Бақыт» шаруа қожалығына жалпы сипаттама
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының ең негізгі арнасының бірі – агрономия мамандығы. Бұл мамандыққа жыл сайын сұраныстар көбеюде, оған дәлел мемлекетіміз қолдау көрсетіп ауыл шаруашылық салаларының мамандықтарына жыл сайын грант санын көбейтуде. Келешекте жоғарғы білімді, білікті жас мамандар еліміздің ірі ауылшаруашылық кешенінде, шаруа қожалықтарында, жылыжай , питомниктер, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде қызмет көрсете алады. Егістікте өнімді отырғызу және ору жұмыстарының мерзімі, сондай-ақ далалық зиянкестер немесе өсімдіктерді қорғау үшін қолайсыз ауа райынан қолданылатын кез-келген күресу шараларының барлығы агрономның есептеу жұмыстарына байланысты. Қазірдің өзінде барлық адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үлкен мәселелердің бірі. Адамдар саны артқан сайын, агроном сияқты мамандықтарда қоғамға ауадай қажет екендігіні көз жеткіземіз.Агроном ауыл шаруашылығының технологиясы мен жұмыс ұйымдастыруын анықтауға қабілетті болуы тиіс.
Жұмыстыңмақсаты “Бақыт” шаруа қожалығының жалпы сипаттамаларымен танысу,ондағы техникалар және атқарылатын жұмыстарды көру, игеру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойған міндеттер:
Шаруа қожалық туралы керекті деректер жинау;
Алқапта егілген дақылдарды жинау технологиясын меңгеру.
Өнімді жинап алғаннан кейінгі атқарылатын жұмыстармен танысу.
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бақыт» шаруа қожалығына жалпы сипаттама
«Бақыт» жеке шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылында орналасқан. Бұл жеке шаруа қожалық 2000 жылы 20 сәуірде құрылып және Ресстре №0000931 Мемлекеттік тіркеуге тіркелген. «Бақыт» жеке шаруа қожалығы күнбағыс ,арпа ,бидай өсіретін шаруашылық.
«Бақыт» шаруа қожалының басшысы – Зарипов Рамазан Қабдұлғалымұлы.
Шаруа қожалықта 142 га жер көлемінде қолданылып отыр және барлық техниканың түрлері: жеңіл – жүк көліктер, комбайндар, шөп шапқыштар, культиваторлар, жер жыртқыштар, және тракторлар тағы басқа техникалар бар.Ауылымызда бірнеше шағын жеке шаруа қожалықтары болғандықтан, ортақ 600 тонналық астық қоймасы бар.Астық өлшейтін 30 және 10 тонналық таразылар бар. Шағын шаруа қожалықта жыл сайын 10 адам жұмыс істейді.
Жер көлемінің пайыздық мөлшерін дақылдардың арасында күнбағыс өнімнің 50 пайыздан көп мөлшерін құрайды (сурет 1).
Сурет 1. «Бақыт» шаруа қожалығының жер көлемінің көрсеткіші
1 кесте - «Бақыт» шаруа қожалығының 2014-2016 жылғы өнімділік көрсеткіштері
№ р/c | Дақыл дар | 2014 ж | 2015 ж | 2016 жылы | ||||||||||||||
га | Өнімділік (ц/га) | Алынған өнім(т) | Өнімділік (ц/га) | Алынған өнім(т) | Өнімділік (ц/га) | Алынған өнім(т) | ||||||||||||
Бидай | 7-8 | 210-240 | 12-18 | |||||||||||||||
Арпа | 10-12 | 220-264 | ||||||||||||||||
Күнбағыс | 8,2 | 10-12 | 900-1080 | 10-18 | 900-1620 | |||||||||||||
Қазақстан бойынша Шығыс Қазақстан облысы күнбағысты өндіретін негізгі аймақ болып табылады, статистикалық мәліметтер бойынша 100 пайыздың 53,4 пайызы осы аймақта өсірілетіндігі анықталған. Оның ішінде сорт түріне байланысты өсірілуі жөніндегі мәліметтерді 2-кестеден көруге болады.
Шығыс Қазақстан аймағы бойынша Қазахстанский 1 және Армавирец сортынан алып жатқан егістік көлемі басқа сорттарға қарағанда біршама көп болып отыр. Ал Қазақстан бойынша күнбағыстың 50 %-ын Шығыс Қазақстан өндірсе, Казахстанский 465 сортының 78,1, Армавирецтің 61,1 %-ы осы аймақта өсіріліп отыр.
