Негізгі құралдардың айналымдылығы.
Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасын бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффицентнің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда, бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрседеі.
Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігн сипататйды.
Ол мына формула бойынша шығарылады:
KOC = ДN
CK
Мұндағы KOC меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
ДN өнімді сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
CK баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. керісінше, коэффициенттің төмендеігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында да бұл көрсеткіштің деңгей едәуір төмендеді. Егер меншікті капитал өткен жылы 0,92 рет айналса (^ 23179), ал есе беру жылында 0,77 рет айналды (23179), 37254
бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінң төмендегенін дәлелдейді.
^ Ағымдағы активтер (мобилдік қаражат) немесе айналым капиатылынң айналымыдлық коэффициенті.Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
KOTA = ДN
TaC
Мұндағы: KOTA - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
TaC - ағымдағы активтердің орташа шамасы.
Ағымдағы активтердің (баланс активінің ІІ бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:
TАC= OH+OK
Мұндағы: TАC – ағымдағы активтердің орташа шамасы;
OH - OK – сәйкес жыл басындағы және аяғындағы активтер шамасы.
Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады. Сонда активтердің шамасы формуламен белгіленеді:
TАC = 2 + O2 + O3 + + O n-1 + 2
n – 1
Мұндағы: On – n айындағы активтер шамасы.
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэфициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зертетлген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өндіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.
^ Кәсіпорынынң ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
№ | Көрсеткіштер | Өткен жылы | Есеп беру жылы | Ауытқуы |
1 | Өнімді сатудан түскен табыс, мың теңге | 24392 | 23179 | - 1213 |
2 | Кезеңдегі ағымдағы активтердің орташа шамасы, мың теңге | 13551 | 17868 | + 4317 |
3 | Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті (1 қатар 2 қатар) | 1,80 | 1,30 | - 0,50 |
4 | Ағымдағы активтердің бір айналымының күнмен есептелген ұзақтығы (360:3) | 200 | 277 | + 77 |
5 | Айналым қаражатын бекіту коэффициенті (2 қатар:1қатар) | 0,56 | 0,77 | + 0,21 |
Кестеден ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығының 1,8-ден 1,3 есеге дейін қысқарғаны көрінеді, нәтижесінде бір айналымның ұзақтығы 77 күнге артқан, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын куәландырады (талданып отырған кезеңде ағымдағы активтерге салынған қаражаттың толық циклден өтуі мен қайтадан ақша түріне келуі былтырғы жылға қарағанда 77 күнге – ұзақ болады). Осының салдарынан кәсіпорынға былтырғы жыл деңгейінде өндірістік-коммерциялық қызметін жалғасытру үшін қосымша қаражат жұмылдыру қажеттігі туындайды.
^ Материалдық айналым қаражатының айналымдлық коэффициентікәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта солғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда туардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділіген кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында – сатудан түсккен табыс, ал бөлімінде – кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірісті қорлардың құнының орташа шамасы.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) қны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
КОЗ = SN
ЗС
Мұнда: КОЗ – материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;
SN - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
ЗС - өндірістік қорлардың орташа құны.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.
Өндірістік пен өнімді өткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аоз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екіндігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігі-нің күрт азайғанын куәләндірады.
Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасын оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет.
Қазіргі уақытта материалдық қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорынның құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикаснды бірінші рет біздің кәсіпорындар шет елдерде кеңінен танымал және қолданылатын ЛИФО мен ФИФО сенімді материлды бағалау тәсілдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. ЛИФО әдісі ең соңғы сатып алынған материалды біірнші кезекте өндіріске шығынға шығаруды көздейді. Сонда баланстағы қалдықтың шамасы бірінші сатып алынған материалдың өзіндік құнынан туындап анықталады.
Керісінше ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдық қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған һнімнің өзіндік құнына олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шығарылады.
Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.
Біздің еліміззе орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау б олып келді. Кәсіпорын үшін оны пайдалаудың жағымсыз салдарын мыналарды жатқызуға болады. бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендететід (табыс пен одан төленетін салықты шамадан тыс көтереді), екініш жағынан материалдың қалдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады, демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.
