Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
$$$1 Іс қағаздарын жүргізу стиліне тән тілдік бірліктерді көрсетіңіз.
$$ Ескертілсін, қамтамасыз етіледі, туралы
$ Келу, алу, алып жүру
$ Жүргізу, университет, оқытылады
$ Келіп-кетті, теледидар, сөз сөйлеу
$$$2 Өтініш мәтінінде жиі кездесетін тіркестерді белгілеңіз.
$$ Сізден ... өтінемін
$ Оған қоса
$ Уақытша босатылсын
$ Көрсету үшін берілді
$$$3 Өтініш дегеніміз - ... .
$$ Жазбаша, ресми түрде баяндалған өтіну, сұрау мазмұнындағы құжат.
$ Жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат.
$ Белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат.
$ Анықталған фактіні, оқиғаны, іс-қимылды растайтын құжат.
$$$4 Анықтама дегеніміз - ... .
$$ Белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат.
$ Жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.
$ Құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы.
$ Жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезіндегі ең қажет құжат.
$$$5 Ресми-іс қағаздарында қолданылатын сөздер тобын көрсетіңіз.
$$ Терминдер
$ Диалектизмдер
$ Көнерген сөздер
$ Архаизмдер
$$$6 Акт дегеніміз - ... .
$$ Бекітілген фактілерді немесе оқиғаларды растау үшін белгілі бір адамдар тобының жасайтын құжаты.
$ Жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат.
$ Жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
$ Қазіргі нарық заманындағы құжаттың жаңа түрі.
$$$7 Релиз-хабарлама қандай ресми хабарлауға жататынын көрсетіңіз.
$$ Белгілі бір топқа (ұжымға) шақыру ретінде жолданылатын ресми хабарлау.
$ Газет, журналдарға жеке басқа байланысты хабарлар тарату.
$ Белгілі бір мәліметке қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат.
$ Жарнама беру.
$$$8 Толықтырыңыз: «Осы мәселе бойынша шара қолдану... сұраймын».
$$ -ыңызды
$ -ыңды
$ -ын
$ -ды
$$$9 Телефонхат дегеніміз - ... .
$$ Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген құжат.
$ Белгілі бір ұйым басшысының жеке қызметкерге белгілі бір тапсырманы орындату мақсатында жолданылатын хаттың түрі.
$ Қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы.
$ Қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, оны орындамау туралы хат түрі.
$$$10 Қызметтік хат дегеніміз - ... .
$$ Қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, жеке тұлғалармен жедел байланысу мақсатында әр түрлі мазмұнда жазылған жалпы хат атауы.
$ Белгілі бір ұйым басшысының екінші бір ұйым басшысына немесе жеке қызметкерге белгілі бір тапсырманы орындату мақсатында жолданылатын хаттың түрі.
$ Сұрау салуға, өтінішке т.б. байланысты жауап берілетін хат түрі.
$ Адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің ақысын төлеу туралы кепілдеме.
$$$11 Жауап хаттар дегеніміз - … .
$$ Келіп түскен хатта қойылған мәселелерді шешу, яғни ұсынысты, өтінішті қабылдау немесе одан бас тарту сипатында жазылатын хат.
$ Қандай да бір іс-әрекеттің орындалмайтыны туралы ғана жазылатын хат түрі.
$ Газет, журналдарға жеке басқа байланысты хабарлар тарату.
$ Сұрау мақсатында берілетін хат түрі.
$$$12 Ақпараттық хатта берілетін мәліметті көрсетіңіз.
$$ Қандай да бір деректер немесе іс-шаралар туралы хабарлау.
$ Белгілі бір мәліметке қатысты кеңінен ақпарат беру.
$ Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы беру.
$ Адресатқа қосымша құжаттар қоса жіберілгендігі туралы ақпарат беру.
$$$13 Ақпаратты тез жеткізу мақсатында жазылатын хатты көрсетіңіз.
$$ жеделхат
$ өтініш
$ кепілхат
$ баяндау хат
$$$14 Толықтырыңыз: «Себепсіз жұмыс... қалуына байланысты».
$$ -тан
$ -тен
$ -ыңды
$ -ын
$$$15 Толықтырыңыз: «Міндеттеме орындалма.., келісімшарт бұзылды».
$$ -ғандықтан
$ -кендіктен
$ -гендіктен
$ -қандықтан
$$$16 Ескертпе хат қай хаттың түріне жататынын көрсетіңіз.
$$ Қандай да бір іс-әрекеттің, шараның жақындағаны, тездетілуі немесе мерзімінің өткендігі туралы хабарлайтын хат түрі.
$ Қандай да бір деректер немесе шаралар туралы хабарлау.
$ Белгілі бір мәліметке қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат.
$ Адресатқа материалды құндылықтар қоса жіберілгендігі туралы ақпарат беретін құжат.
$$$17 Мінездеме дегеніміз - ... .
$$ Мекемеде, ұйымда, кәсіпорында, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазы.
$ Ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазы.
$ Белгілі бір тұлғаның өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағазы.
$ Белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазы.
$$$18 Мінездемеде көрсетілетін мәлімет:
$$ Аты-жөні, туған жылы, қызметі, мінезі
$ Аты-жөні, еңбек жолы
$ Ұсыныстар, анықтаулар
$ Сауалнама, жауап
$$$19 «Сізден осы жылдың екінші желтоқсанынан бастап кезекті демалысымды пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын». Қай іс қағазына тән екенін көрсетіңіз.
$$ Өтініш
$ Хат
$ Мінездеме
$ Өмірбаян
$$$20 «Икем-дағдылар», «кәсіби тәжірибесі», «жеке басының қасиеттері» тәрізді сөз тіркестері қай құжатқа тән екенін көрсетіңіз.
$$ Түйіндеме
$ Кепілхат
$ Сенімхат
$ Өтініш
$$$21 Хаттамаға қажетті мәліметтер:
$$ Күні, айы, жылы, нөмірі
$ Өмірі, еңбек жолы
$ Мәселелер, жарлықтар
$ Айы, сағаты, күні
$$$22 Сабақтан себепсіз қалған студенттің жазатын іс қағазын көрсетіңіз.
$$ Түсініктеме
$ Мінездеме
$ Хаттама
$ Қолхат
$$$23 Толықтырыңыз: «Кәсіпорын өкілі келмегендіктен, келісімшарт …» .
$$ жасалмады
$ жасалған
$ жасалды
$ жасалмақ
$$$24 Толықтырыңыз «Анықтама ... куәландырылады».
$$ Қолмен, мөрмен
$ Бекіту белгісімен
$ Бұрыштамамен
$ Қосымша деректермен
$$$25 Сенімхат мәтінінде кездесетін сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Қол қоюға сенім білдіремін.
$ Пайыз төлеуді міндетіме ала алмаймын.
$ Хаттама толтырылу қажет.
$ Мерзімінде орындалсын.
$$$26 Құжатта мөрдің болмауы немесе қолдың болмауы нені көрсететінін белгілеңіз.
$$ Заңсыздықты
$ Бұрыштаманы
$ Заңдылықты
$ Келісімді
$$$27 Қолхат дегеніміз - ... .
$$ Ақша не басқа бір қымбат дүниені алғанын растайтын құжат түрі.
$ Құжаттың бірыңғай пішінге түскен моделі.
$ Бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі.
$ Қандай да бір болмасын фактініне оқиғаны сипаттап растайтын құжат.
$$$28 Жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте жазылатын құжат.
$$ Өмірбаян
$ Бұйрық
$ Анықтама
$ Жеделхат
$$$29 «…азамат Есенгелдин Жомартты менің орныма қол қоюға өкілетті етемін». Үзінді қай іс қағазына тән екенін белгілеңіз.
$$ Сенімхат
$ Бұйрық
$ Акт
$ Кепілхат
$$$30 Мазмұны мен құрылымы жағынан ұқсас іс қағаздары.
$$ Арыз, өтініш
$ Арыз, өмірбаян
$ Арыз, түйіндеме
$ Арыз, сенімхат
$$$31 Құжат түрін көрсетіңіз: «... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймын».
$$ Өтініш
$ Бұйрық
$ Анықтама
$ Түйіндеме
$$$32 Қолхатта кездесетін сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ Қарызға ақша алдым
$ Дауыс беремін
$ Сізден өтінемін
$ Сенім білдіремін
$$$33 Еңбек кітапшасы дегеніміз - ... .
$$ Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат.
$ Отбасылық жағдайын растайтын құжат.
$ Өмір жолын растайтын құжат.
$ Жеке тұлға екендігін растайтын құжат.
$$$34 Бұйрықта қолданылатын етістік түрін көрсетіңіз?
$$ Қабылдансын
$ Өтінемін
$ Міндеттімін
$ Талқыланды
$$$35 Іс қағаздарын жүргізу бұл –
$$ Құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы.
$ Негізгі құжаттың жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат.
$ Деректер немесе шаралар туралы хабардар ететін құжат.
$ Қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат.
$$$36 Ресми-іс қағаздар атауына жатпайтын сөзді табыңыз.
$$ Мекеме
$ Келісімшарт
$ Хаттама
$ Бұйрық
$$$37 Мәлімет дегеніміз - ... .
$$ Белгілі бір мәселеге қатысты кеңінен берілетін ақпарат
$ Кәсіпорынның әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор шығаратын құжат.
$ Қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
$ Тұлға жұмысқа тұрар алдында жазатын өмірбаян сипатындағы мәліметтерден тұратын құжат.
$$$38 Толықтырыңыз: «Мәселені қарау Дәуірбек Асқаров... тапсырылсын».
$$ -қа
$ -ға
$ -на
$ -ты
$$$39 Хабарландыру дегеніміз - ... .
$$ Қандай да бір оқиға, іс-шара т.б. туралы ресми хабарлау.
$ Газет, журналдарға жеке басқа байланысты хабарлар тарату.
$ Белгілі бір топқа (ұжымға) шақыру ретінде жолданылатын ресми хабарлау.
$ Белгілі бір мәліметке қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат.
$$$40 Көпшілікке арналып жазылатын құжаттың түрін көрсетіңіз.
$$ Хабарландыру
$ Арыз
$ Анықтама
$ Қолхат
$$$41 Қызметтік хаттарда қолданылатын тіркестерді көрсетіңіз.
$$ Ескертеміз, Сіздің қатысуыңызды өтінеміз, мәлімдейміз, жолдаймыз
$ құқықтары мен міндеттері, өзгерту және тоқтату.
$ Қандай да бір жұмыс, лауазымды тұлға.
$ іс-әрекетті орындау, мүмкіндік болмау, заң актілері
$$$42 Ұсыныс хат дегеніміз - ... .
$$ қызметкерді белгілі бір орынға , қызметке ұсыну мақсатында жазылатын хат.
$ хатқа, сұрау салуға, өтінішке т.б. байланысты жауап берілетін хат түрі.
$ адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің ақысын төлеу туралы жіберілетін құжат.
$ Тұлға жұмысқа тұрар алдында жазатын өмірбаян сипатындағы мәліметтерден тұратын құжат.
$$$43 Толықтырыңыз: «Кейбір қызметкерлер жұмыс тәртібін бұза бергендіктен, бірнеше рет ... алды».
$$ ескерту
$ сыйақы
$ құттықтау
$ шара
$$$44 Келісімшарт - ...
$$ Тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.
$ Қандай да бір міндеттерді шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік құжаттардың бірі.
$ Қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, оны орындамау туралы хат түрі.
$ Тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.
$$$45 Өмірбаян дегеніміз - ... .
$$ Өзінің өміріне қатысты мәліметтерді көрсететін іс қағазы.
$ Мінезіне сипаттама.
$ Ұсыныстар жазылған хат.
