Пәннің сипаттамасы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

«Экономикалық» факультетінің

деканы

__________ А.С.Исмаилова

«____»____________2015 ж

Студентке арналған пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

(Силлабус)

Пәні бойынша «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»

Мамандықтар: 5В050600 – «Экономика»

5В050700 – «Менеджмент»

5В050800 - «Есеп және аудит»

5В050900 - «Қаржы»

5В051100 – «Маркетинг»

Астана 2015

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (Силлабус) ҚР Ғылым және білім министрлігінің 23.12.2009 жылы №779 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС 3.08.352-2010 сәйкес жасалған, «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның Ғылым кеңесінің мәжілісінде бекітіліп, 11.09.2011 жылы іске қосылған «Тіршілік әрекетінің қауіпсізідігі негіздері» пәні бойынша бакалаврларға арналған уақытша жұмыс бағдарламасының негізінде және 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 – «Маркетинг» мамандықтары бойынша «30» тамыз 2014 ж. №13 хаттамамен бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес құрастырылған.

«Технологиялық үрдістерді механикаландыру» кафедрасының отырысында қарастырылған «»201ж. № хаттама.

Кафедра меңгерушісі ______________ __ Г.А. Заичко

Экономикалық факультетінің әдістемелік комиссиясымен ұсынылды

«»201ж. № хаттама.

Әдістемелік комиссияның төрағасы ______________

2. СИЛЛАБУС ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Кулжабаева Айгуль Аманалиевна - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Технологиялық үрдістерді механикаландыру» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты.

Тел.: Жоқ

Дәрісхана: Т-309

Бабаликова Асемгул Максатовна

Тел.:31-80-90, 87026207993

Қабылдау сағаттары: кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша.

2.2 ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Пән: «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәннің коды

Курс -1
Семестр -2
Кредит саны: -2
Дәріс -15
Тәжірибелік -15
СОӨЖ -15
СӨЖ -45
Барлығы -90
Бақылау түрі - емтихан

Жүргізілетін орны - «Технологиялық үрдістерді механикаландыру» кафедрасының дәрісханаларында.

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апталары   Бар-лығы
Дәрістер
Практика (тәжіри-белік)
СОӨЖ
СӨЖ
Барлығы

3. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ

Бұл пәнді үйрену үшін келесі пәндерді меңгеру керек: Қазақстан тарихы, Әлеуметтану, Шетел тілі, Құқық негіздері, Математика, физика, химия.

4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ

Бұл пәнді меңгеру нәтижесіндегі білім дипломдық жобалауды орындағанда, дәрігер алдында алғашқы көмек көрсетуде, Еңбек қорғау пәндерінде қолданылады.

5. КУРСҚА ҚЫСҚАША ШОЛУ

Пәннің сипаттамасы

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні студенттерде адамдардың тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру саласында негізгі түсініктерді пішіндейді, Төтенше жағдай салдарын жою бойынша әрекеттерінен қорғау және нысандардың тұрақты қызмет етуіне байланысты тәжірибелік дағдылану мүмкіндіктерін береді.

5.2 Пәнніңмақсаты: - келешек мамандарға келесі мәселелерге қажетті теориялық бiлiмдер және тәжірибелік дағдыларға қатысты білім беру:

- тіршілік әрекетінің қауіпсіз және зиянсыз шарттарын құру;

- шаруашылық нысандар мен техникалық жүйелердің тұрақты қызмет етуін ескерумен жаңа техника мен технологиялық үрдістерді іске асыру қауіпсізідігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға сәйкес оларды жобалау;

- апат, зілзала, табиғи апаттардың мүмкін болатын салдарынан тұрғындар мен өндірістік персонал мен нысандарды қорғау бойынша төтенше жағдайлар шартында сауатты шешімді болжау және қабылдау, сонямен қатар қазыргы кезгі зақымдау құралдарын қолдану және де олардың салдарын жою.

5.3 Пәннің міндеті:

Студенттерге келесілерді үйрету:

- ТЖ кезінде адамдарды қорғау жолдару мен тәсілдерін;

- ТЖ кезінде нысандардың тұрақты қызмет етуін анықтауды;

- ТЖ салдарын жою әрекеттерін.

