Зиянды бакашықтың имагосы және олармен зақымдалған масақ.
түсі - ақшыл күңгірт қоңырға дейін, личинкалары ересек қандалаларға ұқсас. Жылына бір ұрпақ береді. Ересек қандала тоғай алқаптарының, орманның жапырақ төсемінің астында қыстайды. Орта тәулік ауаның орташа температурасы 12° жеткенде қандалалар жаппай егістіктерге ұша бастайды. Жұмыртқасын астықтың, арамшөптердің жєне аңыз сабақтарының жапырақтарына салады. Олар жұмыртқаларын топтап салады жєне бір топта 14 жұмыртқа болады. Жалпы ұрғашы жәндік 200 жұмыртқаға дейін салады. Личинканың жұмыртқадан шығуы астық дақылдарының түптену кезеңіне келеді. Личинкалар бес жас өтеді. Олар астық тұқымдас өсімдіктерде дамиды. Ересек қандалалар дєннің балауыздана - пісу кезеңінде пайда болады. Бидайға, қара бидайға, кейде арпаға зиян келтіреді. Қыстаудан шыққан уақытынан бастап қыстауға кеткенше дейін, олар өсімдіктерге дернәсіл жєне ересек жәндік кезеңінде зиян келтіреді. Егер астық дақылдарының бастапқы кезеңдерінде сабақ зақымданатын болса, ортаңғы жапырақтың өліміне, ал масақтану кезеңінде - масақтың ағаруына жєне үрықсыздыққа єкеледі. Бақашықтың личинкалары жєне ересек жәндіктері дєнді шаншып алып, сілекейін енгізіп, ұлпа ішіндегісін өзіне қоректік сіңімділікке айналдырады. Дєннің үстінде ой жєне єжімдер пайда болады, тескен жерлерде қара дақтар көрінеді. Балауыздана пісу кезеңіндегі залалдар дәннің технологиялық жєне тұқымдық сапасын кемітеді.
Күресу шаралары. Ó¨німді дер кезінде қысқа мерзімде жинау. Астықтардың егістіктерде көп тұрып қалуы жєне ұзақ мерзімде дестелерде жатуы бақашықтардың көп қорек алуын қамтамасыз етеді, қыстауға жақсы жағдай жасайды. Ерте сыдыра жыртқанда, ауыр делегейлі тырмалармен топырақты өңдегенде зиянкестердің көбі өледі. Бақашықтың саны егістіктерде үлгі алаңдарында (әр үлгі 0,25 м2алаңнан) есептеледі. Ó¨сімдіктердің бастапқы кезеңдерінде 1-2 қыстап шыққан ересек жәндік/м2, гүлдену кезеңінен бастап балауыздана пісу кезеңіне дейін 5 дернәсіл/м2 жєне келесі даму сатыда 2 дернәсіл немесе ересек жәндік/м2 болса, құрту шараларды қолдану керек. Â«Тізім...» регламенті бойынша күту мерзіміне сай инсектицидтермен бүркиді.
Элиялар: сүйір тұмсықты - Aelia acuminata L., сібірлік - A. sibirica Reut.
тұмсықты – Aelia rostrata Boh. (Pentatomidae - қалқаншалылар тұқымдасы, Hemiptera - отряды).
Сүйір тұмсықты қандалалардың денесе сұрғылт сары, сопақша жұмыртқа тєрізді болып келеді. Басы ұзынша үшбұрышты, қалқаншысы денесінің 2/3 бөлігін алып тұр.
Қандалалар астық дақылдарының, шөптердің жєне тың жерлерде өсімдіктер қалдықтарының астында қыстайды. Жылына 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Ересек қандалалар астық дақылдар сабақтарының үстіңгі буынаралығын шаншып, шырынын сорады. Аяғында ақ масақтылықты тудырады. Сүйір тұмсықты қандалалардың дернәсілдері мен ересектері дєндерге зиян келтіреді. Бақашық қандалаларға қарағанда олардың дєн сапасына єсері төменірек болады.
Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер егістіктерде 5-6 дернәсіл/м2 болса, инсектицидтер қолданылады.
Астық қандаласы - Trigonotylus ruficornis Goeffr. ( Miridae - тұқымдасы, Hemiptera - жартылай қанаттылар отряды).
Ò°зындығы денесімен бірдей қызыл мұртшалары бар, ашық жасыл түсті қандала. Дене ұзындығы 6-7 мм. Жылда 3 ұрпаққа дейін дамиды. Көктемгі –жазғы мезгілдегі құрғақ жєне ыстық ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болады. Жұмыртқалары күздік дақылдарының, астық тұқымдасқа жататын жабайы жєне азықтық өсімдіктердің жапырақтарында қыстайды. Ересек қандала жєне дернєсілдер астық жєне азықтық дақылдарға зиян келтіреді. Жапырақтың шаншыған жерлерінде түссізденген жєне сары дақтар пайда болады. Жас өсімдіктердің жапырақтарының үстіңгі жағы сарғаяды жєне өледі. Дєннің арқа жєне бүйір жақтарындағы шаншып сорған жерлерде кішкентай сары дақтар пайда болады. Олардың қоректенуі дєннің абсолюттік салмағын азаюына єкеп соқтырады.
Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер 100 қандала/м2 болса, инсектицидтер қолданылады. Єдетте күресу шаралардың уақыты трипстермен, бітелермен, бақашық қандалалармен күресу кезеңімен бірдей келеді.
Астық цикадалары: алты нүктелі - Macrosteles laevis Rib. жєне жолақты - Psammotettix striatus L. (Cycadellidae - тұқымдасы,Auchenorrhyncha - цикадалы отряд тармағы, Homoptera - тең қанаттылар отряды).
Денелері енсіз, ұзындығы 3-5 мм, артқы аяқтары секіргіш. Алты нүктелі цикада - ашық сары түсті, басында 6 күңгірт нүкте болады. Жолақтың басы сүйірленген, қанаттарында мєрмєрлі сурет бар. Личинкалары ересектерге ұқсайды. Жылда 2-3 генерация беріп дамиды. Жұмыртқа кезеңінде аңыздарда, шөптерде, астық тұкымдас жабайы өсімдіктерде қыстайды. Жұмыртқасын жапырақтың тканьдеріне салады, өсімталдығы 50-200 жұмыртқа. Дернєсіл 5 жас өтеді. Цикадалар жасырынды өмір сүреді. Олар құрғақшылық жылдары көбірек көбейеді. Селдір, күнмен жақсы жылынатын алаңдарды керек етеді. Дернєсілдері жєне ересектері бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, жүгеріні залалдайды. Қоректену жерінде ақ дақтар пайда болады, жапырақ пен сабақтары мєрмєрлі түске боялып, өсімдік солады. Қатты зақымдалған кезде өсімдік өледі.
Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту жєне өсімдік қалдықтарын жою. Бір жылдық астық тұқымдастарды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан оқшаулау. Тексеруді энтомологиялық аулағыштың көмегімен жүргізеді, егістікте 10 жерден 10 рет сермеп қағады. Инсектицидтер Â«Тізім...» бойынша пайдаланылады (Қосымшаны қараңыз).
Бидай трипсі- Haplothrips tritici Kurd. (Phloethripidae - тұқымдасы, Tubulifera - түтікше құйрықтылар отряд тармағы, Thysanoptera - шашақ канаттылар отряды).
Ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз шашақты қанаттары бар. Дернєсілдері ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін. Жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернєсілдері топырақтың үстіңгі қабатында, аңыздарда қыстайды. Ересек трипстер мамыр - маусымда ұшып шығады. Жаздық бидайдың түтіктену кезеңінің аяғында - масақтану кезеңінің басында олардың саны едєуір көбейеді. Ò°рғашы жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе топтап 3-5 данадан масақшалардың қабыршақтарына жєне масақ өзегіне салады. Жалпы ұрғашы 20-25 жұмыртқа салады. 6-8 күннен кейін дернєсілдер пайда болады. Трипстердің көбеюіне жылы құрғақ ауа райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40% - дан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып, қыстайтын жерлеріне кетеді. Трипс күздік жєне жаздық бидайларды, қара бидайды зақымдайды. Ересектері де дернєсілдері де зиян келтіреді. Ересек трипсілер сабақта, масақшаларының қабыршақтарында, жалау жапырақтың қынабында шырынын сорып қоректенеді.
Масақшалары өсуін тоқтатады. Дернєсілдері дєнмен қоректенеді. Олардың єсерінен дєн деформацияланады, солып салмағы азаяды, тұқымдық сапасы төмендейді.
Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту; ауыспалы егісті қолдану; сүрі жер, бұршақ, жүгеріден кейін жаздық бидайды өндіру. Жүйелі єсерлі инсектицидтерді өсімдіктердің түтіктену кезеңінің аяғында-масақтану кезеңінің басында қолданғанда, трипсілерге қарсы ең жоғары нєтиже көрсетеді. Осы кезде жұмыртқа салатын ұрғашылар құрып, дернәсілдердің саны да аз болады. Єдетте инсектицидтерді қолдану басқа да зиянкестермен күресу кезеңдерімен бірдей болады (бітелер, бақашықтардың дернәсілдері, дєн сұр көбелегінің жұлдызқұрттары жєне т.б.). Трипстерді тексергенде егістіктен 10 масақтан 10 үлгі алынады. Есептеу үшін масақшалардың қабыршақтарын ашады. Егер түтіктену мен масақтану кезеңінің басында егінде 8-10 трипстер бір сабақта, не болмаса 30 трипстер аулағыштың 10 қаққанында жєне бір масақта (дєн толысу - сүттену пісу кезеңінде) дернєсілдердің саны 40-50 данадан асса, инсектицидтер қолданылады.
