Электрлік тораптардың классификациясы және олардың құрылымын келтіріңіз
Электрлік торап деп электр энергияны таратуға және тасымалдауға арналған қосалқыстанциялармен линиялық әр түрлі кернеулердің жиынтығын айтады. Электрлік тораптар ток түрлеріне, кернеу үлкендігіне, қолданылуына және басқа түрлеріне байланысты анықталады.
Ток түріне байланысты электрлік тораптар айнымалы және тұрақты болып бөлінеді. Олардың көп таралған түрі айнымалы ток болып саналады. Тұрақты ток тораптары көп жағдайларда электрленген транспорттарда электрмен жабдықтауда қолданылады. Кейбір жағдайларда өндірісте тұрақты ток технологиялық процесстерде қажет (электр металлургия, электролиз ерітінділері) сонымен қатар кең және бір қалыпты жылдамдықты реттеуді қажет ететін өндіріс механизмдердің электр қондырғыларға да қажет. Сол кезде өндірістерді тұрақты ток электр тораптары тұрғызылады.
Қазіргі кезде тұрақты токтың электр тасымалдаудың жобалары қарастырылуда. Бұдан көрсеткендей энергияны айнымалы тоқта энергияны тасымалдауға қарағанда тұрақты тоқты тасымалдау экономика жағынан тиімді. Кернеу дәрежесіне байланысты электрлік тоқтар 1000 В-қа дейінгі кернеу 1000 В-тан жоғары кернеу болып бөлінеді. Тұрақты токтың электрлік қондырғылар үшін келесі стандартты эксплуатациялы кернеу қабылданған:
127, 220, 380, 660 В, 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750 кВ.дұрыс қолдану шарттарына сәйкес әр түрлі қолданудағы электр қабылдағыштар кернеудің оның номинал мәнінен қатаң анықталған ауытқулар жіберіледі.
Кернеудің керекті деңгейін ұстап тұру үшін трансформаторларда және тораптарда кернеудің жоғалуын компенсациялау керек. Осы мақсатта генератордың номинал кернеуін және трансформаторлардың екілік орамдары элеклтр қабылдағыштарда номинал кернеу 5%-ке жоғары орналастырған. Жергілікті тораптар үшін 12, 24 және 36 В кернеу қолданылады. Қолданылуына қарай электр тораптары таратушы және қоректендіруші болып бөлінеді.
Қоректендіруші желі деп қоректендіру орталығынан энергияны желі ұзындығына таратусыз қосалқыстанцияны немесе тарату пункттің қоректендіретін желіні айтады.
Таратушы желі деп орталық қоректендіруден немесе тарату пункттен бір қатар транформаторды қоректендіретін желіні айтамыз. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі тораптарда қоректендіруші желілерге трансфорлаторлық қосалқыстанциялардан тарату пунктарына немесе қалқандарына баратын желілер, ал таратушы желілерге – тарату пункттерден немесе қалқандардан тікелей электр қабылдағыштарға баратын желілерді айтамыз. 4 – суретте жоғарғы тораптағы электр энергияны тарату және 4 а – суретте тек тарату тораптары көрсетілген.
Жоғары кернеу қоректендіруші тораптарының құрылысы тек мына жағдайларда қажет, қоректендіру көзі электр қабылдағыштардан өте үлкен арақашықтықта орналасқан жағдайда және электрэнергияны тұтыну ауданында бір-бірінен өте қашық орналасқан көп трансформаторлы қосалқыстанциялар болғанда, мысалы, қалаларда немесе ірі өнеркәсіптерді электрмен қамтамасыздандырғанда орналасу принциптеріне байланысты тораптар тұйықталған және ажыратылған болып бөлінеді.
Ажыратылған торап электрэнергияны қоректендіру көзінің бір жағынан алатын бұтақталған желілерден тұрады, бұндай желіде бір учаскіде линия үзілсе осы учаскіден кейінгі барлық қабылдағыштар электрмен жабдықталуын тоқтатады.
Тұйықталған торапта электрэнергия қабылдағыштарға 2 жағынан келеді, 6-шы суретте тұйықталған тораптың қарапайым схемасы келтірілген, онда, магистральдың кез-келген жері үзілген кезде қабылдағыштардағы электрмен жабдықтау тоқтамай беріледі.
4-сурет. Жоғары кернеулік электрлік тораптарды құрастырудың принципиалдық сызбасы:
а —қоректендіру және тарату торабы бар желі; б — тек тарату торабы бар желі; 1 — қорек көзі; 2 — қоректендіруші желі; 3 — тарату орны; 4 — тарату торабы; 5 — тұтынушы — қосалқы трансформатор станциясы.
Мысалы: К нүктесіндегі магистраль үзілген 1, 2, 3, 4 қабылдағыштар жоғарғы магистральдан қорек алады, ал 8, 7, 6, 5 қабылдағыштары – төменгі магистральдан алады. Тұйықталған тораптар электрмен жабдықтаудың қажетті сенімділігіне байланысты 1, 2 немесе одан да көп қорек қөздеріне ие бола алады. 7-ші сурет мысал ретінде 2 жақты қорегі бар торап көрсетілген.
Салыну орнына байланысты сыртқы және ішкі тораптар анықталады.
Сыртқы тораптар арнайы тіректерге ілінген жай сымдармен жасалынады (әуе желілері) және траншеядағы кабельдер, блоктар, (жер асты желілер), коллекторлар.
5-сурет. Тармақталған торап 6-сурет. Бір қорек көзі бар тұйық торап
7-сурет. Екі жақтан қоректендірілетін тұйық торап
Ішкі тораптар ғимараттардың ішінде сымдармен жүргізіледі (көп жағдайда изоляцияланған), кабельдер мен шиналар жүргізіледі