Сатып алу циклінің аудиті

Сатып алу циклы процессін материалдық емес активтер, негізгі құралдар, тауар-материалдық босалқы қорлар және басқа активтер сатып алынатын, қарыз міндеттемелері құралатын және солар бойынша төлемдер жүргізілетін шаруашылық операциялар жатады.

Тексеру жүргізу кезіңде қосарлы жазбаны есепке алу принціпіне негізделетін мақсатты тест жүргізу әдісін пайдалануға болады. Сондықтан сатып алу циклы аудиті кезінде тексерудің бастапқы нүктесі ретінде активтер сатып алынуын бейнелейтін шоттар дебетіне жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуды сипаттайтын шоттар кредитін алуға болады.

Тексерудің келтірілген әдістемесіне айналымнан тыс активтердің сатып алу циклына түсуін бейнелейтін шоттар енгізілген. Бірақ, егер айналымнан тыс активтерді сатып алу және пайдалану бойынша операциялар жеткілікті түрде тұрақты және үлкен айналыммен жүргізілсе, оларды жеке жүргізген тиімді болады. Сондықтан осы тарауда активтерді сатып алу тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алуы мысалы бойьшша қарастырылады.

Сатып алу циклы аудитінің негізгі бағыттары есеп айырысу жағдайы туралы есепке алу мәліметтерінің нақтылығы мен зандылығын тексеру, есеп айырысу-қаржы пәндерінің орындалуы және оның кәсіпорынның төлем қабілетіне әсері, борыш нақтылығын анықтау болып табылады.

Аудитті жүргізу кезінде тест жүргізудің екі типі — сәйкестікті немесе орындалуды тексеру және мән бойынша тексеру қолданылады. Бақылаудың бірінші типі ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған.

Сатып алу циклы аудитін жүргізу кезінде орын алған қателер немесе тәртіп бұзушылықты және олардың қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау үшін кәсіпорында қолданылатын тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу операцияларын есепке алу әдістемесінің Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.

Қаржылық тексерудің алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу және олардың тиімді дайындалғанына және әрекет ететініне көз жеткізу үшін аудитор кәсіпорын бақылау реттемелерін зерттейді. Бұл оған шаруашылықоперациялардың толық, дәл көрінуін, шаруашылық операциялардың жүргізілуінің мақұлданғанын, кәсіпорындағы активтер болуын, сонымен қатар қазіргі бағалауды жүргізуге және оларды пайдалану құқығы болуын анықтауға бағытталған тексерулер масштабын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Сондықтан аудиторға ішкі бақылау реттемесін ұтымды зерттеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу процессін келесідей кезеңдерге бөлуге болады:

• шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау;

• тауарлар мен қызмет көрсетуді алу, тексеру және қабылдау;

• бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларды тіркеу.

Шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау. Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарламалар мәліметтеріне сай, сонымен қатар қойма мен өндірістегі тауар-материалдық босалқы қорларының нақты жағдайынан шыға отырьш, кәсіпорын басшылығы оларды сатып алуға шарт құрайды.

Шарт өнімнің барлық түрлерін жеткізу жөніндегі жақтар құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

Бухгалтерлік есепте шаруашылық операциаларды тіркеу.

Активтер мен міндеттемелерді шарттарға, тапсырыстарға, сонымен қатар тауарды алуға қатысы жоқ адамдар тіркейді.

Материалдар қозғалысы бойынша бухгалтерияға түскен бастапқы құжаттар тексеру мен таксалаудан кейін материалдардың номенклатуралық топтары мен қоймалар қиылысында кіріс пен шығыс бойынша жеке қойылады. Ай аяқталған бойда картотеканы әр қойма бойынша жеке сомалық көріністе топтық айналым тізімдемелер құру үшін пайдаланады. Осы тізімдемелер мәліметтерін қалдық тізімдемелерінің құндық мәліметтерімен және синтетикалық есеп тіркелімдегі жазбалар қорытындыларымен салыстырады.

Аудитордың пікірінше бақылау тәуекелдігі елеусіз болған кезде (бақылау кездерінің қандай да бір сипаттамаларына байланысты), ол қаржылық есеп беру ақпараты дәлдігіне деген сенімсіздікті төмендете алады. Бақылау тәуекелдігі елеусіз деген өз пікірін дәлелдеу үшін, аудитор бақылау кездерінің тиімділік дәрежесін тексеру керек. Осындай тексеру кезінде қолданылатын реттемелерді әдетте бақылау кездерінің тестілері деп атайды.