Бітелер: кєдімгі астық - Schizaphis graminum Rond., үлкен астық -Sitobion avenae S. жєне арпа бітесі - Brachycolus noxius Mord. ( Aphidinea -отряд тармағы, Homoptera - отряды).
Кєдімгі астық бітенің қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы жәндігі ашық жасыл, арқасында жасыл жолақ, ұзындығы 1,2- 2,2 мм. Шырынды түтікшелері цилиндр тєріздес құйрығынан екі есе артық. Арпа бітесі сарғыш жасыл түсті жєне кішкентай шырынды түтікшелері бар; ұзындығы 2-3 мм. Еркектерінде қанаттары болады. Жыл бойы 10 жєне одан да көп ұрпақ береді. Ò°рықтанған жұмыртқалары күздік дақылдарының жапырақтарында, қодренде, жабайы астықтарда қыстайды. Жұмыртқалардан негізгі ұрғашылар туады. Кейін қанатты біте таратушылар пайда болады, олар көп жылдық шөптерден және күздік дақылдардан жаздық дақылдардың егіндерге ұшып барып, мекендерін (колонияларды) құрайды. Бітелер вегетация кезеңінде партеногенетикалық (ұрықтанбай) єдісімен көбейеді. Күзде еркек пен ұрғашы даралар пайда болады. Ò°рғашылар ұрықтанған жұмыртқаларын топтап салады, жалпы 12 жұмыртқа.
Астық тұқымдасқа жататын мєдени жєне жабайы өсімдіктер зақымданады. Дернєсілдер мен ересек жәндіктер жапырақтың, сабақтың, масақтың шырынын сорып зақымдайды. Зақымдалған жапырақтар түссізденеді, ширатылады, солады. Егер бітелер өсімдіктерді масақтану кезеңіне дейін мекендесе, масақтар формасын өзгертеді не болмаса өсімдік масақтанбайды. Ылғалды, жылы ауа-райы бітелердің сандық көбеюіне қолайлы.
Күресу шаралары. Ó¨сімдіктердің қалдықтарын жою, сыдыра жырту. Бітелердің егінді мекендеуінің санын 10 сабақтағы және масақтағы 10 –16 үлгіде санайды. Егер егінде 10 біте/сабақта болса, 50 % тік мекендеушілік не болмаса 20-30 біте/масақта тұтас мекендегенде, инсектицидтерді қолдану қажет.
Бидайдың гүлді кенесі- Steneotarsonemus panschini. ( Arachnida - өрмекшітєріздес класы, Acaryformes - отряды, Tarsonemidae - тұқымдасы).
Пішіні микроскопиялық, дене ұзындығы 0,15- 0,2 мм. Түсі сулы-ақ немесе шынылы-сары. Дернәсілдері ересектеріне ұқсас. Кененің ұрғашылары топырақта қыстайды.
Тіршілік кезеңінде 5 ұрпақ беріп дамиды. Колония түзейді. Ó¨сімдіктерде егін көгінен бастап бидайдың пісу кезеңіне дейін болады. Дернәсілдері мен ересектері қатты бидайды, жатаған бидайықты зақымдайды. Масақтану кезеңіне дейін сабақтан шырын сорып алады. Масақтанудан кейін кене гүлдің барлық мүшелерін зақымдайды, олар формасын бұзып, ұрықсызданады. Алақат дєнділік пен қысыр масақты пайда болдырады. Залалданған масақтардың сыртқы түрі сау масақтардан айырмашылығы жоқ, бірақ масақтардың ішіндегісі күңгіп, қоспаға айналады.
Күресу шаралары. Зиянкестердің санына қарамастан қатты бидайды тек қана сүрі жерден кейін отырғызу керек. Көбеюіне және зияндылығына алғы астық дақылдары жағдай туғызады. Жүйелі түрде арамшөптермен күресу керек. Ó¨сімдіктердің төзімділігін арттыру үшін дақылдар өсіруде барлық технологиялық шараларды жоғары деңгейде жүргізу керек.
1- тапсырма. Зиянды бақашықтың морфологиясын мен биологиясының ерекше өзгешеліктерін анықтау.
2- тапсырма. Астық цикадалардың морфологиялық жєне биологиялық өзгешеліктерімен танысу.
3- тапсырма. Бидай трипстердің, бітелердің морфологиясын мен биологиясының ерекше өзгешеліктерін анықтау.
4- тапсырма. Астық дақылдарының жартылай қатты қанаттылар отрядының фитофагтарынан болатын зақымдану белгілерін зерттеп тану.
5- тапсырма. Шаншып сорғыш зиянкестермен күресу шараларының жүйесін құрастыру.
6- тапсырма. 5- кестені жазып толтыру.
5-кесте Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестері