Емдік курорттардың географиясы
Курорт (нем. die Kuhr - «емдеу», der Оrt - «орын») – емдік-профилактикалық мақсатта игерілген және пайдаланылатын, табиғи емдік ресурстары және оларды пайдалануға қажетті ғимараттары мен жайлары бар, инфрақұрылым нысаналарын қоса алғанда, ерекше күзетілетін табиғи территория.Курортта ауруларды емдеу және алдын алу үшін табиғи ресурстар пайдаланылады – емдік климат, минерал су, емдік балшық, көлдер мен көлтабандарының рапулары (тұзды сулары), сондай-ақ басқа да емдік қасиеттері ғылыми зерттеулер және көпжылдық тәжірибе негізінде анықталған табиғи нысаналар мен жағдайлар. Курорттық орынның географиялық орналасқан жеріне және климаттық жағдайының сипаттамасына қарай онда бір немесе бірнеше табиғи емдік факторлар болуы мүмкін. Мынадай курорттар атап көрсетіледі:
климаттық емдеу, олардың негізгі емдік факторлары – климаттың әр түрлі құрамдас бөліктері. Бұл аэротерапияны, гелиотерапияны, талассотерапияны және басқа физиотерапиялық әдістерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді; табиғи-климаттық зоналарға сәйкес, мұндай курорттар жазықтықты, далалы, шөл далалы, таулы, теңіз жанындағы және басқаларға бөлінеді;
бальнеоемдеу, олардың емдік факторлары – сыртқа (ванна, суару) және ішке (ішу, ішекті жуу) пайдалануға арналған әр түрлі типті минерал сулар;
балшықпен емдеу, олардың негізгі емдік факторлары – әр түрлі типті балшықтар (су асты балшығы, шымтезек, жалғанвулкандық балшық);
аралас емдеу, онда табиғи емдік факторлардың кешені қолданылады (климаттық-бальнеемдеу, климаттық-бальнео-балшықпен емдеу, климаттық-балшықпен емдеу, бальнео-балшықпен емдеу).
Курорттық істің ғылыми-медициналық негізін курортология құрайды.
Курортология – табиғи-климаттық емдік қасиеттерді және қайта қалыптасқан физикалық факторларды және олардың адам денсаулығына әсерін, оларды сауықтыру, емдік мақсатта қолдану мүмкіндіктерін оқытатын ғылыми медициналық пән.
Курортология ғылым ретінде келесі бағыттарда жұмыс жасайды:
1.Бальнеология(лат. Balneum ванна) – емдік сулар туралы ғылым.Бальнеотерапия – емдік мақсатта минералды суларды қолдану.
2. Климаталогия – климат туралы ғылым. Климатотеоапия – емдік және сауықтыру мақсатында климатты қолдану.
2.1 гелиология – кун туралы ғылым. Гелиотерапия – емдік-сауықтыру мақсатында күн сәулесін қолдану.
2.2. Аэрология – ауа туралы ғылым. Аэротерапия – ауаны емдік мақсатта қолдану.
2.3. Талассология – теңіз туралы ғылым. Талассотерапия(греч. –thalassa- море) – күн ванналарын қабылдаумен бірге теңізге түсу арқылы емделу.
3. диеталогия – тамақтану туралы ғылым. Диетотерапия – емдік-сауықтыру мақсатында тамақты қолдану.
4. Кинезитерапия – қозғалыс арқылы емдеу. Дене шынықтыру – белсенді демалыс және емдік дене шынығу.
5. Физиотерапия – қайта қалыптасқан физикалық факторларды (жасанды факторларды) емдік мақсатта қолдану. Курорттар және олардың түрлері
23.02.1995 жылғы №26 – Ф3 «Табиғи емдік ресурстар, емдік-сауықтыру орындары мен курорттар жайлы» федералды заңға сәйкес курортпен байланысты негізгі түсініктер айқындалады.
Курорт – табиғи емдік ресурстары мен оларды пайдалану үшін салынған ғимараттарды және инфрақұралым объектілерін біріктіретін емдік-сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын арнайы табиғи аумақ. Курорт мемлекеттің меншігі болып табылады.
Курорттық орын – табиғи емдік факторлары (климат, минералды су көздері, емдік балшық және т.б.) бар, денсаулықты жақсартуға, емдеуге, аурудың алдын алуға жағымды әсер ететін орын. Табиғи емдік факторлардың негізінде курорттық орын мемлекеттік және жергілікті мағынадағы орын болып бөлінеді.
Курорт болып қалыптасу үшін келесі факторлар қажет:
Курорттың қалыпты жұмыс істеуін және оның дамуын қамтамасыз ететін табиғи емдік факторлардың жай күйі;
Курорттық факторларды қолдану үшін техникалық құралдардың болуы (ванналық ғимарат, бассейндер, балшықпен емдеу орны, жағажайлар т.б.)
Емдеуге және тұрақтауға арналған арнайы маманданған орын (санаторий, демалыс үйлері)
Ауру адамдарға медициналық қызмет көрсететін емдік-сауықтыру орындарының болуы;
Сауықтыру мақсатындағы спорттық орындардың және алаңдардың бар болуы;
Қоғамдық пайдалану орындарының, тамақтандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, мәдени –танымдық орындар және т.б. болуы;
Курорт территориясының барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы;
Ыңғайлы байланыс және көлік жолдарының болуы;
Жалпыкурорттық режимді сақтау қажеттілігі;
Кез – келген курорттың мамандануын курорттық факторлар – емдеу мен сауықтыру мақсатындағы табиғи-емдік факторлар анықтайды. Негізгі курорттық факторларға: ландшафттық-климаттық жағдай, емдік балшықтар мен минералды су көздері жатады. Бір ғана табиғи емдік факторға негізделген курорттар өте сирек кездеседі. Көбінесе барлық курорттық факторлар бір арнайы курортқа біріктіріледі.