Сатып алу циклы бойынша бухгалтерлік есептегі мүмкін (ықтимал) бұрмалаулар клиент кәсіпорнындағы бақылаудың жалпы жүйесі туралы ақпаратқа қосымша шаруашылық операцияларды (қолмен немесе компьютермен) тіркеу қалай іске асырылатынын, осы жүйелер қаншалықты қиын және бақылау құрылымының басқа негізгі сипаттамалары туралы аудитор бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы жүретін сатып алу циклі операцияларын талдау арқылы біледі.

Сонымен қатар аудитор сатып алу тапсырыстарына, қабылдау туралы құжаттарға, шот-фактураларға, қолма-қол ақшаны төлеуге, барлық осы процедураларды орындайтын қызметшілер арасында міндеттерді бөлуге қолданылатын бақылау реттемелерін де талдауы керек.

Осындай ақпаратқа сүйене отырып, аудитор нақты шаруашылық операцияларын бақылау реттемелері қаншалықты жақсы дайындалғанын және әрекет ететінін анықтайды.

Бақылау құрылымын зерттеу кезіңце аудитор бақылау ретемесіне ағымдық тексерулер (жоспардан тыс немесе жоспарлы) жүргізіп, бақылау құрылымы жақсы жоспарланғаны және дұрыс әрекет ететіндігі туралы дәлелдеме алады. Мұндай дәлелдер аудиторға қате ықтималдылығын төмен ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, басшылықтың жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысу жағдайы туралы есеп беруді қалай тексеретінін зерттей отырып, аудитор осыны қызметшілер қалай істейтінін бақылай алады немесе осыны дәлелдейтін құжаттарды зерттей алады. Егер жүйе тиімді болса, басшылық тексерулері сатып алу бойынша операциялар толықтылығы мен дәлдігінің кейбір дәделін береді. Аудитор тексерудің қаншалықты толық жүргізілгенін және басшылықтың қатені немесе сәйкессіздікті табу ықтималдылығы қаншалықты жоғары екенін қарастырады.

Ары қарай аудитор қате ықтималдылығын елеусіз деп бағалау үшін бақылау реттемесі тиімділігіне қосымша дәлелдеулер алу-алмау керектігін шешеді. Бірақ, ең алдымен, өз тәжірибесіне сүйене отырьш, ол тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу операцияларында орын алуы мүмкін ықтимал бұрмалаулар туралы білуі керек.

Сатып алу циклы бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін бұрмалаулар:

• шарттың дұрыс толтырылмауы;

• жеткізуші мен мердігерлерден түскен тауарлар мен қызмет көрсетуді уақтылы кірістірмеу;

• түпнұсқа құжаттардың жою салдарынан болған бұрмалаулар;

• бухгалтерлік есеп шоттарында нақты емес дебиторлық және кредиторлық борыштарды көрсету;

• жабдықтаушылар шоттарында бөліп көрсетілген ҚҚС сомаларын шоттарда дұрыс емес немесе заңсыз көрсету;

• бухгалтерлік есеп шоттарының мүлтіксіз емес корреспонденциясы, талдамалық есептің болмауы және т.б.;

• жалған құжаттарды (шарттарды, жүкқұжаттарды, актілерді) құру;

• жабдықтаушылар шоттары мәліметтерінің кәсіпорын есебі мәліметтеріне сәйкес болмауы.

Сатып алу циклы бойынша бұрмалауларды қосымша табуға мүмкіндік беретін баланстыққа жақын баптары болуы мүмкін:

• ақша төленуін сипаттайтын шоттар;

• табыстар мен шығыстардың шоттары (алынған жеңілдіктерді есепке алу бойынша, көліктік дайындау шығындары, айыппұл және алынған жеке төленген тұрақсыздақ айыбы және басқалар).

Ндірістік цикл аудиті...

Шоттардың өзара байланысы шығыңдар құрамын шығын шоттарына жатқызылу мен олардың жабылуын көрсетеді. Мәселен, өндіріске шикізатты, материалдарды жіберу, еңбекке ақы төлеу шығындары, демалысқа ақы төлеу резервтерін есептеу, еңбекке ақы төлеуден жарналарды әлеуметтік салықка жіберу, жұкқұжаты шығындарын есептен шығару негізгі өндіріс шотына және шығындар бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп беру кезеңінің аяғында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығындары 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотында жабылады.

Өндіріс процессі — кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті — бухгалтерия жұмысы мен аудиторлық тексерудің жауапты учаскесі. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен дайын өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолданылатын бақылау процедураларын түсінуі керек. Мұндай ақпаратқа сүйене отырьш, аудитор нақты шаруашылық операцияларына арналған бақылау саясаты мен процедурасының дұрыс дайындалғанын және кәсіпорында дұрыс қолданылып отырғанын анықтайды.

Аудитор өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудың негізгі жолдары мен таңдап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек:

• тауарлы-материаддық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық ТМБ үшін бірдей болуы керек;

• соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелетін бастапқы құжаттар тізімі;

• басшы бекіткен өндіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;

• тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;

• ТМБ түгелдеу жүргізу тәртібі мен мерзімі (материалдарды, аяқталмаған өндірісті, тауарларды);

• ТМБ жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

Кәсіпорындағы ішкі бақылау процедуралары бола алады:

• міндеттерді парапар бөлу;

• мақұлдаудың тиімді процедурасының болуы;

• құжатнама және есепке алу жазулары;

• тауарлы-материалдық босалқыларды нақты бақылау;

• тәуелсіз тексерулерді іске асыру.

Өндіріс циклындағы бухгалтерлік құжаттарды зерттей отырып аудитор төмендегідей негізгі аспектілер негізінде ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заңына сәйкес құрылуы қажет құжаттандыру және есеп жүйесі сапасына көз жеткізуі керек:

• бухгалтерлік жазулар бастапқы құжаттардың түпнұсқасымен бекітілуі керек;

• құжаттар мен жазулар үздіксіз бірқалыпты номерлеріне ие болуы керек;

• барлық операциялар мен оқиғалар операцияны іске асыру кезіңде хронологиялық бірізділікпен тіркелуі керек;

• синтетикалық есеп мәліметтері аналитикалық есеп мәліметтеріне сәйкес келуі кажет.

Өндірістік циклдың шаруашылық операцияларының құрамы мен саны негізінен өндірістік процесс күрделілігіне байланысты болады. Өндірістік циклдың әдеттегі операцияларына мыналардың жататыны белгілі:

• шикізатты (материалды) өндіріске жіберу;

• жалақы есептеу және төлеу;

• дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру;

• дайын өнімді шығару және оның қозғалуы;

• шикізат пен дайын өнімді сақтау.

Талдамалық процедуралар көмегімен тәуекелдерді анықтайды, шоттар арасындағы арақатынасты зерттейді, аудиторға тәуекелдікті бағалауда көмектесетін тенденциялар мен заңдылықтарды анықтайды. Тенденциялар көрінуі мұмкін:

• өндірістік шығындардың кұрамдас бөлігі, өндірістік шығындар мен баға ауытқулары арасындағы ара қатынасты;

• дайын өнімдердің босалқы қорларының айналымдылығы (сатылған өнімнің өзіндік құнының дайын өнімнің орташа босалқы қорына қатынасы).

Аудитор осы ара қатынастарды талдап, оларды өткен кезеңнің сәйкес мәліметтері мен болжау көрсеткіштерімен салыстырып, ерекше операцияларды анықтап, олардың құрылу табиғатын түсініктеме табуы қажет. Ішкі есеп беруге әкімшілік жүргізген талдау аудиторға өзінің таддамалық процедурасына қосу үшін олар қаншалықты қажет екенін шешуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған талдамалық процедуралардан басқа аудитор мыналарға талдау жасайды:

• шикізат пен материалдардың, жалақының нақты шығындары мен жүкқұжат шығындарының нормативтен ауытқуына;

• тауарлы-материалдық босалқылар құрамы мен құрылмыына;

• тауарлы-материалдық босалқылардың шығарылуы (ескірген, сұранысқа ие емес, бұзылған, сонымен қатар өткен кезеңдер көрсеткіштерімен салыстырғандағы басқа шығарулар);

• тауарлы-материаддық босалқылардың өтімділігі.

Жалпы аудитор компанияның бақылау құрылымын өзіне аудитті жоспарлауға мүмкіндік беретіндей етіп түсінуі керек. Бұл олардың пайда болу қаупі немесе мүмкін бұрмалауларды анықтау және объектігі қатысты тексеру әдістемесін даярлау үшін қажет. Аудитор өзіне кәсіпорын туралы белгіліні талдайды, алдыңғы жылдағы аудит нәтижелерін қарастырады, клиент персоналымен әңгімелеседі, персонал өз міндеттерін қалай орындайтынын бақылайды, бақылау саясаты мен процедурасының клиент дайындаған сипаттамасын қарастырады, құжаттар мен есептемені зерттейді.

Наши рекомендации