Сурет. Тік цилиндрлі резервуарлар

Резервуар

1) Мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын жабдықтыр

Мұнай кәсіпшілігінде, мұнай өндеу зауыттарында, мұнай базаларында және магастральдық мұнай құбыры стансцияларында жинау, сақтау және есепке алу үшін, әр түрлі материалдардан жасалған, пішіндері әр түрлі, көлемдері әр түрлі ыдыстар болады. Қолданысына қарай, бұл ыдыстар ашық түсті мұнай енімдерін, қоңырқай түсті мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарлар деп белінеді.

Жасалған материалына қарай, металдан және металл еместен жасалған болып бөлінеді. Метал ыдыстарға болаттан жасалған ыдыстар, металл еместерге темірбетон резервуарлары жатады. Бұл резервуарлардың барлығы, пішіні жағынан тік цилинрлік, көлденең, тамшы тәріздес болып белінеді.

Резервуарлар, қондырғы үлгісіне қарай, былай белінеді: түбінің деңгейі тұрған алаңның ең теменгі белгісінен жоғары, не бірдей болып келетін жерүсті резервуарлары; резервуардағы сұйықтың деңгейі тұрған алаңның ең теменгі белгісінен 0,2м-ден кем болмайтын төмендікте орналасқан жерасты резервуарлары. Резервуарлардьщ келемдері 100м3-ден 120000м3-ге жетеді.

Ашық түсті мұнай өнімдерін сақтауда кебінесе болат резервуарлар, сонымен қатар іші жұқа болатпен қапталған темірбетон резервуарлары қолданылады. Мұнайдың мөлшері өте көп болған жағдайда, қоңырқай түсті мұнай өнімдерін көбінде темірбетон рсзервуарларында сақтайды. Жағар майлар әрқашан болат резервуардарда сақталады.

Бір типтегі резервуарлар тобын, құбыр коммуникацияларына қосып резервуар паркі деп атайды. Жерүсті резервуарларыньщ әрбір тобы биіктігі төгілген сұйық деңгейінен 0,2м. жоғары, қалыңдығы 0,5м. болатын топырақ қоршаумен қоршалады.

Төмен қысымды резервуарлар қалындығы 2,5мм. болатын болаттан жасалған қалқанмен қапталган.Корпус белдіктерінің қалыңдығы 4-10мм.

Жабулары конус түріндегі резервуарлар (1- сурет). Көлемі 100-5000м3 болады, олардың ортасында, орталық тіреу қойылған, жабу қалқандары осыған сүйеніп тұрады. Сфералық жабулар бар резервуарлардың көлемі - 10000, 15000, 20000м3.

Жабу қалқандары контур бойымен резервуар тұрқына орнатылған, шығыршыққа тіреледі. Резервуарлар тыныс арматурасымен және өлшеуіш құралдарымен жабдықталған. Олар, резервуардың ішкі жағын қарап отыратын, жөндеу және тазалау люгі бар; резервуарды желдетіп және жарық беретін - жарық бергіш люк; резервуардағы сұйықтың деңгейін бақылап, өлшеу үшін және сынау алу үшін, өлшегіш люк; шартылдақ құбыр үзілгенде немесе резервуарлар ысырмасы істен шыққанда мұнай өнімдерін жоғалтпау үшін, қолданыталын қондырғы резервуардан керексіз суды шығару үшін сифондық су шығаратын кран; резервуардағы будың қысымын реттеу үшін, тыныс клапаны; тыныс аспаптары арқылы оттың резервуардағы газ кеңістігіне өтіп кетпеу үшін, оттан сақтандырғыш; (гидравликалық және мембрандық) тыныс клапаны, сьшып қалғанда бу қысымын реттеу үшін, сақтандырғыш клапандар; өртті сөндіру үшін көбік шашатын көбік генераторы.

Сурет. Тік цилиндрлі резервуарлар - student2.ru

сурет. Тік цилиндрлі резервуарлар.

Тез буланғыш мұнай мен мұнай өнімдерінің шығынын азайту үшін қалқымалы понтоны бар резервуарлар қолданылады. Сұйықтың бетінде қалқып жүретін понгон булануды азайтып, шығыңқы кемітеді (4-5 рет). Понтон дегеніміз - қалқып жүру үшін, қойылған қалтқылары бар диск. Понтон мен резервуар қабырғасының арасында екі 100-300мм-дей саңылау қалдырылады. Ол саңылау жапқыш ысырмалармен жабылады.

Ысырмалардың бірнеше түрі болады, бірақ негізінде прорезин матасынан жасалады. Қалқымалы понтонның: метадцан жасалған жөне жасанды материалдан (пенопласт, қабыршақ) жасалған екі типі кездеседі.

2-суретте 3 диск түрінде металдан жасалған понтоны бар, 1 және 4 ашық қорапшалары бар резервуар көрсетілген. Қаттылық беруші сыртқы шығыршыққа саңылаусыздандыру ысырмасы 5 бекітілген. Понтон 2 тіреуіштермен жабдықталған.

Сурет. Тік цилиндрлі резервуарлар - student2.ru

2-сурет. Металдан жасалған понтоны бар резервуар.

Резервуардың қаптамасын атмосфералық жауын-шашыннан сақтау үшін, тұрақты материалдан жасалғандықтан, понтонды жеңіл синтетикалық матадан жасауға болады. Қалқымалы қақпағы бар резервуарлардың тұрақты қаптамасы болмайды, болат табақтардан жасалған диск, қақпақ орнына жүреді.

Тамшы тәріздес резервуарлар, жеңіл буланғыш мұнай өнімдерін сақтауға қолданылады. Резервуардың сыртқы қабығы, тамшы пішіндес болғандықтан да, корпустың үстіндегі бүкіл элементтер сұйық қысымының әсерімен бірдей күшпен созылады, бұл резервуар жасағанда болаттың мөлшері аз жұмсалады.

Тамшы тәріздес резервуарларда газ кеңістігіндегі ішкі қысым 0,04-0,2Мпа және вакуум 0,005Мпа болғандықтан, тез буланғыш мұнай өнімдері ешбір шығынсыз сақталады, бу тек қана резервуарларды толтырғанда ғана шығарылады.

Қаптамасының өзгешеліктеріне қарай резервуарлардың екі типін айырамыз (3-сурет) тегіс а және көмкермелі б.

Тамшы тәріздес, сыртқы тегіс корпусты резервуарлар жатады. Бұлардың көлемі 5000-6000м3, қысымы 0,075МПа. Бірнеше сыртқы қабықтары мен торабы бар корпусты көп күмбезді немесе көп кемерлі резервуарлар деп атайды. Мұндай резервуарлардың көлемі 5000-20000м3, қысымы 0,37МПа-ға дейін жетеді.

Металл емес резервуарлардың негізгі конструкциясы металл материалынан емес, темірбетоннан, резинаматадан және жасанды материалдардан жасалғандар жатады, олар көбінесе, жылжымалы сауыттар ретінде қолданылады.

Темірбетон резервуарларында сақталатын өнім түрлері: мазут, мұнай, майлар жөне ашық түсті мұнай өнімдері.

Мұнай мен мазуттың бетонға химиялық әсері болмайтындықтан әрі өзінің ауыр фракцияларымен, шәйірімен ұсақ саңылаулы материалды бітеп тастайтын қасиеті болғандықтан, резервуардың қабырғасын, түбін арнаулы қорғағыш материалмен қаптамайды. Жағар майды сақтағанда, оларға кір қосылмас үшін, резервуардың ішкі жағын қаптап тастайды. Тез буланғыш фракцияларды сақтағанда да солай етеді, өйткені олар бетон арқылы оңай өтіп кете алады.

Сурет. Тік цилиндрлі резервуарлар - student2.ru

Наши рекомендации