқаруы саясаттануда қалай аталады? абсолютизм
197. Президент Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында Аристотельдің саяси басқару формасын жіктеуіндегі қай принципін мысалға келтіреді? меритократия
198. Неміс ғалымы М.Вебер саяси көшбасшылықты былай жіктейді: дәстүрлі, харизматикалық, рационалды ресми
199. Ақыл-парасаттылық легитимдік деген не? Заңға негізделген легитимділік
200. Монархия дегеніміз ?
мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі
201. Әлеуметтік топтардың саяси мақсатқа жетуі туралы пікірлерін саясаттанудың қай қызметі байыта түседі? Практикалық
202. Мемлекеттің пайда болуы туралы «Қоғамдық келісім» және «адам адамға қасқыр» теорияларын ұсынған кім? Т.Гоббс
203. Унитарлық мемлекет дегеніміз? Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі
204. Билікті түсіндірудің мәндік аспектісін анықтаңыз? Қоғамдық қатынастарды мәжбүрлеу негізінде қайта құру
205. Саяси жүйенің қызметін көрсетіңіз: Реттеушілік
206. Ежелгі Қытайдағы мемлекет пен билікке қатаң бағынуға, қатал тәртіпке негізделген философиялық ілім: Легизм
207. Электораттар құқығы дегеніміз не? Сайлау тәртібін орнықтыратын құқықтық нормалар жиынтығы
208. «Бірлестік», «одақ» деген ұғым қай терминнің атауының негізінде жатыр? Фашизм
209. Мемлекеттердің, адамзаттың біртұтас кеңістікке бірігуін білдіретін идеология қалай аталады? ЖаҺандану
210. Технократизм идеясының негізгі өкілдерінің бірі: Т.Веблен
211. Саяси билік марксизм теориясында қалай түсіндіріледі Пролетариат диктатурасы
212. Аристотель бұрыс басқаруға жатқызған қатал биліктің түрі: Тирания
213. Мемлекет ұғымы дін-саяси ой өкілдерінің тұжырымдамаларында қалай түсіндірілді. Басқарушы құдай болып табылатын әмбебап тәртіптің бір бөлігі
214. Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы «Тақсыр»атты еңбектің авторы, саяси ғылымды мемлекет туралы ғылым ретінде анықтаған ойшыл: Н.Макиавелли
215. Антикалық ойшылдардың ішінде кім адамдарды «саяси хайуан» ретінде қарастырды. Аристотель
216. Саяси жүйелердің типологизациясының басты өлшемі? Саяси режим тұлғаның, қоғам билігінің өзара әрекеттесу сипаты
217. Әлемдегі ең ірі 88 млн. мүшесі бар комунистік партия қай елде? Қытай
218. «Саясат физикадан да қиын ғылым» деп тұжырымдаған кім? Эйнштейн
219. Азаматтық қоғам идеясының негізгі құқықтық аспектісі? Қоғамдық келісімді тану
220. Мемлекеттің қоғамдық өмірдің барлық жақтарына араласуы қандай саяси тәртіпке тән. Тоталитарлық
221. Ұлтаралық конфликтілердің басты себебі: Ұлтаралық қатынастағы құқықтардың бұзылуы
222. Саяси конфликтінің кульминация шегін анықтаныз? Біржақты күш қолдануға көшу
223. Көне қытай ойшылдардың қайсы: «Халықты бағындыруға мәжбүрлеуге болады, бірақ не себептен екенін түсінуге мәжбүрлеуге болмайды» деген? Конфуций
224. «Екінші ұстаз» атанған түркі халықтарының ұлы ойшыл. Әл Фараби
225. Саяси биліктің негізгі демократиялық принциптері? Легитимдік
226. Саяси жүйе ұғымы қалай анықталады? Саяси институттар мен нормалардың өзара әрекеттесу жүйесі
227. Жалпыұлттық бірігу жолында этникалық және әлеуметтік-құрылымдық айырмашылықтар кедергі болатын дағдарыс қалай аталады? Қайта өрлеу дағдарысы
228. Г.Алмонд көрсеткен саяси мәдениет типтеріне қарай саяси жүйелер қалай жіктеледі?