$ Отбасы жағдайы туралы мәлімет.
$$$46 Хаттамаға кімдердің қолы қойылатынын табыңыз.
$$ Төрағаның, хатшының
$ Орынбасардың, басшының
$ Кадрлар бөлімі меңгерушісінің
$ Сөйлегендердің, хатшының
$$$47 Толықтырыңыз: «Байқауға30-45-аралығындағы ... мамандар қатыса алады».
$$ тәжірибелі
$ жақсы
$ жоғары
$ жасы
$$$48 Хаттамада кездесетін стандартты сөздерді белгілеңіз.
$$ Күн тәртібі, бірінші мәселе
$ Бұйрық шығару, мекеме жарғысы
$ Хаттама жазу, сұраймын
$ Өткізіледі, орнымен болады
$$$49 Бос қызмет орнына жазылған хабарландыруда кездесетін стандартты сөздерді белгілеңіз.
$$ Жұмыс өтілі, мамандығы
$ Мекеме, қаулы
$ Өтінемін, хаттама
$ Бұрыштама жазу
$$$50 Іс қағаздарына тән стильді белгілеңіз.
$$ Ресми-іс қағаздар стилі
$ Ғылыми стиль
$ Көркем әдебиет стилі
$ Публицистикалық стиль
$$$51 Қолхат дегеніміз - ... .
$$ Құнды бір дүниені алғанын растайтын құжат түрі.
$ Құжаттың бірыңғай пішінге түскен моделі.
$ Бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі.
$ Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат.
$$$52 Түсініктемедегеніміз - ... .
$$ Қызметкерлердің қандай да болмасын бір тәртіп бұзудың себептерін түсіндіретін құжат түрі.
$ Құжаттың бірыңғай пішінге түскен моделі.
$ Мінезіне берілген сипаттама.
$ Жұмысқа тағайындау туралы құжат.
$$$53 Сенім білдіруші сөз тіркесі қай құжатта қолданылатынын көрсетіңіз.
$$ Сенімхат
$ Қолхат
$ Арыз
$ Мінездеме
$$$54 Сенімхатты заңды түрде куәландыратын адам:
$$ Нотариус
$ Мұрагер
$ Ұйым
$ Мекеме
$$$55Бұйрық беру құқығына ие тұлға:
$$ Басшы
$ Орынбасар
$ Жұмысшы
$ Бухгалтер
$$$56 Еңбек кітапшасы дегеніміз - ... .
$$ Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат.
$ Отбасылық жағдайын растайтын құжат.
$ Өмір жолын растайтын құжат.
$ Жеке тұлға екендігін растайтын құжат.
$$$57 Жұмысқа қабылданғанда толтырылатын құжат:
$$ Жеке іс парағы
$ Анықтама
$ Түсініктеме
$ Акт
$$$58 ҰҚК қысқарған сөзінің толық нұсқасын көрсетіңіз.
$$ Ұлттық қауіпсіздік комитеті
$ Біріккен Ұлттар Ұйымы
$ Ішкі істер министрлігі
$ Бұқаралық ақпарат құралдары
$$$59Сіз мекеме басшысысыз. Қол астыңыздағы жұмысшыларды қандай ресми құжат арқылы басқарасыз?
$$ Бұйрық
$ Жеделхат
$ Анықтама
$ Сенімхат
$$$60 «Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік білемін» – қай құжатта кездесетінін көрсетіңіз.
$$ Түйіндеме
$ Бұйрық
$ Жарлық
$ Жеделхат
$$$61 Қызметке тағайындау, қызметтен босату кезінде жазылатын іс қағазын көрсетіңіз.
$$ Бұйрық
$ Қолхат
$ Өмірбаян
$ Түйіндеме
$$$62 Бұйрықта қолданылатын етістікті белгілеңіз.
$$ Қабылдансын
$ Міндеттімін
$ Талқыланды
$ Кепілдік беремін
$$$63 Мына үзінді қай іс қағазына тән: «Мен Жоламанова Айгүл, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай өлеңдерінің алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін».
$$ Қолхат
$ Қаржы
$ Жарғы
$ Сенімхат
$$$64Сіз басқаларға бір жаңалықты айтқыңыз келді. Қандай іс қағазын жазатыныңызды көрсетіңіз.
$$ Хабарландыру
$ Түсініктеме
$ Анықтама
$ Бұйрық
$$$65 Хаттамада кездесетін тұрақты сөздер.
$$ Күн тәртібі, төраға, қаулы
$ Айы, күні, мінезі
$ Дауыс, сөз сөйлеу, анықтама
$ Өмірбаян, хат, жыл
$$$66 Қолхатта кездесетін сөз тіркесі.
$$ Бір аптада қайтарып беремін
$ Қол қоямын
$ Дауыс беремін
$ Сізден өтінемін
$$$67Толықтырыңыз: «Шәкіртақыны басқа адамның алуы туралы…».
$$ сенімхат жазылды
$ анықтама жазылды
$ өтініш жазылды
$ арыз жазылды
$$$68 Келісімшарттың неше данада толтырылатынын көрсетіңіз.
$$ 2
$ 10
$ 6
$ 5
$$$69Бұйрықта кездесетін етістіктер:
$$ Босатылсын, қабылдансын
$ Өтінемін, сұраймын
$ Келісемін, міндеттенемін
$ Сенім білдіремін
$$$70 Келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.
$$ Бұрыштама
$ Жарғы
$ Бұйрық
$ Кірістік құжаттар
$$$70 Толықтырыңыз: «Құжаттарды топтастыруда олардың ... негізге алынады».
$$ ұқсастықтары мен айырмашылықтары
$ Жедел және жедел еместігі
$ Ішкі және сыртқы
$ Заңды және заңсыз
$$$71 Белгілі бір адамның атқарып отырған қызметіне лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген сынақтың қорытындысына орай жазылатын мінездеме.
$$ Аттестациялық мінездеме
$ Жеке мінездеме
$ Функционалды мінездеме
$ Кәдімгі мінездеме
$$$72 Толтырылған қолхат қандай жағдайда күшін жоятынын көрсетіңіз.
$$ Қолхат нотариуста расталмаған жағдайда
$ Құжат екі тілде толтырылмағанда
$ Құжатта жөндеулер, өңдеулер, өшірулер кездессе
$ Қолхат бір дана етіп жазылған жағдайда
$$$73 Адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын іс қағазы.
$$ Мінездеме
$ Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
$ Есеп
$ Өмірбаян
$$$74 Толықтырыңыз: «Өмірбаян - ... құжат».
