Азақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе)
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа мәселелерді алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық мәселесі адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Сондықтан көптеген елдердерде жұмыссыздықпен күресу жолында біршама шаралар жүзеге асырылуда. Мұндай шаралар қатарына жұмыссыздарды жұмыс күші ретінде тіркеуге алу, жұмыспен қамтамасыз ету агенттіктері, жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықпен күресетін жастар ұйымдары құрылуда. Осындай кемшіліктеріне қарамастан жұмыссыздықпен күрес бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Себебі жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда бүкіл дүние жүзі бойынша кең көлемдегі маңызды мәселеге айналып отыр. Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі – ғылыми- техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қежет ететін өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Алдын ала деректер бойынша 2007 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыз халық саны (15 және одан жоғары жастағы, табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеген, жұмысқа кірісуге әзір болған адамдар) 578,8 мың адамды құрады. Бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,9 мың адамға немесе 6,5%-ға аз. Жұмыссыздық деңгейі 7,0% (2006 жылдың төртінші тоқсанында – 7,7%) болды. Жұмыссыздар арасында ерлер саны 240,1 мың адамды (41,5%), әйелдер саны – 338,7 мың адамды (58,5%), жұмыссыздық деңгейі – тиісінше, 5,7% және 8,3 % құрады. Жұмыссыздардың жалпы санының жартысынан астамы қалалық жерде тұрады.
Жұмыссыз халық құрылымында 15-24 жастағы адамдар – 18,5%, 25-29 жастағы адамдар – 21,4%, ал 30-39 жастағылар – 25,1%, 40-44 жастағылар – 10% құрайды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-24 жастағылар) 8,3% болды. Жұмыссыздар санынан жоғары білімі барлары – 109,1 мың адам (олардың жалпы санының 18,8%-ы), орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлары – 146,6 мың адам (25,3%), бастауыш кәсіптік білімі барлары – 67,5 мың адам (11,7%), жалпы орта білімі барлары – 223,6 мың адам (38,6%) болды.
2009 жылғы ақпанда, бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 598,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 7,1%-ды құрады, ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 66,5 мың адам ресми тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8%-ы).
Қазір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.
Қаржы дағдарысынан миллиондаған адамның белсенді жұмыстан тысқары қалуы әлемдік кадр саясатын түбегейлі өзгертуде. АҚШ және бірқатар еуропалық мемлекеттер жұмыссыздық деңгейі бойынша соңғы онжылдықта өз «жетістіктерінен» асып түсуде. Қаржы дағдарысына басты себепкер болған американың экономикалық тоқырауын тежеуге тырысқа жаңа америка президентінің жоспарына барша қауым назарын салып отыр.
Сонымен қатар жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін түсіру мақсатында жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықпен күрестен басталады. Осы мақсатта жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жастарды жүмылдыру қызметін ұйымдастыру ұсынылған. Сондай-ақ жұмыссыздық бойынша көмек ақы төлеу шаралары да алып барылады. Бұл өз кезегінді жұмыс іздеу жолындағы материалдық қиыншылықтармен күресуге мүмкіндік береді.
Демек, жұмыссыздық мәселесі күрделі де, ауқымды мәселеге айналып отырғандығына қарамастан дүние жүзі бойынша бұл мәселені шешу жолында және жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету саларында қыруар шаруалар жасалуда.Бұл болашақта жұмыссыздықты толық шешуге мүмкіндік береді.