Англо американдық, континенталды европалық, доиндустриалды, тоталитарлық
229. Саяси болжамның негізгі мақсаты: Жағдайдың болуы мүмкін даму нұсқасын ғылыми негіздемеген тұжырымдармен талдау
230. Саяси ғылымның құрамдас бөлігі ретінде парадигма дегеніміз: Саяси шынайылықты қабылдау мен интерпретациялау тәсілдерін анықтайтын арнайы ____________ ойлау моделі
231. Саяси ғылымдар тарихын зерттеудің басты маңызы: адамдардың саяси қызметінің тарихи процесті рационализацияландыруы
232. Халықтың сеніміне ие болған, олар азаматтық құқықтары мен еркіндігін ескере отырып мемелекеттік мәселелерді шещуге қатысуына мүмкіндік беретін билік түрі қалай аталады. демократия
233. Мүшелік принциптеріне қатысты партиялар төмендегідей болып бөлінеді: ашық және жабық
234. Басшылар мен атқарушы үкіметтің өкілдерін сайлау саяси элитаның қандай жүйесіне тән: Антрепренерлік
235. Біріңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру мақсатында құрылған одақ: Кедендік одақ
236. Аталған институттардың қайсысы жетекші саяси институт болып табылады. мемлекет
237. Қазіргі кезеңдегі саяси ілімнің ең өзекті мәселесі: саясат пен моральдың өзара арақатынасы
238. Төмендегі елдердің қайысысы конституциялық монархиялық басқарудағы ел болып табылады. Жапония
239. Бір территорияда өмір сүретін, ортақ мәдениеті, тілі, психикалық құрылымы бар, экономикалық қауымдастығы мен мемлекетттілікпен сипатталатын тарихи даму процесінде қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы: ұлт
240. Саяси режим сипаттамасының негізі: Биліктің жүзеге асуының түрлері мен әдістері
241. Тоталитаризмнің бір түрі ретінде Италияда 1922 ж қалыптасқан режим: Фашизм
242. Өндіріс және табыстарды бөлу процесін қоғам тарапынан бақылауға алумен сипатталатын саяси және эконономикалық жүйе: социализм
243. Мемлекетсіз, таптық қанаусыз және жеке меншіксіз қоғам құруды жақтаушылардың ұсынатын идеологиясы: коммунизм
244. «Шығыстың Қара маржаны» атанған» Беназир Бхутто қай елдің көшбасшысы: Пакистан
245. Саяси процестер мен саяси технологияларды зерттейтін маман, басқару және жетекшілік саласындағы саяси мәселелер бойынша эксперт: саяси технолог
246. Қандай анықтама өмірдің барлық салаларында батыстық үлгілерді көшіріп алуды болжайды? Вестернизация
247. «Саяси мәдениет» ұғымы қай ойшылдың еңбектерінде алғаш рет кездеседі? Гердер
248. Саясаттағы түрлі саяси акцияларды, сайлау кампанияларын дайындап жүргізетін маман: саяси технолог
249. Азаматтық қоғамның басты сипаты: жеке тұлғаның құқығы мен еркіндігін жариялау
250. Саясаттың табиғатына қандай тәсіл арқылы ең шынайы түсінік берілуі мүмкін? Рационалды сындық парадигма
251. Саяси істермен кәсіби және үздіксіз айналысатын адам: саясаткер
252. Плюралистік саясаттың негізгі принципі? Әр түрлі элементтердің тең құқылы болуы
253. Саясат табиғи ортаның, адамның өз табиғатының негізінде пайда болды деп санайтын парадигма: натуралистік парадигма
254. Саяси институттардың ішінен жетекшісін көрсетіңіз. мемлекет
255. Әлемдік саясатта мемлекеттердің қарым-қатынасындағы бірінші кезекті принцип? Территориялық тұтастық пен тәуелсіздікті құрметтеу
256. Саясатты әлеуметтік қарым-қатынастың, қоғам өмірінің өзге салаларының ықпалы нәтижесінде туындайды деп түсіндіретін парадигма: әлеуметтік парадигма
257. Билікті түсіндірудің мәндік аспектісін анықтаңыз? Қоғамдық қатынастарды мәжбүрлеу негізінде қайта құру
258. Cаясат құдай мен тылсым күштер көмегімен пайда болады және жүзеге асады деп түсіндіретін парадигма: теологиялық парадигма
259. ҚР президент сайлауы қандай жүйе бойынша өтеді?Мажоритарлы
