Тақырып. адам бәрін жасайды
А) Билл Гейтс туралы
Олөнер
Грамматика: Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік, септік, жіктік, тәуелдік. Тәуелді септеу.
АДАМ БӘРІН ЖАСАЙДЫ
Әр адам өмірге келгенде өзіне сұрақ қояды: адам болу оңай ма? Бұл сұрақ тек қуаныш пен бақыт кезінде қойылмайды. Өз болашақ жолын таңдағанда бұл сұраққа жауап алу өте қиынға соғады. «Адам» деген сөзге не жатады? Алдымен осыны түсініп алуымыз керек. Адамның бойындағы негізгі қасиеттері өз алдында шындық, өз басына жауап беру, өз мақсатына жету, достыққа шақыру, талап қоя білу болып табылады. Өз басына жинаған тәжірибе – адамға өмір бойы көмекеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді. Адам осы өмірде бәрін өзі жасайды. Жақсыны да, жаманды да қолдан жасайтын адам ғой! Ғажайып табиғаттың шеккен азабы қандай?! Мысалы, Арал теңізінің кебуі, орман-тоғайлардың жануы, сулардың ластануы, осының бәрін кім жасады? Адам өз ісімен табиғатқа зиян келтіретіні туралы ойланбайды.
Бірақ адамның жетістіктері де көп. Әлемдегі Өркениет адамның қолымен жасалған. Адам өзінің өмір сүруін жеңілдету үшін түрлі шаралар ұйымдастырып құрастырған. Адамның сана-сезімі қарқынды даму үстінде. Ол өз қиялымен неше түрлі техниканы, күнделікті қолданылатын заттарды ойлап тапқан. Бүгінде адам баласының ойының жетілгені соншама, нанотехнология, биотехнологияны дамыту үстінде.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.
2. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.
3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Адамның бойындағы негізгі қасиеттерді атаңыз?
ә) Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіруде?
б) Адам баласының бүгінгі күндегі жетістігі қандай?
в) Адам болу оңай ма? -деген сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?
БИЛЛ ГЕЙТС
Билл Гейтс - әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» - деді.
Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстің программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.
Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.
IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды сатып алады. Мұның бәрі IBM-ның «тұңғышы» саналатын MS-DOS көпшілік үшін IBMPS-DOS операциялық жүйесі жарыққа шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы отыз күн Гейтстің табандылығы мен фирмадан 60 инженердің «ми шабулының» нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы енді операциялық жүйе жасауда «көгілдір алып» IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосады, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша, Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болады.
Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған
тұтынушы өзгені қажетсінбейді (немесе өзгені қолдана алмайды)». Ол ұстанған бағыт осы болды.
Тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.