Баға саясаты» түсініктерінің мәні мен маңызы.

Тақырып Кәсіпорынның өнімінің бағасын қалыптастыру

Бәсекелік ортада кәсіпорындардың баға саясатын қалыптастыруды реттеп отыру-сол кәсіпорындардың нарықта бәсекеге қабәлеттілікке жарамды болуына кепіл бола алады.

Нарықтық экономикада кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелік қабілеті оның баға белгілеудегі ұстанып отырған саясатына тікелей байланысты. Бұл жерде кәсіпорынның басты мақсаты тек мол табыс алуға ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.

Бәсекелік нарықтағы бағалық бәсекенің өзі де кәсіпорындардың төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.

Бағалық бәсекеге түсуге талпынған әр бір кәсіпорын нарыққа ену мүмкіндіктері мен шығыемен жұмыс істеу қауіптерін, бәсекелестерінің артықшылықтары мен тұтынушыны қызықтырар әдістерін, бәсекелестер тарапынан болатын қыспақтар мен олардың алдын-алу шараларын ойластыра отырып, баға саясатына қатысты шешімдерін айқындағаны дұрыс.

Баға саясаты» түсініктерінің мәні мен маңызы.

Кəсіпорынның баға саясатының мəні бұл бағаның ұтымды деңгейін жəне

құрылымын қалыптастыру, қолдау, жəне нарық жағдайында мүмкін болатын мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар жəне нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады.

Баға нарықтық экономика жағдайында – кəсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кəсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді. Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мəселесі – бұл олардың тіршілік жəне жақсы тұрмыс халінің көзі.

Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс əдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген кəсіпорынның қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кəсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кəсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кəсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады. Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.

1-кесте. Баға деңгейі мен серпініне әсер ететін факторлар

Бағаның арзандауына әсер ететін факторлар Бағаның жоғарлауына әсер ететін факторлар
Өндіріс өсімі Техникалық прогресс Өндіріс шығындары мен айналым шығындарының азаюы Бәсеке Салықтар мөлшерінің кемуі Тікелей байланыстардың ұлғаюы. Өндірістің құлдырауы Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы Кәсіпорын монополиясы Дүрлікпе сұраным Айналымдағы ақша массасының өсімі Салықтар мөлшерінің артуы Еңбек ақы өсімі Кәсіпорын пайдасының өсімі Тауар сапасын жақсарту Жұмыс күшінің бағамының өсімі Капиталды, негізгі қорларды, жұмыс күшін, жерді пайдалану тиімділігінің төмен болуы.

Жоғарыда көрсетілген 1-кестеде бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар көрсетілген. Олар әр түрлі әсер етуі мүмкін. Мысалы, өнімді өндіруге кеткен шығындардың азаюы өзіндік құнды төмендетеді, соған байланысты ол тауарға баға төмен белгіленеді. Ал, кәсіпорын нарықта монополист болса ол тауарға сұраныс жоғары болады да, кәсіпорын жоғары бағаны белгілейді. Кәсіпорын бағаны белгілеу кезінде осы факторларды ескеруі қажет.

Кəсіпорындарда белсенді жəне пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын жəне неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бəсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады. Сондықтан, бағаның көмегімен, кəсіпорын бəсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады.

Пассивті баға саясатын ұстанған кəсіпорындар, нарықтағы үлесіне ұзақ

мерзімде келіседі жəне баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады.

Пассивті баға белгілеу – бұл баға деңгейін дəлме – дəл шығынға негізделген əдістер негізінде əлде бəсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.

Баға белгілеудің тəсілдері:

1. Шығынға негізделген тəсіл:

Өнім→Технология→Шығындар→Бағалар→ Құндылық → Тұтынушылар.

2. Құндылыққа негізделген тəсіл:

Тұтынушылар→Құндылық→Бағалар→Шығындар→Технология → Өнім.

