Жолаушыларды тасымалдау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Quot;Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11049 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Е. Досаев

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 6 сәуір

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі
___________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 сәуір

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 240 бұйрығымен бекітілген

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Жалпы ережелер

1. Осы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) жолаушыларды (арнайы контингентті), тамақ өнімдерін, азық–түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) (бұдан әрі – көлік құралдары) күтіп-ұстау мен пайдалануға және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Пайдаланылатын көлік құралдарына «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жол беріледі.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль көлік құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – құрамы автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнайы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын автомобиль көлігінің жылжымалы құрам бірлігі;
2) авиациялық химиялық жұмыстар (бұдан әрі – АХЖ) – ауыл шаруашылық, орман және басқа да алқаптарды пестицидтер мен агрохимикаттарды қолдана отырып, азаматтық авиация орындайтын жұмыстар;
3) апаттық жағдай – жүкті қалыпты тасымалдаудан өзгеше, жарылысқа, өртке, адамдардың немесе жануарлардың улануына, сәулеленуіне, ауруына, күюіне, үсіп қалуына, өліміне, қоршаған орта үшін қауіпті салдарға әкелуі мүмкін немесе әкелген, қауіпті заттың өртенуіне, ағып кетуіне, төгілуіне, қауіпті жүгі бар ыдыстың немесе жылжымалы құрамның бұзылуына байланысты болатын жағдайлар, сондай-ақ теміржолдағы апат аймағында қауіпті жүгі бар вагондар, контейнерлер немесе жүк орындары болған жағдайлар;
4) апаттық карточкалар (қауіпті жүктерді Біріккен Ұлттар Ұйымының нөмірі және атауы бойынша іздеудің алфавиттік көрсеткіші) – 2008 жылғы 30 мамырдағы № 48 хаттама, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен бекітілген және қолданысқа енгізілген, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамасында «Қауіпті жүктерге апаттық карточкалар» атауымен аталған, қауіпті жүк атауының барлық синонимдік нұсқаларын қамтиды (бұдан әрі – Апаттық карточка);
Апаттық карточка жеке қорғаныш құралдарын қолдану жөніндегі нұсқауларды, апатты жағдай кезіндегі іс-қимылдар бойынша қажетті нұсқауларды: жалпы сипаттағы; төгілу, құйылу және шашылу кезінде; өрт кезінде; бейтараптандыру жөніндегі нұсқауларды; алғашқы көмек шаралары жөніндегі нұсқауларды қамтиды;
5) арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам (бұдан әрі – ӨЖЖҚ) – жолаушыларды, теміржол бөлімшелерінің жұмыскерлерін, багажды және жүктерді теміржол арқылы тасымалдауға арналған тартпалы көлік құралдары (мотовоздар, дрезиналар, арнайы автомотрисалар, теміржол-құрылыс машиналары);
6) арнайы контингент – түрлі қылмыстары үшін соттың шешімімен сотталған арнайы вагондарда тасымалданатын адамдар тобы;
7) аялдама пункті – тек жолаушыларды отырғызу және түсіруге арналған пункт;
8) арнайы вагон – туберкулез микобактерияларын бөлетін және туберкулез микобактериясын бөлмейтін, туберкулезбен ауыратын науқастарды тасымалдауға арналған вагон;
9) әуе көлігін пайдаланушы – әуе көлігін жекеменшік құқығы, жалдау шарты немесе басқа да құқық белгілеуші құжаттардың негізінде пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
10) багаж – жолаушылар көлік құралының бортында тасымалдауға қабылданған жолаушының мүлкі;
11) буфет-бар – сусындар, шырындар, су және зауыт қаптамасындағы тез бұзылмайтын өнiмдердi өткізуге арналған тиiстi жабдықтарымен бар тіреуі құрылғысына жолаушылар поезы вагонында немесе электр поезында бөлінген учаске;
12) вагон-мейрамхана – жолаушылар поезының жүретін жолында тамақ өнiмдерін және тағамдарды сақтау, дайындау және өткізу жүргізілетін қоғамдық тамақтану пунктi;
13) вагон-тоңазыту станциясы – тоңазыту қондырғыларымен жабдықталған вагон;
14) гидрофора – қысымдағы суды сақтауға арналған цистерна;
15) дизель-электрстанциясы – дизель қозғалтқыштарымен айналысқа келтірілетін, бір немесе бірнеше электр тоғы генераторларымен жабдықталған энергетикалық қондырғы;
16) жол аралығы – теміржол жолдары араларындағы учаске;
17) жолаушылар поезы – жолаушы вагондарынан жасақталған жолаушы, жүк, пошта тасымалдауға арналған поезд;
18) жолаушылар вагоны – пошталық, багаж, вагон-мейрамханалар, қызметтік-техникалық, қызметтік, клубтар, санитариялық, сынау және өлшеу зертханалары, жолаушылар үлгісіндегі арнайы вагондар сияқты жолаушыларды және (немесе) багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған вагондар;
19) жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті – (бұдан әрі – жабдықтау пункті) – вагондарды сапарға дайындау және жарақтау жүзеге асырылатын теміржол жолдарының мамандандырылған учаскесі;
20) жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК) – техникалық қызмет көрсету пункттерінде, құрастыру мен айналым пункттеріндегі жолаушылар техникалық станцияларында, поездың жол бойындағы станцияларында, тұрақтағы жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету кезінде вагонды тексеру, ажыратпай ағымдық жөндеу және жабдықтау;
21) жолаушылар кемесі – он екіден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;
22) жолаушылар сыйымдылығы – жатын орындарының (каютадағы жолаушылар) саны және отыруға арналған тұрақты орындардың (каютадан тыс жолаушылар) саны бойынша айқындалатын жолаушылар саны;
23) жаңғырту – жылжымалы құрамның қабылданған үлгілік құрылысына, типтік немесе қабылдау сынақтарын жүргізуді талап ететін елеулі өгерістер енгізу;
24) камбуз – саны бес адамнан аспайтын кеме экипажының тамақ дайындауға және тамақ ішуге арналған үй-жайы;
25) карантиндік аурулар – жұқпалылығы жоғары және өлім-жітіммен сипатталатын аурулар тобы (оба, тырысқақ, сары қызба), оларға қарсы жүргізілетін тиімді профилактикалық іс-шаралардың бірі карантиндік іс-шаралар өткізу болып табылады;
26) кеме экипажы – кеменің жеке құрамына, сол сияқты жолаушыларға қызмет көрсететін персоналды қоса алғанда, кемені басқаруды, кеме қозғалысын және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін кеме штатына енгізілген адамдар;
27) қаптама – өнiмдi бүлінуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өнімді тасымалдауды, сақтауды және өткізуді жеңілдететін құрал немесе құралдар кешені;
28) қарауыл қызметі – теміржол объектілерін, станцияларда және поезд жолының бойында жүктерді күзетуді жүзеге асыратын әскери теміржол күзетінің бөлімшесі;
29) қауiптi жүк – тасымалдау немесе қайта тиеу кезінде өзiнiң ерекше қасиеттерiне байланысты адамдардың өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiруi, қоршаған ортаны ластауы, көлiк құрылыстарын, құралдарын және өзге де мүлiктi бүлдiруi және жоюы мүмкін қауiптi зат, материалдар, өндiрiс бұйымдары мен қалдықтары;
30) құрамында мұнай бар су – машина және қазандық бөлімшелерінің төсеніші астында жиналатын су және құрамында мұнай өнімдері бар басқа да су;
31) қызметтік-тұрмыстық вагон – персоналдың тұрмыстық жағдайларын сақтауға және демалуына арналған вагон;
32) машина үй-жайлары – басты және қосалқы механизмдер, қазандықтар, сорғылар, генераторлар, ауаны желдетуге және баптауға арналған жабдықтар орналасқан үй-жайлар, отын қабылдау пункттері, шеберханалар және басқа да қосалқы үй-жайлар, сондай-ақ осы үй-жайлардың шахталары;
33) машинист кабинасы – локомотив бригадасының жұмыс орындары, локомотивті, мотор-вагонды жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы теміржол құрамын жүргізуге арналған аспаптар мен құрылғылар орналасқан шанақтың қоршаумен бөлінген бөлігі;
34) мамандандырылған тазартқыш кеме – ағынды судың барлығын немесе бір бөлігін қабылдауға және оларды одан әрі өңдеуге арналған өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін кеме;
35) мотор-вагонды жылжымалы құрам (бұдан әрi – МВЖҚ) – бұл жолаушыларды, багажды, поштаны тасымалдауға арналған моторвагонды поездар құрылатын (электрлi поезд, дизельдi поезд және автомотрисалар) моторлы және тiркемелi вагондар;
36) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы пайдаланатын, сондай-ақ астық жинау алдында оларды кептіру, жапырақтардан тазарту және өсімдіктердің өсуін реттеуде қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
37) радиоактивті жүк – жүк көлігіне (арнайы) тасымалдауға қабылданған радиоактивті материал;
38) рефрижераторлық вагон – тез бұзылатын азық-түлікті тасымалдау үшін тоңазытқыш қондырғысымен жабдықталған вагон;
39) рефрижераторлы жылжымалы құрам – рефрижераторлы вагондардан, вагон-тоңазыту станциясынан, дизельді электр станциясынын, қызметтік-тұрмыстық вагондардан тұратын құрам;
40) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – жобалау құжаттамасының, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің санитариялық қағидаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкессіздігін) куәландыратын құжат;
41) салон (кабина) – жүргізуші мен жолаушыларға арналған автокөлік құралының ішкі жайы;
42) су таситын кеме – суды тасымалдауға арналған кеме;
43) темiржол станциясы – қозғалысты, өту мүмкiндiгiн реттеудi қамтамасыз ететiн, жол таралымы бар, магистральдi жолды учаскелерге бөлетiн және поездарды қабылдау, жөнелту, қиылыстыру, озып өту бойынша, жолаушыларға қызмет көрсету бойынша, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді қабылдау, беру бойынша операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн пункт;
44) 1-техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – 1-ТҚК) – техникалық қызмет көрсету пунктінде әр сапарға жөнелту алдында жолаушылар вагонының жабдықтарын дайындау, сондай-ақ поездың жолы бойында тіркемеден ажыратпай тексеру, ағымды жөндеу;
45) 2-техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – 2-ТҚК) – жазғы және қысқы тасымалдаулар алдында жолаушылар вагондарын кешенді дайындау;
46) тез бұзылатын жүк – жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн жүк;
47) ұйымдастырылған балалар ұжымы – ересектер мен медицина қызметкерінiң алып жүруiмен, бiр көлікте бiр бағыт бойынша жүретiн, 6 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi, құрамы кемiнде он баладан тұратын ұжым;
48) шикі жүк – құрамында сұйықтық бар немесе өзінің табиғаты бойынша сұйықтық бөлуі немесе сұйықтық түзуі мүмкін жүк (су өткізбейтін контейнердегі сұйықтық, қаптамаланбаған шикі ет, мұздатылған балық, малдың ішек-қарыны, терілері, су өткізбейтін контейнердегі былғары және жануарлар);
49) ішкі жүзу кемесі – ішкі су жолдарында пайдалануға арналған кеме.
4. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарау жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10987 болып енгізілді, және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес, міндетті медициналық тексеріп қараудан өтеді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10634 болып енгізілді.
5. Декреттелген топтар қызметкерлерінің өзімен бірге медициналық тексеріп-қараудан өткені туралы және жұмысқа кіру рұқсаты бар деген белгісімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығымен бекітілген бекіткен нысан бойынша медициналық кітапшасы болады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10638 болып енгізілді (бұдан әрі – № 126 қағида).
6. Жұмыс орындары дәрі-дәрмектер жиынтығы мен таңу материалдары бар медициналық қобдишамен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9649 болып енгізілді.
7. Жинау және дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдары (бұдан әрі – жуу және дезинфекциялау құралдары) пайдаланылады.

Жолаушылар вагондарын жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

8. Заңды және жеке тұлғалардың жолаушылар вагондарының жаңа үлгілерін дайындау, қолданыстағы үлгілерін жаңартудың жобалық құжаттамасына Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.
9. Ішін әрлеу үшін механикалық әсерлерге, жарықтың, жуу және дезинфекциялық құралдардың әсеріне төзімді, ластануды тазартуға ыңғайлы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылады.
10. Жаңадан жобалатын жолаушылар вагондары лас қалдықтардың жинағыш-бактарға жабық түсуін қамтамасыз ететін, жабық үлгідегі лас қалдықтарды жою жүйесімен жабдықталған дәретхеналар мен санитариялық үй-жайлар бар.
11. Уыттылық критерийлері (уыттылық индексі) 20-дан төмен конструкциялық және әрлеу материалдары пайдаланылады.
12. Полимерлік конструкциялық және әрлеу материалдарынан қоршаған ауа ортасына адамның организміне тікелей немесе жанама қолайсыз әсерін тигізуі мүмкін (барлық бөлінетін заттардың бірлескен әсерін есепке алғанда) мөлшерде ұшпа химиялық заттар бөлінбейді.
13. Химиялық заттардың ауа ортасына бөлінділерінің және полимерлік құрылыс материалдарының негізгі үлгілерін санитариялық-химиялық зерттеу кезінде анықталуға жататын заттардың рұқсат етілген деңгейлері осы Санитариялық қағидалардың 1 және 2-қосымшаларында келтірілген.
14. Конструкциялық және әрлеу материалдарынан вагонның ішкі кеңістігінің ауасына 1-сыныптың қауіпті заттарының көшуіне жол берілмейді.
Материалдардан бөлінетін басқа заттардың құрамы елді мекендердегі атмосфералық ауа үшін рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – РШШ) аспауы тиіс.
15. Қауіптілік сыныбын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Техникалық реттеу туралы заңының 7 бабының 17 тармақшасы арқылы белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті техникалық регламент басшылыққа алынады.
16. Полимерлік материалдардан аддитивті әсері бар бірнеше зиянды заттар бөлінген жағдайда, шоғырланудың олардың РШШ-ге қатынасының жиынтығы бірден аспауы тиіс.
17. Тамбур конструкциясында еденде жолаушылардың аяқ киімдерін тазалауға арналған тор, күлсалғыштар, бүйірдегі қабырғасында – отын қорын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған жәшіктер, қоқыс салғыштар көзделеді.
18. Вагондардың өтетін алаңдары атмосфералық жауын-шашын, ылғал, шаң және батпақтың түсуін болдырмайтындай етіп жасалады, гигиеналық, беті тегіс қол тіреуіштер қарастырылып, өтетін орын едені саңылаусыз жабдықталады.
19. Вагонның қызметтiк емес шетiнiң кiшi тамбуры стандартты үлгідегі алмалы-салмалы полиэтилен қабы бар жәшіктермен жабдықталады.
20. Жолаушылар вагондарының терезелері жеткілікті көру, табиғи жарықты, дыбыс пен жылудан оқшаулауды қамтамасыз ететін шыныдан жасалады.
21. Жолаушылар вагонының дәліз терезелері тұтқалармен қоршалып, көтеріп-түсіретін тетігі бар, күннен қорғайтын перделермен жабдықталады.
22. Дәретханалар мен себезгі үй-жайларының терезелеріне бұлыңғыр немесе қараңғыланған әйнек қойылады.
23. Дәретханалардағы унитаз тоттануға төзімді материалдардан жасалады. Бекіту конструкциясы унитаздың және еден жабыны астына ылғал өтуіне жол бермейді.
24. Дәретханаларда едендегі судың ағып кетуіне арналған тесік тығынмен жабылады. Жиналған суға арналған құбырлар жылуы оқшауландырылған вагон асты жабдықтарынан алшақ орналасады, ал қайта жеткізілетін және жобаланатын вагондар жылыту құрылғыларымен жабдықталады.
25. Унитаз қақпақты пластмасса орындықпен, дәретхана қағазына арналған ұстағышпен, дезинфекциялау құралы бар стандартты сыйымдылықпен және жуғыш щеткамен жабдықталады.
26. Дәретханадағы қабырға, төбе және еденнің беті су сіңірмейтін және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді, жабын астының ылғалдануын, ластануын болдырмайтын материалдармен саңылаусыз және тегістеліп төселеді.
27. Дәретханадағы қол жуғыш ыстық және салқын су араластырғышымен, сұйық сабын мөлшерлеуіш құтысымен, жуынуға арналған ернеуі бар сөремен, айнамен жабдықталады. Су бөлетін шүмектердің үстіне «Ішуге жарамсыз су» деген жазу болуы көзделеді. Қолжуғыштың жанына бір рет қолданылатын сүлгілерге арналған сүлгі ұстағыш немесе электрлі сүлгі, бір рет пайдаланылған сүлгілерге арналған ыдыс орналастырылады.
28. Вагонның санитариялық-техникалық және тұрмыстық жабдықтары жарамды күйде ұсталады.
29. Қызметтік үй-жайларда:
1) шай заттары мен ыдыстарға арналған шкафтар және арнайы киімге арналған қуыстар;
2) ыстық және салқын су келіп тұратын қолжуғыш;
3) жолсерікке арналған диван, терезе алды үстелі, дауыс қаттылығын реттегіші бар дауыс зорайтқыш, вагон ішіндегі температураны көрсететін термометр;
4) тоңазытқыш;
5) қысқа толқынды пеш көзделеді.
30. Жолсеріктердің демалысы үшін екі орындық купе (1 диван, 1 жатын сөре) бөлінеді. Купе жиналатын үстелмен, ұсақ заттарға арналған қайырмалы торқалтамен (сөремен), киім шкафымен немесе киім ілгіштермен, ілмектермен, жүкке арналған қуыспен, суырмалы баспалдақпен жабдықталады.
31. Жатын вагондарда таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын бөлек сақтауға орын көзделеді.
32. Жатын купенің жабдықтары жатын дивандар мен сөрелерді, жиналмалы шағын үстелді, ұсақ заттарға арналған қайырмалы торқапшықты (сөре), суырмалы баспалдақты, киім шкафын немесе киім ілгіштерді, ілмектерді, багажға арналған қуыстарды, айнаны қамтиды.
33. Жатын сөренің матрастың сырғанап түспеуін болдырмайтын конструкциясы көзделеді, жоғарғы сөрелер ернеулермен қоршалады.
34. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары жоғарғы сөрелерге арналған қауіпсіздік белбеулермен жабдықталады.
35. Қызметтік-тұрмыстық вагонда демалуға арналған купе, жатын купе, асүй, санитариялық торап көзделеді.
36. Демалу салоны асүйден оқшау орналасады. Диванмен (жатын сөремен), үстелмен, орындықтармен, жұмыс және үй киімдерін, таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын бөлек сақтайтын бөлімшелері бар шкафпен жабдықталады.
37. Асүй мыналармен асүй плитасымен, тоңазытқышпен, азық-түліктерді сақтауға арналған шкафпен, суық және ыстық су араластырғышы бар раковинамен, асханалық ыдыс-аяқты және асүй мүкәммалын сақтайтын шкафпен, тамақ қалдықтарын және қоқыстарды салатын таңбаланған ыдыспен, асханалық және асүй ыдыс-аяғымен жабдықталады.
38. Қызметтік-тұрмыстық вагонның санитариялық торабы дәретхана мен себезгіге бөлінеді. Себезгі мен қолжуғышқа суық және ыстық су жеткізіледі.
39. Туберкулезбен ауыратын сотталған адамдарды (бұдан әрі – науқастар) тасымалдауға арналған арнайы вагонда: күзет бастықтарына арналған купе, медициналық қызметкерге арналған купе, ас үйі, науқастар үшін оқшауланған үй-жай, аурулар және персонал үшін бөлек санитариялық торап көзделеді.
40. ТҚК-2 (күзгі) жүргізу кезінде терезелерді және барлық есіктерді жылыту жұмыстары орындалады. Терезе әйнектері және жақтау арасындағы кеңістік жылыту алдында тазартылады.
41. ТҚК-2 (көктемгі) жүргізу кезінде терезелер ішкі және сырты жағындағы жылыту материалдарын алып тастап, төмен түсірілетін терезелердің көтеру тетігін жөндеу арқылы тазартылады.
42. Пошта-багаж вагондарын жобалау кезінде жұмыскерлерге арналған купе, санитариялық торап (дәретхана және себезгі) көзделеді.

Жолаушылар вагондарын сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылытуға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

43. Сумен жабдықтау жүйесінің конструкциясында судың ластануын болдырмау, таратушы құбырлар мен резервуарлардан суды толық төгу және тазалау, жуу, дезинфекциялау мүмкіндігі көзделеді.
44. Вагонның сумен жабдықтау жүйесінің су құятын келте құбырының ұшы ластанудан сақтайтын құралмен жабдықталады. Су құятын шлангінің ұшы жерге тимеуі тиіс.
45. Вагонның сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау деподағы жөндеу мен күрделі жөндеуден кейін мерзімді техникалық тексеру кезінде және санитариялық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша жүргізіледі.
46. Ауыз сумен жабдықтау арнайы су ағызатын колонкалардан жүргізіледі, құрастыру пункттеріне келгенде вагонның сумен жабдықтау жүйесіндегі су толығымен төгіледі.
47. Вагонның әрбір орны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес келетін тәулігіне кемінде 25 литр (бұдан әрі – № 209 бұйрық ) ауыз су сапасындағы суық және ыстық су берумен қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10774 болып енгізілді.
Жолаушылар вагондарының сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз су лабораториялық бақылаудан өтуге жатады.
48. Вагон су қайнататын және суытатын бөлек қондырғылармен жабдықталады, жаңа жобадағы жолаушылар вагонында ауызсу салқындатқыштарында зарарсыздандыру құрылғысын орнату көзделеді.
49. Вагон-мейрамхананы ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жеке су жылытқыш орнатылады. Судың температурасы Цельсий бойынша плюс (бұдан әрі – +) 80 градустан (бұдан әрі – оС) төмен болмауы тиіс.
50. Асханалық және асүй ыдыс-аяқпен, мүкәммалды жууға, шикізаттар мен азық-түліктерді технологиялық өңдеуден өткізуге арналған ванналарға ыстық және суық судың жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Ыстық су температурасы +50оС-тан + 65оС-ке дейін төмен болмауы қамтамасыз етіледі.
51. Жылыту жүйесінің конструкциясы және орналасуы оларды шаң мен ластан тазалаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
52. Вагондар ауаны сорып тартатын механикалық және сорып шығаратын табиғи желдету жүйесімен жабдықталады. Желдету жүйесі вагондағы әрбір орынға жаз мезгілінде сағатына 20 текше метрден (бұдан әрі – м3/сағ), қыста – 10 м3/сағ кем емес сыртқы ауаны жіберуді қамтамасыз етуге арналған үздіксіз жұмысқа есептеледі.
53. Науқастарды тасымалдауға арналған арнайы вагондарда дәліз бен үй – жай арасындағы ауа ауысуын қамтамасыз ететін, бөлек сорып шығаратын желдету жүйесі орнатылады.
Жол бойында, тоқтап тұрған кезде вагондар электр жарығымен іркіліссіз қамтамасыз етілу үшін автономды энергия көзімен жабдықталады.
54. Жаңадан әкелінетін вагондарда ауаны баптау жүйесі көзделеді.
55. Вагонға жіберілетін ауа сүзгі көмегімен тазартылады. Тазартылғаннан кейін жіберілген ауаның шаңдануы 0,5 миллиграмм текше метрден (бұдан әрі – мг/ м3) аспауы тиіс. Желдеткіш сүзгілерін ауыстыру жазғы уақытта – кемінде 15 күнде бір рет, қысқы мезгілде – 25 күнде бір рет жүргізіледі.
56. Салқындату кезінде вагонға жіберілетін сыртқы ауа температурасы +16 оС-тан төмендетпей ұсталады.
57. Салон ауасындағы көміртегінің екі оксиді құрамы 0,1 % аспауы тиіс, жолаушылар орналасқан орындарда ауа қозғалысының жылдамдығы қысқы мезгілде – секундына 0,2 метрден (бұдан әрі – м/сек), ауа баптағыш жұмыс істеп тұрған жаз мезгілінде - 0,25 м/сек. Ауа баптағышы жоқ вагондарда ауа қозғалысының жылдамдығы жаз мезгілінде - 0,4 м/сек болуына жол беріледі.
58. Вагон-мейрамхана асүйден тамақтану залына иіс келуіне жол бермейтін, сорып сыртқа шығаратын механикалық желдету жүйесімен және ауа баптағышпен жабдықталады. Ауаны ластау (газ, шаң, иіс), жылу көздері бар үй-жайлар ауаны сорып шығаратын жергілікті желдеткішпен жабдықталады.
59. Жылыту құрылғыларының +55 оС-тан жоғары болған ашық жерлері қорғаныш қоршаулармен оқшауланады.
60. Вагондарда табиғи және жасанды жарық көзделеді. Жасанды жарық үшін спектрі бойынша күндізгі жарыққа жақын, жарқылдауды және айқын қарсы жарықты болдырмайтын люминесценттік шамдар қолданылады.
61. Істен шыққан люминесценттік шамдарды үй-жайларда сақтауға жол берілмейді.
62. Жатын купеде жолаушылар үшін ортақ және жолаушылар үшін әр орынға жергілікті жарық көзделеді.
63. Жолаушыларға арналған купеде, қызметтік жайларда, вагон дәліздерінде еденнен 800 миллиметр (бұдан әрі – мм) деңгейде, диван арқалығынан 600 мм қашықтықта және үстелдің үсті кемінде 150 люкс (бұдан әрі – лк) жарықпен қамтамасыз етіледі.
64. Жергілікті жарық шамшырағының жарығы вагон қабырғасынан 0,7 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта және диван бетінен 0,5 м биіктікте 40 лк-дан кем болмайды.
65. Үлкен дәліздерде еден деңгейінде, дәретханаларда жарық 50 лк, шағын дәліздерде - 30 лк, тамбурларда, кіреберіс баспалдақтарда - 30 лк-дан кем болмайды.
66. Қазандық бөлімдерінде бақылау аспаптарының деңгейінде жарықтың 30 лк-дан кем болмауы көзделеді.
67. Еден деңгейінде 1 лк-дан кем болмайтын апаттық жарық көзделеді.
68. Дизельді үй-жайларда жабдықтарды жөндеу кезінде жұмыскерлердің көзіне жарықтың тікелей түсуін болдырмайтын құралдары бар жасанды жарық көзі көзделеді, верстактарда жергілікті жарық орнатылады.

Жолаушыларды тасымалдау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

69. Жолаушылар поездарын құрастыру пункттерінде, МВҚҚ-да мыналар:
1) вагондардың сыртын жуу;
2) вагондарды дезинфекциялық өңдеу;
3) ішкі және санитариялық-техникалық жабдықтарды жөндеу;
4) желдеткіш жүйесін тазарту, кезеңділіктің еселілігіне сәйкес ықтиярсыз желдеткіштердің сүзгілерін ауыстыру;
5) вагондардың ішкі үй-жайларын жинау;
6) вагондарды алмалы-салмалы жабдық заттарымен жабдықтау;
7) ауыз су және отын толтыру;
8) жатын вагондарды төсек жабдықтарымен және төсек керек-жарақтарымен, шай өнімдерімен қамтамасыз ету;
9) дезинфекциялау және жуу құралдарымен жеткілікті мөлшерде жабдықтау жүргізіледі.
Вагондарды дезинсекциялық өңдеу жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, вагон үй-жайларын дератизациялық өңдеу - эпидемиологиялық айғақтар және өтінім бойынша жүргізіледі.
Жоспардан тыс дезинфекция және дезинсекция эпидемиологиялық айғақтар бойынша жүргізіледі.
70. Жолаушылар вагондарына отын (көмір, ағаш) қаптамаланған түрде тиеледі, жәшіктерге салынады.
71. Жолаушылар поездарының айналым пункттерінде:
1) дәретханалар мен қоқыс жәшіктерін дезинфекциялық өңдеу;
2) ішкі жабдықтарды (өтінім бойынша) жөндеу;
3) вагондардың ішкі жайларын және жабдықтарын ылғалды жинау, жуу;
4) вагондарды ауыз сумен және отынмен толтыру;
5) жұмысқа қажетті дезинфекциялық ерітінділерді және жуу құралдарын дайындау жүргізіледі.