$$ анықтамалық-ақпараттық
$ өкілеттік
$ ұйымдық
$ дұрыс жауап жоқ
$$$75 Толықтырыңыз: «Өмірбаянға ... қолы қойылады».
$$ өмірбаян иесінің
$ әке-шешесінің
$ хатшының
$ мекеме басшысының
$$$76 Өмірбаяндағы мәлімет нешінші жақта баяндалатынын көрсетіңіз.
$$ бірінші жақта
$ екінші жақта
$ үшінші жақта
$ дұрыс жауап жоқ
$$$77 Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ жылдар аралығында
$ жылдар үшін
$ жылдар өтті
$ жылдар өткен соң
$$$78 Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ тұрмыстамын
$ күйеудемін
$ күйеуім бар
$ тұрмыска шығамын
$$$79 Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ әскери міндеттімін
$ әскерге барамын
$ 2 жыл әскер қатарында болу керек
$ ата-анамды сыйлаймын
$$$80 Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ дүниеге келдім
$ дүниеден кейін
$ дүниедемін
$ дүниенің алдында
$$$81 Толықтырыңыз: «Аталған университетті қара және түсті металдар металлургиясы ... бітірдім».
$$ мамандығы бойынша
$ дейін жарамды
$ күйеуім бар
$ аталған
$$$82 Кәмелетке толды тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
$$ 18 жасқа толды
$ оқу бітірді
$ туды
$ әскер қатарына шақырылды
$$$83 Некеге отырды тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
$$ заңды түрде үйленді
$ келмеді
$ бас екеу болмай, мал екеу болмас
$ дұрыс жауап жоқ
$$$84 Өмірбаянда не жазылатынын көрсетіңіз.
$$ өмірі, қызметі, білімі, отбасы туралы мәлімет
$ еңбек шартын жасау туралы
$ байқау мерзімі туралы
$ хабарландыру
$$$85 Өмірбаян қандай сөзден басталып жазылатынын көрсетіңіз.
$$ мен
$ дүниеге келдім
$ әкем
$ анам
$$$86 Ғылыми дәреже атауын көрсетіңіз.
$$ медицина ғылымдарының кандидаты
$ бөлім меңгерушісі
$ ҚР Білім және ғылым министрлігі
$ экономикалық байланыс саласының маманы
$$$87 Аяқтаңыз: «1992-1994 жылдар аралығында ...».
$$ әскер қатарында болдым
$ үйленгенмін
$ дүниеге келдім
$ мекенжайым
$$$88 Аяқтаңыз: «Қазақ, ағылшын тілдерін ...».
$$ жетік білемін
$ аяқталмаған жоғары
$ туралы жазамын
$ атқардым
$$$89 Түйіндемеде көрсетілетін жақсы қасиеттер:
$$ ұқыптылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық
$ білімділік, мамандығы, білімі
$ ұқыптылық, жоғары, қызмет
$ білімділік, оқытушылық, мақтаншақтық
$$$90 Толықтырыңыз: «Мінездеме ... жазылады».
$$ ресми-іс қағаздар стилінде
$ ауызекі сөйлеу стилінде
$ көркем әдеби стильде
$ ғылыми стильде
$$$91 Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ әріптестері арасында сыйлы
$ жұмыстағылар жақсы көреді
$ оны бәрі сыйлайды
$ ылғи сыйлап жүреді
$$$92 Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ атқарып отырған қызметіне лайық
$ жұмысы дұрыс
$ жұмысты жақсы істеп жүр
$ ары қарай істей берсін
$$$93 Толықтырыңыз: «Орталықтың бас маманы қызметі... ұсыну үшін берілді».
$$ -не
$ -ға
$ -де
$ -на
$$$94 Толықтырыңыз: «Бірнеше ғылыми еңбек... авторы».
$$ -тің
$ -дың
$ -ның
$ -нің
$$$95 Толықтырыңыз: «Тапсырылған іске жауапкершілік... қарайды».
$$ -пен
$ -мен
$ -та
$ -те
$$$96 Сөйлем ішінде бас әріппен жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
$$ жалқы есім
$ сын есім
$ жалпы есім
$ зат есім
$$$97 Мінездеме мәтінінде бас әріппен жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
$$ мінездеме иесінің аты-жөні
$ мінездеменің соңындағы ақпарат
$ мінездеме иесінің жақсы қасиеттері
$ мінездеме иесінің жағымсыз қылығы
$$$98 Синонимдік қатардағы сөздерді табыңыз.
$$ білікті, тәжірибелі, білгір
$ білікті, іскер, жұмысшы
$ білікті, тәжірибелі, ашық
$ білікті, білімпаз, білекті
$$$99 Қадірлілік, сый-құрметке иелік, абыройлылық дегеніміз - ... .
$$ беделділік
$ білімділік
$ сәттілік
$ іскерлік
$$$100 Ескерту мәтінін беру үшін қолданылатын құрылымдарды қөрсетіңіз.
$$ ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.
$ ... туралы шешім қабылдаңыз.
$ Мәселені қарау (аты –жөні) – оқытушыға тапсырылсын.
$ ... туралы сізді хабардар етеміз.
$$$101 Толықтырыңыз: «Сенімхат белгілі бір тұлғаның ... растайды».
$$ өкілеттігі мен құқын
$ өмірбаянын
$ мекенжайын
$ жеке басын
$$$102 Толықтырыңыз: «Сенімхатқа ... қолы қойылады».
$$ сенім білдірушінің және нотариустың
$ хатшының
$ сенім алушының
$ ата-анасының
$$$103 Толықтырыңыз: «Сенімхат ... жазылады».
$$ бірінші жақта
$ екінші жақта
$ үшінші жақта
$ нотариустың ғана атынан
$$$104 Толықтырыңыз: «Сенімхат ... беріледі».
$$ белгілі бір мерзімге
$ шексіз уақытқа
$ мерзімі көрсетілмей
$ дұрыс жауап жоқ
$$$105 Сенімхат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ осы сенімхат арқылы
$ осы сенімхат сияқты
$ осы сенімхаттай
$ осы сенімхат үстінде
$$$106 Сенімхат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ қол қоюшының жеке басы анықталды
$ қол қоюшы анықталды
$ қол қоюшы болды
$ қол қоюшы тұрмыста
$$$107 Сенімхат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ менің көзімше қол қойды
$ менің көзімше сөйледі
$ менің көзімше қол алды
$ менің көзімше бітірді
$$$108 Сенімхатта не жазылатынын көрсетіңіз.
$$ сенім білдіру туралы
$ еңбек шартын жасау туралы
$ өмірі, қызметі, білімі туралы мәлімет
$ хабарландыру
$$$109 Синонимдік қатардағы сөздерді көрсетіңіз.
$$ бірдей, тең
$ дұрыс жауап жоқ
$ бір-бірден
$ қарама-қарсы
$$$110 Сенімхатта қай сөзден басталып жазылатынын көрсетіңіз.
$$ мен
$ әкем
$ анам
$ сен
$$$111 Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ қабылдауыңызды сұраймын
$ қабылданды
$ қабылдау керек
$ дұрыс жауап жоқ
$$$112 Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ рұқсат етуіңізді сұраймын
$ рұқсат етілсін
$ рұқсат етілді
$ дұрыс жауап жоқ
$$$113 Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ босатуыңызды сұраймын
$ босатылсын
$ босат
$ дұрыс жауап жоқ
$$$114 Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ бір орын бөлуіңізді сұраймын
$ орын бөлу туралы
$ орын бөлінсін
$ дұрыс жауап жоқ
$$$115 Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
$$ кезекті демалыс беруіңізді сұраймын
$ кезектен тыс демалыс берілді
$ демалыс берілсін
$ дұрыс жауап жоқ
$$$116 Толықтырыңыз: «Жұмыс ... қабылдауыңызды сұраймын».
$$ -қа
$ -та
$ -те
$ -ке
$$$117 Толықтырыңыз: «Жұмыс ... босатуыңызды сұраймын».
$$ -тан
$ -ден
$ -дан
$ -тен
$$$118 Толықтырыңыз: «Басқа жұмыс ... ауыстыруыңызды сұраймын».
$$ -қа
$ -та
$ -ке
$ -те
$$$119 Толықтырыңыз: «Кезектен тыс демалыс беруіңіз... сұрай...».
$$ -ді, -мын
$ -ді, -сін
$ -ге, -мін
$ -не, -пын
$$$120 Толықтырыңыз: «С. Дәркембаевтың аты... аударуды өтіне... .».
$$ -на, -мін
$ -на, -мын
$ -а, -мін
$ -не, -пын
$$$121 Қай хатты міндетті түрде нотариуспен тіркеу қажеттігін белгілеңіз.
$$ сенімхат
$ жеделхат
$ кепілхат
$ баяндау хат
$$$122Қаулы шығару, шешім қабылдауда қолданылатын етістік формасы:
$$ -сын, -сін
$ -ған, -ген
$ -ды, -ді
$ -сы, -сі
$$$123 «Мені шахмат үйірмесіне мүше етіп алуыңызды сұраймын» сөйлемі іс қағазының қай түріне жататынын анықтаңыз.
$$ өтініш
$ қолхат
$ сенімхат
$ хаттама
$$$124 Мінездемеде кездесетін стандарт тілдік бірлік.
$$ Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
$ Тізім нақты берілсін.
$ Жолдамаға тапсырыс берілді.
$ Тапсырыс қабылданды.
$$$125 Бос қызмет орны туралы хабарландыруда кездесетін мәліметті белгілеңіз.
$$ үміткерге қойылатын талаптар
$ құжаттардың мазмұны
$ жылжымайтын мүліктер
$ кәсіпорын мүліктері
$$$126 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Жұмыс ... 5 жылдан кем емес».
$$ өтілі
$ орны
$ түрі
$ уақыты
$$$127 Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз. «Жұмыс... қабылдау туралы бұйрық»
$$ -қа
$ -тан
$ -та
$ -пен
$$$128 Ресми сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркесті көрсетіңіз.
$$ ресми сөз, ресми тіл, ресми топ, ресми қағаз
$ ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім
$ ресми көше, ресми ел, ресми аумақ
$ ресми қала, ресми курс, ресми компания
$$$129 Хаттама қандай жағдайда жазылатынын көрсетіңіз.
$$ Мәжілістің, жиналыстың өту барысын тіркеу және ресімдеу үшін.
$ Ресми сөз сөйлеу үшін
$ Мәселені талқылау үшін
$ Баяндама жасау үшін
$$$130 Хаттамаға кімдердің қол қоятынын көрсетіңіз.
$$ төраға және хатшы
$ хатшы
$ баяндамашы
$ жиналыстың төрағасы
$$$131 «Прошу Вас обратить особое внимание на эту проблему» деген сөйлемнің дұрыс баламасын белгілеңіз.
$$ осы мәселеге айрықша назар аударуыңызды сұраймын.
$ бұл проблемаға назар аударасыз ба?
$ осы мәселеге қараңызшы.
$ бұл проблемаға көңіл бөліңізші.
$$$132 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Менің атымнан өтініш жазуға ... білдіремін.»
$$ сенім
$ сенімхат
$ куәлік
$ рұқсат
$$$133 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Сенімхаттың мәтіні ... оқылды.»
$$ дауыстап
$ дауысты
$ дауыссыз
$ жазбаша
$$$134 Келісімшарттың бірінші бөлігінде кездесетін тілдік бірлік.
$$ бұдан әрі қарай
$ бір жағынан
$ осыдан кейін
$ болашақта
$$$135 «В соответствии с условиями контракта» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ келісімшарт шарттарына сәйкес
$ келісімшарт ережелерімен байланысты
$ келісімшарт қағидаларымен сәйкес
$ келісімшарт шарттарына қатысты
$$$136 Іс қағаздарына тән емес тілдік бірлікті көрсетіңіз.
$$ жеке үйім
$ жеке тұлға
$ күшін жою
$ іс-әрекетке қабілеттілік
$$$137 Бұйрық құжатында берілетінін етістікті көрсетіңіз.
$$ тағайындалсын
$ қабылдауыңызды өтінемін
$ тыйым салыңызшы
$ босату
$$$138 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама студент А. Бақытовтың үшінші курста ... растайды.»
