Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері

Экономикалық реформаны өткізу, өнеркәсіп өндірісінің өсуі, оның тиімділігінің артуы, алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық күрделі салымдарды іске асырудың нәтижесінде қамтамасыздандырылады.

Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі ұлғайтылған ұдайы өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып табылады.

Өндіріс тиімділігі жалпы өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың басты санаттарының біріне жатады.

Экономикалық теория тиімділік санатын өндіріс үдерісін, өндіріс жүйесін немесе шаруашылықты жүргізудің нақты түрінің нәтижелілігі ретінде көрсетеді. Жалпы түрде өндірістің экономикалық тиімділігі екі шаманың – шаруашылық іс-әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың (кез-келген пропорциядағы) сандық өзара қатынасын білдіреді.Тарихи тұрғыдан қарағандаөндірістің барлық тәсілдерінде меншік нысанның айырмашылықтығына қарамастан өндірушіні шығындар мен өз іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қатынас қызықтырады. Өндіріс тиімділігін арттыру мәселесінің мәні: барлық ресурстарды пайдалану үдерісіндегі экономикалық нәтижелерді шығындардың әрбір бірлігіне шаққандағы шамасын арттыруды қамтамасыз ету.

Экономикалық тиімділікті арттыру – экономиканың басты мәселелерінің бірі. Көп түрлі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты шешу үшін бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін шұғыл арттырудан басқа жолы жоқ.

Сонда «экономикалық тиімділіктің мәні неде және оның ел экономикасы үшін ерекше маңыздылығы немен ұйғарылады?»- деген сұрақ туады.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің көпшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.

Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.

ЕО = УТ/А

Сонымен қатар экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.

Өндіріс тиімділігін анықтау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтаудан басталады.

Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:

Е = П´100/К = (Б-ӨҚ) ´100/К

мұндағы Е – жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;

П – жылдық пайда, теңге;

К – пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;

Б –өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;

ӨҚ – бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге.

Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму болашағын қамтамасыз ететін нарықтық іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың ара қатынасы өндірістің тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.

Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі – нақты еңбек шығындарының көрсеткіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнерәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы анықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділігі арқылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уақытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады. Өнімді бағалаған кезде пайда болатын еңбек өнімділік деңгейінің қателіктертерін болдырмау үшін өнімді табиғи немесе шартты-еңбектік көрсеткіштермен өлшеген дұрыс.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы – нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

Есый = Т/Q

мұндағы: Есый – еңбек сыйымдылығы

Т – еңбек саны

Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі

Қоғамның еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

Мсый = Ш/Q

мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы

Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.

Өнімнің капиталсыйымдылығы мен қорсыйымдылығының көрсеткіштері де белгілі деңгейде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капиталсыйымдылық көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне қатынасын көрсетеді:

Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:

Ксый = К/ΔQ

мұндағы: Ксый – өнімнің капитал сыйымдылығы

К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі

ΔQ – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

болады.

Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

ҚС =НҚ/Q

мұндағы ҚС - өнімнің қорсыйымдылығы;

НҚ - халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құны;

Q - өндірілген өнімнің (әдетте жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

Салыстырмалы тиімділік

Кәсіпорынның іс-әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынастары жатады.

Үлестік күрделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлары арқылы өзара салыстырылады.

Тиімділік жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады. Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

· өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдау мүмкіншіліктерін өлшейді;

· өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

· қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелділік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімнің көлемі, кәсіпорынның кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорын беделі (репутация) және т.б.

Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:

· негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;

· кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздысы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

Сату рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі пайда / өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100 пайыз). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды.

Активтер рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңі соңындағы активтер х 100 пайыз). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал – амортизация х 100 пайыз), кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Меншік капиталының рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100 пайыз). Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:

- активтердің айналымдылығы (салу көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100 пайыз) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;

- негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;

- айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;

- материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық айналым санын көрсетеді.

Өтімділік көрсеткіштері:

· меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (меншікті капитал-ұзақмерзімді активтер). Кәсіпорынның меншік капиталының ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.

· Ағымдық өтімділік коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.

· тез өтімділік коэффициенті – АҚ+ДҚ / Ағ мінд. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден – өндіріс запастары алынып тасталады.

· абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.

· запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.

Наши рекомендации