Синхронды аудармашылардың жумыс барысында туындайтын мәселелер
Соғыс жылдарынан кейін мемлекет аралық ұйымдарда және жеке конференцияларда синхронды аудармашылардың қажеттілігі өте тез өсті. 1948 жылы бірінші рет Женевада синхронды аударма мамандығының мектебі ашылды, ал 1962 жылы М. Торез атындағы мәскеу институтында арнайы БҰҰ дайындайтын арнайы курстар ашылды. Қазіргі таңда, мамандандырылған аудармашыларды тек укіметтік орындар немесе телемост және конференция ұйымдастырушылары ғана емес, компания менеджерлері, компьютерлік жұмыспен айналысатындар, спутниктік байланыс және көптеген глобальді коммуникациялар да қажет етеді. Қазіргі бірнеше тілді мемлекет аралық конференцияларда синхронды аудармасыз маңызы болмас еді.
Бұл біздің мемлекет үшін және Батыстағы көптеген форумдар үшін, әсіресе БҰҰ және алты ресми тіл болып табылатын болғандықтан тиімді. Олар - ағылшын тілі, француз тілі, испан тілі, орыс тілі, қытай және араб тілдері, осы тілдерге жеке кабиндер арналады немесе "будок" (ағылшын тілінен "booth"). Кабиндерде, өте сирек екітілділіктен тыс, барлық аударылатын тілдер жұмыс істейді. Мысалы, "ағылшын кабинасы" - кабина атауы сонда жұмыс атқаратын аудармашылар арқылы анықталады - ағылшын тілінде аудармалардың бастауына арқау болады, "қытай кабинасы" және т.б.
Негізінде, жиналыстарда алты кабина жұмыс атқаруы тиіс, бірақ алғашқы төрт кабина: ағылшын, француз, орыс және испан тіл аудармашылары тек қана аударылатынг тілге негізделген. Қытайлықтар ағылшын тілінен өз туған тіліне және қытай тілінен ағылшын тіліне аударады, арабтар ағылшын, француз тілдеріне және керісінше аударады. Бұл, әрине, екі есе ауыр, сондықтан қытай және араб аудармашылары үшеуден жұмыс атқарса, қалған кабиналарда екеуден отырып аударады. Ағылшын кабинасында бір синхронды аудармашы (оны russisant деп атайды) орыс және француз тілінен ағылшын тіліне, басқа hispanisant - сол тілге испан және француз тілінен аударады. Француз кабинасында соған орай russisant орыс және ағылшын тілдерінен француз тіліне, ал hispanist - сол тілге испан және ағылшын тілдерінен аударады.
Осы жүйеде, ол көптеген ірі мемлекетаралық ұйымдарда әрекет етеді. Әрбір аудармашы отыз минуттан жұмыс жасайды, содан соң оның әріптесінің кезегі келеді. Нәтижесінде, егер оратор орысша сөйлесе, ағылшын кабинасында russisant болмайды, оның әріптесі hispanisant көрші кабинада орыс тілінен француз тіліне болған аударманы тыңдап, кейін француз тілінен ағылшын тіліне аударады.
Аудармашылар көбінесе өз жұмыстарын бір уақытта кабинадан шықпау үшін жиектендіреді. Көбінесе жиналыстарда үш жақты аударма да болады, мысалы, орысша мәтін француз тіліне, француз тілінен ағылшын тіліне, кейін қытай тіліне аударылады. Осындай үш фазалық жеькізілу бірнеше секундта жүзеге асырылады. Егер конферец-залда екі жұмыс жасаушы тіл болса, мысалы, орыс және ағылшын, онда тек екі кабина құрылады. Ал егер аудармашылар "екі жақты аударма" жасаса, олар бір будкаға отырады.
