А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады
B) Үн мен салдырдан жасалып, салдыры басым болады.
C) Үн мен дыбыстан жасалып, үні басым болады.
D) Салдыр мен дауыстан жасалып, салдыры басым болады.
E) Дыбыс пен үннен жасалып, дыбысы басым болады.
Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.
А) Раушан, келбет.
B) Оспан, өмірлік.
C) Ұсыныс, ынтымақ.
D) Лағыл, дүние.
E) Лаула, өнер.
Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.
А) Р, л. й, у, м, н, ң.
B) П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
C) Б, в, г, ғ, д, з, ж.
D) Т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ, р, л, м, н.
E) У, м, н, ң, б, в, г, ғ, д, з, ж.
Мақал құрамындағы үнді дауыссыздардың санын анықтаңыз.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
А) 4.
B) 6.
C) 3.
D) 2.
E) 5.
Қатаңдардың жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Тек қана үннен тұрады.
B) Салдырдан жасалады.
C) Үннен салдыры басым болады.
D) Салдырдан үні басым болады.
E) Үнге қоса дыбысы болады.
Қатаң дауыссыздан басталған тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Жаны мұрнының ұшына келу.
B) Аузын майлау.
C) Көзінен таса қылмау.
D) Беті бүлк етпеу.
E) Мұрнына исі бармау.
Өзара жұп құраған қатаңдар қатарының дұрысын белгілеңіз.
А) С, ш.
B) Қ, ғ.
C) Т, с.
D) Ц, щ.
E) Т, ж.
Сөз соңында келген қатаң дауыссызды қатарды табыңыз.
А) Ұшақ, анар, арық.
B) Шама, нарық, ысырап.
C) Тулақ, бейбітшілік, атырап.
D) Орыс, көмір, өркеш.
E) Уақыт, таңғыш, ұран.
Ортаңғы буында ұяң дауыссыз келген қатарды табыңыз.
А) Аңсарым.
B) Жартыкеш.
C) Бұрынғы.
D) Зымыра.
E) Қажырлы.
Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Жауын.
B) Дарқан.
C) Дарбыз.
D) Болат.
E) Ғасыр.
Ұяң дауыссыздан басталған қатарды табыңыз.
А) Түйменің инесіз күні жоқ.
B) Ерінген екі істейді.
C) Шам жарығы түбіне түспейді.
D) Жол азабы – көр азабы.
E) Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Құрамында ұяң дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз.
А) Қырсық.
B) Мәлімет.
С) Намыс.
D) Ықылас.
E) Тағдыр.
Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) Ж.
B) Ф.
C) Т.
D) У.
E) Ң.
Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) У.
B) Һ.
C) Ғ.
D) Ң.
E) Й.
«У» дыбысы дауыссыздың қызметін атқаратын жауапты таңдаңыз.
А) Қуаныш.
B) Жауын.
C) Туырлық.
D) Ару.
E) Бұзу.
Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) Ғ.
B) Ф.
C) Х.
D) Ң.
E) У.
Буынның неден құралатынын табыңыз.
А) Әріптен.
B) Фонемадан.
C) Түбірден.
D) Қосымшадан.
E) Сөзден.
Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А) Тарс.
B) Мұра.
C) Бұлақ.
D) Ана.
E) Тілек.
Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А) Қарт.
B) Жарты.
C) Ұнау.
D) Оңай.
E) Ата.
Төрт буынды сөзді табыңыз.
А) Құмырсқа..
B) Қарапайым.
C) Адамгершілік.
D) Арбакеш.
E) Таңертеңгілік.
Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.
A) ХБЖ, қала.
B) Бақыт, нан.
C) Сақ, қалам.
D) БҰҰ, 50см.
E) Күн, қағаз.
Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді.
B) Саңырауқұлақ.
C) Шаруашылық.
D) Жақсылық.
E) Орта.
Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
A) Дала, бала.
B) Қала, нан.
C) Сарт-сұрт.
D) Қаңқ, қора.
E) Қақ, тарт.
Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Мектеп, орта.
B) Кітап, дос.
C) Есіл, Іле.
D) Астана, көрініс.
E) Мұғалім, мектеп.
Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.
A) Дауысты дыбыстар.
B) Үнді дауыссыз дыбыстар.
C) Дауыссыз дыбыстар.
D) Қатаң дауыссыз дыбыстар.
E) Ұяң дауыссыз дыбыстар.
Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.
A) Жұ-мырт-қа.
B) Ки-е-лі.
C) Құ-мыр-сқа.
D) Ба-ла-лық.
E) Қо-ңыр.
Ашық буынды қатарды көрсетіңіз.
А) Жаңбыр, алақан, сенім.
B) Кесте, ерулік, жаңа.
C) Дала, жылы, орама.
D) Тапсырма, дәулет, балық.
E) Лағыл, кәусар, уақыт.
Мақал-мәтелдің ішінен ашық буынды қатарды анықтаңыз.
А) Алтын алма, ақыл ал.
B) Сөз тапқанға қолқа жоқ.
C) Семіздікті қой көтерер.
D) Ажалды киік адырға қашады.
E) Бала ісі шала.
Ашық буынның ережесін белгілеңіз.
А) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
B) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
C) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
D) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
E) Дауысты дыбыстардан ғана тұратын буын.
Тіркестердің ішінен ашық буыны бар қатарды анықтаңыз.
А) Аспандап кеткен.
B) Айтылған сыр.
C) Көлгір жан.
D) Тас жүрек.
E) Көп арман.
Тұйық буынды сөзден басталатын қатарды анықтаңыз.
А) Жұртпен жүрген жүдемес.
B) Ұрыс болса, ырыс қашады.
C) Құс қанатымен, ер атымен.
D) Досыңның асын қсыңдай іш.
E) Ас адамның арқауы.
Бірыңғай ашық буынды қатарды көрсетіңіз.
А) Ерлік пен бірлік.
B) Толған ел.
C) Құлқынның құлы.
D) Ел намысы.
E) Тілегіне жету.
Тұйық буыны жоқ қатарды анықтаңыз.
А) Көңіл, тамақ, сайра.
B) Орындық, ардақты, бостандық.
C) Ұрпақ, ертең, ырым.
D) Сынақ, ірге, күнделік.
E) Уайым, ождан, ізгілік.
Тұйық буынды еліктеуіш сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Тарс ету, елп ету.
B) Кегжең ету, саңқ ету.
C) Пыс ету, шаңқ ету.
D) Арс ету, ыңқ ету.
E) Мырс ету, ірк ету.
Бітеу буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Шаңғы, қайқаң, торпақ.