Табиғи – емдік факторларды есепке ала отырып барлық курортарды
6 үлкен топқа топтастыруға болады.
Бальнеобалшықтық курорттар – негізгі емдеу факторлары минералды су көздері мен балшықтар болып келетін курорттар. Бір уақытта барлық курорттық факторлары бар курорттар да кездеседі.
Мысалы, Ресейдегі осындай курорттарға: Бакиров, Үлкен Тараскуль, Гай, Ессентуки, Карачи, Старая Руса және т.б. жатады.
Бальнеоклиматтық курорттар – бұл курорттарда негізгі емдік факторлар климат пен табиғи минералды сулар болып келеді.
Мысалы: Аршан, Вешенский, Кисловодск, Сочи, Ямаровка, Дара – сун және т.б.
Бальнеологиялық курорттар – мұнда емдік фактор ретінде тек минаралды су көздері қолданылады.
Мысалы: Дарасун, Ессентуки, Железноводск (көмірқышқылды сулармен), Ангара, Бакиров, Серноводск, Сочи (күкірқышқылды сулармен), Беликуриха, Пятигорск, Усть – Кут (радонды сулармен); Начики, Паратунка, Талая (азотты сулармен) т.б. емдейді.
Бальнеологиялық курорттардың негізгі тобын минералды су көздерін ішке пайдалануға арналған курорттар құрайды. Мысалы: Борисовский, Дорохово, Дарасун, Кашин және т.б.
Балшықпен емдеу курорттары – негізгі табиғи фактор ретінде балшық пайдаланылатын курорттар.
Мысалы: Медвежье, Кисегач, Бакирово, Липецк, Талая, Тамга, Нальчик және т.б.
Климатоқымызбен емдеу курорттары – бұл курорттарды негізгі табиғи факторлар даланың жұмсақ климаты мен қымыз болып табылады. Мұндай курорттар Алтай аймағында, Орынбор облыстарында орналасқан.
Мысалы: Аксаково, Маныч, Юматово т.б.
Климаттық курорттар – тек қана климат негізгі емдеу факторы ретңнде қоладынылады. Климаттық курорттарға сонымен бірге ландшафттық рапия мен спелеотерапия кіреді. Айта кететіні, негізгі климаттық курорттар ішінде теңіз климаттық курорттары маңызды болып табылады.
Мысалы: Калининград курорттық аймағы, Ленинград курорттық аймағы, Ейск т.б.
Сонымен қатар таулыклиматтық курорттар жайлы да айта кеткен жөн. Таулыклиматтық курорттардың негізі емдеу көздері: жоғары тазалылық, ауа құрамы, күн сәулесі, оттегі қысымы және т.б. Мысалы, тек қана Үлкен Кавказ курорттарын айтуға болады. Сонымен қатар куроттар: орман зонасының курорттары, орманды дала және дала зонасының курорттары, шөлейт және шөл зона курорттары, жерортатеңіздік климат курорттары, ылғалды субтроник және муссондық климат курорттары мен тауклиматты курорттар болып жіктеледі. Дегенмен де климаттың орналасқан орнына сәйкес ерекшеліктерін ескерген дұрыс, олар үлкен терапевтикалық ерекшелікке ие болуы керек. Сондықтан территорияның микроклиматтық бағалауының маңызы өте зор. Таулыклиматтық курорттар үшін негізгі орынды биіктік пен олардың орналасқан орны алады, соған байланысты оларды төменгітаулы (500-1000м), ортатаулы (1000 – 2000м) және биіктаулы (2000м жоғары) деп ажыратады.
Курорт түрі оның құрылымы мен дамуын; табиғи – емдік ресурстар эксплуатациясын; ауру адамдар мен емделушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыруды анықтайды. Курорт территориясында бірнеше функционалдық зоналарды анықтауға болады. Мысалы, курорттық, коммуналды – қоймалық, жасыл зона және т.б. ажыратылады. Курорттар мен курорттық орындарда табиғи емдік факторларды сақтау үшін курорттар мен курорттық режим санитарлық күзеті орналастырылады.
Курорттық санитарлық күзет – курорттың санитарлық жағдайын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи емдік факторларды қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады. Курорттар үшін 3: қатаң режим зонасы, шектеу зонасы және бақылау зонасынан тұратын санитарлық күзет округтері құрылады.
Курорттық режим – курорттық жағдайды жасауды қамтамасыз ететін, демалыс пен емдік шаралар үшін жағымды жағдай жасайтын және санитарлық күзетті қалыптастыратын ережелер мен іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Табиғи емдік факторлардың емдік эффективтілігіне қарай, курорттарға жағымды жағдайларға байланысты курорттар мен емдік – сауықтыру орындарын федеральдік, аймақтық және жергілікті мағынадағы деп ажыратады.
Федеральді мағынадағы курорт – емдік – сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады, мемлекеттік билік шеңберінде басқарылады.
Аймақтық маңызды курорт - белгілі бір аймақ шеңберіндегі емдік – сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи территория.
Жергілікті маңызы бар курорт – жергілікті жердегі өзін – өзі басқару органдарының қолындағы емдік – сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи территория.