Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары.
Сан есімнің мағыналық топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте қолданылуы мен зат есім тіркесінсіз қолданылуы, түрлену мүмкіндігі.
Тапсырмалар:
1.Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі
2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі
3. Сан есімнің синтаксистік қызметі
4. Сан есімнің семантика- морфологиялық топтары
5. Есептік сан есімдер.
6. реттік сан есімдер.
7. жинақтық сан есімдер
8. Топтау сан есімдері
2.Сан есімдерді топтастырыңыз.
Екі, елу, жүз-жүзден, алпыс екі, елу бес, екіден бір, жиырма шақты, он алтыншы, төртеу, үш жүздей, жиырмадан алтысы, сегіз мың, сегіз жүз.
3. А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегіне сүйене отырып сан есімнің сызбасын жасаңыз, түсіндіріңіз
4. «Бір» сөзінің ерекшелігіне тоқталыңыз. (201 – 202)
5. Толық морфологиялық талдау жасаңыз
Жұпыны болса да, бірыңғай орысша киінген үш жас жігіт қос қара кер жегілген әдемі тарантасты биік күрең қақпаға тірей тоқтатып еді. Қатты келген бойлары кілт тоқтатты: жетек ұшы қақпаны нұқып та қалды. Берік жабылған биік қақпа бөгемесе, кең қоршалған тас ауланың ортасында дәулет құдіретін көрсетіп тұрған күрең төбелі үлкен үйдің тап есік алдына барып тоқтардай екен. Бұлар байлық салтанатынан ығыспайтын жігіттер сияқты еді.
Қақпа алдын тегістетіп, едәуір жерге дейін құм төсетіп тастапты. Орыс адамдардың қолы оңай танылып тұр. Үй маңайы өте таза, айналасына бір малдың тісі де, тұяғы да тимеген сияқты.
Келген үшеудің бірі Жабай еді, өз қолынан болған іске өкініш сезініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты.
Жабайдың бетіне өз қолынан салған таңбасын Омар да көрді. Бұл онша емес екен деп өкінді. Шығып кеткен көзі шодырайып тұрады екен деп еститін еді, олай емес, тапталып барады екен. Шойнақ деуші еді, енді екі аяқ теңеліп кетуге жақын екен. (Ғ.М.).
4. Сан есімдерді мағыналық топтарына қарай талдау жасаңыз.
1-нұсқа. Біреулер саптамасын мақтап жатқанда, екіншісі жайнамазын: «Құдірет күш иесі Бұхарадан шыққан» деп дәріптеп тұр. Үшінші біреу, шекпенді сілкілейді. Керкілдескендер бірін-бірі жұлқи тартып, шаппа-шап қол соғысып, қайта ажырасып, қайта табысыды. (К.О.). Енді, міне, екі әнші өзімен-өзі жеке отырып, мұңдарын шағысып, көп жайды ойлап, әрнеден түңіліп не замананы, не адамдарды жазғырарын білмей тұйыққа тіреледі. Екеуін де өмір қыспағы қинайды (И.Ж.). ...Бұл арада отбасында үш бұлжымас ереже орын алды. Біріншіден, егер бірдеңені жасауға болмайды екен, онда ол жасамауға тиіс. Екіншіден, балалар неліктен істеуге болмайтынын түсінуге тиіс. Және үшіншіден, үлкендер де, кішілер де орнатылған тәртіпті бірдей дәрежеде жақтауы керек (И.Печерникова).
2-нұсқа. - Ар жағында емес, сол жеті өзеннің бойына қоныс тепкен жеті рулы ел бар... Бұдан елу жыл бұрын – мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың жаз айы – мамырдың орта шені болатын. Күні бойы жүріп жырынды аңшылардың атып алғаны – бір кекілік, екі шіл. Жаңа ғана бұғақ пайда болып, сәл толыса бастаған жиырма екі, жиырма үш жастағы қыз аппақ сүйріктей саусақтары майыса құстың жүнін жұлып отырып:
- Ертеден қара кешке жүріп атқанымыз үш-ақ құс... Мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың, қазақша қараша айының жиырма үшінде дүниеге айғайлап келер, қалың қабағының астынан отты көзі жайнап туар, өзің сияқты ұлдың шілдеханасына дайындала бер. Осылайша арада екі-үш ай уақыт қас пен көздің арасында зымырап өте шықты. Бір түстік өмірің болса, екі кештік мал жина деген (С.Ж.).
