Тақырып. Қор индекстері мен индикаторлары
Мақсаты:
Қор индекстердің мәнін ашу, есептеу әдістерін қолдануды ретке келтіру жүйесін қарастыру, Қазақстан қорларының индикаторларына жалпы шолу жасау
Лекция жоспары:
1. Қор индекстерінің мәні
2. Қор индекстерін есептеу әдістері
3. Нарықтық индикаторлар және Қазақстан қорларының индикаторлары
Тақырыптың негізгі ұғымы:
Биржалық индекстер және олардың түрлері.Алғашқыда индекстер нарықта болып жатқан ақпараттан хабардар болу үшін қажет болды. Сөйтіп биржалық индекстер баға белгілеуді болжау мүмкіндігін туғызды. Қор нарығының даму барысында индекстер сауда объектісі ретінде, мысалы, фьючерстік шарт жасасқанда базалық тауар ретінде қолданылады. Бұдан басқа индекстер портфельдік инвестициялау кезінде де кең түрде қолданылады. Бұл кезде олар:
Біріншіден, бағалы қағаздарды портфельге таңдау кезінде инвестициялау пропорциясы мен оның басты бағытын анықтағанда бағдар ретінде қолданылса;
Екіншіден, индекстік қор әдісін қолданып портфельді пассивтік басқару тактикасында дилерлік шығындарды қысқартады.
Индекстер салалық, аймақтық, құрама және жаһандық болуы мүмкін. Олар кез-келген нарықта, яғни тауар, валюта, қор нарықтарында қолданылады. Алғашқыда индекстер қор нарығында пайда болған. Сондықтан қазіргі кезде де олар сол нарықта кең қолданыста болуда.
Индекстер оны есептеу әдісін құраған адамның атымен немесе оларды есептеген және хабарлаған ақпараттық агенттіктердің атауымен аталады. Мысалы, Доу-Джонс индексі әлемдік индекстердің ең көнесі, ең белгілісі. Ол Доу-Джонс компаниясының иесі Чарльз Доудың атымен аталады. АҚШ-та ол 1884ж. сол кездегі ең ірі 11 өнеркәсіп компанияларының акция бағамын өзгертетін орташа көрсеткішті есептеуге кіріскен. Алайда бұл индекстің пайда болуын техникалық тұрғыдан қарастырғанда ол индекс емес, оны орташа сан деп айтуға болады. Бұл индекстің атауы тектен-тек емес Доу-Джонс индексі деп аталмаған, себебі оның сөзбе-сөз аударылымы Доу-Джонстың өнеркәсіптік орташа көрсеткіші дегенді білдіреді.
Биржалық орташа көрсеткіш -ол кейбір биржалар үшін өлшенген немесе өлшенбеген орташа нарықтық баға. Керісінше, индекс - ол бар болған сан, бір өлшемнің, мысалы, доллардың немесе басқа да бірліктер өлшемінің құнын көрсетпейтін сан.
Биржалық орташа көрсеткіш және биржалық индекс– олар бағалы қағаздар нарығындағы көрсеткіштердің негізгі екі типі. Бұл индекстің екі типінің негізі бірдей, яғни белгілі бір датадағы тізімнен таңдап алған акцияның орташа бағасы болғанымен, алайда биржалық орташаға қарағанда биржалық индекс ең дәлірек, ең қолайлырақ деп есептеленеді.
Биржалық орташаны есептеу үшін екі әдіс –арифметикалық орташа және геометриялық орташа әдістер қолданылады. Арифметикалық орташа әдістеорташа шаманы есептеу үшін сауда жабылу кезіндегі көрсеткішке кіретінбарлықэмитенттеракциялары бағасының қосынды сомасы құрамдас бөліктердің санына бөлінеді. Акцияны шығарушы компанияның шығарған барлық акциясының көлемі мен оның айналыс санына қарамай-ақ, әрбір акцияның бағасы бірдей болады.
Нарықта қазіргі қолданылып жүрген индекстер – ол шын мәнінде ірі компаниялардың индекстері. Классикалық биржалық индекстер Доу-Джонс индексімен есептеліп шығарылады. Егер геометриялық орташа әдіс қолданылса, онда индексті құрайтын акциялар бағасына көбейтіледі. Сол көбейтіндіден n-дәрежесіндегі түбір шығарылады, онда n-индекстегі акция саны. Осы әдіс Англия және АҚШ–та әлемге белгілі екі индикаторды: Англиядағы FT-30 және АҚШ–тағы The Value Line Composite Average индикаторларын есептегенде қолданылады.
