Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды жұмыстан босату процестері жүргізіледі. Қызметкерлердің жеке құрамы бойынша есепті кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар өз кезегінде жалпы кәсіпорында, сонымен қатар оның құрама бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы, олардың өзгерістері және ондай өзгерістердің туындау себебі жайында, қызметкер-лердің жынысы, жасы, категориялары, мамандықтары, лауазымдары, біліктігілі, жұмыс өтіліне, білімі мен басқа да белгілері бойынша құрамы туралы ақпаратқа ие болады.
Племзавод «Куликовка»ЖШС-гінде жұмысқа қабылдау барысында кәсіпорын басшысы мен жұмысқа қабылданатын тұлға арасында келісімшарт жасалады.
Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл жұмысшылар мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша түрдегі келісімі. Бұл келісім жұмыс орны, шарттың мерзімі және еңбек режимінің талаптары мен шарттары, демалыс пен еңбекақы төлеу мен еңбекті қорғау, жұмысшының әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандырылуы, екіжақты материалдық жауапкершіліктері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
Жеке еңбек шарты әрбір жұмысшы үшін жеке шарттар қарастырып, өзара құқықтары мен борыштары және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы жауапкершіліктерін айқындайтын құжат.
Жеке еңбек шарттарынан басқа жұмысшы мен жұмыс беруші арасында азаматтық-құқықтық келісімшарт та жасалуы мүмкін. Бұл шартты атқарушы тұлғаның нақты бір жұмыс түрлері мен тапсырмаларды орындауы үшін бекітеді.
Жеке еңбек шартының талаптары мен міндеттемелері екі жақтың қатысуымен және жұмыс түрі, оның ерекшеліктері, өндірістің нақты мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар жұмыс берушінің қаржылық жағдайын ескере отырып бекітіледі. Алайда бұл келісімшартқа «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7, 8 және 9 баптарының тармақтары міндетті түрде енгізілуі шарт.
Жеке еңбек шарты:
Белгісіз мерзімге;
Белгілі бір мерзімге;
Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне байланысты;
Белгілі бір жұмыс орнына белгілі уақытқа;
Еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға;
Жеке еңбек келісім шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім шартын, білімі туралы құжаттарды талап етуге құқылы.
Жеке еңбек шартын міндетті түрде жазбаша формада, кемінде екі данада толтырып екі жақ та қол қоюы міндетті. Екі дананың біреуі екі жақ та қол қойып растағаннан кейін жұмысшының өзіне беріледі. Еңбек шарттарының орындалуының бастамасы ретінде ең алдымен шартта көрсетілген мерзімде жұмысқа шығу болып саналады.
Племзавод «Куликовка»ЖШС-гінде жеке еңбек шарты бекітілгеннен кейін кәсіпорын басшысы жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Бұйрық проектісі кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдауға жауапты тұлғамен қарастырылып, ары қарай еңбек шарттарымен таныму үшін бағыт болып саналады. Аталмыш бұйрықтың проектісі осы кәсіпорында жұмысшының вакансиялық лауазымын растау үшін қажет. Басшының қолы қойылған бұйрық негізінде кадрлар бөлімі жұмысшының жеке карточкасын толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы жөнінде белгі қояды.
«Еңбек туралы» заң мен құқықтық актілер мен келісімшарт шарттарына сәйкес жұмысшыларға берілетін жыл сайынғы немесе өзге де демалыстарды тағайындау үшін демелыс беру туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық екі данада толтырылады. Біріншісін кадрлар бөліміне, ал екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа Племзавод «Куликовка»ЖШС-гінің басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып кадрлар бөлімінде жұмысшының жеке еңбек табеліне белгі қойып, бухгалтерияда демалыс кезінде берілетін орташа жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізеді.
Жұмысшының жұмыстан шығуына байланысты кадрлар бөлімінің маманы жеке екі данада еңбек шартын бұзу туралы бұйрық дайындайды. Оның біреуін кадрлар бөлімінде қалдырып, екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа Племзавод «Куликовка»ЖШС-гінің басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып бухгалтерияда демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.
Жұмыс уақытын пайдаланудың есебі жұмысшылардың барлық категориялары бойынша олардың бекітілген жұмыс тәртібін қадағалауы үшін және еңбекақы есебін жүргізу үшін жұмыс уақытының есебі табелінде жүргізіледі. Бұл табель жауапты тұлғамен бір данада толтырылып бухгалтерияға беріледі. Жұмысшылардың жұмысқа қатыспауы немесе үстеме жұмыс істегендігі, толық емес жұмыс күні және жұмысқа келе алмау себептері тек қана осы жағдайларды растайтын құжаттар негізінде табелде белгіленеді. Жұмыс уақытын пайдалану есебін жүргізуді табельде жұмысқа келу не келмеудің толық тіркеуі немесе тек қана ауытқуларды тіркеу әдісімен толтырады.