Бақылау сұрақтары
1. Болжалдық сан есімдерге тоқталыңыз.
2. Бөлшектік сан есімдердің ерекшелігі
3. Дара, күрделі сан есімдерге мысал келтіріңіздер (10 мысал)
4. Аралас күрделі сан есімдер тіркесіне анықтама беріңіз
5. Жинақтау сан есімнің синтаксистік қызметі: мысалдармен дәйектеңіз.
6. Реттік сан есімдердің қосымшасы.
Глоссарий.
Сан есім – есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Заттың мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.
Есептік сан есім – заттың, зат есімнен туған сандық белгінің немесе іс-әрекеттің амалын, ұзын –ұрға санын, сандық мөлшерін білдіреді.
Реттік сан есім – есептік сандарға – ыншы, - (інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың ретін білдіреді.
Жинақтық сан есім – бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге – ау – еу аффикстінің қосылуы арқылы жасалды.
Топтық сан есім – біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсетеді.
Болжалдық сан есімдер – белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалмен атайтын сөздер.
Бөлшектік сан есім – таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен.
Әдебиеттер
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.
С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
№ 9 практикалық сабақ. Есімдік. |
Сабақ жоспары:
1.Есімдіктердің түрлері. Жіктеу сімдіктерінің септелуі, жіктелуі есімдіктердің септелуінің өзіндік ерекшелігі. Жіктеу есімдіктерінің жіктік жалғауы бойынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу есімдіктерінің жіктелуінің синтаксистік белгілі қызметті атқаруына қатысы. Тәуелдік жалғауымен түрлену жіктеу есімдіктерінің 3-жағына қатысы. Жіктеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі. Сілтеу есімдіктері, оның мағынасы, оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің түрленудегі ерекшелік, сілтеу есімдіктерінің ішкі топтарының түрленуі, оның айырмасы. Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі. Сұрау есімдіктері, оның мағынасы, сұрау есімдіктеріне жататын сөздер. Сұрау есімдіктерінің ішіндегі кім? не? сөздерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің қолданылуына қарай сұрау мағынасын білдірмейтін жағдайлары. Белгісіздік есімдік, оның мағынасы, құрамындағы сөздер, олардың морфемдік құрамы. Белгісіздік есімдік жасауға белсенді қатысатын морфемалар. Белгісіздік есімдіктердің түрленуі, синтаксистік қызметі. Болымсыздық есімдіктер, олардың мағынасы. Болымсыздық есімдіктердің жасалуына белсенді қатысатын морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі, олардың тілде қолданылу аясы. Болымысзыдқ есімдіктердің синтаксистік қызметі. Жалпылау есімдіктері, оның мағынасы, құрамындағы сөздер. Жалпылау есімдіктерінің тәуелденуінің ерекшелігі. Жалпылау есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі.
Тапсырмалар:
2. Үзіндідегі есімдіктердің құрамын анықтап, жасалу жолын көрсетіңіз.
Ешкімге тіл қатушы болма (Х.Е.). Өле-өлгенше ешбір қазаққа қол көтермеуге ант етемін (Х.Е.). Бүгінгі жігіт Оспан мен аңғал мінезді бала Оспанның екі арасында әлденеше жылдар белесі жатыр екен (С.О.). - Қорыққанмен жан қала ма, ешқандай да кетпейміз, - деді (С.О.). Терезе алдында әлдекім ерсілі-қарсылы жүргендей болады (С.О.). Иә, тағдыры, тілек-мақсаты, жүрегі бір жандардың ой-пікірі әрқашанда бір жерден шығады (С.О.). Енді ақ боз ат та бірдемеге тіреліп тоқтағандай (М.Ә.). Кейбір өзі білмейтін қиын сөздерін ұстап қалады (М.Ә.). Әрқайсысы да бір-бір қайырған-ды (М.Ә.). Әлдекімнің рақаты, әлдекімдердің қызығы, сайраны үшін болар (М.Ә.).
Әдебиеттер
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.
С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.