Биржалық саудадағы талдаулар.Биржалық қатысущы барынша көп табыс алуды және көптеген жоғары бағаланған активтерден ең тиімдісін таңдап алуды көздейді. Бірақ биржалық бағамға тікелей немесе жанама әсер ететін көптеген және кенет туындайтын себептерді қалай талдауға болады? Осы және көптеген басқа сұрақтарға жауапты
Әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативті-заңнамалық актілер жинағы. 2 томдық -1997, 1999 жж.
2.Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценнами бумагами в Республике Казахстан. Алматы – 1995 ж., 220 бет
3.Ануарбеков, Шарипбаев А.А. Справочник по ценнам бумагам в Республике Казахстан. Алматы – 1995 ж.
4.Кулекеев Ж.А., Джексекбаева Л.Н. Государственные ценные бумаги в экономике Казахстана/ учебное пособие. Алматы – 1996ж.
5.Шалгимбаева Г.Н. Рынок ценных бумаг: механизм государственного регулирования. Алматы – 1996 ж.
6.«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 Қаулысы
Теориялық білімдердің бақылау сұрақтары:
1.Биржалық индекс ұғымы
2.Биржалық индекстердің қызметтері
3.Биржалық орташа көрсеткіштің биржалық индекстен ерекшелігі
СОӨЖ на арналған тапсырма:
1. Негізгі талдаудың қор нарығын бағалаудағы ролі
2. негізгі талдаудың бөліктері және олардың сипаттамасы
Тест
1. Бағалы қағаздар нарығы – бұл?
а) Семинар компаниялардың бағалы қағаздар нарығына шығуының барлық қырларына арналған капитал нарығын мемлекеттік реттеу, негізгі қадамдар, талаптар және практикалық ұсынымдардан бастап, кәсіпорын активтерінің құнын өсіру тәсілдеріне дейін;
ә)шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет шығаратын бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі;
б)иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар;
в)Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы;
г) Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленеді.
2. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субьектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе қандай процеске қатысты?
а)күрделі жұмсалымдарды инвеститциялауға;
ә)жай жұмсалымдарды инвеститциялауға;
б) ағымдағы жұмсалымдарды инвеститциялауға;
в)болашақ жұмсалымдарды инвеститциялауға;
г)барлығы дұрыс.
3. ҚР-ң «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңы қашан қабылданды?
а) 1995ж. 31 шілде в) 2000ж. 16 шілде
ә) 2003ж. 16 шілде г) 2004ж. 15 шілде
б) 2003ж. 25 шілде
4. Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған жылға жатады.
а) 1991 ж. ә) 1995ж. б)1996ж. в) 1999ж. г)1990ж.
5. Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы болып бөлінеді?
а)бастапқы және соңғы; ә) қайталама және соңғы; б) бастапқы және қайталама;
в) қайталама; г) соңғы.
6. Қайталама рыног қанша бөліктен тұрады?
а)3; ә)5; в.7; г.4; д.2
7. Бастапқы рыног- бұл?
а. табысты стратегиялар және озық тәжірибе» атты тақырыпта ақпараттық білім беру;
б. қатысушылардың қосымша қаржы таратуын және капиталдандыруды өсірудің тиімді тәсілі ретінде компаниялардың практикалық шешімдерімен таныстыру және аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылау;
в. қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр;
г. бағалы қағаздардың иеленушілерінің жаңа шығарылатын бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады;
д. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
8 . қайталама рыногта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелері не істейді?
а. ауысады; б.тағайындалады; в.реттеледі; г.қызмет етеді;
д. шығарылады.
9. Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы қанша жылдай уақытты алды?
а.4 жыл; б.6 жыл; в. 3жыл; г.8 жыл; д.10жыл.
10. Қай жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %- ды құрайды.
а. 1991-1995ж.ж. б.1996-2000 ж.ж. в.1995-1997ж.ж.
г. 1991-1993 ж.ж. д.1993-1996ж.ж.
11. Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен обьективті түрде алдын ала анықталады және не жасай алады?
а. осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.
б. қатысушылардың қосымша қаржы таратуын және капиталдандыруды өсірудің тиімді тәсілі ретінде компаниялардың практикалық шешімдерімен таныстыру және аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылай алады;
в. . бағалы қағаздардың иеленушілерінің жаңа шығарылатын бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады;
г. Іс шара бағдарламасы жарты күнге есептелген болатын, осы уақыт ішінде бағалы қағаздар нарығына шыққан жағдайдағы компания қызметінің маңызды қырлары ашып көрсетілді;
д. Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленеді.
12 . Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыногтан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын біріңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында кімдер жүргізеді?
а. үкімет; б.халық; в. дилерлер мен брокерлер; г.ұйымдастырушы; д.сатып алушы.
13. Ұйымдастырылған рыногта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырыл маған рыногта операциялар қалай жүргізіледі?