Материалдар қорын соңғы сатып алу (ЛИФО) құны бойынша бағалау әдісін қолдану, салық салу тұрғысынан инфляция жағдайында өте тартымды болғанымен (сол сатылған өнімнің өзіндік құнын тым жоғарылататындықтан), материалдар қалдығы шамасының бұрмалануына, яғни азаюына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде бұл жағдайда да актвитердің айналымдылық көрсеткішінің анықтығы төмендейді.
Тауарлы-материалдық құныдылық қорларын бірінші сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілі қолдану, сатылған өнімнің өзіндік құны материалға деген ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталпы құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары құны бойынша қбағалауына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналып қаражатынң және бүтіндей ағымдағы активтердің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қаралған тәсілдерге қарағанда обективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынан есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджердің көзқарасынша әдістің бұл артықшылығы, снымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін).
Сонымен, тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың үш қаларлған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымыдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзінді кқұны негізнде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффиценті өткен жылы 1,73 рет, ал есеп беру жылында 1,18 рет құрады, оның 0,55 пункте төмендеуі ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті деңгейіне кері әсер етті.
^ Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті.Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
KOr = ДN
r
Мұндағы: KOr – дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;
r - баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.
Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуне байланыты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдереді.
Біздің кәсіпорында өткен жылы дайын өнімнің айналымдылығының коэффициенті 2,27 рет (24392) ел есеп беру жылында – 20,7 рет (23179) құрады.
10756 11174
Сатып алушылардың төлем қабілеті жоқтығы мен өнімге деген сұраныстың төмендеуі себепті, кәсіпорында дайын өнім қоймасында тауар шамадан тыс жиналы қалды. Жыл аяғында жыл басына қарағанда дайын өнімнің қалдығы 1,9 рет (14538) көбейді. 7810
^ Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.Ол өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
KOД13 = ДN
Д3
Мұндағы: KOД13 - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д3 - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс бойынша есептелсе, оның өсуі – несиеге сатудың азйғанын , ал төмендеуі – несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен шығарылады:
KOД/3 = 360 = Д3 ´ 360
KOД/3 ДN
Мұндағы: KOД/3 - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі.
Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеу – оң, ал артуы – теріс бағаладанады.
^ Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.Ол өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:
KOД13 = ДN
Д3
Мұндағы: KOД13 - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д3 - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффиценті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегені көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі – кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі – несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.
Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:
KOД/3 = 360 = К3 ´ 360
KOД/3 ДN
Мұндағы: KOД/3 – кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемлерін қоспағанда) көрсетеді.
^ Ақша қаражатының айналымдылық коэффиценті.Кәсіпорынның ырғақты қызмететуі үшін ақша қаражаты қозғалысыны ңжылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, мұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшанаың құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімдлігіні бағалау қажеттіг туындайды.
Мұндай талдаудың әртүрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барметрі кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінің көлемінің өсуі жағдайында, оның ағымдағы активтері құрамында ақша қаражатының үлесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай бідің кәсіпорынымызда орын алып отыр. Сонымен, егер ақша қаражатының ағымдағы активтердегі үлес салмағы жыл басында 10% құраса, жыл соңында оның мөлшері 6,5% болды, яғни 1,6 есе азайды, ал ағымдағы міндеттемелер 4643 мыңнан 9681 мың теңгеге дейін, яғни 2,1 есе өсті. Сондықтан ақша қаражаты мен жедел міндеттемелердң арақатынасын ай сайын талдау, кәсіпорындағы ақша қаражатының шамадан тыс көптігін жеткілікті түрде сипаттап береді.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
KOДС = ДСО
ДСС
Мұндағы KOДС - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
ДСО – талдау кезіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДСС – ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойынша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:
ДСО1 + ДС2 + ДС3 + + ДСn
2 2
ДСС = n – 1
Мұндағы: ДСn - n айының басындағы қалдықтар;
n - кезеңдегі айлар саны.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 «Есептесу шотындағы барлық» шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшіліг өздерінің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, қызмткерлредің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.
^ Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы.Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында – сатудан түскен табыс, бөлімінде – кезеңдегі инвестицяланған каиталдың орташа шамасы:
КОИ.К = ДN
ДИ + КИ
Мұндағы: ДИ – және КИ – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициелер.
Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың, яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылыө коэффициентімен салыстарған абзал.
Істегі капиталдың айналымдылығыалымында – сатудан түскен табыс, бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілегн формула бойынша есептеледі.
КОФ.К = ДN
ФК
Мұндағы: ФК – істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағанын көруге болады. Өзінің дамуын салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұл коэффициенттің алынған мағынасы кәсіпорынынң сатудан түскен табысына тікелей әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.
^ Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығынсатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:
КОПЕР = ДN
Пер/К
Мұндағы: Пер/К – перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқса, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.
Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кездегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылыған көбейту арқылы есептеледі:
ИД/А = ДN ´ ДО
ФК S
Мұндағы: ДN - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
ФК
^ ДО – негізгі қызметтің табыстылығы;
S
ДО - негізгі қызметтен түскен табыс;
ДN - өнімді сатудан түскен табыс.
Іскерлік белсенділік көрсеткішіне Т.Б.Крылова еңбек өнімділігін де кіргізуді ұсынады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл көрсеткіш қор қайтарымы секілді, шарушалық жүргізуші субъектінің қызметінің тиімділігін көбірек сипаттайды.
Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық, оларды талдау, кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдаумен қатар, кәсіпорынның базарлық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан-жақты талдап қорыту керек.
Бизнес-жоспарды жасағанда басшылықтың негізгі назары өндірістің тиімділігі көрсеткіштеріне аударылуы керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті авансталған немесе қолданылған ресурстармен салыстыра отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігіні бірқатар көрсеткіштеірн анықтауға болады. оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1.
қорытындылаушы;
2.
техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі қор қайтарымдылығы, материалдар қайтарымдылығы, капитал салудың қайтарымдылығы жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінң көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б; энергия, жанар-жағар май, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызылады. Бұл елдің кәсіпорындарының қаржылық есебінде есептелген түрінде мынадай еңбек өнімділігі коэффициенттері келтіріледі:
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы = . Сату көлемі .
сату көлемі Қызметкерлердің жылдық орташа саны
Бір жұмыс істеушіні ұстау үшін = ^ Еңбекке кеткен шығындар
кеткен шығындар Қызметкерлердің жылдық орташа саны
Бір жұмыс істеушіге негізгі = Негізгі қызметтен түскен пайда
қызметтен түскен пайда Қызметкерлердің жылдың орташа саны
Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшығы шаққандағы ортша өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
W = ДN = ДN х r = ДN x r
R x r r R
Мұндағы: ДN - өнім сатудан түскен табыс (ақша);
R - жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;
r - жұмысшылардың тізімдік орташа саны;
ДN - бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім;
r
r - жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы.
R
Формуладан, біз бөлшекті бір санға (r) көбейтіп және бөліп көбейткіштер алдық, одан бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз.
Осы себептердің бизенс-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз.
Осы себептердің бизнес-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілгеннің өзгеруіне әсерін 25-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйеніп қарастырайық.
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнімнің өзгеруіне әсер ететін себептерді талдауға арналған бастапқы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер | Жоспар бойынша | Іс жүзінде | Ауытқуы (+ , - ) |
1. | Босатылған бағамен өн-імді сатудан түскен таб-ыс (ақша), мың тг. | 15022 | 14537 | - 485 |
2. | Жұмыс істеушілердің ті-зімдік орташа саны, адам | 546 | 538 | - 8 |
3. | Бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнім, теңге | 27513 | 27020 | - 493 |
4. | Жұмыс істеушілердің ті-зімдік орташа саны, адам | 355 | 345 | - 10 |
5. | Жұмыс істеушілер құра-мындағы жұмысшылар-дың үлес салмағы, | 65,02 | 64,13 | - 0,89 |
6. | Бір жұмысшыға шақ-қандағы орташа жылдық өндірілген өнім, тг. | 42 315 | 42 136 | - 179 |
Олардың әсерін тізбектеп ауыстыру тәсілімен анықтауға болады, оның негізгі мәні есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштердің базистік шамасын осы көрсеткіштердің нақты шамасымен кезегімен алмастыру және жүргізілген ауыстырудың зерттеліп отырған қорытындылау көрсеткіші шамасының өзгеруіне әсерін өлшеуде болып табылады. Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастырған сайын есептеу формуласында ескерілген барлық математикалық амалдарды орындап, алынған нәтижеден алдыңғысын (аталған көрсеткішті ауыстырғанға дейінгі) алып тастайды. Нәтиже айырмасы осы жеке көрсеткіштің өзгеруінің қорытындылаушыға әсерінің ізделген шамасын көрсетеді, өйткені салыстырмалы кезегімен жүргізілген есептеулерде, басқа барлық жеке көрсеткіштер шамалары жағынан бірдей болып келеді.
Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастыру, ауыстыру деп аталады. ауыстыру саны есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштер санына тең, ал жүйемен есептеу бір санға артық болады, өйткені қорытынды көрсеткіштің өзгеруінің жалпы шамасын анықтау үшін барлық көрсеткіштері базистік шамада көрсетілген базистік есептеу жүргізіледі.
Біздің мысалымызда, бір жұмыс істеушіге жылдық орташа өндірілген өнім түріндегі қорытынды көрсеткішке жұмыс істеуші құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндірілген сияқты екі жеке көрсеткіш әсер етеді. Тізбекті ауыстыру тәсілін қолданып, олардың әсер ету көлемін анықтаймыз.
26-кесте
Рет нөмірі | Өзара әсер ететін жеке көрсеткіштер | Қорытынды көрсеткіші | Алдағы есептеу ден ауыт қуы, теңге | Ауытқуының себеп тері | ||
есептеудің | ауыстырудың | Жұмыс-шылар-дың үлес салмағы | Жұмыс-шының еңбек өнімділігі | Жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруі, теңге | ||
1. | - | Жоспар 0,6502 | Жоспар 42315 | Жоспар 27513 | - | - |
2. | 1 | Нақты 0,6412 | Жоспар 42315 | Есептеу 27137 | - 376 | Жұмысшылар-мен қамтама-сыз етілмеуі |
3. | 2 | Нақты 0,6412 | Нақты 42136 | Нақты 27020 | - 117 | Жұмысшының еңбек өнімді-лігінің төмен-деуі |
Жұмысшылардың үлес салмағы мен жұмысшының еңбек өнімділігінің өзгеруінің бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жыллдық өнім өндірудің жоспардағыдан ауытқуына әсерін есептеу
Кестеден көрінгендей, жұмысшыларды жеткіліксіз мөлшерде алғандықтан және бір жұмысшыға шаққан орташа жылдық өндірудің төмендеуі нәтижесінде еңбек өнімділігінң негізгі көрсеткіші 493 теңгеге төмендеді, ол баланстың ауытқуымен дәеледенеді:
[27020 – 27513 = (- 376) + (- 117) ] = - 493, соның ішінде сандық көрсеткіштерден (жұмыс істеушілер мен жұмысшылар санынан ) туындайтын құрылым көрсеткіштің үлесіне, қорытындылау көрсеткішінің жоспардағы шамасымен салыстырғанда 76,3% -ға төмендеуі тиеді.
Өз кезегінде, бір жұмысшының жылдық орташа өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге – уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін себептер жатады. Бұлайша бөлу тек шартты түрде қажет, өйткені жұмыс уақытын пайдалану негізінен еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға, ал сағаттық өнім өндіру - өнімнің еңбек сыйымдылығы деңгейін анықтайтын кәсіпорынның техникалық және жұмысшылардың мамандығы деңгейіне байланысты.
