Глоссарий

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

Семей 2013

Мазмұны

1.Глоссарий

2.Дәрістер

3.Практикалық сабақтар

4.Студенттердің өздік жұмысы

Глоссарий

Маркетинг – айырбас құралдарына мұқтаждық пен талаптарды қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.

Мұқтаждық – адамның өзіне кез келген заттың жеткіліксіздігін сезінуі.

Қажеттілік – жеке адамның тұлғасы мен мәдени деңгейіне байланысты ерекше қалпын қабылдаған мұқтаждық.

Сұраным– сатып алу қабілетімен дәлелденген қажеттілік. Ол жеке тұлғаға, мүмкін.

Тауар – талап пен мұқтажды қанағаттандыра алатын және нарыққа сатып алушының назарын аударту, сатып алуы, пайдалануы, тұтынуы үшін ұсынылатын және айырбасқа айналатын өнім.

Тауар ассортименті - мұқтаждықты қанағаттандыратын тауарлар деп аталады.

Айырбас – қажет объектінің орнына басқа бір нәрсені ұсыну арқылы алу акті.

Кәсіпорындардың көтерме бағалары (босататын бағалар) – ол кәсіпорыннан шығатын тауардың бағасы және тауардың өзіндік құнымен кәсіпорын пайдасынан құралады.

Өнеркәсіп көтерме бағалары (сауданың) – ол өзіне өзіндік құны мен пайдасынан басқа қамту - өткізу шегермені (скидка) еңгізеді.

Қамту - өткізу шегермесі – ол қамту және өткізу қызметі үшін төленетін баға. Бұл шегерме қамту - өткізу мекемелерінің шығындарын қайтаруына және пайданы беруіне тиіс.

Бөлшек бағалар– бұл ақырғы тұтынушыға келетін тауардың бағасы, яғни процесті аяқтайтын баға.

Келісім – екі жақтың арасындағы құндылықтармен коммерциялық айырбасы. Келісім – маркетингінің негізгі бірлігі.

Нарық – кез келген өнімнің бүгінгі және ықтимал сатып алушылар жиынтығы.

Диверсификация – жалғыз өнімге немесе бөлудің бір қалпына бағытталудаң бас тарту және туарлар номенклатурасы мен бөлудің көптеген формаларына көшу арқылы жүзеге асырылатын маркетингі стратегияларының бірі.

Нарықты сегменттеу – тұтынушыларды мұқтажы мен мінез-құлқы, жүріс-тұрысындағы айырмашылықтарға қарап топтарға бөлу процесі.

Матрицалық ұйым – тауар жөніндегі меңгерушілермен қатар нарық жөніндегі меңгерушілерді пайдаланып маркетинг қызметін ұйымдастыру.

Статистикалық банк - ақпаратты статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістемелерінің жиынтығы. Олар деректердің өзара байланысын неғұрлым толық ашып, статистикалық сенімділік дережесін анықтау мүмкіндігі.

Модельдер банкі – нарық қайраткерлеріне анағұрлым оңтайлы маркетингілік шешім қабылдауға ықпал ететін математикалық модельдер жиынтығы.

Маркетингтік делдалдар – компанияларға клиенттеріне тауарды өткізуге және тауарларға жәрдемдесетін фирмалар.

Түйсіну – жаңа тауар туралы бірінші рет естіген сәттен оны қабылдаған сәтке дейінгі жеке адамның ойында өтетін процес.

Марка – ол тауардың атауы, белгілі бір шрифтпен жазылған символы, суреті немесе олардың қосылуы.

Маркалық атау – ол марканың бір бөлігі – оны айтуға болады және тауардың сапасы жақсы деген ойды білдіреді, мысалы «Шевроле», «Пума».

Маркалық белгі – ол өзге тауардан айыру үшін берілген сөзбен, суретпен, көлемді етіп бейнеленген марканың бөлігі эмблемасы.

Тауарлық белгі (Ò, Ô) – құқықтың қорғаумен қамтамасыз етілген марка, оның бөлігі.

Авторлық құқық (Ó) - әдебиеттік, музыкалық немесе көлемді шығармаларының құрамы мен формасын басып шығаруға, сатуға және басқадай түрлендіруге өзіндік құқығы.

Тауарлық номенклатура – нақтылы сатушымен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлардың және тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы.

Ақпараттық және зерттеу жұмыстары – айырбасты жоспарлауға және жеңілдетуге қажетті ақпараттар жинау.

Өткізуді ынталандыру – тауар туралы назар аударарлық ақпарат – коммуникациялар беру (жарнамалау, насихаттау, көрмелер өткізу).

Болашақ тұтынушылармен байланыс орнату – (ассортименті, берілетін кепілдігі, жеткізілуі, қызмет көрсетілуі).

Тауарларды сәйкестендіру -тауарларды тұтынушының талаптарына сай дайындау. Бұған өндіру,сұрыптау, құрастыру және орау секілді қызметтер жатады.

Қеліссөздер өткізу – бағасын келісу және меншікке немесе иелікке өткізуге қажетті актлерді жасау және т.б.

Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тысымалдау және қоймаға қою.

Қаржыландыру – таңдалған арналарды пайдалануға қажетті қаражатты іздестіру және жұмсау.

Тәуекелдікке бару – арналардың жұмыс істеу жауапкершілігін өзіне алу.

Селективті тарату – бір адамнан артық, бірақ делдалдардың жалпы санынан аз адамдарды тауар саудалаумен щұғылдануға тарту.

Наши рекомендации