а. шамалы қатаң ережелер бойынша; б. өте қатаң ережелер бойынша;
в.жай ережелер бойынша; г.бір ереже бойынша; д. ереже бойынша жүргізілмейді.
14 2008 жылы 31 ақпанда сағат 10.00 – де облыс өкімінің бірінші орынбасары С.Еңсегеновтің төрағалық етуімен, Алматы қаласының өкілдері қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі ҚР Агенттігінің өкілдері қатысуымен не өтті?
а. концерт;
б.семинар;
в.ұйымдастырылған кеш;
г. «Қор нарығына компаниялардың шығуы – табысты стратегиялар және озық тәжірибе» атты тақырыпта ақпараттық білім беру семинары өтті;
д. «Қор биржасын дамыту» тақырыбында ақпараттық білім беру семинары өтті.
15 Қайталама рыног екі бөліктен тұрады. Соның бірі ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – ол....
а. дербестігі бар меншік иелерінің болуымен обьективті түрде алдын ала анықталады;
б. бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді;
в. мәмілелер сауда – саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы;
г. бағалы қағаздар орналастыру технологиясы, эмиссиялар дайындағанда негізгі заңдық мәселелер, компания және корпоротивтік басқарудың несиелік рейтингінің рөлі мен маңызы; д. дұрыс жауап жоқ.
16. Жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы – Орталық азия қор биржасы (ОАҚБ) қай уақыттан жұмыс істей бастады.
а.1993ж.19 сәуірінен бастап; б.1997ж.19 мамырынан бастап; в.1995ж. 29 наурыздан бастап; г.1996ж. 17 сәуірінен бастап; д. 1995 ж. 19 сәуірінен бастап.
17. қаржы рыногтарын басқа критерийлер бойынша ажыратуға болады:
. а. кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы; мезгілдері бойынша:
б. ұлттық, халықаралық, аймақтық; кассалық, форвардтық;
в. бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т. б.
г. қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы;
д. барлығы дұрыс.
18. Қаржы рыногтарын аумақтық критерийі бойынша:
а. ұлттық, халықаралық, аймақтық;
б. кассалық, форвардтық;
в. акциялар, облигациялар;
г. бағалы қағаздар рыногы;
д. қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы.
19.Қаржы рыногының мезгілдері бойынша:
а. кассалық, форвардтық;
б. акциялар, облигациялар;
в. ұлттық, халықаралық, аймақтық;
г. қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы;
д. бағалы қағаздар рыногы.
20. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында қай жылы Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктерді Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.
а. 2001 ж. маусымында; б. 2005ж. маусымында; в. 2006ж. маусымында;
г. 2004ж. маусымында; д. 2003ж. маусымында.
21. ҚР-ң «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңы қашан қабылданды?
а. 1995ж. 31 шілде г. 2000ж. 16 шілде
б. 2003ж. 16 шілде д. 2004ж. 15 шілде
в. 2003ж. 25 шілде
22. Қор биржасы дегеніміз не?
а. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының қор биржасының өзін өзі өтеу;
б. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда–саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым;
в. Сауда жүйелерін пайдалану және қолдану;
г. Өз мүшелеріне ұйымдық, консультатциялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
д. Ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
23. Қор биржасының өз қызметінде қандай қағидаларға сүйенеді?
а. өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді;
б. сауда-саттықты ұйымдастырудың қағидаты;
в. бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушы қағидаты;
г. бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізу қағидаты;
д. мәмілелерді тіркеу және рәсімдеу қағидаты.
24. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе немен орналастырылады?
а. Облигациялар;
б. акциялар;
в. Бағалы қағаздар;
г. Сауда-саттық;
д. Мәмілелер жасаумен.
25. Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғамдардың қандай бағамы белгіленеді.
а. Акцияларының;
б. облигацияларының;
в. Бағалы қағаздар;
г. Мәмілелер жасау;
д. Қор биржасы.
26. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде қанша болуы тиіс?
а. 6; б. 3; в. 5; г. 10; д. 7;
27. Сауда-саттықты ұйымдастырушының кірісі оның қандай қаражатынан құрылады?
а. негізгі қызметінен алатын қаражат есебінен;
б. қор биржасынан алатын қаражат есебінен;
в. Облигациялардан алатын қаражат есебінен;
г. Акциялардан алатын қаражат есебінен;
д. Бағалы қағаздардан алатын қаражат есебінен;
28. Қаржы рыногының жұмыс істеуі қандай реттеуді талап етеді?
а.қаржылық реттеуді; б.бағалы қағаздармен реттеуді;
в. мемлекеттік реттеуді; г. биржалық реттеуді;
д.кәсіби қатысушылармен реттеуді.
29. Қор биржасы қандай институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді?
