Бөлім 1. Ұйым экономикасы «Әсем» ЖШС

К і р і с п е

Өндірістік тәжірибе дегеніміз – бұл студенттің өзінің теориялық алған білімдерін іс жүзінде кеңейтуі, толықтыруы, тереңдетуі және бекітуі болып табылады.

Мен, Төкенова Әсем Әбдісаланқызы өндірістік тәжірибемді 23-ші қарашадан бастап, 2-ші қаңтар аралығында ЖШС «Әсем» компаниясында өттім. Кәсіпорыннан өндірістік тәжірибені өтудегі негізгі мақсатым -« есеп», «Ұйым экономикасы», «Қаржалық есеп», «Аудит» және тағы да басқа арнайы пәндерден алған теориялық білімімді кеңейту, тереңдету, бекіту және бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, іс - жүзіндегі жүргізілуін меңгеру болып табылады.

Кәсіпорыннан оқу тәжірибені өту негізінде ұсынылған бухгалтерлік есеп, аудит саласы және қаржылық есепті талдау тақырыптары бойынша материалдармен және құжаттармен таныстым. Сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерімен, ондағы салалардың мамандандырылуы және олардың жүргізілуі мен орындалуын, бухгалтерия құрылымы және бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, шаруашылық операциялары бойынша алғашқы құжаттардың толтырылуымен танысып, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға, түгендеу және тексеру жұмыстарының жүргізілуіне қатыстым.

Оқу тәжірибеде өткізген «Әсем» компаниясы 2004 жылы, ісін алға койған профессионалды, экономика, инженеринг, маркетинг және халықаралық қатынастарда мол жұмыс тәжірибелері бар топтан құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.

ЖШС «Әсем» компаниясы Алматы қаласының Әділет Департаментінде тіркелген, заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі №80490 -1910-ЖШС 20.02.2009 жылдан бастап (қосымша №1), меншік формасы – коммерциялық. Салық төлеушінің нөміріСТН 600700579151 (қосымша №2),бұл 2006 жылдың 26 қыркүйекте берілді.

Ресми атауы:

Мемлекеттік тілде: «Әсем» жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью «Әсем».

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 61 үй.

Кәсіпорын өзіндік балансы, есеп айырысу шоттары, мемлекеттік және орыс тілінде атауы көрсетілген өзіндік мөріне ие және де өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар Серіктестіктер туралы» Заңын, басқа да заңдылық және нормативті актілерді, осы Жарғы мен құрылтайшылар келісімшартын басшылыққа ала отырып жүргізеді. ЖШС«Әсем» компаниясының құрылтайшысы – Гельфенштейн Максим Иванович. Кәсіпорынның жарғылық капиталы – 500 000 теңгені құрайды.

«Әсем» ЖШС - өндірісі дамып келе жатқан, қаржылық табысы мол компания болып табылады.Серіктестік құрудың және оның қызметінің мақсаты қоғамның өнімге (жұмыстар, қызметтер) деген сұраныстарын толық қанағаттандыру және алынатын пайда негізінде құрылтайшылар мен кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.

«Әсем» ЖШС-тің басты қызметі бағыттарының бірі – Қазақстандық тұтынушыларға өздерінің жекеменшік және коммерциялық меншігінің толық қорғалуын қамтамасыз ететін технологияларды кең ауқымда ұсыну болып табылады. Бұл кәсіпорын келесі өнім түрлерін сату мен жеткізу қызметтерін жүзеге асырады:

· Қауіпсіздік жүйелері

· Автоматтандыру

· Электросайман жүйелері

ЖШС «Әсем» құрал-жарақтар өндіретін ең ірі өндіріс компанияларымен тығыз қызмет етуде, сондықтан компаниянын жеткізу программасында мыңдаған өнім түрлері :микроэлектроника компонентерінен бастап, толық функционалды жүйеге дейін тұтынушыларды қамтамасыз етеді. «Әсем» компаниясы өнімдерін үнемі жетілдіріп, жаңа өнім мен олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.«Әсем» компаниясы өнімдердің жаңа түрлерін ұсыну мен қатар сапаларын жақсарту мақсатында 6 жыл бойы қызмет етуде.

Компанияның менеджемент саласы сауда конъюнктурасынан озық болуда. «Әсем» компаниясы тікелей қауіпсіздік жүйесін, автоматтандыру және де электросайман жүйелерін өндіретін шет елдің озық компанияларымен қызмет еткендіктен, ЖШС-тің ұсынатын өнімдердің авторландыру арқылы жаңа өнімдерді арзан бағамен алып, оларды тұтынушыларға қол жетерлік бағамен ұсыну өзіндік жеке нысанға (стильге) ие.

Жеткізілетін технологиялардың үлкен көлемі қоршаған ортаның қиын жағдайларына арнайы жасап шығарылған. Бұл жұмыстар кең ауқымды температураларға, ылғалдылығы мол жерлерде және де қатты соқтығыстар кездеріне арналған. Мұндай түрлілілік компанияның клиенттеріне толық еркінділікпен таңдауға және өздерінің проектерін іске асыруға мүмкіндік береді. Өңдірушілермен жасасқан дистрибьюторлық келісімшарттар жеткізудің сенімді системасымен, барлық өнім түрлеріне фирмалық гарантиясы 3 жылға дейін беріледі.

Республикамыздың қарқынды дамып келе жатқан экономикасы кезінде көптеген мемлекетіміздің керекті өндірістері қайта даму қадамын басуда. Ал «Әсем» ЖШС-гі көп жылдар бойы Еліміздің алдыңғы қатарлы өндіріс салалары ретінде, ең маңызды ұлттық және жекеменшікті дамыту бойынша ірі жобаларды жасаумен болды. Жұмыс тәжірибесі мол «Әсем» компаниясы, өзінің қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендірген. Оған дәлел ретінде, 2008 жылы «Әсем» компаниясы дүние жүзіне белгілі Hyundai Electro Electric Systems пен Wago Kontrakttechnik GmbH & Co маркалардың дилері ретінде танылды.

«Әсем» ЖШС-нің ұсынатын өнімдерінің сапалылығын айқындайтын көптеген сертификаттары бар. Барлық өнімдер сертификатталған. Сәйкестік сертификаты «Мемлекеттік реестерде» тіркелген. Өнімнің жоғары сапалылығы және компанияның дилерлік қызметінің қарқынды дамуы ірі шетелдік өндіріс компаниялардың марапаттау қағаздарымен бағаланды. Тиісті жолмен бағаланған өнім сапасы отандық ірі компаниялардан өз тұтынушыларын тапты. Қызмет еткен жылдар ішінде өз алдына қол жеткізуі қиын мақсаттарға қоятын мықты ұжым құрылды.

«Әсем» өзінің өнімдерін республика көлеміндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында үнемі халықаралық көрмелерге қатысып, өнім түрлерін жаңашаландырып отыру арқылы көптеген жетістіктерге жете білді және бірқатар дипломдарға «За качество продукции», «Эффективный менеджмент» ие болды.

Тұтынушылардың компанияға деген құрметі мен сенімі келешекте оның алдында қойған мақсаттарына еш кедергісіз жетуін мол ықпалын тигізетіні сөзсіз

ЖОСПАР

Бөлім 1. Ұйым экономикасы «Әсем» ЖШС

1.1 Кәсіпорынның ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

1.2 Кәсіпорының ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау

1.3 Негізгі және айналым капиталы Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбеккақы

1.4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбеккақы

1.5 Кәсіпорынның ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау

1.6 Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау

1.7 Қорытынды сабақ және сынақ алу

Наши рекомендации