260. Саясатты заңдылықтармен, ақыл-парасаттың көмегімен түсіндіретін парадигма. Рационалистік парадигма
261. Адам құқықтары Құдайдың құдыретінен туындайды деген ойшыл кім? Аквинский
262. Саяси ой тарихындағы анархизмнің идеялық негізі:Адамның абсолютті бостандығы
263. Конституциясы, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары көбінесе қос азаматтығы да болатын, құзіреттіліктері белгілі бір деңгейде бөлінген мемлекеттердің тұрақты одағы:Конфедерация
264. Саяси шешімнің жүзеге асуының басты шарты? Билік легитимділігі
265. Кез-келген әрекеттерді мейірімдік пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан бағалауға негізделген, негізін адами мазмұн құрайтын қоғамдық өмірдік ерекше саласы: мораль
266. АҚШ жетекшілігімен құрылған әлемдік саясатта басымдық орын алып отырған мемлекеттердің әскери одағының атуы: НАТО
267. Ұлттық мүдделерді есепке алатын, үйлестіретін және жүзеге асыратын іс-шаралардың жүйесі: ұлт саясаты
268. Саяси жүйенің атқаратын мүдделерді артикуляциялау қызметінің мәні неде?қоғамдағы адамдар мен топтардың мінез құқының реттеуші ережелер мен заңдар жасауда
269. Парламенттік немесе муниципальды сайлауларда белгілі бір партия үшін дауыс беретін сайлаушылар тобы: электорат
270. Референдум азаматтардың билігін жүзеге асырудың қандай формасына жатады? тікелей
271. Билікті белгілі бір құралдарды, әсіресе, күштеу құралдарын қолдану мүмкіндігі ретінде анықтайтын анықтама:
инструменталистік анықтама
272. Саяси ғылымда доктриналар, идеалдар, бағдарламалар, ұрандар саяси сананың қай саласына жатады: идеология
273. Билікті біреуі екіншісіне белгілі бір деңгейде анықтаушы ықпал ететін екі әріптес, агенттер арасындағы қатынас ретінде қарастыратын анықтама Реляционистік анықтама
274. Дүние жүзінде саясат экономикадан мәдениетке дейінгі барлық салаларына қарқынды және өте жоғары жылдамдықпен әсер ететін қазіргі заманғы жаһанданудың типі: экспансионистік
275. Саясаттанудың қызметінде саяси процестердің дамуының мүмкін болатын варианттарын жасап шығаруға арналған әдісі: әдістемелік
276. «Сындарлы он жыл» кітабының авторы: Н.Назарбаев
277. Қоғамдағы адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы құрылған мекемелер мен олардың жүйелері қалай аталады? институттар
278. Билікті қоғамдық реттеудің биліктің бір адамның қолында болуы арқылы реттеу формасы саяси ғылымда қалай аталады? ксеникалық
279. Билікті қоғамдық реттеу жүйесінде билікті іске асыруға бәрінің қатысқысы келуі арқылы жүретін форма қалай аталады? химералық
280. Билікті қоғамдық реттеу жүйесінде биліктің келісімі бойынша құқылы негізде лайықты адамдарға берілуі қалай аталады? симбиоздық
281. Саяси мәдениеттің адамның өзінің топқа тәуелділігін түсінудің тұрақты қажеттілігін ашатын қызметі: идентификация
282. «Идеология» ұғымын саяси ғылымға тұңғыш енгізген кім? А. Де Треси
283. Алдыңғы орынға шығу тегін емес, тілінің, мәдениетінің, психологиясының ортақтығын, бір мемлекетке бірігуін алдыңғы орынға қоятын этностың формасы. Халық
284. Халықаралық құқықтың жетекші принцип? Халықаралық қатынастарда күш пен қауіп қатерді қолданбау
285. Саяси дағдарыстың мәнің ашыңыз? Саяси жүйедегі қайшылықтың ұлғпюы
286. Режимнің сипатына қарай саяси жүйелер төмендегідей болып бөлінеді: бәсекелес және әлеуметтік келісім
287. Мемлекеттің өзегі болып табылатын, әсіресе мемлекеттің құрылуы кезеңіндегі тек бір ұлттан тұратын мемлекет: ұлттық мемлекет
288. Ұлтшыл-социализм тоталитаризмнің бір түрі ретінде қайда және қашан пайда болды? Германияда 1933ж.
