Міндеттемелердің есебі мен аудиті
Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Мемлекеттік мекеменің өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алуы үшін мынадай шоттар арналған:
1410 «Берілген қысқа мерзiмдi аванстар»;
1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары»;
1430 «Өзге қысқа мерзiмдi активтер»;
2810 «Өзге ұзақ мерзiмдi активтер»;
3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар»;
3420 «Өзге қысқа мерзiмдi міндеттемелері»;
4310 «Алдағы кезеңдердің кірістері»;
4320 «Өзге ұзақ мерзiмдi міндеттемелері».
Міндеттелер аудитінің бағдарламасы:
№ | Мазмұны | Ақпарат көзі | Бақылау тәсілдері |
2. | Құжаттардың толтырылу дұрыстығын тексеру | Счет-фактуралар, Банктің ішкі құжаттары | Қайта тексеру |
3. | Жүйеге дұрыс тексерілгенін тексеру | Счет-фактуралар, бухгалтерлік есеп регитсрі | Тексеру |
4. | Дебет-кредит операциясының жүйеде дұрыстығы | Төлем тапсырмасы, бухгалтерлік есеп регистрлері. | Тексеру |
Шығындар есебі мен аудиті.
Шығыстар активтің азаюымен немесе міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты, сенімді өлшене алатын экономикалық пайдалардың төмендеуі немесе сервистік әлеуеттің төмендеуі туындағанда танылады.
Бюджет бойынша шығындарды есепке алу мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің операциялық шығыстары Шоттар жоспарының 7000-7100 «Операциялық шығыстар» бөлімі шоттарының қосалқы шотында танылады және еңбекақы төлеуге, стипендия төлеу бойынша, қосымша белгіленген зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік салыққа, міндетті сақтандыруға, қорлар бойынша, іссапарларға, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша, ағымдағы жөндеуге және ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар кіреді.
Мемлекеттік мекеме шығыстардың есептелуін мынадай корреспонденциялармен көрсетеді:
1)Еңбекақы төлеу бойынша:
Дт 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шоты;
Кт 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты;
2)Мемлекеттік оқу орнында стипендия төлеу бойынша:
Дт 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар» шоты
Кт 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
3)Қосымша белгіленген зейнетақы жарналары бойынша:
Дт 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар» шоты
Кт 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты;
4)Әлеуметтік салық бойынша:
Дт 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар» шоты
Кт 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты;
5)көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті әлеуметтік сақтандыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға міндетті төлемдер бойынша:
Дт 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар» қосалқы шоты
Кт 3143 «Өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты;
6)Қорларды есептен шығару бойынша:
Дт 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шоты
Кт Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты;
7)Іс-сапарларға есеп беретін сома бойынша:
Дт 7070 «Іс-сапарларға арналған шығыстар» шоты
Кт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шоты;
8)Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша:
Дт 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар» шоты
Кт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты;
Бюджет шығындарының жиынтығы.