Синхронды вудармашылар оратор дауысын құлаққап арқылы тыңдайды. Көп аудармашылар өзінің және оратордың дауысын бақылап отыру үшін, тек бір ғана құлаққапты кигенді дұрыс санайды. Синхронды аудармашы бір уақытта оратордың сөйдегенін және өзінің аудармасында жинақталуды уйренуі керек. Аудармашы әріптесімен жұмыс барысында кеңесіп және сөйлесу үшін мирофонын өзі қосып өзі сөндіреді.Бірақ кабина ішіндегі микрофон аудармашы дауысын қатты шығармауы тиіс, әйтпесе аудармашының қатты дауысы оратордың дауысын шегеруі мүмкін. Тiл аралық коммуникацияның кең таралған тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы қызметі, лингвистикалық ғылымның бақылауында үнемі болуы тиісті. Барлық сәйкес бірліктердің мағынасы мен қолдану саласы бойынша олардың мұқият жасалған салыстырмалы анықтамаларын беретін екі тілді сөздіктердің теориялық және практикалық құндылығының қаншама екенін, сонымен қатар олардың аса қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды екенін асыра мадақтау қиынға соғады.
Ауызша аударманың арнайы теориясының шегінде аудармашы сөзінің басқа да ерекшеліктері атап өтіледі. Мұнда аудармашының жалтақтауы себепті жіберілетін үзілістерімен байланысты ақырын артикуляциясы, қате варианттарды таңдауы себепті туындайтын артта қалушылық интервалының еселеп өсуіне әкелетін тұрақсыздығы, сонымен қатар, дыбыстың таза шығуына қатысты жіберілетін үзілістің жалпы ұзақтығы жатады.
Аудармашының мәтіні ырғақсыздау, синхронды аудармашы түсінікті мәтінді тезірек айтуға тырысып, көбіне жоғары екпінмен сөйлейді, ал кезекті аудармада сөйлеу екпіні едәуір төмендейді, себебі аудармашы түпнұсқа мәтіннің мазмұнын есіне түсіре отырып, өзінің жазбасын тексереді. Ауызша аударманың теориясында ілеспе және кезекті аударманың қысаң шарттарын орындау кезінде ерекше жігерді талап ететін аудармашы сөзінің нормативтік талаптарына ерекше назар аударылады: анық артикуляцияның қамтамасыз етілуі, ырғақтың бірқалыптылығы, екпіннің дұрыс қойылуы, тыңдаушыларға оның толықтай қабылдауын қамтамасыз ететін сөйлемнің және аударманың басқа да бөліктерінің міндетті мағыналық және құрылымдық аяқталуы.
Ауызша аударма теориясының маңызды бөлімдері аударманың әр түрлі үлгілеріне жетімді болатын баламалық сипатының зерттеулері болып табылады. Көрсетілгендей, жазбаша аудармада орнатылған баламалық деңгейімен салыстырғанда, ауызша аудармада кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін. Бұл ауытқулар алып тастауларға, қосылуларға немесе қате ақпараттың орын ауыстыруларына әкеліп түйістіреді. Ауытқулардың әрбір түрі жеткізілмеген немесе қосылған ақпараттардың маңыздылық дәрежесіне қарай бөлінетін ұсақ категорияларды қамтиды.
Алып тастаулар:
1) кішігірім жеке сөздердің, көбіне теңеулердің алып тастаулары;
2) аудармашы мәтіннің кейбір бөліктерін түсінбеуіне байланысты маңызды және көлемді бірліктерінің алып тастаулары;
3) аударма процесінде мәтіннің құрылымының өзгеруіне байланысты мәтіннің бір бөлігін алып тастау;
4) аударманың оратор сөзінен артта қалушылығына байланысты мәтіннің мағыналы бір бөлігінің алып тастаулары болып бөлінеді.
Қосылулар қосылған мол элементтердің сипаты бойынша топтастырылады: жеке анықтауыштар, қосымша түсініктемелер, айтқан сөздердің арасындағы байланыс, және т.б. Ал, жіберілетін қателіктер маңыздылық дәрежесіне қарай топтастырылады: жеке сөз аудармасының кішігірім қателігі, жеке сөз аудармасының мағыналық қате аудармасы, сөз құрылымының өзгеруімен байланысты кішігірім қателігі, сөз құрылымының айтарлықтай өзгеруімен байланысты мағыналық қате аудармасы.
Ауызша аударманың сапасын бағалау кезінде өзара байланыстың ауызша формасы есепке алынады: байланысушылардың тікелей қатынасында баламалықты төмен деңгейде анықтау олардың өзара түсінісушілігіне кедергі келтірмейді, керісінше ауызша аударма процесіндегі жоғалған ақпаратты белгілі бір дәрежеде толықтырып отырады, ауызша аударманың ерекшелігі-фунционалды-жанрлық мінездемесімен байланысты аударылатын мәтін көлемі мен күрделілік дәрежесіне белгілі бір шектеулік қояды.
