Олдану коэффициенті, максимум коэффициенті
Қажетке жарату қолданыс коэффициенті
Қажетке жарату коэффициенті жүктемені есептеу кезінде негізгі көрсеткіш болып табылады.
Электр қабылдағыштың Ки.а немесе электр қабылдағыштар тобының Ки.а
активті қуаты бойынша қажетке жарату қолданыс коэффициенті деп әрбір электр қабылдағыштың (немесе қабылдағыштар тобының) орташа активті қуатының оның номиналды мәніне қатынасын айтады
; .
Бұл коэффициент, орташа жүктеме Рс, Рс сияқты ең жүктелген ауысымға (смена) қатысты.
Активті қуат бойынша жүктеме графигі үшін электр қабылдағыштың активті қуатының орташа қажетке жарату коэффициенті сол кезеңде (ауысымда) келесі формуламен анықталады
(3 суретті қ.)
мұндағы Wа -электр қабылдағышының ауысым ішінде кезеңде қолданған энергия, Wа,возм -электр қабылдағышының ауысым бойы номиналды болып жүктелген жағдайда тұтынуға болатын (мүмкін) энергиясы.
Максимум коэффициенті
Активті қуат бойынша максимум коэффициенті км.а Км,а зерттеліп отырған уақыт ішіндегі рр, Рр есептік активті қуаттың рс, Рс орташа жүктемеге қатынасын айтады.
, .
Зерттеліп отырған уақыт ең жүктелген кезеңге тең алынады.
Активті қуаттың Км,а максимум коэффициентін nэ және Ки,а функциясы арқылы сипаттауға болады (8 сурет).
Қисықтар То=10 минут уақыты үшін тұрғызылған, яғни орташаландырылған интервалдың ұзақтығы Тоср=3То=30 минут үшін (жарты сағаттық максимум). Қимасы үлкен өткізгіштерге бұл аралық сәйкес келмейді.
Сондықтан Т>>10 минуты үшін тұрғызылған қисық бойынша табылған Км басқа ұзақтыққа есептелуі қажет.
мұндағы Км Тоср=30 минут үшін алынған.
8 Сурет - Км= f(Ки және nэ) анықтауға арналған қисық
Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті.
Сұраныс коэффициенті
Активті қуат бойынша сұраныс коэффициенті кс есептік қуаты Рр электр қабылдағыштар тобының номиналды қуатына қатынасын айтады.
.
Әртүрлі қабылдағыштар топтарының Кс мәндерін әртүрлі өндірістер үшін анықтамалардан алады
.
Анықтамаларда Кс,а мәні тұрақты және электр қабылдағыштардың санына тәуелді емес, яғни олар тек үлкен Ки,а мен n үшін тұрақты болатын Кс,а үшін сәйкес.
Қосылу коэффициенті
Электр қабылдағышты қосылу коэффициенті кв деп циклдағы қосылу ұзақтығының tв сол циклдың бүкіл ұзақтығына tц. қатынасын айтады.
Электр қабылдағышты циклдағы қосылу уақыты оның жұмыс уақыты tр мен бос жүріс уақытының tх қосындысына тең
.
7 Сурет - Активті қуат бойынша жүктеменің жеке графигі
Электр қабылдағыштар тобының қосылу коэффициенті немесе топтық қосылу коэффициенті Кв деп сол топқа кіретін барлық электр қабылдағыштарының қосылу коэффициенттерінің орташа мәнін айтады (номиналды активті қуат бойынша). Ол келесі формуламен анықталады
.
Активті қуат бойынша жүктеме графигінің қосылу коэффициенті келесі өрнектен анықталады (7 сурет).
.