МВҚК айналым пункттерінде ішінара дайындау:
1) дәретханалар мен қоқыс жәшіктерін дезинфекциялық өңдеу;
2) салонда және тамбурда ағымдық жинау;
3) вагонды ауыз сумен толтыру жүргізіледі.
72. Вагонның сыртын жууға шанақты жуу, әйнектерді, өту алаңқайларын, тұтқаларды, басқыштарды жуу кіреді.
73. Ішкі үй-жайларды ылғалды жинау вагонға дезинфекциялық өңдеу аяқталғаннан кейін жуу құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Жинау жүргізгеннен кейін жинау құралдары мен шүберектер залалсыздандырылады, жуылады және кептіріледі.
Аумақтағы мемлекеттік орган ведомствасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру жүргізген кезде жолаушылар вагонында залалсыздандыру жүргізудің сапасы лабораториялық бақылаудан өтуге жатады.
74. Төсек керек-жарақтары жиынтығына матрас, тысы бар жастық, мезгілдік көрпелер жатады.
75. Матрастар, жастықтар және қысқы көрпелер мерзімдік дайындық кезінде жылына екі рет, сондай-ақ ластануына қарай және эпидемиологиялық айғақтар бойыншашаңнан тазартылуы және камералық өңдеуге жіберілуі қажет.
Жазғы көрпелер кемінде айына екi рет жуылады немесе химиялық жолмен тазартылады. Матрастардың тысы мен жастықтардың тысы айына бiр реттен сиретпей жуылады.
Үстел үстi майлықтары, күннен қорғайтын перделер мен шымылдықтар әр сапардан кейiнжәнеластануына қарай ауыстырылады.
Кілем төсеніштері жуылады немесе кемінде үш айда 1 рет және ластануына қарай химиялық жолмен тазартылады.
76. Вагонның iшкi үй-жайларын және санитариялық-тұрмыстық жабдықтарды тазарту арнайы киiмде жүргiзiледі. Арнайы киiм тиісті таңбалары бар екi халат жиынынан, резеңке қолғаптардан (салон мен дәретхананы жинауға бөлек арналған) тұрады.
77. Жинау құралдарының құрамында үш шелек, швабра, сыпырғыштар, қалақтар, шүберектер, щеткалар, еденнiң кiлем жабыны мен жұмсақ жиһаздары болған жағдайда шаңсорғыш кіреді. Шелек «дәретханаға арналған», «еденге арналған», «сөрелерге арналған» деп таңбаланады, шүберектерге белгі қойылады. Сөрелерге арналған шелекті қабырғаларды жуу үшін пайдалануға рұқсат етіледі. Жинау мүкәммалын арнайы бөлінген орында сақталады. Жинау құралдарын басқа мақсатта пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
78. Сапарға жөнелту алдында және жұмыс күнiнiң соңында бiрнеше рет пайдаланылатын ыдыстар және асхана құралдары жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы, жуу раковинасында ыстық сумен жуылуы қажет.
79. Сыртқы және iшкi өңдеуден өткен вагондар алмалы-салмалы құралдармен, шай жабдықтарымен және ыдыспен, сабынмен, дәретхана қағазымен, майлықтармен, қағаз сүлгілермен жабдықталады.
80. Алыс және жергiлiктi қатынастағы поездар үшiн сапарға берiлетiн төсек жиынының саны сапардың ұзақтығына, жолаушылар ағынына байланысты бiр орынға кемінде төрт жиынтықтан кем емес есебiнен белгіленеді. Төсек жиынтығына жайма, көрпе тысы, жабық түрдегi жастық тысы және сүлгi кіреді. Төсек жиынтығы пломбаланған немесе кiр жуу орнының мөртаңбасы басылған, жинақтау күні мен жинақтаушы нөмірі көрсетiлген арнайы жазба белгісі салынып тігілген конвертте (пакетте) болуы тиіс.
81. Қыста және жылдың ауыспалы мезгiлiнде сыртқы ауа температурасы -10оС және одан төмен болған кезде вагондарға от жағылады. Вагонға жолаушыларды отырғызу алдында ауа температурасы (қыста және жылдың ауыспалы мезгiлiнде) +22 оС (+2 оС), жаз мезгiлiнде вагондардағы ауа температурасы +24 оС (+2 оС) деңгейінде сақталады
МВҚК құрамын отырғызуға беру алдында вагондарда ауаның температурасы +11оС-тен +15 оС деңгейінде, жол бойы +22 оС ( + 2) деңгейінде болуы сақталады.
82. Жолаушылар вагонының купесіндегі шудың деңгейі 65 децибел (бұдан әрi – дБа), тамбурда – 68 дБа, вагонаралық өту жолдарында – 80 дБа, МВҚК салонында - 75 дБа аспауы тиіс.