$$ оқитынын
$ оқиды
$ оқу
$ оқыған
$$$139 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама Әуезов көшесі, 14-үйдің ... А. Жандосовқа берілді.»
$$ тұрғыны
$ тұратын
$ тұрған
$ тұрды
$$$140 «Заместитель начальника отдела регистрации» атауының қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ тіркеу бөлімі бастығының орынбасары
$ ұйымдастыру бөлімі бастығы орынбасары
$ пайдалану бөлімінің бастығы
$ бақылау бөлімінің бастығы
$$$141 Жұмысқа орналасу үшін жазылатын іс қағаздар түрі.
$$ өтініш және түйіндеме
$ арыз және хат
$ шағым және қолхат
$ шақырухат және арыз
$$$142 «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.
$$ кезектен тыс демалыс
$ кезексіз демалыс
$ мерзімсіз демалыс
$ уақытша демалыс
$$$143 Нотариус қандай жұмыс атқаратынын айтыңыз.
$$ ресми құжатты куәландырады
$ өтініш жазып береді
$ түйіндеме жазады
$ ресми құжатты бермейді
$$$144 Кез келген құжат мәтініне тән стильді табыңыз.
$$ ресми-іс қағаздар
$ көркем әдебиет
$ ғылыми
$ ауызекі сөйлеу
$$$145 Хронологиялық тәртіппен өз өмірінен мағлұмат беретін құжат түрі:
$$ өмірбаян
$ өтініш
$ визит карточкасы
$ арыз
$$$146 Сөйлемді аяқтаңыз: «Денсаулығыма байланысты кезектен тыс... .»
$$ демалыс беруіңізді сұраймын
$ жалақы беруіңізді сұраймын
$ уақытында жалақымды беруіңізді сұраймын
$ уақытында ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын
$$$147 Сенімхатты кім куәландыратынын белгілеңіз.
$$ нотариус
$ орынбасар
$ қызметкерлер
$ бастық
$$$148 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Мен сенімхат мәтінімен ... .»
$$ таныстым
$ оқыдың
$ жаздық
$ куәландырды
$$$149 Толықтырыңыз: «Міндеттемені орындаудан ... тартты.»
$$ бас
$ қол
$ білек
$ күш
$$$150 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Асанованың жұмыстан ... мәлімдейміз.»
$$ босатылатынын
$ босату
$ босатумен
$ босатуға
$$$151 Қызметкерлердің қызметіне, жұмысына т.б. істерін сипаттай берілетін құжат түрін көрсетіңіз.
$$ мінездеме
$ өмірбаян
$ түйіндеме
$ хаттама
$$$152 Сұраққа жауап беріңіз: «Кімге сенім білдіресіз?»
$$ Оспановқа
$ Оспановта
$ Оспановпен
$ Оспановтан
$$$153 Сөйлемді толықтырыңыз. «Б. Елеукеноваға ... бойғы еңбегі үшін алғыс жариялансын»
$$ ұзақ жылдар
$ жұмыс өтілі
$ еңбек жолы
$ жемісті еңбек
$$$154 Сөйлемді толықтырыңыз. «Сенімхаттың бір ... нотариалдық кеңседе тіркелген.»
$$ данасы
$ мерзімі
$ түрі
$ бөлшегі
$$$155 Сөйлемді толықтырыңыз. «12-үй, 25-пәтерде ... азамат Ержановтан жүз мың теңге алдым.»
$$ тұратын
$ оқитын
$ тұрмақшы
$ жүретін
$$$156 Қызметке тағайындау, қызметтен босату жөнінде жазылатын іс қағазы:
$$ Бұйрық
$ Анықтама
$ Қолхат
$ Өмірбаян
$$$157 «Обязуюсь выплатить штраф» деген сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
$$ Айыппұл төлеуге міндеттенемін
$ Мерзімінде орындауға міндеттімін
$ Пайыз төлеуге міндеттімін
$ Қол қоюға міндеттімін
$$$158 Бұйрық құжатында қолданылатын етістік:
$$ Белгіленсін
$ Өтінемін
$ Міндеттімін
$ Талқыланды
$$$159 Бұйрық құжатында қолданылатын тілдік бірлік:
$$ Негіздеме: А.Т. Болатовтың өтініші.
$ Жұмысы бойынша берілгені жөн
$ Отбасы жағдайына байланысты
$ Әрі қарай
$$$160 Еңбек шарты - ...
$$ заңмен рәсімделген 2 жақтың (жұмыс беруші мен жұмысшының) нақты бір міндеттерді өзіне алуы туралы жазбаша келісімі.
$ кәсіпорынның іс-әрекетін белгілі бір құжаттарда көрсету құжаты.
$ реттік тіркеу нөміріне, іс номенклатурасы бойынша нөмірге келісу.
$ қарастырылған сұрақтардың санына қарай жасалған құжат.
$$$161 «Актуальные проблемы» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз
$$ Өзекті мәселелер
$ Қажетті мәселелер
$ Құнды деректер
$ Бағалы мәселелер
$$$162 «Дополнительные сведения» тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.
$$ Қосымша мәліметтер
$ Қажет деректер
$ Нақты фактілер
$ Қосымша сөздер
$$$163 «Жеке іс парағы» орысша аудармасын табыңыз.
$$ Личный листок
$ Характеристика
$ Автобиография
$ Образование
$$$164 Сіз басқаларға бір жаңалықты айтқыңыз келді. Қандай іс қағазын жазасыз?
$$ Хабарландыру
$ Қолхат
$ Жеделхат
$ Анықтама
$$$165 Хаттамада кездесетін тұрақты сөздер.
$$ Күн тәртібі, тыңдалды, қаулы етеді
$ Ұжым, қолы, акт
$ Айы, күні, мінезі
$ Өмірбаян, хат, жыл
$$$166 Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдарды көрсетіңіз.
$$ Жарамсыз деп табылсын.
$ Дұрыс болған екен.
$ Мәселені қарауды жиналысқа қалдырайық.
$ Сізді шақырамыз.
$$$167 Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар.
$$ Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік С.Сүндетовқа жүктелсін.
$ ... туралы шешім қабылдаңыз.
$ ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.