Еңбекақы дегеніміз жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарылған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі түрде әсер етеді. Себебі еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңызды құралдарының бірі. Кәсіпорында еңбекақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалаұының төмендегі принциптерін ескеру қажет:
Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақы төлеуді жүзеге асыру;
Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
Еңбекті сапасы мен еңбекке қатысу адалдығына қарай ынталандыру;
Ақаулық жібергені үшін, өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағаны үшін материалдық жазалаулар;
Инфляция деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
Еңбекке ақы төлеу жүйесі – жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі.
Еңбекақыны төлеу жұмыстың жеке немесе ұжымдық нәтижесіне қарай берілуі мүмкін. Алайда жұмыс берушінің бекіткен еңбекақы мөлшері ҚР заңдарымен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады:
Мерзімдік (істеген күніне қарай төлеу) деп нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккер-лерге есептелінетін жалақының нысанын айтады;
Кесімді (өнім санына қарай еңбекақы төлеу) еңбекақы төлеген кезде алдын-ала белгілініп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді.
Племзавод «Куликовка»ЖШС-гінде еңбекақы төлеуді мерзімдік жүйе бойынша іске асырады. Еңбекке мерзімді ақы төлеу кезінде оның ақысы іс жүзңнде жұмыс істелінген уақыт пен оның тарифтік ставкасына байланысты. Тарифтік ставка тиісті разрядтағы қызметкердің уақыт өлшемі ішіндегі еңбекке ақы төлеу мөлшерін білдіреді.
Еңбекақы есептеу барысындағы басты құжаттар болып мыналар табылады. Олар: бұйрықтар, үкімдер, табель, келісімшарттар, Племзавод «Куликовка»ЖШС-гінің басшысы бекіткен штаттық кесте. Еңбекақыны есептеу үшін төлем ведомості қолданылады. Бұл құжатта берілген және депоненттелген еңбекақының жалпы сомасы жазылып, барлық жазбалардың соңынан жалпы сомасы жазылуы тиіс. Ал жұмысшылармен есеп айырысу үшін есеп айырысу ведомості (кітабы) толтырылады. Бұл кітапта қызметкердің лауазымы, категориясы, тарифтік разряды, жұмыс істеген сағаттар саны, қосымша есептелінген төлемақылар, сыйақы мен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленетін төлемақылар, сонымен қатар еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер туралы ақпарат беріледі. Аталмыш құжат бухгалтерияда бір дана етіліп толтырылады.
Кәсіпорындағы барлық жұмысшылар екі топқа бөлінеді:
-әкімшілік-басқарушылық тұлғалар:
-кәсіпорын басшысы;
-бухгалтер;
-мамандар;
-негізгі өндіріс жұмысшылары;
Еңбекақыны еспке алу мен оны аудару 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқы мерзімді берешек» шотында жүргізіледі. Әкімшілік аударымдар бойынша 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында есепке алынады. Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақылары бойынша 8213 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шотында, ал әлеуметттік салық бойынша аударымдар 8214 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотында жүргізіледі.
6 бөлімнің шоттарында заңмен бекітілген бюджеттен тыс қорларға аударымдарды есепке алу операциялары жүргізіледі.
3220 – зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер.
Бюджетпен есеп айырысулар:
3110 – төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы;
3130 – қосылған құн салығы;
3140 - акциздер.
Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу 3310 шотында жүргізіледі. Алынған аванстар есебі 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотында, ал басқа да есеп айырысулар 3440 «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндетттемелері» шотында көрініс табады.
Жұмысшылардың өндіріс нәтижелілігін арттыруға материалдық қызығушылықтарын және жұмыс сапасын арттыру мақсатында сыйақылар мен жыл бойғы еңбектерінің жемістері үшін қосымша сыйақылар беру жүйесі енгізілуі мүмкін.
Сыйақы ретінде жұмысшыларға жеткен жетістіктері үшін және ары қарай қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру мақсатында берілетін қосымша ынталандыру ақысын қарастыруға болады. Сыйақы мөлшері мен шарттарын жеке еңбек шартында қарастырады.
Сыйақыдан басқа ынталандыру жүйесінде үстеме ақы төлеуді енгізу де орын алуы мүмкін. Үстеме ақы бұл еңбек шартында қарастырылмаған жұмыстың ауыр талаптары мен қосымша жұмыс істегені үшін төленетін қосымша ақы.
Материалдық ынталандырудың бір түрі болып саналатын жұмысшаларды жыл бойғы еңбектің нәтижесі бойынша марапаттау болып табылады. Бұл марапаттың көлемі мен шарттары жеке еңбек шартында бекітіледі.
Осындай сыйақыларды беру кезінде жұмысшының еңбек нормасын жақсы атқарғандығын ғана емес, сонымен қатар оның еңбекке деген оның моральдық көзқарасы мен шығармашылық тұрғыдан көзқарасының қалыптасуы және т.б. әсер етуші факторларға мән берілуі қажет.
Міндеттемелер есебі
Міндеттеме-бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (несие беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту), ал несие беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» деп аталатын бөлімінің төмендегідей шоттарында есепте-лініп жүргізіледі.
3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»
3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері»
3530 «Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері»
3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»