Тақырып 14 Банктiк маркетинг. Банктiк менеджмент
Мақсаты: банктiк менеджмент пен банктiк маркетинг жайында түсiнiк алу
Есебі:
¨ банктiк маркетинг және банктiк менеджменттiң негiзгi түсiнiктерiн оқу;
¨ банктiк сферасындағы маркетинг пен менеджмент туралы түсiнiк алу;
¨ банктiк маркетингтiң принциптерiн, мақсаттарын және есептерiн, банктiң құрылымындағы маркетингтiң негiзгi қызметтердi, маркетингтiк кешенiнiң әдiстерi мен тетiктерiн, банктегi маркетингтiк стратегияларды бiлу, сонымен қатар банкттiк менеджменттiң сферасын, мазмұнын және ерекшелiгiн бiлу;
¨ теориялық материалды тәжiрибеде қолдана бiлу.
Сұрақтар:
1.Банктiк маркетинг: негiзi, қағидалары, әдiстерi және стратегиялары.
2.Банктiк менеджмент: мазмұны, сферасы, банктi ұйымдастыру принциптерi, банктiк менеджменттiң спецификасы.
Маркетинг – бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым. Нарықтық экономикада кез-келген кәсiпкерлiк нарыққа шығумен, барлық процестердi бiлумен және өнiмдердi алға жылжытумен аяқталады. Егер дамыған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсiпте тарау алса, оның соңын ала, 40 жылдай бұрын маркетинг iрi банктер аясында қолдауға ие болады. Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы мен прогресi жағдайында банк маркетингi мен оның ерекшелiктерiн үйрену – бұл қажеттiлiк және банктiк менеджменттiң ажырағысыз бөлiгi болып саналады.
Банктiк маркетинг толығымен маркетингтiң жалпы қағидаларына негiзделедi, алуыан түрлi қызметтердi орындайды, “маркетинг жалпы түсiнiгiнiң құрамды бөлiгi мен буынын бiлдiредi. Маркетинг – бұл өндiрiспен және бәсекелестiктi ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткiзумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтiң түрi, кәсiпорындар қызметiн ұйымдастыру мен басқару жүйесi.
Банктiк маркетингтi маркетингтi маркетингтiң ерекше саласы, клиенттердiң нақты қажеттiлiктерiн ескере отырып, банк өнiмдерiнiң неғұрлым пайдалы нарықтарын iздеу және пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердiң қызмет түрлерi ретiнде қарау керек.
Банктiк маркетингтiң жалпы қағидалары келесiдей түрде болады:
- нақты мақсаттарға жетудегi барлық банк қызметкерлерi әрекетiнiң бағдарланушылығы;
- жоспарлауды, талдауды, реттеудi, бақылауды қамтитын банк қызметi процесiнiң кешендiлiгi;
- маркетингтi болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бiртұтастығы;
- қабылданатын шешiмдерге бақылау жасау;
- жұмыскерлердiң шығармашылық белсендiлiгiн ынталандыру, олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
- ұжымды табысқа жету үшiн қызығушылықты арттыру.
Банктiк маркетинг “банк өнiмдерiн” көбейтуге бағытталған қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыру арқылы өз қызметiн жүргiзедi:
- маркетингтiк зерттеулердi жүргiзу, ақпараттарды жинау, талдау;
- банк өнiмiн жасау. Банктiң өз қызметiнiң сатушысы болуы.
- Көрсетiлетiн қызметтер мен операцияларға баға белгiлеу.
- Банк өнiмдерiн таратуды ұйымдастыру.
Маркетинг қызметiнiң нарықтағы табысы көп дәрежеде ахуалды жүйелi түрде ой елегiнен өткiзуге, банктiң күш жұмылдырушылығын үйлестiруге, мақсаттар мен мiндеттердi алдыға дәл қоя бiлуге мүмкiндiк беретiн стратегиялық жоспарлау сапасымен айқындалады.
Банктiк менеджменттiң жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестiру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтерi бөлiп көрсетiледi.
Банктiк менеджмент – клиенттердiң қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшiн банктiң, жекелеген орындаушылардың мүдделерiне әсер ету процесi болып табылады.
Банктiк менеджмент сандық, сапалық және әлеуметтiк көрсеткiштердi орындауға бағдарланған.
Банктiк менеджменттi екi көзқарас тұрғысынан үйрену көзделедi: 1. Банк қызметi тарапынан; 2. Ұжымды басқару тарапынан.
Бақылау сұрақтары:
1. Банктiк маркетингке анықтама берiңiз.
2. Банктiк маркетингтiң принциптерiн, мақсаттарын, есептерiн атаңыз.
3. Банктегi маркетингтiң қандай негiзгi қызметтерi сiзге белгiлi?
4. Маркетингтiк кешенiнiң әдiстерiн және құралдарын атаңыз.
5. Банктiң маркетингтiк стратегиясын сипаттап берiңiз.
Әдебиеттер: 1(с.435-442), 3(с.489-538), 4(с.656-686,727-746), 7,22,35,39,40,41