$ ... туралы сізді хабардар етеміз.
$$$168 Анықтамалық-ақпараттық хаттарға қандай құжаттар жатады?
$$ Хабарлама, анықтама, өмірбаян
$ Мәлімхат, арыз, іссапар куәлігі
$ Жеделхат, бұрыштама, еңбек келісімі
$ Мәлімхат, жеделхат, акт, анықтама
$$$169 Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдарды көрсетіңіз.
$$ Бақылауға алынсын.
$ Жарамсыз болып қалды.
$ Мәселені күн тәртібіне шығарған дұрыс.
$ Сізді шын жүректен құттықтаймыз.
$$$170 «Ереже» сөзіне мағыналас қатарды көрсетіңіз.
$$ Заң, қағида
$ Бұйрық, дұрыс
$ Жарғы, мерзімі
$ Құжат, толтыру
$$$171 Босатылсын етістігі кездесетін құжат түрі:
$$ Бұйрық
$ Өтініш
$ Арыз
$ Түйіндеме
$$$172 Ілеспе хаттар - ... .
$$ адресатқа хатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат.
$ бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын хабарлайтын құжат.
$ Қымбат дүниені алғанын растайтын құжат
$ Жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат
$$$173 Сенімхат дегеніміз - ... .
$$ Құжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі
$ Қымбат дүниені алғанын растайтын құжат түрі
$ Мінезді сипаттайтын құжат түрі
$ Қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын негізгі құжат
$$$174 Қолхат дегеніміз - ... .
$$ Ақша не басқа бір қымбат дүниені алғанын растайтын құжат түрі
$ Құжаттың бірыңғай пішінге түскен моделі
$ Бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі
$ Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат
$$$175 Түсініктеме дегеніміз - ... .
$$ Қызметкерлердің қандай да болмасын бір тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі
$ Өмірі туралы құжат
$ Мінезіне берілген сипаттама
$ Белгілі бір затты алғандығын растайтын құжат
$$$176 Төмендегі қысқарған сөздердің қазақ тілінде аударылмай берілетінін көрсетіңіз.
$$ ЮНЕСКО, ЮСАИД
$ ГАИ, АО
$ США,ТОО
$ КазНПУ, КазНУ
$$$177 «Прошу меня принять» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасын табыңыз.
$$ Мені қабылдауыңызды сұраймын
$ Мені тағайындауыңызды сұраймын
$ Мені босатуыңызды сұраймын
$ Мені ауыстыруыңызды сұраймын
$$$178 Ескерту мәтінін беру үшін қолданылатын құрылымдарды қөрсетіңіз.
$$ ... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
$ сертификат алу қажет
$ аттестаттың көшірмесі қажет-ақ
$ диплом жұмысы тапсырылсын
$$$179 Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдарды көрсетіңіз.
$$ ... туралы баяндаймын.
$ Тың жаңалық екен.
$ Жиналысқа қатысқандар тізімі берілсін.
$ Сізді күтеміз.
$$$180 Толықтырыңыз: «2015 жылы университет .... түстім».
$$ -ке
$ -ті
$ -іне
$ -те
$$$181 Толықтырыңыз: «Адамның жеке қасиеті – ....».
$$ ұстамдылық
$ саяхат
$ қазақ
$ байлық
$$$182 Жалғастырыңыз: «1992-2002 жылдар ....».
$$ аралығында
$ бері
$ дейін
$ арасында
$$$183 Толықтырыңыз: «Ол заң университеті... бітірді».
$$ -н
$ -ті
$ -те
$ -ң
$$$184 Толықтырыңыз: «Өтініш ... .... атына жазылады».
$$ мекеме басшысының
$ өзінің досының
$ көршінің
$ ата-ананың
$$$185 Толықтырыңыз: «Отбасы ..... байланысты».
$$ жағдайына
$ шартына
$ қаулысына
$ мүшесіне
$$$186 Толықтырыңыз: «Ол тәжірибе.... маман».
$$ - лі
$ -ды
$ -лы
$ -ді
$$$187 Толықтырыңыз: «Өз .... босатуыңызды сұраймын».
$$ еркіммен
$ ойыммен
$ қалауыммен
$ шешіміммен
$$$188 Мінездеменің үзіндісін көрсетіңіз.
$$ мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады
$ дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын
$ мені хатшы ретінде жұмысқа алуыңызды сұраймын
$ филология факультетінде оқимын
$$$189 Толықтырыңыз: «Пайыз көлемі .... көрсетілген».
$$ келісімшартта
$ сенімхатта
$ өмірбаянда
$ кепілхатта
$$$190 «Обязуюсь» деген қазақша .... .
$$ міндеттенемін
$ міндеттеме
$ міндет
$ міндетті түрде
$$$191 Толықтырыңыз: «Мен .... қолхат жазып беремін».
$ сізге
$ сізді
$ сенге
$ сені
$$$192 Толықтырыңыз: «Сенім ..... жеке басы анықталды».
$$ білдірушінің
$ етушінің
$ көрсетушінің
$ жасаушының
$$$193 Толықтырыңыз: «Сенімхат 3 ай өз ....» .
$$ күшінде
$ күшімен
$ күшінен
$ күште
$$$194 Толықтырыңыз: «Келісімшарт 2015 .... 15 сәуірде жасалған».
$$ жылғы
$ жылдың
$ жылда
$ жылы
$$$195 «Биылғы жыл» тіркесінің синонимін көрсетіңіз.
$$ ағымдағы жыл
$ өткен жыл
$ алдыңғы жыл
$ соңғы жылы
$$$196 Ұсыныс хатқа тән етістікті көрсетіңіз.
$$ ұсынады
$ жолдайды
$ өтінеді
$ сұрайды
$$$197 Толықтырыңыз: «Құттықтаухатты ...».
$$ жіберу
$ жауап беру
$ қол қою
$ танысу
$$$198 Бұйрықтың қандай құжат екенін көрсетіңіз.
$$ бір міндетті шешу үшін мекеме басшысы шығаратын құжат.