Пәнді оқу барысында студенттер келесі құзыреттіліктерге ие болу керек:

А. Еңбек қорғау саласында негізгі ұғымдарды түсіну және білу, қауіпсіз және зиянсыз жағдай жасаудың негізгі әдістері туралы ұғымды ғылыми зерттеу тәжірибесінде қолдану және модельдей білу, құқықтық актілерге сәйкес тиянақты шешімдерді қабылдау және болжау, тәжірибеде негізгі құқықтық ұғымдарды қолдана білу, еңбек қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін оқу барысында жүйелік көзқарасты пайдалану қажеттілігін көрсету, еңбек қорғау мен қауіпсіздік нормалары қамтылған, құқықтық және нормативтік актілерді пайдалана білуді жетілдіру, сонымен қатар олардың сақталуын бақылау, технологиялық үрдісьерде және жұмыс орындарындағы қауіп-қатерді төмендету және алдын алу шараларымен танысу.

В. Сызбамен жұмыс барысында, тест тапсырмалары мен есепті шешу еңбек әрекетінің үрдісінде жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау саласында заңдарды қолдану мен шектеуші факторларды анықтау бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру; ағынды құқықтық жағдайларды жетілдіре білу; құқықтық актілермен жұмыс және ағынды экономикалық жағдайды жетілдіру; инфляция деңгейін төмендету; жалпы ұлттық өнімді арттыру; объектіде еңбек қорғау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру; денсаулыққа қауіп туындау кезінде жағдайды бақылау және модельдеу; қауіптілік дәрежесін анықтау; шаруашылық субъектілеріндегі өндірістік жұмыскерлерді және халықты қорғау; жағымсыз факторлардың қоршаған ортаға әсері және олардың зардаптарын жою бойынша дұрыс шешім қабылдай білу; экономикалық шығынды анықтау; өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі саласындағы қатынасты реттейтін заңдық актілерді сақтау; еңбек үрдісінде жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету; физиологиялық негізделген еңбек нормаларын дайындау және олардың сақталуын бақылау; технологиялық үрдіс пен жұмыс орнындағы қауіп-қатерді төмендету және жою бойынша шаралар қабылдау; ҚР бекітілген заңдарға сәйкес тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу және ұйымдастыру; өндірістік зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен қорғайтын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету ретін белгілеу, сонымен қатар оларды қолдануын бақылау; уәкілетті ұйымдармен бекітілген тиісті ережелерге сәйкес, еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысшылардың білімін тексеруді өткізу және ұйымдастыру.

С. Идеяны бағалау, талқыға салу қабілеттілігі, тұжырымдауды қалыптастыру, өзіндік аргументтерді құру, еңбек қорғау, экология, экономика, ақпараттық технология және құқық саласында өз ұстанымдарын негіздеу және ұсыну қабілеті.

D. Қарым-қатынас саласында – өз еліміздің экономикалық құндылықтарын, рәміздерін, азаматтардың құқығы мен бостандығын құрметтеу сезімін, еңбекті қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, экономика экология саласын реттейтін іс-әрекеттерді қалыптастыру, өндірістегі әртүрлі төтенше жағдайларды модельдеу.

Е. Оқу саласында – экологиялық мәселелерді туындататын мемлекеттің, қазақстанның экономикасының негізгі мәселелерін талдай білу, дұрыс баға беру және нақты дұрыс шешім қабылдау, студенттерде құқықтық жағдайлардың негізгі түсінігін, экономикалық мәдениетті, логиканы қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс істеу амалдарын меңгеру, өндірістік және тұрмыстық тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің жағдайын талдау және модельдеу, өндірістік оқиғалардың әртүрлі экономикалық зардабы мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі аумағының мәселелерін шешу және анықтау, жағдайды бағдарлау, құқықтық базаны қолдану және өндірістік оқиғаларды шеше білу.

6. КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ

6.1 Дәріс сабақтарының тізімі

Тақырып атауы Көлемі, сағ Әдебиет Ағымды бақылау, балл
1. «Тіршілік әрекетінің қауіпсізідгі негіздері» курсының мақсаты мен мазмұны 1.1 Маманды дайындауда курстың негізгі мәселелері және рөлі. 1.2 Заңнамалық актілер 1.3 Тіршілік әрекетінің қауіпсізідігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру және теориялық негіздері. 1.4 Түсініктер мен анықтамалар. [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10] 1,0…2,0
2.Адма өмір сүру ортасының қауіптері 2.1 «Адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіптерді жіктеу 2.2 Ағзаның қорғаудың табиғи жүйелері. 2.3 Жарақатты зақымдану, өте қауіпті індет, асықынған аурулардың түрін анықтау және дәрігер алдында шұғыл жәрдем көрсетуді оқыту. [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10] 1,0…2,0
3. Төтенше жағдайлар 3.1 Жіктелуі, пайда болу себептері. 3.2 Табиғи апаттарды талдау. 3.3 Табиғи экологиялық апат, техногендік апаттар және зілзалалар, адамдардың өмір сүру орталарында қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарынан пайда болатын ТЖ аймақтарының сипаттамасы. 3.4 ТЖ жағдайын бағалау – бағалау әдістемесі және барлау, бақылау приборлары. 3.5 Зақымдалу ошағы. 3.6 Азаматтық қорғаныс (АҚ) нысандық қалыптасуын ұйымдастыру 3.7 Бейбіт және соғыс кезіндегі АҚ рөлі мен мәселелері. [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10] 1,5…3,0
4. Халықты қорғау. 4.1 Халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. 4.2 Халықты қорғау бойынша шаралар, ТЖ-дағы территориялар мен ұйымдастыру. 4.3 Асықынған сәулелік ауру (радиациялық зақымдалу). 4.4 Қорғаныс құрылыстары, жеке қорғану құралдары мен медициналық құралдарды қолдану. 4.5 Санитарлық өңдеу. 4.5 Халық және дүние-мүлікті көшіру. [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10] 1,5…3,0
5. Төтенше жағдайлардың салдарын жою. 5.1 ТЖ жағдайларында шаруашылық нысандардың тұрақтылығы. 5.2 Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. 5.3 ТЖ жәбірленгендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. 5.4 Радияциялы және химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборларымен жұмыс істеу тәртібі. 5.5 Зақымдалу аймағында адамдардың жіберілетін мекендеу уақыныт анықтау. [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10] 1,5…3,0
6. Техносфера ның негативті көрсеткіштері. 6.1 Өндірістік ортаның негативті факторларының жіктелуі. 6.2 Экология және жабдықтарды іске қосу қауіпсізідігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға сәйкес өндірістік қызметті ұйымдастыруды оқып-үйрену. [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10] 1,0…2,0
Барлығы:   7,5…15,0

6.2 Практикалық (тәжірибелік) сабақтардың тізімі

Тақырып атауы Көлемі, сағ. Әдебиет Ағымды бақылау, балл
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері [1-10] 0,5…1,0
2. 300 МГц-тен…300ГГц диапазонындағы жиіліктегі электромагниттік өрістерден қорғау құралдарын есептеу. [1-10] 0,5…1,0
3. ДГК – РМ 1203М микропроцессорлік дозиметр. [3] 0,5…1,0
4. МКС-АТ6130 дозиметр-радиометрі [3] 0,5…1,0
5. Адамның демалу мүшелерін жеке қорғаныс құралдары. [1-10] 0,25…0,5
6. Адамның терісін жеке қорғаныс құралдары. [1-10] 0,25…0,5
7. Адамның медициналық жеке қорғаныс құралдары [1-10] 0,25…0,5
8. Шаруашылық нысандарының радиациялық жағдайын бағалау әдістемелері. [7,8] 0,5…1,0
9. Жоғарғы оқу орындарында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру [1-10] 0,25…0,5
10. Экстремалды жағдайлардағы адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын өтеуге арналған КТНП-01-«ЭЛТЭК» тренажер кешені. [3] 0,5…1,0
11. Заманға сай қоғамның әлеуметтік қауіптілігін оқып-үйрену. [1,6,7,9] 0,5…1,0
12. 21 ғасырдағы қауіпті ауыруларды оқып-үйрену. [1,6,7,9] 0,5…1,0
Барлығы:   5,0…10,0

Наши рекомендации