Негізінде, көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмағаныменен, бұл шығармалардан алынған жеке цитаталар сөз сөйлеулер кезінде синхронды немесе кезекті түрде аударылуы мүмкін. Ауызша аударманы көркем-эстетикалық әсермен қамтамасыз ету тіпті күрделі мәселе болып табылады, әсіресе аудармашыға аудармасы алдын ала белгісіз ақындық шығармалар берілсе. Сонымен қатар, көлемі бойынша үлкен информациялық жанрлардың шығармалары да ауызша аударылмайды, себебі ауызша аударманың ұзақтығы аударманың мүмкіндіктерімен ғана емес, ауызша коммуникацияның қысқа мерзімділігімен де шектеулі: ұзақ уақыт аралығында тоқтаусыз сөйлеу, тыңдау және есте сақтап отыру физикалық жағынан мүмкін емес.
Ресми баяндамалардың, хабарламалардың немесе сөз сөйлеулердің аудармасы үшін, құжаттың түгел мазмұнын немесе оның тақырыбын алдын-ала хабарлаған жөн. Аудармашыға баяндама мәтінін талқылауына, тақырып бойынша арнайы әдебиетпен танысуына, глоссарийды құруына мүмкіндік берген жөн. Дегенмен, бұл жағдайда да аудармашы күтпегендіктен қауіпсіздендірілмеген, себебі оратор сөз сөйлеу кезінде өз баяндамасының мазмұнын қысқартуы немесе ұзартуы, тақырыптан ауытқуы немесе оны түгелдеу өзгертіп жіберуі мүмкін.
Аударма ісі бойынша көптеген мамандар кәсіби жарамдылық сапаларының ішінен психикалық тұрақтылықты бірінші орынға қояды, және бұл кездейсоқ емес. Себебі олар ұзақ уақыт бойы сөйлеуге, жиі сөз ауыстыруларға, жоғары жылдамдықпен сөйлеуге мәжбүрлі, сонымен қатар, күні бойы өзінің жеке ойына алаңдамай, бөгде ойларды бақылау қажеттілігі-мұның бәрі психологиялық шамадан тыс жүктемелерге әкеледі. Психикалық тұрақтылық табиғи сабырлы мінезден тысқары, шыдамдылық, жігерлі мінез, жеңе білу, күрделі жағдайлардан шыға білу ептілігін қажет етуімен қатар, өз мінезін жетілдіруді, өз-өзінде саналы сапаларды дамытуды талап ететіні анық білінеді.
Байланыс, яғни басқа адамдармен қарым-қатынаста болу талпынысы кез-келген адамға жаратылысынан тән. Байланыс көптеген адамдарда жеке тұлға болып қалыптасу барысында шектеледі; жеке мақсаттар, өмір тәжірибесі, кәсіби өмірдің ерекшелігі көптеген адамдарды жиі тұйыққа айналдырады. Дегенмен, мамандықтардың бір қатары үшін, соның ішінде аудармашы мамандығы үшін байланыстың жоғарғы деңгейі қажет. Байланысқа деген саналы психологиялық мақсат болуы керек, бірақ, бұл жерде туа біткен белсенділік, ашық мінезділік туралы айтылып отырған жоқ, ол тіпті аудармашыға кедергі келтіруі мүмкін. Аудармашы тек тіл бойынша ғана емес, сонымен қатар, екі халық пен елдің мәдениеті бойынша сарапшы екенін жақсы білуі қажет, және екі жақтың арасындағы байланысты орнатуға белсенді араласуы керек.
Соғыстан кейінгі жылдарда ілеспе аудармашылардың халықаралық ұйымдары мен жеке конференцияларына деген сұраныс тез өсе бастады. Женевада 1948 жылы кәсіби синхронисттерді оқыту үшін алғашқы мектеп ашылды, ал 1962 жылы М.Торез атындағы мәскеулік институттың жанынан аудармашыларды арнайы БҰҰ Бреуске даярлайтын курстар ашылды. Қазіргі уақытта квалификациялы синхронисттер қызметін тек үкімет мекемелері мен конференция және телекөпір ұйымдастырушылары ғана емес, компьютер, спутниктік байланыс және глобальді коммуникацияның басқа да түрлерімен айналысатын серіктестік менеджерлері де қажет етеді. Қазіргі халықаралық конференциялар бірнеше тілдің ілеспе аударма қызметінсіз мүмкін емес болар еді.
