Коммерциялық банктердің қызметін талдау
Коммерциялық банктер - банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің небары 21 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы бес жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің сандық құрамы
№ | Банктер, олардың құрылымдары | 2013 ж | 2014 ж | 2015 ж |
1. | ЕДБ-дің саны, с.і.: | |||
2. | Филиалдар саны | |||
3. | ЕКО саны | |||
4. | Шетелдегі өкілдік саны | |||
5. | ҚР-ғы бекрезидент-банктердің өкілдіктерінің саны | |||
6. | Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесіне қатысушы банктердің саны | |||
Ескерту: Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені негізінде автормен құрастырылған |
1-кестеге сәйкес 2015 жылы екінші деңгейлі бантердің саны 35 болса, 2014 жылмен салыстырғанда кеміген. Бұл экономикалық дағдарысқа байланысты пруденциалдық нормативтерді, заңды, сонымен қатар өз міндеттемелерін атқара алмау себебінен кемуімен түсіндіріледі. Шетелдік өкілдіктер саны 2014 жылы 17 өкілдік болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 3 өкілдікке артқан.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивттік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» қарағанда кең ұғымды
білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
2013-2015 ж Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің активтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай кестеде топтастырылған.
Кесте 2 - Екінші деңгейлі банктердің активтерінің өзгеріс динамикасы, млрд теңге.
Банктің атауы | Активтер | Ауытқу, +- | ||||
01.01.2015 | 01.01.2016 | 01.10.2016 | 01.01.16 | 01.10.16 | ||
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ | -3 | |||||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | ||||||
«ЦЕСНАБАНК» АҚ | 1 036 | |||||
«Сбербанк» ЕБ АҚ | -101 | |||||
«АТФБанк» АҚ | ||||||
«Банк ЦентрКредит» АҚ | -137 | |||||
«Fortebank» АҚ | - | |||||
«KASPI BANK» АҚ | -51 | |||||
Bank RBK | -27 | |||||
«Евразийский Банк» АҚ | -54 | |||||
«Ситибанк Казахстан» АҚ | ||||||
«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | ||||||
Басқа да банктер | ||||||
Жиынтығы | 15 711 | 23 756 | 25 109 | |||
Ескерту: Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені негізінде автормен құрастырылған |
2-кестеге сәйкес 2014 жылы екінші деңгейлі банктердің жалпы активтерінің сомасы 23 756 млрд теңгені құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8 045 млрд теңгеге артып отыр. Ал 2015 жылы жалпы активтердің сомасы 25 109 млр деңгені құраса, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1 353 млрд теңгеге артқан. Барлық банктердің ішінде ең үлкен үлесі «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-на тиесілі, ол жалпы банктердің актив сомасының 11,3%-ын құрайды.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Екінші деңгейлі банктердің міндеттемелерінің өзгерісі 3-кестеде көрсетілген.
Кесте 3 - Екінші деңгейлі банктердің міндеттемелерінің өзгеріс динамикасы, млрд теңге.
Банктің атауы | Міндеттемелер | Ауытқу | ||||
01.01.2015 | 01.01.2016 | 01.10.2016 | 01.01.16 | 01.10.16 | ||
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ | 2 498 | 3 445 | 1 812 | -1 632 | ||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | 2 139 | 2 082 | 2 151 | -56 | ||
«ЦЕСНАБАНК» АҚ | 1 449 | 1 748 | 1 755 | |||
«Сбербанк» ЕБ АҚ | -522 | |||||
«АТФБанк» АҚ | -60 | |||||
«Банк ЦентрКредит» АҚ | 1 063 | 1 134 | ||||
«Fortebank» АҚ | -3 | -32 | ||||
«KASPI BANK» АҚ | ||||||
Bank RBK | ||||||
«Евразийский Банк» АҚ | -49 | |||||
«Ситибанк Казахстан» АҚ | ||||||
«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | ||||||
Басқа да банктер | 10 002 | 11 740 | 9 654 | 1 738 | -2 086 | |
Жиынтығы | 20 004 | 23 481 | 19 309 | 3 476 | -4 172 | |
Ескерту: Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені негізінде автормен құрастырылған |
Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2015 жылы 23 481 млрд теңгені құрады. Ол 2014 жылмен салыстырғанда 3 476 млрд теңгеге артқан, ал 2016 жылдың 10 қазандағы жағдайы бойынша міндеттемелер жиынтығы 19 309 млрд теңгені құраған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4 172 млрд теңгеге азайған. «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ жалпы міндеттемелердің ішінде ең көп үлесті алған, 1 812 млрд теңгені құрап отыр.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
- бөлінбеген банк пайдасы.
Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының өзгеріс динамикасы төмендегі 4-кестенің мәліметтерінде бейнеленген.
Кесте 4 - Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының өзгеріс динамикасы, млрд теңге.
Банктің атауы | Меншікті капитал | Ауытқу+,- | |||
01.01.2015 | 01.01.2016 | 01.10.2016 | 01.01.2016 | 01.10.16 | |
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ | -1 473 | -1 890 | 1 655 | ||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | |||||
«ЦЕСНАБАНК» АҚ | |||||
«Сбербанк» ЕБ АҚ | -448 | -607 | |||
«АТФБанк» АҚ | -31 | ||||
«Банк ЦентрКредит» АҚ | -7 | -11 | |||
«Fortebank» АҚ | -1 | ||||
«KASPI BANK» АҚ | -1 | ||||
Bank RBK | |||||
«Евразийский Банк» АҚ | -6 | ||||
«Ситибанк Казахстан» АҚ | |||||
«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | -9 | ||||
Басқа да банктер | 1 458 | -1 158 | 1 097 | -2 617 | 2 256 |
Жиынтығы | 2 776 | -2 317 | 2 194 | -5 094 | 4 512 |
Ескерту: Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені |
2016 жылдың 10 қазанындағы жағдайы бойынша жалпы банктер бойынша меншікті капиталдың сомасы 2 194 млрд теңгені құрады. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 4 512 млрд теңгеге артық.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
- акционерлік банк формасында;
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
в) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3. эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарылады:
- банкті акционерлік формада құру;
- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
- банк пайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
облигациялар шығару жатады.
Банк капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады.
Кесте 5 - Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы
№ р/н | Екінші деңгейдегі банктердің атауы | Реттеушілік меншікті капитал млрд.тг | Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэф.(k1) | Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэф.(k2) | Банкпен ерекше қатынаспен байланысты емес бір заемшыға келетін тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің коэф. (k3) | Банкпен ерекше қатынаспен байланысты бір заемшыға келетін тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің коэф. (k3`) | Валюталық позицияны орындау (Иә/Жоқ) | Пруденциалдық нормативтерді орындау (Иә/Жоқ) | |
«КАЗКОМ-МЕРЦБАНК» АҚ | 541 368 | 0,139 | 0,132 | 0,107 | 0,088 | Иә | Иә | ||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | 356 356 | 0,11 | 0,133 | 0,191 | 0,081 | Иә | Иә | ||
«ЦЕСНА-БАНК» АҚ | 206 622 | 0,086 | 0,123 | 0,134 | 0,048 | Иә | Иә | ||
«Сбербанк» ЕБ АҚ | 191 636 | 0,166 | 0,193 | 0,12 | 0,056 | Иә | Иә | ||
«АТФБанк» АҚ | 144 516 | 0,103 | 0,186 | 0,134 | 0,058 | Иә | Иә | ||
«Банк ЦентрКредит» АҚ | 127 272 | 0,09 | 0,129 | 0,208 | 0,092 | Иә | Иә | ||
«Fortebank» АҚ | 50 542 | 0,147 | 0,155 | 0,195 | 0,01 | Иә | Иә | ||
«KASPI BANK» АҚ | 38 590 | 0,113 | 0,141 | 0,212 | 0,015 | Иә | Иә | ||
Bank RBK | 37 565 | 0,089 | 0,17 | 0,161 | 0,049 | Иә | Иә | ||
«Евразийский Банк» АҚ | 36 869 | 0,327 | 0,41 | 0,188 | 0,018 | Иә | Иә | ||
«Ситибанк Казахстан» АҚ | 19 462 | 0,1 | 0,129 | 0,243 | 0,032 | Иә | Иә | ||
«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | 16 635 | 0,289 | 0,432 | 0,038 | 0,001 | - | Иә | ||
Басқа да банктер | 641 375 | 0,12 | 0,131 | 0,108 | 0,087 | - | - | ||
Жиынтығы | 0,144 | 0,195 | 0,199 | 0,048 | - | - | |||
Ескерту- Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені |
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде. болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық нормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.