Ндіріс рентабельділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер ішінде өтімділік коэффициентінің маңыздылығы зор. Кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның активтерді тиімді пайдалану көрсеткіші ретінде рентабельділік көрсеткіші алынады.

Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау әдістемесі көрсеткішті есептеудің бастапқы формуласын өндіріс белсенділігі мен шаруашылық қызмет тиімділігін жоғарылатудың сапалы және сандық сипаттамасын бөлуді қарастырады.

Рентабельділікті талдау үшін үш және бес факторлық модельдер қолданылады.

Үш факторлық модельде өнім табыстылығы өзгерісінің, қор сыйымдылығы өзгерісінің және айналым қаражаттарының айналымдылы-ғының әсер етуі зерттеледі.

Капитал рентабельділігіне әсер етуші факторларды анықтауда бес факторлы модельді де қолдануға болады. Капитал рентабельділігіне бес фактор әсер етеді: өнімнің материал сыйымдылығы факторы, өнімнің еңбек сыйымдылығы факторы, өнімнің амортизация сыйымдылығы факторы, тозу коэффициенті факторы, айналым қаражаттарының бекітілу коэффициенті факторының өзгерісінің әсері.

Рентабельділіктің факторлы модельдері кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері арасындағы маңызды себепті байланыстарын ашып көрсетеді. Сондықтан олар берілген жағдайдың «түсіндірме» (бағалау) құралы болып табылады. Сонымен қатар рентабельділіктің факторлы модельдері кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын болжамдаудың басқарушы модельдері болып табылады.

Қаржылық стратегия – бұл кәсіпорынды ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржылардың құрылу теориясы мен тәжірибесі, олардың және нарықтық шаруашылық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоспарлау мен қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды. Қаржылық стратегия құрамы: негізгі және айналым қаражаттарын оптимизациялау, табысты бөлуді оптимиза-циялау, қолма-қолсыз есеп-айырысу облысында саясат, бағалы қағаздар облысында саясат. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар кәсіпорынды қаржылық талдау нәтижелеріне бойынша қорытындылар негізінде жасалады.

Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:

· кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;

· кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары,өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты).Бұл екі өлшеулі аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:

Пм = Ндіріс рентабельділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде - student2.ru

мұндағы, Ө-өнім көлемі;

Б-өнім көлемінің бағасы;

Қ-өзіндік құн;

Нқ-негізгі өндірістік қорлардың құны;

Ақ-айналмалы қаражаттың көлемі.

Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.

· Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады;баланстық пайда жөнінде -өнімді сатудан алынған түсім;таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім.Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.

· Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.

· Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын, тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар,өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

Наши рекомендации