а.индустриялық институттар ретінде; б.инфляциялық институттар ретінде;
в.кәсіби институттар ретінде; г.мүшелік институттар ретінде;
д. инвестициялық институттар ретінде.
30. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру жөнінде жаңаларын құру үшін қажетті алғы шарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана ........ төмендігі проблемасының толық шешуіне мүмкіндік береді?
а. мемлекеттің қаржы рыногының өтімділігінің;
б.Үкіметтің қаржы рыногының өтімділігінің
в.институттардың қаржы рыногының өтімділігінің;
г. инвесторлардың қаржы рыногының өтімділігінің;
д. Қордың қаржы рыногының өтімділігінің.
31. Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы-акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда- саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қай тұлға?
а. сауда- саттықты ұйымдастырушы тұлға;
б. бағалы қағаздар рыногының баға белгілейтін тұлға;
в.проблемеларды шешу;
г. заңи тұлға;
д. ұйымдық-құқықтық тұлға.
32. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді. Тағы бір функциясы?
а.обьектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады;
б. субьектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады;
в.заңи тұлғаға келтірілген залалдардың орнын толтырады;
г. мемлекетке келтірілген залалдардың орнын толтырады;
д. бағалы қағаздар рыногына келтірілген залалдардың орнын толтырады.
33. Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында лицензия не үшін алады?
а. Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге;
б. бағалы қағаздар рыногының заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге;
в. мемлекеттік заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге;
г. субьектінің заңнамасына сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге;
д. . ұйымдық-құқықтық заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге.
34. Қор биржасы бағалы қағаздардың қандай рыногының ұйымдастырушысы болып табылады?
а. қайтарымды рыногының; б. қайтармалы рыногының;
в.қайталамайтын рыногының; г. қайталама рыногының
д. Қор рыногының.
35. Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының қалай қамтамасыз етеді?
а. қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
б. мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;
в. өтімділігін қамтамасыз ету
г. қор биржасын қамтамасыз ету;
д. Қор нарығын қамтамасыз ету;
36 Бағалы қағаздармен сауда-саттықты қор биржасы, қандай заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.
а. «Бағалы қағаздар рыногы туралы»
б. «Акционерлік қоғам туралы»
в. «Қор нарығы туралы»
г. «Бағалы қағаздарды шығару туралы»
д. «Биржа ісі туралы»
37. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны қандай дамытуға пайдаланылады?
а. ұйымдық-құқықтық дамытуға;
б. материалдық-техникалық дамытуға;
в. қор нарығын дамытуға;
г. қоғамдық ұйымдарды дамытуға;
д.биржаны дамытуға.
38. Бағалы қағаздар нарығы – бұл?
а. шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет шығаратын бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі.
б. биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады;
в. әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвеститциялау процесіне қатысты;
г.бұдан басқа қаржы рыногтарын басқа критерийлер бойынша ажыратылады;
д. барлығы дұрыс.
39. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру?
а Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдері және меншікті сатудың формалары;
б .Қор биржасының қызметі және қызметі бойынша Қазақстан Республикасының іс әрекет ететін заңнамалар туралы;
в. бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленеді;
г. эмитенттер қызметіне талаптар мен стандартты белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
д. сауда-саттықты ұйымдастырудың ережелерімен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
40. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың қандай шығарылымдарын
қамтиды?
а. жаңа шығарылымдарын;
б. ескі шығарылымдарын;
в. айналыстағы шығарылымдарын;
г.енгізу үстіндегі шығарылымдарын;
д. Бұрыс жауап жоқ.
41.Бағалы қағаздар нарығын реттеу дегеніміз не?
а) Мемлекеттік органдар арқылы реттеу
ә) барлық қатысушылардың іс–әрекетін және олардың арасында операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі.
б) бағалы қағаздар нарығын нормативтік актілер арқылы, салық салу арқылы реттеу
в) дұрыс жауабы жоқ
42.Нарыққа қатысушылардың іс–әрекетін екі жақты реттеуге:
а) негізгі және қосымша
ә) сыртқы және негізгі
б) ішкі және сыртқы
в) тұрақты және айнымалы
43.Ішкі реттеу дегеніміз?
а) осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметтерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс–әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжет талаптарын орындауы.
ә) осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
б) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі.
в) барлығы дұрыс
44.Реттеудің түрлері:
а) Мемлекеттік реттеу, экологиялық реттеу, әкімшілік реттеу;
ә) Нарықтың өзін–өзі реттеуі, Мемлекеттік реттеу;
б) Қоғамдық реттеу, Нарықтың өзін–өзі реттеуі, Мемлекеттік реттеу;
в) экономикалық реттеу, әлемдік реттеу, мемлекеттік реттеу;
45.Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің екі түрлі жолы:
а) мемлекеттік органдар уәкілі қатысумен тікелей араласу және нарыққа жанама араласу.
ә) оның бір ғана жолы бар, ол тікелей араласу;
б) ішкі және сыртқы
в) дұрыс жауабы жоқ
46.Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталғаннегізінен үш қызметін көрсет:
а) бақылау, бөлу, реттеу;
ә) ұйымдастыру, тікелей қатысу, хабарлармен қамтамасыз реттеу;
в) қызметкерлерді тіркеу, хабарлармен қамтамасыз ету, құқық тәртібін сақтау;
47.Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мақсаты көрсет:
а) бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
ә) барлық қатысушылардың іс–әрекетін және олардың арасында операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі.
б) Бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету
в) барлық жауабы дұрыс;
48.Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының негізгі атқаратын қызметтері:
а) Бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау; Қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;
ә) Бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекттің қаржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;
б) Бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету; Қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру; Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құруға әрекет жүргізу.
в) Барлығы дұрыс;
49.2004 жылы құрылған, қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган –
а) Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.
ә) Қаржы министрлігі
б) Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарды мемлекттік реттеу және қадағалау Агенттігі.
в) Ұлттық қор
50.Өзін–өзі реттеуші ұйымдар:
а) ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтық кейбір іс–әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.
ә) әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздарға негізделген қорлар. Бұл қорлардың шығарған бағалы қағаздарының курсы аз өзгерістерге душар болады.
б) ішкі реттеу арқылы өзін өзі реттейтін бөлімшелерлің жиынтығы;
в) бағалы қағаздарды сатып алу және сату және қаржылық инвесторларан эмитенттерге берілуі жүзеге асырылатын несие капиталы нарығының бөлігі.
51.Өзін–өзі реттеуші ұйымдар қызметтері:
а) Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;
ә) Кәсіби қатысушылардың және клиенттердің мүддесін қорғау;
б) Кәсіби қатысушылар тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау;
в) жауаптардың барлығы дұрыс
52.Әлемде қаржы нарығында өзін–өзі реттейтін ұйымдардың түрлері:
а) Халықаралық ұйымдар, Ұлттық ұйымдар, Аймақтық ұйымдар;
ә) ДСО, Мемлекеттік ұйымдар;
б) Қор биржасы, Қаржы министрлігі
в) Әлемдік өзін өзі реттеу ұйымдары
53.Қазақстанда ең алғашқы заң жүзінде құрылған өзін–өзі реттеуші ұйым:
а) Халықаралық ұйым
ә) Ұлттық ұйым
б) Қазақстан қор биржасы
в) Аймақтық ұйым
54.Активтерді басқарушылар Ассоциациясы қай жылы құрылған:
а) 1995 жылы 21 қарашада
ә) 1999 жылы 13 қарашада
б) 1995 жылы 13 сәуірде
в) 1998 жылы 21 қарашада
55.Өзін–өзі реттеуші ұйым ретінде 1998 жылдың екінші тоқсанында тіркеушілер Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясының міндеттері:
а) реестрұстаушылардың мүддесін білдіру және қызметін біріктіру; Реестрұстаушылар қызметінің стандарттарын дайындау
ә) ассоциация мүшелерінің жалпы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;
б) Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытуда мемлекеттік органдарға көмектесу;
в) барлығы дұрыс.
56.Акция формасы
а) ақшалай түрдегі
ә) тауар түрінде
б) бағалы қағаз түрінде
в) аралас түрде
57.Акцияда жазылған сома, оның
а) бастапқы құны
ә) жойылу құны
б) болашақтағы құны
в) номинал құны
58.Нарықтағы акцияны сатып алу – сату бағасы
а) номиналды бағасы
ә) акция бағасы
б) бастапқы сомасы
в) пайда әкелу сомасы
59.Акция иесі
а) мүлдем ауыспайды
ә) 2 рет қана ауысуы мүмкін
б) сан рет ауысады
в) ауысуға тыйым салынады
60.Қоғамның негізгі құжаты (капиталы) бұл
а) негізгі капиталы
ә) жарғылық капиталы
б) айналым капиталы
в) барлық капиталы
61.Жарғылық капитал
а) шығарылған акцияның бастапқы жиынтық құны
ә) шығарыдған акцияның соңғы жиынтық құны
б) шығарылған акцияның орташа жиынтық құны
в) 1 акцияға шаққандағы құны
62.Жарғылық капитал өз кезегінде бөлінеді:
а) 2
ә) 4
б) 5
в) 3
63.Акция бағытталған:
а) АҚ-ң өз капиталын ұлғайтуға
ә) тек айналым капиталын ұлғайтуға
б) өз капиталының тұрақтылығын қамтамасыз етуге
в) тек қорларды көбейтуге
64.Бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша нешеге бөлінеді?
а) бөлінбейді
ә) 2
б) 3
в) 4
65.Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша бөлінеді:
а) 2
ә) 3
б) 4
в) 5
66.Атаулы акция дегеніміз бұл..
а) иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция
ә) иесі қоғам кітабында тіркелуге міндетті емес
б) тіркелуі өз еркінде
в) қоғам мүшесі болу міндетті емес
67.Ұсынушы акциясы...
а) иесінің аты – жөні қоғам кітабында тіркелген акция
ә) тіркелмеген акция
б) тіркелуі өз еркінде
в) сатып алушы акциясы
68.Басқаға беру тәсілі бойынша...
а) жай және артықшылықты
ә) атаулы және ұсынушы
б) жай және атаулы
в) атаулы және артықшылықты
69.Қоғамға басқару жағынан қолайлы акционер бұл ..
а) қолында ұсынушы акциясы бар акционер
ә) қолында атаулы акциясы бар акционер
б) қолында жай акциячы бар акционер
в) қолында артықшылықты акциясы бар акционер
70.Қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер қандай акцияны қолдайды?
а) ұсынушы акциясын
ә) атаулы акцияны
б) артықшылықты акцияны
в) жай акцияны
71.Ұсынушы акциясының номиналы..
а) тым жоғары
ә) тым жоғары емес
б) төмен
в) орташа
72.Ұсынушы акциясы..
а) көп тиражбен шығарылады
ә) бір ғана тиражбен шығарылады
б) екі тиражбен шығарылады
в) санаулы тиражбен
73.Қоғамды басқаруға қатынасы бойынша бөлінеді:
а) жай және артықшылықты
ә) жай және ұсынушы
б) қсынушы және артықшылықты
в) жай және атаулы
74.Әр бір жай акция өз иесіне неше дауыс үлесін береді?
а) бір дауыс үлесін
ә) екі дауыс үлесін
б) бірнеше
в) өз еркі бойынша
75.Жай акция дивиденд алуға...
а) кепілдік береді
ә) кепілдік бермейді
б) бір рет қана береді
в) құрылтайшылардың шешімі бойынша беріледі
76.Дивиденд дегеніміз бұл..
а) жалпы пайда бөлігі
ә) таза пайда бөлігі
б) салық төлемегендегі қалдық
в) акциядан түскен жалпы пайда
77.Дивиденд толық түрлерін көрсетіңіз
а) қолма–қол төленетін, мүліктік және акция формасындағы дивиденд
ә) мүліктік дивиденд
б) акция формасындағы және қолма-қол төленетін дивиденд
в) барлығы дұрыс
78.Жай акция бойынша меншік құқығын басқаруға беру деген ол..
а) өз акциясын сату
ә) өз акциясын сыйға тарту
б) сыйға тарту және сату
в) барлығы дұрыс
79.Қоғам активі бұл..
а) қозғалатын меншігі
ә) қозғалмайтын меншігі
б) қозғалатын және қозғалмайтын меншігі
в) тек өзге қоғамдағы алашақ активі
80.Директорлар кеңесі сайланады..
а) қоғам акционерлерінің жылда өтетін жиналысында
ә) кез келген жиналыста
б) ай сайынғы жиналыста
в) 50% мүгелері болса
81.«Индоссамент» белгісі бұл...
а) акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында 2 жақтың қолы қойылған белгі
ә) акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында сатып алушының қолы қойылған белгі
б) акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында тек сатушы қолы қойылған белгі
в) акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында директорлардың қолы қойылған белгі
82.Қоғам «А» және «Б» сериялы акция шығаруға құқылы. Сондағы «А» сериясы бұл...
а) инвесторларға тиісілі
ә) қоғам құрылтайшыларына тиісілі
б) директорлар кеңесіне тиісілі
в) несие берушілерге тиісілі
83.Қоғамның «Б» сериясы ...
а) инвесторларға тиісілі
ә) қоғам құрылтайшыларына тиісілі
б) директорлар кеңесіне тиісілі
в) несие берушілерге тиісілі
84.Артықшылықты акция түріне жатпайтынын табыңыз.
а) қатысушылар және қатыспаушылар
ә) кумулятивтік және кумулятивтік емес
б) жай және атаулы
в) айырбасталатын және айырбасталмайтын
85.Кумулятивтік емес артықшылықты акция бойынша
а) оның иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқылы емес
ә) төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендтіне қосуға болмайды
б) өз иемденушісіне үстемепайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді
в) өз статусын өзгертуге мүмкіндік жоқ
85.Облигация бұл ..
а) ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме
ә) қысқа мерзімді борыштық міндеттеме
б) орта мерзімді борыштық міндеттеме
в) ұзақ мерзімді алашақ қарыз
86 Қамтамасыз ету әдістеріне облигация бөлінеді:
а) 2
ә) 3
б) 4
в) 5
87.Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқықтарына байланысты облигацияның дұрыс емес категориясын табыңыз.
а) қайтарып алынатын облигация
ә) жинақталған қол облигциясы
б) қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілменен облигация
в) ұлғаймалы облигация
88.Ордерлі облигация бұл..
а) эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді.
ә) жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді.
б) негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
в) ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді.
89.Облигация рейтингі бұл..
а) олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы
ә) олардың облигация сапасын бағалауы
б) олардың сапасын мемлекеттің бағалауы
90.«Инвестициялық класты» облигациялар дегеніміз
а) ең жоғарғы рейтигілі облигация
ә) жоғары рейтингілі облигация
б) ортадан жоғары рейтингілі облигация
в) төмен рейтингілі облигация
91.«Алыпсатушылық» бұл..
а) ең жоғарғы рейтигілі облигация
ә) жоғары рейтингілі облигация
б) төмен рейтингілі облигация
в) ең төменгі рейтингілі облигация
92.Облигацияның «сыйлықпен сатылуы» дегеніміз
а) егер облигацияның нарықтық бағасы номиналынан кем болса
ә) егер облигацияның нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса
б) егер облигацияның нарықтық бағасы күтілетін пайда бағасынан жоғары болса
в) егер облигацияның нарықтық бағасы күтілетін пайдадан кем болса
93.Мақсатты облигациялардың міндетті түрдегі реквизиті дегеніміз ол
а) негізгі бөлігінен басқа облигацияға пайыз төлеуде қолданатын купон қосылуы
ә) қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
б) облигацияларды шығаруда және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен рөл білдіреді.
в) облигациялардың шығарылуын қамтамасыз ететін тауардың көрсетілуі
94.«Ажио» дегеніміз бұл...
а) олбигацияның өтелуі кезінде номиналдық құныана жоғары бағамда сатылуы
ә) номиналдық бағасынан төменгі бағамда сатылуы
б) жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді.
в)инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыру құқығы.
95.«Дизажио» ұғымы нені білдіреді?
а) олбигацияның өтелуі кезінде номиналдық құныана жоғары бағамда сатылуы
ә) жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді.
б) инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыру құқығы.
в) номиналдық бағадан төмен бағамен облигациялардың сатылуы
96.«Рендит» дегеніміз бұл..
а) облигациялардың өтелуі кезінде номиналдық құнынан жоғары сатылуы
ә) номиналдық бағасынан төмен сатылуы
б) бағалы қағаздардан түсетін табыс
в) номиналдық пайыз
97.Қамтамасыз етілген облигацияның дұрыс нұсқасын белгілеңіз
а) жалпы керілдігі бар облигация
ә) олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы
б) оларды шығарғанда кепілдікке қоғам активтерін немесе мүліктерін сату
в) олардың шығарылуын қамтамасыз ететін тауардың көрсетілуі
98.АҚШ- тағы белгілі «Мудиз» компаниясының рейтинг анықтаудағы «Ааа» қандай рейтинг?
а) жоғары сапа
ә) төмен сапа
б) өте жоғары сапа
в) орта сапа
99. АҚШ- тағы белгілі «Мудиз» компаниясының рейтинг анықтаудағы «Ваа» қандай рейтинг?
а) өте жоғары сапа
ә) төмен сапа
б) жоғары сапа
в) орта сапа
100.АҚШ- тағы белгілі «Мудиз» компаниясының рейтинг анықтаудағы «Са» қандай рейтинг?
а) жоғары сапа
ә) өте төмен сапа
б) төмен сапа
в) өте жоғары сапа
101.«Ұлғаймалы облигация» дегеніміз бұл...
а) эмитенттеріне номиналдық құнынан құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді.
ә) пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді.
б) оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
в)ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияларды тапсыруға құқық береді.
102.«Сериялды» облигация бұл..
а) негізгі қорларды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайыздарды жылдан жылға жоғарылатуды қамтасыз ету
ә)пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді.
б) оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
в) ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияларды тапсыруға құқық береді.
103.қайтарып алынатын облигация бұл..
а) эмитенттеріне номиналдық құнынан құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді.
ә) пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді.
б) оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
в) ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияларды тапсыруға құқық береді.
104.Жинақталған қор облигациялары бұл..
а) эмитенттеріне номиналдық құнынан құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді.
ә) пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді.
б) оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
в)ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияларды тапсыруға құқық береді.
105.«Қысыңқы облигация» бұл..
а) эмитенттеріне номиналдық құнынан құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді.
ә) пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді.
б) оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
в)ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияларды тапсыруға құқық береді.
106.«Айырбасталатын облигациялар» бұл..
а) эмитенттеріне номиналдық құнынан құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді.
ә) пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді.
б) оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
в) инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияларды шығару
107. Облигация өзінің қаржылық және заңды сипаты жағынан алғанда қандай қызмет атқарады?
а) қысқа мерзімді несие құралы ретінде
ә) орта мерзімді несие құралы ретінде
б) ұзақ мерзімді несие құралы ретінде
в) лизинг несиесі құралы ретінде
108.Тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар рендитінің есептелу формуласы келесідей
а) эмиссиялық бағам/ номиналдық пайыз
ә) нарықтық баға/ номиналдық баға
б) эмиссиялық бағам* нлминалдық бағам
в) номиналдық пайыз/ эмисси\лық бағам
109.Облигацияның номиналдық құынан жоғары бағада сатылуының дұрыс нұсқасын көрсетіңіз
а) дижазио
ә) үстеме баға
б) ажио
в) нақты баға
110.Облигацияның номиналдық құнынан төмен бағада сатылуы қалай аталады?
а) номиналдық баға
ә) үстеме баға
б) ажио
в) дизажио
111.Ордерлі облигацияны әлемдік тәжіребеде басқаша қалай атайды?
а) жыртылмайтын талон
ә) жыртылатын талон
б) тәуекелді облигация
в) нақты облигация
112.Облигацияның элементтерін табыңыз
а) барлығы дұрыс
ә) облигацияны шығарушы фирма аты
б) номиналдық құны
в) облигшация сериясы мен нөмері
113.Қамтамасыз етілмеген облигация бұл
а) заңды құжаттармен қамтамасыз етілген
ә) қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген, жай ғана қайтару туралы уәде
б) ордерлі облигация
в)сериялы облигация
114.Облигацияда оны шығарған фирманың атауы көрсетілуі..
а) міндетті емес
ә) өз еркімен
б) міндетті
в) облигацияны тек мемлекет шығарады. Сондықтан міндетті емес
.
115.Мемлекеттік бағалы қағаздар – ол
а) Салықтың бір түрі
ә) бағалы қағаздарды реттеу органдарының негізгі қызметі
б) үкіметтің қарыз міндеттемесі
в) жеке субъектілердің бағалы қағаздары
116.Егер бюджет тапшгылығы соғыс, экономиканы милитаризациялау және т.б келеңсіз жағдайлардың салдарынан, ұлттық өндіріс деңгейінің төмендеуінен туындаса, онда
а) ол оң тапшылық
ә) ол теріс тапшылық
б) тепе теңдік
в) тиімді құбылыс
117.Мемлекеттің өтелмеген займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы денегіміз не?
а) мемлекеттік қарыз
ә) мемлекеттік табыс
б) кәсіпкерлік табыс
в) жалпы пайда
118.Займдарды орналастыру аясын есептегенде мемлекеттік қарыз қалай болып бөлінеді?
а) заңды және жеке
ә) жеке және мүліктік
б) мақсатты және арнайы
в) ішкі және сыртқы
119.Мемлекеттік қарыздың түрлеріне жататын қатарды көрсетіңіз: а)
а) корпорациялық займдар; еңбекақы боынша шығындар
ә) банкаралық несие; мемлекеттік ссудалар
б) жеке тұлғалардың несиелері; компаниялар несиелері
в) үкімет алған несие; мемлекеттік займдар; үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері
120.Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың мақсатына жатпайтын қатарды көрсетіңіз
а)мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;
ә)мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;
б)экономикалық өрлеу проценттерін реттеу
в)мемлекеттік валютаны эмиссиялау
121.Әлемдік тәжірбиеде мемлекеттің құжат түріндегі қарыз міндеттемесі алашқыда қай мемлекеттерде пайда болған
а) Қытайда, Еуропада
ә) Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде
б) Францияда, Германияда
в) Ресейде, Ұлыбританияда
122.АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентіне қарай қарай бөлінеді?
а) федеральдық бағалы қағаздар; жеке азаматтардың баалы қағаздары
ә) бағалы қағаздар агенттіктерінің баалы қағаздары; тұрғындардың бағалы қағаздары
б) Федеральдық үкіметтің қазынашылық бағалы қағаздары; Үкіметтік мекемелердің, агенттіктердің бағалы қағаздары
в) мемлекеттік органдардың бағалы қағаздары; Орталық Банктің бағалы қағаздары
123. Сауда-саттық қор нарығының кез-келген бөлімінде жүргізілетін бағалы қағаздар
а) қайтымды
ә) қайттымсыз
б) мемлекеттік
в) акция
124. қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізілетін қағаздар
а) мемлекеттік облигациялар
ә) Қазынашылық вексельдер
б) акциялар
в) фьючерстер