Ой сүтінің химиялық құрамы
Қой сүтінде 6 - 8 % май, 4 – 5 – 6 % белок, 4, 6 % қант және 0,8% минерал заты болады. Сиыр сүті мен салыстырғанда қой сүтінде май мен белок көп үлес алады. Қойдың сүттілігі және оның сүтінің құрамы тек қой тұқымдарына емес, сонымен бірге жем – шөптің құрамына, тәулік мерзіміне де тығыз байланысты.
Қой сүтінен ірімшік, құрт, айран, қаймақ т.б. көптеген сүт өнімдерін дайындайды. Қой сүтінің өзіндік ерекше иісі бар, өте жұмсақ консистенциялы және сақтауға төзімсіз.
Австралия мериностары (АВМ) мен қазақтың биязы жүнді қойларының (ҚБЖҚ) сүт өнімділігінің ең жоғары мөлшері мамыр айының жылы күндеріне сәйкес келеді. ҚБЖҚ қойлар АВМ саулықтармен салыстырғанда сүт емізу кезеңінен барлық мезгілінде де сүттілігімен ерекшеленеді. Тәжірибе нәтижелері Австралия мериностарының да сүттілігі жеткілікті деңгейде екендігін көрсетті.
Саулықтар уызының майлылығы 14,7 – 15 % жетеді. Сүттену кезеңінің үш – күнінен бастап бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп (5,8 – 10,0%), тек осы кезеңнің соңына қарай ғана біршама жоғарылайды: 10,2 – 11,2%. Сүттің қуаттылық (азықтық) деңгейі құрамындағы құрғақ заттарға тікелей байланысты. Құрғақ заттың ең жоғары мөлшері уызда (33,1 – 40,0 %) болса, сүттенудің алғашқы айының соңында ол 15,7 – 20,0 % төмендеп, төртінші айда қайтадан көтеріледі (3,1 – 25,9 % ) (36 – кесте).
Кесте. Қой сүтіндегі құрғақ зат, май және қант мөлшері
Сүттену кезеңі | Сүт құрамы, % | Қой тұқымдары | |
Австралия мериносы | Қазақи биязы жүнді қой | ||
Уыз | құрғақ зат май қант | 40,0 15,0 5,5 | 33,1 14,7 5,0 |
құрғақ зат май қант | 17,94 5,8 5,3 | 25,9 10,0 6,0 | |
құрғақ зат май қант | 15,7 4,9 5,7 | 20,0 9,0 6,1 | |
құрғақ зат май қант | 17,3 6,1 5,9 | 20,4 8,8 6,0 | |
құрғақ зат май қант | 17,6 6,2 6,0 | 20,0 8,4 5,3 | |
құрғақ зат май қант | 25,9 11,2 6,5 | 23,7 10,2 5,4 | |
Сүттену кезеңінде орта есеппен | құрғақ зат май қант | 22,4 8,2 5,82 | 23,9 10,2 5,63 |
Сүттегі қанттың үлес салмағы сүттену кезеңінде айтарлықтай өзгермейді (5,0 – 6,5 %).
Австралия мериносы және Қазақи биязы жүнді қой саулықтары сүттерінің белоктық құрамын зерттеу бұл көрсеткіштің елеулі өзгерістерге ұшырайтынын көрсетті. Уыздағы белоктың үлес салмағы 19,5 - 12,5 % жетсе, сүттену кезеңінің екінші айында ол 4,8 – 5,3 % дейін төмендеп, осыдан соң қайтадан жоғарылайды (6,7 – 8,2 %). Сүт белогы негізінен казейн, альбумин және глобулиннен тұратыны белгілі. Сүттің белоктық құрамы сүттену кезеңінде казеиннің артып альбумин мен глобулиннің кемуі арқылы өзгеріп отырады. Уыздан 4,2 % казеин, 8,6 – 15,3 % альбумин мен глобулин болса, сүттену кезеңінің 3-ші күнінде бұл көрсеткіштер тиісінше 4,11 - 5,19 % және 1,15-1,87 % тең. Сүттену кезеңінің 2 – айында казеиннің үлес салмағы тұрақталып (4,01-4,37%), альбуминмен глобулиннің мөлшері 0,29 - 0,45 % кемиді.
Бұл кезеңнің соңына қарай казеин мөлшері қайта көтеріледі (6,3 – 6,8 %).
Сүт өнімділігі мен оның химиялық құрамы қой тұқымына байланысты әр түрлі болатыны зерттеулер нәтижесінде белгілі болды. Қазақтың биязы жүнді саулықтарының сүттілігі 121,1 кг, ал австралия мериностарінікі – 118,5 кг тең.
Ең көп сүт қазақтың биязы жүнді саулықтарының сүттену кезеңінің бірінші айының соңында сауылды (1,36 кг). Қазақи биязы жүнді қой саулықтары сүтінің майлылығы алғашқы үш айда Австралия мериносы саулықтарынан жоғары болса, сүттену кезеңінің қалған барлық мезгілінде (уыз кезеңді есепке алмағанда) бірдей деңгейде болады.
Қой тұқымдары арасында сүттің қуаттық мөлшері бойынша да айырмашылық байқалады. Құрғақ, ыстық ауа райына жақсы бейімделген қазақтың биязы жүнді саулықтары сүтінің қуаттылығы барлық сүттену кезеңінде елеулі деңгейде жоғары болады.
Австралия мериностары саулықтарының сүт өнімділігі жаңа ортада өсірілу жағдайында зерттеу олардың сүттілігі мен құнарлығын арттырудың негізгі жолдарының бірі дұрыс және сапалы азықтандыру екендігін көрсетті (37 – кесте).
37 – кесте. Сүттегі белок және оның құрамы, %
Сүттену кезеңі | Сүт құрамы, % | Қой тұқымдары | |
Австралия мериносы | Қазақи биязы жүнді қой | ||
Уыз | жалпы белок казеин альбумин + глобулин | 19,5 4,2 15,3 | 12,8 4,20 8,60 |
жалпы белок казеин альбумин + глобулин | 1,55 5,1 4,16 | 1,87 4,65 4,06 | |
жалпы белок казеин альбумин + глобулин | 0, 9 5,3 4,01 | 0,59 4,82 4,37 | |
жалпы белок казеин альбумин + глобулин | 0,29 5,4 4,5 | 0,45 5,81 5,44 | |
жалпы белок казеин альбумин + глобулин | 0,9 8,2 6,8 | 0,34 6,70 6,31 | |
Сүттену кезеңінде орта есеппен | жалпы белок казеин альбумин + глобулин | 1,3 8,18 4,81 3,37 | 0,39 5,48 4,49 0,69 |