Мемлекеттің инвестициялық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері
Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына,шаруашылық субъектілерінің кəсіпкерлік қызметіне əсер етуші құрал болып табылады. Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін арттыру, əлеуметтік мəселелерді шешу жəне басқа да əр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы. Мемлекет келесідей саясаттар арқылы инвестициялық бел сенділікке əсер етеді:• амортизациялық саясат;• ғылыми-техникалық саясат; • шетелдңк инвестицияларды тарту бойынша саясат;• салық саясаты. Амортизациялық саясат дегеніміз – мемлекеттің амортизация лық аударымдарды есептеу мен пайдалану тəртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс жылдамдығын жəне сипатын реттеуі болып табылады. Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты деп – ғылыми-техниканың дамуы жəне олардың нəтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар жүйесін айтамыз. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша саясат дегеніміз– қолайлы инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Салық саясаты – деп белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық саясатқа əсер ету, сонымен қатар салықтық жəне кедендік баж салығы бойынша ынталандыру мен жеңілдіктер беруді айтамыз. Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты– отандық экономи каның өсуіне жəне қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті белсендендіру болып табылады. Инвестициялық саясаттың міндеттері:• қаржы-несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру жəне төлемсіздік дағдарысын шешу; • жекешелендіруді аяқтау жəне бəсекелі экономикалық ортаны құру;• құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы құру;• жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;• нарық инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлен діру;• инвестициялық климатты жақсарту жəне қор нарығын дамыту мақсатында заң шығаруды жетілдіру; • салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пайдалана отырып, инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа жəне нарықтық əдістерін енгізу. Мемлекеттік инвестициялық саясатының стратегиялық мақсатыэкономикалық өсудің нақты, тұрақты жəне үдемелі қарқынын, прогрессивті құрылымдық жылжуды, өндірістің мо- дернизациясын қамтамасыз ете алатын, əлеуметтік мəселелерді жəне елдің экономикалық қауіпсіздігі мəселесін шеше алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін ұйымдастыру шылық-экономикалық жəне нормативтік-құқықтық/жағдай туғызу болып табылады. Инвестициялық саясаттың құрылымы келесілерден тұрады:• салықтар жəне салықтық жеңілдіктер;• несие саясаты• кəсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу нысандары мен құралдарын таңдаудағы банктің функцияларын кеңейту;• амортизациялық саясат;• монополияға қарсы шаралар;• инвестициялармен танысу;• орталықтандырылған инвестициялау; • жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;• бағалы қағаздар шығару жəне олардың айналымы. Инвестициялық саясаттың тиімділігі – инвестициялық климатты жағымды жағына қарай өзгерту дəрежесімен анықталады.
3.Бағалы қағаздар нарығының туынды қаржылық құралдары.Бағалы қағаздар – иеленушiлерiне мүлiктiк құқықтар мен белгiлi бiр ақша сомаларын алуға құқық бepeтiн ақшалай немесе тауарлық құжaттap. Бағалы қағаздардың сыныптамасыЭмиссuялық бағалы қағаздар – бұл бiр эмиссия шегiнде бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi болатын, осы эмиссия үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түceтін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттiк және мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып білiнедi. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаз –Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдap шығаратын акциялар, облигациялар және өзге бағалы қағаздар. Көпшілікке танымал баяндауда бұл – корпоративтік бағалы қағаздар. Инвестuциялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектiсi болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлiк өзара шарттар және басқалары). Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көpceтeтiн бағалы қағаздар. Эмитенттің құқықтық мәртебесiн, инвестициялық және кредиттiк тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қоpғay кепілдікктерін және басқа факторларды ескере отырып қоp бағалы қағаздары үш топқа бөлiнедi: мемлекеттiк, муниципалдық және мемлекеттiк емес. Мемлекеттiк бағалы қағаздар – бұл мемлекеттiк iшкi борыштың болуының нысаны; эмитентi мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары. Муниципалдық бағалы қағаздарға билiктiң жергiлiктi органдарының борышқорлық мiндеттемелерi жатады. Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар корпоративтiк және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келедi. Корпоративтiк бағалы қағаздар болып кәсiпорындардың, ұйымдapдың, банктердiң борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді. Акция – акционерлiк қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түpi мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуғa және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкiнiң бiр бөлiгiн акционерлердiң алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация – ұстаушысына (иесiне) оның белгiленген құнының тiркелген пайызы түрiнде табыс түcipeтiн бaғалы қағаз; мемлекет немесе кәсiпорын iшкi қарыз шығару кезiнде белгiлi бiр шарттар негiзiнде беретiн борыштық мiндеттеме; жалған капитал нысандарының бiрi. Облигация өзiнiң ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетiлген сыйақыны (мүдденi) не өзге мүлiктiк құқықты алуына құқық бередi. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлетiн сыйақы есептелетiн ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома.Қазынашылық мiндеттемелер ерiктi негiзде халық арасында таратылатын мемлекеттiк бағалы қaғаздың түpi, ол иелерiнiң ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бaғалы қағаздарды бүкiл иелену кезеңiнде тiркелген табыс алуына құқық бередi. Боналар – мемлекеттiк қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретiнде пайдаланылатын борышқорлық мiндеттемелер.Бүгiнде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары, Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ, МEУКAМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы қағаздар. Ұлттық банктiң қыcқа мерзiмдi ноталары 7 күннен 1 жылға дейiн айналыс мерзiмiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады. Олар aқшaлай-кредиттік саясаттың мақсаттарын iскe асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшiн пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан берi шығарылып келеді. Депозит және банк сертификаттары – жинақақшаны тарту үшiн тек қaнa банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегiнуi) мүмкін. Депозит және жинақ ақша сертификаттарының Қазақстандық практикада қабылданған негiзгi айырмашылығы депозит сертификаттарының иелерi заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелерi жеке тұлғалар бола алатындығына.Фьючерстiк операцuялар – биржалардағы мерзiмдiк мәмiлелер, олардың мәнici қаржылық және кредиттік құралдарды шикiзат тауарларын, алтынды, валютаны мәмiле жасау сәтiнде тiркелетiн бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгiлi бiр уaқыт аралығында (2-3 жылға дейiн) орындалады. Своптар кезiнде шұғыл жеткiзiлiм шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбiр активтi – қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды, тауарларды сатып алу (сату) жінiнде мәмiлелер жасалады, бұл орайда сонымен бiрге белгiлi бiр мерзiмге кepi мәмiле жасалады. Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы рынокта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретiн бағалы қағаз. Депозитарийлық куәлiк – бұл түрлi компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз. Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгiлi бiр баға бойынша белгiлi бiр кезеңнiң iшiнде эмитенттiң акцияларды сатып aлyға жеңiлдiктi құқығын бiлдiредi. Варранттың кәдуiлгi мезгiлi 5-20 жыл. Қазақстанда қазақстандық депозитарийлық қолхаттар (ҚДҚ ) – басқа мемлекет заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы эмитенті-бейрезидентінің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаздары пайдаланылады.
Билет