Түркі халықтарының мәдениеті мен философиясы.
1. Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақгардың материалдык және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени жүйесінің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат.
Еуропаға өсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық түрпат саналатын көшпелі шығыс жүртының өзіндік өркениеті хақында дәйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атаған. Оның мәдениеті бұрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады.
Оның өлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде әділ бага беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді...
Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзак уақыт Азияның отары болды.
Еуропаның ұлылығын мойындамау өбестік болар еді. Сол сияқты Азияның ұлылығын ұмыту да — қателік. Азия адамзаттың ұлы рухани көсемдерін бергенін ешқашан естен шығармау керек. Оның ұлы ойшылдарын айтпағанның өзінде, әлемдегі ең басты екі діннің негізін қалаушылар — Ғайса мен Мұхаммед пайғамбарларды берген Азия ғой" дейді. Ендеше, Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолмен калыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай, әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамалмай, керісінше, солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарымен өзіндік ерекшелікке толы әлеуметтену процесі мен нәсілдік-генетикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өндеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты.
Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шы ғыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі процестерін өткерді. Әсіресе, мындаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық комбинациялардың, геосаяси жөне әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған кеңістіктің батысы мен шығысын тұтасстырған Тұран жазығының тұрғындары — ежелгі қазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені көне қытай жазбаларында мазмұндалған.
Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен халықтардың этникалық шығу тегіне, алуан текті мәдени кешендеріне орасан ықпалын тигізді. Тұракты дипломат, және сауда-саттық карым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтастырып, тек материалдык айырбастың ғана емес, сондай-ақ, санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мәдени құндылыктардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды.
Көшпенділер өркениеті шын мөнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге (өткелсіз су айдындарына, ну жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып, томаға-тұйық күй кешкен кұбылыс емес, динамикалық, футуристік мән-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді.
Трансқұрлыктық байланыстар желісі, сондай-ақ әрісі Африка, берісі Еуропа құрлықтарының саяси-этникалық картасына дүркін-дүркін өзгерістер енгізген жеңімпаз жорықтары арқылы көшпелілер өзге халықтарды рухани байытып, жалпақ әлем, жарык дүниенің кеңдігі мен сан алуандылығын көрсетті; экономикалық дамудың, әлеуметтік, ұйымдасудың әр қилы сатысында тұрған, рухани, ділдік, нәсілдік, этномәдени, т.б. сипаттары сәйкес келе бермейтін, бір-бірінен оқшау орналасқан аймақтардағы адамзат қоғамдастығының арасына дәнекер болды.
Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да қазіргі күні бай тарихи құндылықтарға ие болып отыр.
Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі аясында өрбиді. Егемен ел, тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтасс мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолды, шыққан биікті бағалау керек.
2.Көшпенділер мәдениеті мен өнері өзінің жаулары мен жақтастарын таңдандырып, құндылығымен жарты әлемге әйгілі болды. Сақ-скифтер қолынан туындаған өнердің ықпалы ежелгі шығысқа да, батысқа да үлкен әсер етті. Әсіресе “аң бейнелі” әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің құрметіне бөленді. Ертедегі эллиндік және қытай шеберлері көшпенділер өнеріне тәнті болып, оны өз бойларына сіңіруге тырысты.
Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Соның бірі Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” мәйіті. Оның сауыты төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құрылған қапсағай сауыт, қанатты тұлпар (пырақ) мен архар бейнесі қондырылып, алтын жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да әшекейлермен безерленген.
Көшпенділер өнерінің шуағы бір шеті Қытайға, екінші шеті ертедегі Иберияға (Испания) дейін жетті.
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері – сақ, ғұн, түркі, түркі-моңғол, қазақ, т.б. халықтардың ежелден келе жатқан әскери тәсілдерінің жиынтығы. Көшпелілер қоғамындағы мифтік түсінік бойынша, хан әлем кіндігі саналып, оған бағынған ру-тайпалар оң қанат пен сол қанатқа бөлінген. Әскери бөлікте – жауынгерлер, батырлар, сардарлар, басқару қызметінде – абыздар, білімпаздар, шаруашылық бөлігінде – малшылар, қолөнершілер, саудагерлер қызмет атқарды. Өмірі ат үстінде өтетіндіктен көшпелілердің басты күші – атты әскер. Бірақ жауынгерлер ат үстінде ғана емес, жаяу соғысу әдістеріне де машықтандырылған. Жорыққа шыққан кезде ұрысты алдын ала болжайтын көріпкелдер, жауырыншылар, құмалақшылар ұстаған. Шеру кезінде әскердің жауынгерлік рухын көтеру үшін керней, сырнай, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл ойнайтын музыканттар тобы да болған.
Көшпелілердің садақ ату шеберлігі отырықшы халықтарды қатты таңдандырған. Гректер, парсылар өз балаларын садақ атуға үйрету үшін сақтарға жіберіп отырған. Қытай тарихшылары: “Ғұндардың ойынға жараған баласы садақпен ұсақ аң, құс атып жаттығады”, – деп жазады. Араб тарихшылары: “Түркілер садақты атпен шауып келе жатып алға да, артқа да, оңға да, солға да, жоғары да, төмен де ата береді. Араб-харидтер бір оқты садағына салғанша, олар он оқты атып үлгереді. Түркінің 4 көзі бар – екеуі алдында, екеуі артында”, – деген мағлұмат береді.
Найза қолданудың да көптеген түрлері, тәсілдері бар. “Шаншу” – жоғарыдан төмен найза салу, “түйреу” – найзаны алға қарай сұғу, “Найза тіреу” – қолды қозғалтпай аттың күшін пайдалану. Еуропа рыцарлары өз турнирлерінде, қазақ батырлары жекпе-жекте мұндай тәсілдерді жиі қолданған. Ал жалпылама шайқастарда Олжабай батыр, Наурызбай батыр (Кенесарының інісі), т.б. қарсыласының денесіне найза тигізбей, киімінен іліп алып аттан түсіру тәсілін жиі қолданған.Қылыш, семсер қолданудың “бауырын жаза шабу”, “қиялай тарту”, т.б. түрлері бар. Салмағы ауыр шоқпар, гүрзілермен айқасу үлкен күш, әдіс-айла керек еткен. Ауыр болғандықтан шоқпарды көбіне айналдырып, үйіріп ұрған. Өйткені, шоқпарды жоғарыдан төмен сілтегеннен кейін, қайта көтеру қиын болатын. Айбалта 18 ғасырдан бастап қолданыстан шықты. Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер. Оны дамытуға көшпелі халықтардың бәрі де үлес қосты.
Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.
Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған.
Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілерінің де үлкен әсері болды. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар.
Бүкіл әлем халықтарының өнерінде, әсіресе сәулет саласында тайға таңба басқандай көшпенділер ықпалының табы, стилі байқалады.
Орта ғасырларда қазақ мәдениетінің орталығы болған көптеген қалалар салынған.
Отырар – Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Отырар кезінде Фараб деген атпен де белгілі болған.
1248 жылы қалада алғаш рет Отырар белгісімен ақша соғылды.
Ұлы ғұлама, данышпан бабамыз Әбу-Нәсір әл Фарабидің туған қаласы көптеген ғасырлар бойы батыс пен шығысты байланыстырып тұрған күретамыр орталығы болған. Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар – хумдар көптеп кездеседі.
Қазақ халқының көне тарихының көзіндей өмір сүрген қаланың бірі-ежелгі Тараз. Қала жазба деректерде сонау Ү ғасырдан белгілі.
Тараздың керамикалық ыдыстарының басқа қалалардан табылған табақтардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндағы ыдыстарда символикалық белгі - өрнектермен қоса, жан-жануар бейнесі жиі кездеседі.
Х-ХІІ ғасырларда қала маңында салынған ескерткіштер Тараз мәдениетінің, сәулет өнерінің шарықтаған кезеңі екенін дәлелдейді Айша-бибі кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет маржаны, қазақтың Тәж-Махалы. Өзінің сәулеттік сымбатымен, өрнекті керегелерінің айшықтығымен бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс.
Орта Азия мен Қазақстанда кездесетін тамаша сәулет кешендері баршылық. Олар Шир-Дор ансамблі, Қожа Ахмет Иассауи ғимараты және тағы басқалары.
Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының бірі – Түркістан. Оның бұрынғы ежелгі аты Шабғар. ХІІ ғасырда Түркістанда Орта Азия мен Қазақстанда мұсылман дінін уағыздаушы, Мұхамбет Пайғамбардан кейінгі екінші адам атанған Қожа Ахмет Иассауиге кесене орнатылады. Оның данышпандық қағида өлеңдері халық арасында “Диуани хикмет” (Даналық кітабы) атты еңбегі арқылы кеңінен тараған.