2 кесте - Шығыс Қазақстанда өсірілетін күнбағыс сорттарының егіс алқабының көлемі
Рр/с | Сорттар | Егіс алқабы | |
ШҚО бойынша мың га | Қазақстан бойынша пайыз (%) | ||
Армавирец | 9,4 | 61,1 | |
Ерте пісетін 87 | 4,1 | 29,5 | |
Жайна | 2,2 | 18,4 | |
Ислеро | 0,1 | 23,4 | |
Казахстанский | 12,7 | 37,5 | |
Казахстанский 341 | 1,4 | 7,8 | |
Казахстанский 465 | 7,5 | 78,1 | |
Казахстанский 3124 | 1,2 | 24,3 |
2 кестеден көрсетілгендей, Шығыс Қазақстан аймағы бойынша Қазахстанский 1 және Армавирец сортынан алып жатқан егістік көлемі басқа сорттарға қарағанда біршама көп. Ал Қазақстан бойынша күнбағыстың 50 %-ын Шығыс Қазақстан өндіріп отыр.
«Бақыт» шаруа қожалығының климаттық анықтамасы: климаты қатты континентальді, ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы жоғары, қысы ұзақ және қатты, жазы қысқа, құрғақ және ыстық. Жылдың түгел маусымдарында желді күндер көп болады. Жылдың орташа ауа температурасы 1-3 градусты құрайды. Жылдың атмосфералық жауын-шашын мөлшері шамамен 220-280 мм арасында. Жылдар бойынша салыстырсақ жауын-шашын мөлшері әртүрлі, құрғақ жылдары жақсы жылдармен салыстырғанда 1,5-2 есе аз түседі.
Қысы суық, кей жылдары өте қатал, қарлы боранды болып келеді, қардың қалыңдығы әркелкі, тіпті аз мөлшерде деуге болады, қардың алғашқы түсуі қазан айының аяғында немесе қараша, желтоқсан айларының басында, қардың жату ұзақтығы 140-160 күн, қараша айынан бастап наурыз айына дейін. Қардың қалыңдығы қыстың бастапқы айларында 2-5 см, ал қыстың ортасында 15-20 см-ге дейін болады, кей жерлерде 50 см-ге дейін болады.
Қыстың ең суық айы – қаңтар айы. Ауа-райының зерттеу станциясы хабары бойынша қыс айының орташа температурасы 25 градус, кей кездері 35-40 градусқа дейін болады. Қыс ерте түседі. Күздік шық түсу көбінесе қыркүйектің екінші жартысында, кей жылдары тамызда болады. Жиі қатты желдерде егістік жерлерде қарды үрлеп алып кетеді. Күшті желді күндері 15 м/с жылдамдықта соққан жел жыл бойына 20-30 күндей болады. Жел бағыты батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Нақты қардың жамылғысы кезеңі 105-150 күн. Төменгі температура топырақтың 50 см-ден астам бөлігіне таралады. Қар жамылғысы желтоқсан айында тұрақталады, оның биіктігі 30 см-ден 500 см-ге дейін ауысады. Таулы жерлерде қар жамылғысы ұзағырақ жатады.
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы топырағы ашық-күрең болып саналады. Топырақ түріне толығырақ тоқтала кетсек. Күрең топырақтар күңгірт-күрең, күрең және ашық-күрең болып бөлінеді (кесте 3).
3 кесте - Күрең топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы
№ р/с | Түрі | Қара шірік қабатының мықтылығы, см | Қара шірік, % | Жалпы азот, % | Жалпы фосфор, % | Ρн | Ауыспалы катиондар мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Күңгірт-қоңыр | 35-45 | 4-5 | 0,2-0,3 | 0,1-0,2 | 7-7,2 | 30-35 |
2 | Қоңыр | 30-40 | 3-4 | 0,15-0,20 | 0,1-0,2 | 7,2-7,5 | 20-35 |
3 | Ашық-қоңыр | 25-30 | 2-3 | 0,10-0,15 | 0,8-0,15 | 7,4-8 | 12-15 |
Күңгірт-күрең топырақ – қара топырақтан күрең топыраққа өтеді. Гумустық қабатының мықтылығы 35-45 см, қара шірік мөлшері 4- 5 %, жалпы 0,2-0,3, фосфор -0,1-0,2 %. Топырақ реакциясы әлсіз сілтілігі ( рН 7 – ауыспалы катиондар мөлшері – 100 г 30 – 35 мг*экв.) Құрғақ аймақтарда таралған күрең және ашық-күрең топырақтарда қара шірік қабатының мықтылығы төмен, қара шірік, азот мөлшері аз болады. Күрең топырақ калийге бай, бірақ азот және фосфордың қозғалмалы формаларымен аз қамтамасыз етілгендігімен сипатталады. Алайда осы топырақтардағы минералды тыңайтқыштардың тиімділігі ылғалдың жетіспеушілігінен айтарлықтай жоғары емес.
Қорыта айтқанда «Бақыт» жеке шаруа қожалығының негізгі өнімдік бағыты егіншілік, оның ішінде күнбағысты өсіру болып табылады. Ол табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жалпы өнімнің 75-80% -ын құрайды. Яғни Ш.Қ.О Көкпекті ауданы бойынша экономикалық тиімділікті 2014-2015 жылғы көрсеткіштер бойынша жоғарғы пайызға жеткізіп отырған алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі.