Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
Түрік қағанаты(552-603 жж.). Қазақстан жерлері VІ ғасырда құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы 542 ж. қытай жылнамаларында кездеседі.
Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.
Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды.
Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.
2. Түргеш қағанаты (704-756 жж.).Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
3. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) «бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді.
Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше рет қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады.
ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін нығайтуда ұмтылды.
Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
4.Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.). VІІІ ғасырдың бас кезінде Сырдария алқабында жартылай көшпелі печенег-кангар тайпаларының жалпы басшылығымен біріккен біртұтас саяси конфедерация пайда болады. Саяси орталығы Отырар болған еді. Кангар-печенег тайпалары Жетісудан кете бастаған оғыз тайпаларының бірлестігіне табанды күрес жүргізеді. Түргештердің мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, тау баурайларына шу алқабына кетіп қалған болатын. ІХ ғасырдың орта шенінде қарлұқтар мен кимектер одақтасып кангар-печенег тайпаларын талқандайды. ІХ ғасырдың соңында Арал өңірінің солтүстік жағындағы саяси үстемдікті қолына алады. Хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал Еділ арасын қол астына қаратады. ХІ-Х ғасырда Сырдарияның орта ағысында Оғыз мемлекеті қалыптасады. Оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер, сонымен бірге, Жетісу мен Сібірдің Халаджулар, Жагарлар, Чуруктер, Қарлұқтар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары болады. Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолының үстінде болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» деген атағы бар жоғарғы билеуші болған. Жабғудың билігі, ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептесе де, мұраға қалып отырды. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды.
Х-ХІ ғасырлар шебінде Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырай бастайды. Алым-салықтардың жиілей түсуіне оғыз тайпалары наразылық білдіріп, көтеріліс жиілей түсті. Х ғасырдың орта кезінде келген Әш ханның басқаруына қарсы жүргізілді. Осы наразылықты сезген Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланады. Көп ұзамай салжұқ көсемдері Жентті басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы уақытта Әли ханның мұрагері Шахмәлік өкіметі күшейіп шыға келеді. Шахмәлік тұсында 1041 ж. оғыздар Хорезмді басып алады. Деректемелер бойынша Шахмәлік салжұқтардың қолынан мерт болған соңғы оғыз жабғуы болған. Сан жылдар бойы жүргізген соғыстарының нәтижесінде оғыздар әлсіреп, Оғыздар мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан кейін құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
5.Кимек қағанаты (ІХ ғ. - ХІ ғ. басы). Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде ҮІІ ғасырдағы батыс ортасында болған оқиғаларға тікелей қатысты яньмо тайпасына байланысты айтылған. Яньмолар ҮІІ ғасырдың бас кезінде Солтүстік батыс Моңғолияны мекендеген. Олардың оғыздар болып, оңтүстігінде Түргештер қарлұқтар қоныстанған. ҮІІ ғасырлар ортасына таман қимақтар Ертіс өңіріне көшіп келіп 656 жылы Батыс түрік тайпалары құлағаннан кейін оқшауланады.
ІХ ғ. аяғында тарихи-жағрафиялық еңбектерге қарағанда Қимақ мемлекеті өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды, ол темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен қазынасы болды. Қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ. Кимек мемлекетінде алым-салықтың болғандығын түріктердің өндіріліген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға болады.
Этникалық тайпалық құрамы. Кимек федерациясының алғашқы құрамы Гардизи еңбегінде келтірілген. Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді. Кимек одағына кірген тайпалардың тарихын қарастыру олар Қазақстан аумағына Орталық Азиядан көшіп келді деп топшылауға негіз береді. Кимек тайпаларының біріншісі эймур тайпасы, оғыздар арасында белгілі. Эймурлар оғыздарға да, кимектерге де сіңісіп кеткен жоқ тек тайра ретінде кірді. Кимектердің үшінші тайпасы - татарлар. Бұл тайпалар тобы Монғолияның солтүстік шығыс жағында мекендеген деп санауға болады. 840 жылдары татарлар Ұйғыр қағанатының құрамына кірген.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды.
Сонымен қатар ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды. Қыпшақ хандары оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
Сұрақтар:
1. Түрік қағанатының көрші елдермен қарым-қатынасы .
2. 751 жылы арабтар мен қытайлықтардың арасындағы Атлах шайқасының Орталық Азия халықтарының тағдырында қандай тарихи маңызы бар?
3. ІX-X ғғ. Евразияның саяси және әскери тарихында оғыздардың қандай роль атқарғанын мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.
4.Ортағасырлық қандай авторлардың еңбектерінен қимақтардың саяси, экономикалық жағдайы туралы білеміз?
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
4.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарыны тарихы. 1-кітап (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғ. дейінгі кезең). А., 2002.
5.Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989.
6.Бартольд В.В. Сочинения. Т. 1-9. М., 1963-1977.
7.Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. А.,2002.
8.Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи Евразии. Спб., 1994.
9.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетии. А., 1992.
10.Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. А., 1972.
11.Қытай деректеріндегі Қазақстан тарихы. 4 томдық. 1-том. А., 2007.
12.Плетнева С.А. Кочевники средневековья. М., 1982.
13.Тынышпаев М. Материалы по истории киркиз-казакского народа. Алматы, 1992.
Қосымша әдебиеттер:
1. Айдаров Г. Тексты орхонских памятников. А., 1970.
2. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986.
3. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. А., 1972.
4. Аманжолов А.С. Тюркская руническая графика. А., 1986.
5. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. Соч. Т. 5. М., 1968.
6. Баскаков Н.А. Тюркские языки. М., 1960.
7. Бегалин К. Истеми каган. А., 2007.
8. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967, 1993; Көне түріктер. А., 1994.
9. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М.-Л., 1964.
10. Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. А., 1972.
11. Шер Я.А. Каменные изваяния семиречья. М.-Л., 1966.
5. Дәріс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ. басы - ХІІ ғғ.). (1 сағ.)
Дәріс жоспары:
1.Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
2.Қарақытай мемлекеті.
3. Найман мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы-ХІІІ ғ.)
4.Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-1224 ж.)