$ жедел мәселе бойынша телефон арқылы берілетін
$ қол қою үшін жасалатын
$ сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан берілетін
$$$199 Адресатты қандай да бір жүргізілетін іс-шараға қатысуға шақыратын хат - ...
$$ шақыру хат
$ жарнама хат
$ кепілдік хат
$ ашық хат
$$$200 Фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын тұлғалар жасайтын құжат - ...
$$ акт
$ жарнама
$ хабарландыру
$ қызметтік хат
$$$201 Оқуға түскенде, басқа қызметке ауысқанда, кәсіби біліктілігін көтеру кезінде берілетін құжат түрін көрсетіңіз.
$$ мінездеме
$ хаттама
$ штатық кесте
$ баянат
$$$202 Бұйрық құжатында кездесетін стандарт сөзді белгілеңіз.
$$ бұйырамын
$ бекітемін
$ келісемін
$ сөйлесемін
$$$203 Бланк дегеніміз ...
$$ А4 немесе А5 форматындағы заңды тұлғаның аты жазылған қағаз
$ хат-хабар ресімделмейтін түрі
$ А3 форматындағы қағаз
$ қалың қағазда берілетін құжат
$$$204 Сенімхат құжатының мәтінінің жазылу стилін көрсетіңіз.
$$ ресми іс-қағаздар стилі
$ публицистикалық стиль
$ көркем әдебиет стилі
$ ауызекі сөйлеу стилі
$$$205 Құжат түрін табыңыз.
$$ Өтініш
$ Роман
$ Мақала
$ Шығарма
$$$206 Толықтырыңыз: «Автордың өзі туралы жазатын құжатты____________дейді».
$$ өмірбаян
$ мінездеме
$ сенімхат
$ өтініш
$$$207 Толықтырыңыз: «Сенімхаттың мәтіні______оқылды».
$$ дауыстап
$ дауысты
$ қазақша
$ орысша
$$$208 Толықтырыңыз: «Өтініш жазылатын мекеменің толық аты_______жазылады».
$$ оң жақ бұрышқа
$ сол жақ бұрышқа
$ ортаға
$ соңына
$$$209 Толықтырыңыз: «Өз_______жұмыстан босатуыңызды сұраймын».
$$ еркіммен
$ қалауыммен
$ ойыммен
$ шешіміммен
$$$210 Толықтырыңыз: «__________байланысты».
$$ денсаулығыма
$ шартының
$ қаулысын
$ демалыс
$$$211 Кандидатты жұмысқа қабылдай алмайтыныңыз туралы хабарлағанда, қандай коммуникативтік репликаны қолданылатынын көрсетіңіз.
$$ өкінішке орай
$ нақты айтқанда
$ демекші
$ таңғаларлық
$$$212 Толықтырыңыз: «Өтініш қаралып, бекітілгеннен кейінгі ... табылады».
$$ құжат болып
$ ештеңе болып
$ ескерту болып
$ қосымша болып
$$$213 Бұйрықтарда кездесетін стандарт етістікті көрсетіңіз.
$$ тағайындалсын
$ босату
$ қабылдайды
$ тыйым салыңыз
$$$214 Толықтырыңыз: «Бұйрық - ____________құжат».
$$ өкімдік
$ өкім
$ өкілетті
$ кімдік
$$$215 Толықтырыңыз: «Бұйрықтың соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам _____________».
$$ көрсетіледі
$ оқылады
$ айтылады
$ жеткізіледі
$$$216 Түсінік хаттың негізгі бөліміне не жазылатынын көрсетіңіз.
$$ себеп, дәлелдемелер
$ түсініктеме хат атауы
$ тақырыбы
$ қолданылатын шара
$$$217 Студенттің сабақта болмауының себебін баяндайтын құжат түрі.
$$ түсініктеме
$ өтініш
$ арыз
$ анықтама
$$$218 Толықтырыңыз: «Жасы 35 ке ... маман».
$$ дейінгі
$ шейін
$ конкурс жариялаған мекеме
$ кейін
$$$219 Толықтырыңыз: «Мәжіліс ... әдеби кеш өтеді».
$$ залында
$ залда
$ залы
$ залға
$$$220 Толықтырыңыз: «Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмысшыға ...жариялануы қажет».
$$ сөгіс
$ мадақтау
$ мақтау
$ шарт
$$$221 «Куәландыру» сөзіне жуық мәнді сөзді көрсетіңіз.
$$ растау
$ талап ету
$ ресімдеу
$ тіркеу
$$$222 Мәжіліс, жиналыс өткізу кезінде жазылатын құжат.
$$ хаттама
$ кепілхат
$ түйіндеме
$ баянхат
$$$223 Толықтырыңыз: «Қызметкердің жұмыс өтілін растайтын құжат - ...».
$$ еңбек кітапшасы
$ санитарлық құжат
$ кадрды есепке алу жөніндегі парақ
$ өтініш
$$$224 Іс қағаздарына жатпайтын сөзді белгілеңіз.
$$ шығарма
$ қолхат
$ түйіндеме
$ өмірбаян
$$$225 Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз.
$$ Сізден 2015жылдың наурыз айының 15-інен бастап кесте бойынша кезекті демалысқа шығуға рұқсат етуіңізді өтінемін.
$ Менің кезекті демалысқа шығуым керек. Рұқсат етуіңізді сұраймын.
$ Мені бүгіннен бастап кезекті демалысқа шығаруыңызды сұраймын.
$ Кезекті демалысқа шығатын уақыт болғандықтан, бүгіннен бастап демалысқа бара беруге рұқсат етіңізші.
$$$226 Бұрыштамаға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін табыңыз.
$$ қарсы емеспін, бекітілсін
$ атқарып отырған қызметіне лайық, білімді
$ демалыс беруіңізді сұраймын, рұқсат
$ қызметкер, өтінемін
$$$227 Номенклатуралық атаулардың дұрысын белгілеңіз.
$$ Қазақстан Республикасы Үкіметі. Білім және ғылым министрлігі
$ Үкімет Қазақстан Республикасы. Министрлік білім және ғылым
$ Қазақстанның Республика Үкіметі. Білім және ғылым министрлік
$ Қазақ Республика Үкіметі. Білім, ғылым министрлік
$$$228 Ең қысқа көлемде жазылатын іс қағазын белглеңіз.
$$ анықтама