Бұл, біздің ел үшін, Батыстағы форумдардың көпшілігі үшін де, әсіресе алты ресми тіл болып табылатын БҰҰ үшін де маңызды. Бұлар-ағылшын, француз, испандық, орыс, қытай және араб тілдеріне сәйкес келетін тең санды кабиналар немесе будкалар (ағылшын тілінен «booth»). Кабиналарда «екі тілділерді» қоспағанда, мәжілістегі аударылатын барлық тілдердің тасымалдаушылары жұмыс істейді. Ал, кабинаның атауы оның аудармашылары жұмыс істейтін тілмен анықталады. Мысалы, «ағылшын кабинасы»-мәжілістің ағылшынша жүргізілуін қамтамасыз етеді, «қытай кабинасы»-қытайша және т.б.
Негізінен, мәжілістерде алты кабиналар жұмыс iстеуi керек, бірақ олардың ішінен алғашқы төртеуі, атап айтқанда: ағылшын, француз, орыс және испандық тілдері бірыңғай жұмыс істейді. Қытайлықтар ағылшын тілінен өз ана тіліне аударады, ал арабтар ағылшын және француз тілдеріне және кері. Бұл, әрине, қытай және араб аудармашылары үшін үшеулеп жұмыс істейтіндіктен екі есе жүктеме, ал қалған кабиналарда екеулеп отырады. Ағылшын будкасында бір синхронист (оны russisant деп атайды) орыс және француз тілдерінен ағылшын тіліне аударады, келесі hispanisant испандық және француз тілдерінен сол тілге аударады. Француз будкасында russisant сәйкесінше орыс және ағылшын тілінен француз тіліне, ал hispanisant-испандық және ағылшын тілінен сол тілге аударады.
Мұндай жүйеде (ал бұл көптеген ірі халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді) әрбір аудармашы отыз минуттан жұмыс жасайды, содан кейін оның әріптесінің кезегі келеді. Нәтижесінде, егер оратор орысша сөз сөйлесе, ал ағылшын кабинасында russisant болмаса, онда оның әріптесі hispanisant көрші кабинадағы орыс тілінен француз тіліндегі аудармасын тыңдайды да, содан соң француз тілінен ағылшын тіліне аударады.
Аудармашылар өз жұмысын кабинадан екеуі бір уақытта шықпайтындай етіп жиі үйлестіреді. Мәжілістерде үш еселі аударма жиі болады, мысалы, орыс тіліндегі мәтін француз тіліне, француз тілінен ағылшын тіліне, содан соң қытай тіліне аударылады. Мұндай үш фазалы аударма бірнеше секунд ішінде атқарылады. Егер мәжіліс залында жұмыс тілдері тек қана екеу болса, мысалы, орыс және ағылшын тілдері, онда тек қана екі кабина жасалады. Ал егер аудармашылар «екі жақты» аударма жасаса, олар бір будкада отырады.
Синхронисттер сөйлеушілердің дауысын құлаққап арқылы тыңдайды. Көбі өз дауысын және аударманы жақсы қадағалауы үшін тек бір құлаққап киюді қалайды. Ілеспе аудармашы бір уақытта сөйлеушінің сөзін топтауына және өз аудармасын тыңдауына үйренуі керек. Аудармашы жұмыс кезінде әріптесімен ақылдасу немесе сөйлесу мүмкіндігі үшін меншікті микрофонын өзі қосып, өзі сөндіре алады. Алайда, кабинадағы микрофон аудармашының даусын күшейтпеуі керек, әйтпесе, өз дауысының қатты шығуынан сөйлеушінің дауысын басып тастауы мүмкін.
Мұндай шиеленіскен жағдайда жұмыс істеуі үшін аудармашыға тиімділігін арттыратын шарттар керек. Кабинадағы ауа температурасының дұрыс реттелуі өте маңызды, себебі ыстық пен суық ауа аудармашының энергиясын алып, оның назарын жұмыстан шындап алаңдатуы мүмкін.
Бірақ ең маңыздысы-бұл, ендігі болатын мәжіліс үшін қажетті барлық жазбаша материалдардың қолда бар болуы. Мұнда, ең алдымен, күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні мен қызметтері көрсетілген тізім, сарапшылардың талқыланатын салада қолданылатын ерекше қысқартулар тізімі және аудармашылардың арнайы терминдерді игеруі үшін барлық жұмыс тілдерінде шығарылатын және алдын-ала таратылатын басқа да құжаттар түрлері жатады.
Аудармашылардың жұмыс барысында жіберілген қателіктерін дұрыстау үлкен халықаралық ұйымдарда өте маңызды мәжілістердің хабарларын жазатын стенографтар (ағылшынша verbatim reporters) арқылы жүзеге асады. Егер аудармашы қателескенін білсе, кейін ол өз қателігі туралы стенографқа хабарлауы арқылы, жазылған сөздердің қай жерінде және қандай түзетулер болуы тиіс екенін дәл көрсетуі керек.
Сірә, ең қиын рөл синхронисттің үлесіне тиеді, себебі оған аударылатын тілдің белгісіз және тым шапшаң дерекнамаларымен жұмыс істеуге тура келеді. Жеке алғанда, бүгінгі күндері халықаралық конференцияларда көрнекті құрал ретінде жиірек қолданылатын слайдтарға арналған түсініктемелер мен бейне фильмдер туралы айтылып отыр. Осындай қарқында қатесіз жұмыс істеуі үшін аудармашыға мәжілістің басталуына дейін бейнежазбаны қарауға немесе сценаридың мәтінін алуға өтініш білдіруіне тура келеді.
Аудармашылар жұмыс істейтін мекемелерде өз-өзін ұстау ережесі мен ортақ тәртіптен басқа, әр будкаларда өзінің әдеп нормалары болады. Мысалы, синхронистер жұмыс уақытының көбінде құлаққаптармен отырады, сол себепті аудармашыға жолығушылардың (соның ішінде әріптестерінің) дауысын есту қиынға соғады. Сол себепті, егер жұмыс жасап отырған аудармашыға жедел түрде бір нәрсе хабарлау керек болса, мейлі ол термин немесе басқа да ақпарат болмасын, оның назарын алғанша, оған хат жазған жөн болады; әйтпесе, ол құлаққапты шешуіне немесе микрофонды жабуына тура келеді, ал бұл-сөйлемнің бөліктерін жіберіп қоюына әкеледі. Аудармашы уақытша жұмыссыз отырған кезінде де, ол мәжілістің жүру барысын зейін салып бақылауы керек.
Будкадағы өзін-өзі ұстау ережелері-жазбаша мәтіндерді қолдану мәселесі секілді, аудармашы қызметінің әдеп және техникалық егжей-тегжейі ғана. Алайда, аудармашылардың өз ісінде шатаспауы және жасықтанбауы үшін, синхронисттердің өздері ойлауды қаламайтын кейбір мәселелері бар. Ең алдымен, бұл олардың көп қызметті рөліне жатады. Шындығында, қалай естуге, түсінуге, айтылған сөйлемдерді есте сақтап қалуға, қажет болып қалғанда оны дамытуға немесе қысқартуға, оның синтаксисін өзгертуге, сонымен бірге ақырын және тыныш дем ала отырып, дәл және байсалды сөйлеуге болатыны, тек синхронистке белгілі.
Әрдайым формада бола білу, әрбір ауыстырылатын сөйлемге тез реакция көрсету, ұғымдар мен ойлардың бір уақыттағы тапқырлығы-синхронисттің жұмысының мәні болып табылады. Осы облыс мамандарының бірі айтқандай «аудармашылардың арасында баяу аңғарымды немесе сөзбайлығы жоқ адамдарға орын жоқ».
Синхронисттің жұмыс жағдайлары психологиялық қатынаста тiптi жеңiл емес. Кез-келген сөйлеші аудармашыға емес тыңдаушыларға қарап сөйлейтіндіктен,
синхронистке екі рөлді атқаруына тура келеді, ол-ақпаратты қабылдаушы және жіберуші бола отырып, екі істі бір уақытта орындау.
Аударма-механикалық қызметтің бір түрі және кез-келген бірнеше жүз сөзді жаттап алған адам синхронисттің міндеттерін орындап шыға алады деген ілеспе аудармашылардың жұмысқа қарым-қатынасы туралы ой Америкада кең таралған идея болып табылады. Осындай қиял әсіресе құрлықаралық бейнеконференцияларда жиі қолданылады, себебі іс-әрекет орнынан бірнеше мың километрде отыратын аудармашы өзінің дара билігінен ажырайды.
Өзімен-өзі бөлектенуінің сезімі аудармашының ақыл-ойына қарамастан, оның психикасына өз әсерін тигізеді. Бұл тіпті оның жанында өз әріптесі отыратынына және ол екеуі де бір-біріне көмектесетін ұжымның мүшелері болып табылатынына қарамайды. Бірақ, аударма басталған кезде синхронист залға жалғыз өзі шығады. «Ол тек өзіне ғана сене алады, өзінің интеллектуалды қорларына, өз біліміне, өз энергиясына үміт арта алады. Ол жалғыз жұмыс істейді. Оның тыңдармандары неғұрлым көп болған сайын, аудармашының бөлектену сезімі соғұрлым ұлғаюы мүмкін».
Аудармашыға тигізетін келесі психологиялық қысым-оның жіберетін қателіктерінде. Маңызды келіссөздер кезінде бір ғана қателіктің немесе абайсыздықтың кесірінен аудармашы атына «кір түсетін кездер» де болған.
Аудару дегеніміз-ең алдымен түсіну дейді. Ал түсініп аудару үшін дарындылық, білім мен арнайы дайындық қажет. Ол өте жақсы ұзақ және қысқа уақыттық ес, тез жиналушылық, шыдамдылық, интуиция, суырып салма қабілетіне ие болуы керек, сонымен қатар екпін мен тілдің нюансын тез ұғынып, сөйлеушінің стиліне тез үйренуі қажет.
Синхронисттің тағы бір күрделі де маңызды міндеттерінің бірі-ол, сөйлеушінің екпінін түсінуі, яғни ол ызамен, мысқылмен немесе ынтасыз сөйлеп тұрғанын байқау. Алайда, аудармашы өкілеттіктерге немесе талқыланатын сұрақтарға деген өзінің қарым-қатынасын білдіртпеуі керек. Жұмыс барысында аудармашыға мәжіліс жүргізудің ережелері мен тәртібін айтпағанда, политикалық келіссөздердің, географиялық, әдеби, дүниежүзілік тарихтың терминологияларымен жұмыс істеуіне тура келеді. Мамандандырылған аудармашы ғылыми конференцияларда көп қолданылатын техника мен табиғаттану сияқты салаларымен хабардар болуы тиіс.
Сөйлеу компрессиясы, материалдарды қосу немесе алып тастау, синекдоха мен метонимия, антонимдер мен семантикалық баламаларды қолдану және грамматикалық инверсия-ауызша аударманың ұзақ дамуы процесінде қалыптасқан аудармашының қолданатын негізгі әдістері. Алайда, олардың бір-бірінен айырмашылықтары болса да, ауызша материалдарды қысқартып және тұжырымдай отырып, біруақытта олардың жалпы мағынасын бұрмаламай жеткізу де ілеспе аудармашының негізгі міндетіне жатады. Сөйлемдердің құрылуымен және қайта құрылуымен айналыса отырып, ол ең алдымен сөйлемдерді анық және ықшам етіп шығаруға тырысады. Зерттеулер көрсеткендей, нақтылы сұхбаттың аудармасын жаңғырту процесі дәл сол мәтіннің жазбаша аудармасына қарағанда, ілеспе аудармасының синтаксисы әрдайым оңай, ал сөйлемнің орташа ұзындығы әрқашан қысқа болып келеді.
Бүткіл аударма процесі сияқты, оның жеке сөйлемдері де-тыңдау және түсіну, есте сақтау және мағынасын ашу, сонымен қатар, сөздік материалдардың айтылуы-адамның тілі мен сөйлеуінің табиғатына байланысты. Выготскийдің психолингвистикалық теориясына сәйкес, аудармашы бір лексикалық жүйеден келесісіне көшкен кезде (мысалы, орыс тілінен ағылшын тіліне), шетел тілінің сөздері абстракты немесе символикалық деңгейде анықталады.
Лекция 7