83. Жолаушылар вагондарында дірілдің деңгейі 8000 Гц жиілікте 8 сағаттық әсер ету кезінде 64 дБА нормаланған қисығына тең болады.
84. МВҚК салондарында және машинистердің кабинасында инфрадыбыстың рұқсат етілген шекті деңгейі 2 және 4 Гц октавалық жолағының жиілігі кезінде – 102 дБА, 8 және 16 Гц октавалық жолағының жиілігі кезінде – 99 дБА құрайды.
85. Машинист кабинасында және салонда электромагниттік сәулеленудің рұқсат етілген шекті деңгейі осы Санитариялық қағидалардың 3-қосымшасындағы деңгейлерге сәйкес болады.
86. Сапарға жіберілетін штабтық вагон толық жарақталған екі медициналық дәрі қобдишасымен (ағымдағы және апаттық), медициналық зембілдермен, жол бойында инфекциялық ауруға күдікті науқас анықталған жағдайда осы Санитариялық қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес эпидемияға қарсы жиынтықпен жабдықталады.
87. Сапарға жіберу алдында барлық вагондар:
1) алмалы-салмалы мүкәммалмен және жабдықтармен;
2) медициналық дәрі қобдишасымен;
3) машинистпен радио арқылы байланыспен қамтамасыз етіледі.
88. Арнайы вагондарда туберкулез микробактерияларын бөлетін және микробактерияларын бөлмейтін науқастар бөлек жайларға орналастырылады және дәріге сезімталдық қорытындысы бойынша: көптеген дәріге көнбейтінтуберкулез қалғандардан бөлек, кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез қалғандарынан бөлек, дәріге сезімталдық тест нәтижесі белгісіз қалғандарынан бөлек оқшауланады. Науқастар бір рет пайдаланатын хирургиялық бетпердемен, бір науқасқа 3-5 данадан кем емес бір рет пайдаланатын түкіргіштермен қамтамасыз етіледі.
89. Жолаушылар поезының және МВҚҚ құрамына:
1) суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесі, жылу, желдеткіш, электр жарығы, санитариялық-техникалық жабдықтар, тоңазытқыштар, дәретханалардағы су ағызу тетігі жарамсыз болғанда;
2) микроклиматы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда;
3) вагондардың үй-жайлары лас, әйнегі жоқ немесе сынған, салқын және жылдың ауыспалы мезгілінде терезелердің жақтаулары бекітілмеген, есіктері жарамсыз болғанда;
4) тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштер болған жағдайда;
5) алмалы-салмалы мүкәммалдармен және жабдықтармен жеткіліксіз жабдықталғанда;
6) жатын вагондардың төсек орын жабдықтарымен, төсек керек-жарақтарымен жеткіліксіз жабдықталуы орын алған жағдайда вагондарды пайдалануға қосуға жол берілмейді.
90. Жолаушылар поезының жол бойында вагонның үй-жайларын ылғалды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы тәулігіне екі реттен сиретпей және ластанған кезде, дәретханаларда тәулігіне кемінде төрт рет жүргізіледі. Кілем алашалар, жұмсақ жиһаздар шаңсорғышпен тәулігіне кемінде екі рет шаңнан тазартылады. Жинау жұмыстары арнайы киіммен жүргізіледі.
91. Туберкулезбен ауыратын сотталғандарды тасымалдау үшін арнайы вагондарды залалсыздандыру тәртібі туберкулезге қарсы стационарларға қойылатын талаптармен сәйкес келуі қажет.
92. Әрбір аялдама пунктінде жолаушылар шыққанға (отырғанға) дейін ұстағыш тұтқалар шүберекпен сүртіледі.
93. Жолаушылар төсек керек-жарақтарымен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Төсек керек-жарақтарынсыз төсек жабдықтарынсыз пайдалануға, өз төсек жабдықтарын пайдалануға жол берілмейді.
94. Таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын бір үй-жайда сақтауға жол берілмейді. Жол бойында және жолаушылар поездарының айналым пункттерінде пайдаланылған төсек жабдықтары қапшықтарға салынып, пломбаланады.
95. Шай керек-жарақтарына және ыдыс-аяққа арналған шкафта бөгде заттарды сақтауға жол берілмейді.
96. Өткізілетін тамақ өнімдері мен сусындар ассортименті тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасымен келісіледі.
97. Вагондарда өткізілетін тамақ өнімдері мен сусындардың, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болады.
98. Кондитерлік өнімдер жолаушыларға дайындаушы зауыттың қаптамасында беріледі. Шай, кофе, кондитерлік өнімдерді, ланч-бокстарды таратуды жолсеріктер санитариялық киіммен (алжапқыш немесе күрте) жүргізеді.
99. Жол сапары бір тәуліктен ұзақ болса, жолаушылар поезының схемасына вагон-мейрамхана енгізіледі.
100. Жолаушылар вагондарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері сапар журналына актіленеді.

Наши рекомендации