289. Қандай дәстүрдің жақтаушылары құқық көзі мемлекет деп біледі? Либералдық
290. Дюверже көрсеткен кадрлық партияларға тән белгілер: санының аз болуы, еркін мүшелік, кәсіби саясаттанушылар мен қаржы элитасына сүйену
291. Мемлекет территориясын байырғыдан мекендейтін, осы территориядағы тарихи-мәдени мұраның иесі болып табылатын ұлт: автохтонды ұлт
292. Үміткердің жеке қасиеттеріне, оның адамдарға ұнау қабілетіне бағытталған элиталарды сұрыптау жүйесі: антрепенерлік
293. Мемлекетке атау берген ұлт қалай аталады? Титулдық ұлт
294. Келтірілген анықтаманың қайсы олигархияға сәйкес? Ерекше құқыққа ие, бай кіші топтың билігі
295. Демократиялық саяси режимнің мәндік сипаты:Саяси плюрализм
296. Әлемдік саясаттағы мемлекеттердің басты мүдделері? Жалпы адамдық мүдделері
297. Саяси мәдениеттің бодандық типіне тән: саяси шешімдерді қабылдаушы тұлға мен топтың ықпалында болу
298. Верификация дегеніміз: Жасалған болжамның ақиқаттылығын анықтауға бағытталған принцип
299. Ұлтты тайпалық, рулық, туыстық белгілеріне байланысты жікке бөлетін саясаттың бір формасы:Трайболизм
300. Өз тарихи Отанынан түрлі тарихи, экономикалық, саяси, әлеуметтік және т.б. себептермен басқа жаққа қоныс аударған ұлттың жаңа жерде құрған қауымдастығының атауы:Диаспора
301. Ұлттық мінез-құлықтың, ұлтқа тән қоршаған ортаны қабылдаудың, көзқарастардың, оған деген реакциялардың жиынтығы ғылымда қалай аталады?Менталитет
302. Қазақстан Республикасының Парламентінде және саяси өмірінде қазіргі уақытта жетекші орын алатын партия: Нұр Отан
303. Қазақстан Халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды? 1995ж
304. Индивидтің, әлеуметтік топтың саясаттағы өз еркін таңуы қалай аталады? Саяси билік
305. Барша қоғам атынан халықаралық аренада және елдің ішінде өкілетті билік жүргізуге монополиялық құқығы бар биліктің формасы: мемлекеттік билік
306. Саяси жүйе элементтерінің ішінен артығын көрсетіңіз: сегрегациялық элементтер
307. Саяси жүйе теориясындағы кибернетикалық теорияның негізін салушы ғалым: К.Дойч
308. ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады: Ақ Орда
309. Бұйрықтар мен оларды орындау жүйесі нені білдіреді: Үстемдікті
310. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылмайтын елді көрсетіңіз: Италия
311. Мемлекет басындағы отырған басшының билігі өкілетті орган тарапынан шектелетін монархияның формасы:
конституциялық монархия
312. Жүйе арсындағы қақтығысты шешу немесе жаңа идеялар арқылы жаңарту идеологияның қай қызметіне жатады? амортизациялық
313. Қазақстанда қандай партиялық жүйе өмір сүруде? Көп партиялы
314. Партиялық өтілі, мемлекеттік органдардағы тәжірибесі бойынша саяси элитаны іріктеп алу тәсілі: Гильдиялық
315. Сайлаулар кезінде сайлаушылар дауыстарының абсолютті, салыстырмалы және квалификациялық көп мөлшерін алған кандидат жеңімпаз болып есептелетін сайлау жүйесі: мажоритарлық жүйе
316. Бір халықтың өз тілін, мәдениетін, тарихы мен дәстүрін жоғалтып өзіндік идентификациясынан айырылуы, өзге ұлтқа сіңісіп кетуі қалай аталады? Ассимиляция
317. Аристотель мемлекеттің дұрыс емес формаларына қайсыларын жатқызады: тирания, демократия, олигархия
318. «Теократия» ұғымы қандай мағына береді:дін басылар билігі
319. Аристотельдің теориясында саясатқа қандай анықтама берілген: адамдар арасындағы ең жоғары сұхбаттасу формасы
320. «Политика» және «Афин политиясы» еңбектерінің авторы: Аристотель
321. Саясат таптар арасындағы күрестің көрінісі ретінде қай ілімде көрініс табады: Марксизмде
322. Николо Макиавеллидің еңбегі қалай аталады: «тақсыр»
323. Мемлекеттегі заң шығару қызметін парламент атқарып, ал монарх үкіметті қалыптастыру ісімен айналысатын монархиялық басқару формасының түрі: Дуалистік монархия
324. «Саяси жүйе» ұғымы «Мемлекет» ұғымына қатысты қандай болып табылады:онан кең әрі әмбебап
325. Саяси жүйелер терминін жасап шығаруға қатынасы жоқ ғалымды көрсетіңіз Рене Декарт
326. Саясаттануға қатысты қолданылмайтын саяси жүйені талдаудың бірін көрсетіңіз: схоластикалық
327. «Саяси режим» категориясы қазіргі саясаттануда мына мәселе үшін қолданылады: басқарушылар мен бағынушылардың қатынастарының тәртібі мен әлеуметтік сипатын, сондай ақ жалпы билік ету әдістері мен тиімділіктерін сипаттау үшін
328. Тоталитарлық режим референдумдар мен плебесциттерді өткізуге мүмкіндік бере ме:
иә, кей жағдайларда олар билеуші элитаның бастамасымен жүргізіліп отырады
329. «Ашық қоғам және оның жаулары» еңбегін жазған: Карл Поппер
330. Аристотельдің пікірінше демократияның кемшілігі болып табылатын:
өз мүдделері мен мақсаттарын көздейтін кедей көпшіліктің күш қуаты
331. Афин демократиясы мына моделдің классикалық үлгісі болып табылады: тікелей демократия
332. «Заңмен тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі». Бұл қай мемлекеттің басты принципі? Құқықтық мемлекеттің
333. Демократияның элитарлық моделі дегеніміз: қарапайым азаматтарды аса маңызды саяси шешімдер қабылдаудан босатып, ол қызметті тәжірибелі жетекшілерге тапсырады
334. Сайлаулардың мажоритарлық жүйесі кезінде:
335. Қоғамдағы қалыптасқан тәртіптерді, нормаларды сақтап, өзгеріске жібермеуді қолдаушы партия:
336. Карл Маркс мемлекетке қандай анықтама береді:
337. Қоғамды өзгертуде күрт өзгерістерді, қалайтын партиялар:
338. Қоғамды жаңартуда сатылап өзгерістерді қажет ететін партиялар:
339. Партиялық жүйелерді «бір партиялы», «қос партиялы» және «көп партиялы» деп жіктеген саясаттанушы ғалым:
340. Мемлекеттік төңкерістің әлеуметтік революциядан басты айырмашылығы:
341. Саясатта қалпына келтіру дегеніміз:
342. Мемлекеттік және партиялық құрылымдарға кірмейтін, бірақ, саяси өмірге ықпал ететін, билікке ықпал ете отырып оны қолдайтын немесе, оның кейбір талаптарына қарсылық білдіретін, алайда, билікке ұмтылмайтын саяси құрылым:
343. Саясатты зерттеуде бихевиористік әдіс мына мәселеге бағытталады:
344. Саясатпен кәсіби түрде айналысатын маман:
345. Саяси технологияларда арнайы құжаттардың, үндеулердің, сөздердің мәтіндерін әзірлеп, саяси қайраткерге көмектесетін кәсіби маман:
346. «Азамат» еңбегінде әр аймақтың басшысын халық сайлау керек және ол сол жерде туылған болу керек деп тұжырымдаған түркі ойшылы:
347. Өз мүдделерін қорғау мен өз мақсаттарына жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын адамдар ұйымдары:
348. Басқару билігі негізінен діни қызметкерлердің қолына шоғырланатын авторитаризмнің формасы:
349. Либерализм идеологиясының негізін салушылар:
350. Утопия» еңбегінде Томас Мор мына идеологияны көбірек ұстанады:
351. Анархизмнің идеологы:
352. Саясат экономикалық базистің қондырмасы, экономиканың, оның қажеттіліктері мен мүдделерінің концентрацияланған көрінісі ретінде мына тұжырымда көрінеді:
353. Саясат бұл адамның өмір сүруінің жоғарғы формасы, себебі, ол арқылы адамдар арасындағы арақатынастарда әділеттілік орнап, әр адам игілікке қол жеткізеді. Бұл тұжырымды ұстанатын:
354. Саясат дегеніміз - …
355. Мемлекеттегі билікті иеленуші топ көбінесе әскери лауазымды тұлғалардан тұратын авторитаризмнің формасы:
356. Мемлекеттің табиғи-тарихи тұжырымдамасының, яғни, адамның табиғаты бойынша өмір сүріп, оның дамуының мақсаты болып табылатын, отбасы-елді мекен-мемлекет сатыларынан өтіп дамитын мемлекет тұжырымдамасының авторы кім:
357. Платонның пікірінше «идеалды мемлекетті» кімдер басқаруы керек?
358. Мемлекет – үлкен отбасы, ал билеуші - әке болып табылатын мемлекеттің патриархалдық- патерналистік тұжырымдамасының авторы кім?
359. Демократияғы «Халықты басқару, халықпен қамтылған және халық үшін жасалған» тәртіп деген анықтама берген АҚШ Президенті:
360. Мына ойшылдардың қайсысы саясатты моральдан бөліп алып, құндылықты-нейтралды, рационалды тұжырымдамасын ұсынды:
361. Легитимділік» термині нені білдіреді:
362. Әлеуметтік құрылымдарда өздерінің алатын орындарына байланысты ерекшеленетін адамдардың үлкен топтарына жататындар:
363. Халық ортақ ерікке және біртұтас, ажырамас егемендікке ие болуы тиіс деп санайтын демократия теориясы:
364. Жеке тұлғаның құқықтарын бірінші орынға қою арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санайтын демократия теориясы:
365. Қоғамдағы жалпыға бірдей тұлғаларға тән саяси мінез-құлықтың, қоғамның барлық мүшелерінде немесе олардың басым көпшілігінде кездесетін ортақ ұстанымдар, құндылықтар мен түрлі сенімдерінің жиынтығы қалай аталады?
366. Жеке тұлғаның саяси мәртебесі мына құқықтармен сипатталады:
367. Белгілі бір территориялық ареалды қамтитын, ашық қарулы әрекеттер түрінде көрініс табатын халықтың наразылығы:
368. Төменнен бастау алатын бас