Баға белгілеудің шығынға негізделген тəсілі, бұл - фирманың тауарларды өндіру жəне өткізуге жұмсалған нақты шығындарын, баға белгілеу саясатында қолдануы. Құндылыққа негізделген баға белгілеу – бұл, «құндылық / шығындар» ұтымды ара қатынасы негізінде, неғұрлым мол пайданы қамтамасыз ететін баға деңгейін қалыптастыру.

Баға белгілеу тəсілдері өзіндік құн негізіндегі баға белгілеу жүйесіндегі

кемшіліктерді жəне құндылық бойынша баға белгілеудің жүйесін көрсетеді.Өзіндік құн негізінде баға белгілеуде өнімді басқарады. Конструкторлық жəне өндірістік бөлімдер өз ойларынша «жақсы» болып саналатын өнімді жасап, жарыққа шығарады. Одан кейін, олар тауардың қосымша сипаттамаларын қамтамасыз ету жəне оған қызмет көрсету үшін қосымша шығындар жұмсайды. Сонан соң ол шығындар сомасы мақсатты бағаны анықтау үшін қолданылады. Егер, өзіндік құн негізінде анықталған баға əділетсіз болса, аталған мəселені шешу үшін тауарлардың үстеме бағаларының деңгейін өзгеріске ұшыратады. Бұл тактика қысқа уақыт мерзімінде нарықта қажетсіз шығындар жасамауға сақтандырады, бірақ бұл ақырғы шешім емес. Өзіндік құн негізінде белгіленетін баға мəселесін шешу, тез шегерімдерді белгілеумен шешілмейді, ол үшін барлық баға белгілеу үдерісін толығымен қайта қарау қажет.

Құндылық негізінде баға белгілеуде мақсатты баға деңгейін анықтау,

тұтынушы үшін тауар құнын бағалауға негізделеді. Бұл мақсатты баға, одан кейін өндіріске қажет болатын шығындар туралы шешім қабылдауға əкеледі.

Қазіргі кезеңде көптеген фирмалар өзіндік құнға негізделген əдістердің пайдаға қолайсыз əсер ететіндігін мойындайды. Олар нарықтық жағдайларды ескеретін баға белгілеуге мұқтаж екендіктерін жете түсінеді. Құндылық негізінде баға белгілеудің мақсаты –аса жоғарғы деңгейдегі құндылықты қамтамасыз ете отырып, неғұрлым мол пайданы қамтамасыз ететін баға белгілеу. Мұнда, өткізілетін өнім көлемін ұлғайту арқылы пайда табу көзделмейді.

Құндылыққа негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін

жасалынған құндылықпен, компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.

Баға саясатыдегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кəсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бəсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кəсіпорынның қандай да бір мақсатының нəтижесіне əр түрлі əсер етеді. Бағаның өзгеруі кәсіпорынның пайдасына және де басқа да қызметтеріне оң және теріс әсерін тигізеді

Бағалардың өзгеруі нәтижесінде пайда көбеюі де азаюы да мүмкін. Сол үшін кәсіпорын баға саясатын ылғи қадағалап тұруы қажет.

Баға саясатының негізгі мақсаттары төмендегідей:

1.Нарықта фирманың одан ары күнелтуін қамтамасыз ету.

2.Пайданы қысқа мерзімде барынша көбейту.

3.Айналымды қысқа мерзімде ұлғайту.

4.Өнімнің өтімін барынша ұлғайту.

5. Жоғарғы деңгейдегі бағаларды белгілей отырып, нарықтың «қаймағын

қалқу».

6.Сапа бойынша озат болу.

Баға саясатының қалыптасуы жəне оның іске асырылуы кəсіпорынның жалпы саясатымен байланысты, себебі əрбір кəсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушылардың басым көпшілігіне өнімдерді табысты сатып өткізу мақсатын көздейді. Баға саясатын қалыптастыру жəне табысты іске асыру үшін белгілі бір кəсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мəселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші құрылымдық бөлімшелер, яғни баға бөлімшелері əрекет етеді. Бұл бөлімшелердің қызметі кəсіпорынның маркетингтік жəне сатып өткізу қызметтерімен тығыз байланысты болады.

Наши рекомендации