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
1.
бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
2.
жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
3.
бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Бұл жағдайда жұмыс күнініңорташа саны – негізгі сандық көрсеткіш, ал орташа жұмыс күнінің ұзақтығы әр жұмысшының жұмысқа шығуына байланысты болғандықтан – туынды көрсеткіш болып саналады.
Одан туындайтыны, тізбектеп ауыстыру тәсілін пайдаланғанда, көрсеткіштер шамасын алмастыру, олардың бір-біріне тәуелділігін назарға ала отырып жүргізіледі.
27- кестеде осы себептердің базистік шамасымен салыстырғанда бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің өзгеруіне әсерін есептеу келтірілген.
Кестеден, орташа сағаттық өнім өндірудің артуы нәтижесінде, жоспармен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі 2696 теңгеге өскенін көреміз. Алайда жұмыс уақытын ішкі және толық күндік жоғалтулар, жоспардағыға қарағанда оның шамасын 2875 теңгеге кемітті, бұл уақыт бірлігіндегі жұмысшының өнімділігінің оң әсерін жауып тастады.
Талдау есептеулері дұрыс жүргізілген, өйткені жеке көрсеткіштер шамасының өзгеру әсер етуден болған ауытқуларыдң алгебралық сомасы қорытындылау көрсеткішінің жоспарынан ауытқуына тең. Ауытқулар балансы:
42136 – 42315 = ( - 684) – (- 2191) – 2696 = - 179
Сонымен, еңбек өнімділігі деңгейін сипаттайтын негігі көрсеткіш бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташ аөнім өндіру болып табылады.
Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Жоспар | Есеп беру | Орындалуы, %-бен |
1. | Жылына бір жұмыс істеушіге есептеген өнім өндіру, теңге | 27513 | 27020 | 98,2 |
2. | Жылына бір жұмыс-шының өнім өндіруі, теңге | 42315 | 42136 | 99,6 |
3. | Күніне бір жұмысшы-ның өнім өндіруі, теңге | 170,62 | 172,66 | 101,2 |
4. | Сағатына бір жұмыс-шының өнім өндіруі, теңге | 22,45 | 23,98 | 106,8 |
Кестеде келтірілген өнім өндіру көрсеткіштерінен, бір жұмыс істеуші мен жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі бойынша жоспардың орындалмағаны көрініп тұр, бұл жұмыс істеушілердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағының төмендегенін дәлелдейді. Осылай, біздің кәсіпорынымызда оның шамасы 65,02%-дан 64,13%-ға дейін төмендеді.
Еңбек өнімділігін талдағанда, істегеніне қарай еңбекақы алатын жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындауы туралы мәселені айналып өтуге болмайды.
Еңбек ресурстарын, еңбек шығындарын азайта отырып тиімді пайдалану қажет, ең бірінші кезекте, қол және ауыр дене еңбегін қысқарту, еңбекті ұйымдастыру мен технологияны жақсарту, өндірістік процесті механикаландыру мен атоматтандыру деңгейін көтеру керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі – қор қайтарымы, ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Ол талдау кезеңінде өнім сатудан түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың жылдықорташа қнына қатынасымен формула бойынша анықталады:
f = DN
F
Мұндағы: f - қор қайтарымы;
F – негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны;
DN - өнім сатудан түскен табыс (ақша).
Қор қайтарымы кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы
1 - немесе F - ретінде есептеледі.
f DN
Қор сыйымдылығы көрсеткішінің бір артықшылығы, оның алымын құрамдас бөліктер, жеке цехтар мен қондырғылар тобы бойынша жіктеуге болады. бұл әрбір өндірістік учаскеде техниканы пайдаланудың, қорларды пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қор қайтарымын анықтағанда өнімнің көлемі құндық, заттай және шартты өлшемдермен есептелуі мүмкін.
Негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын заттай өнім көлемімен есептелген қор қайтарымы көрсеткіші дәл бейнелейд. Алайда, заттай және шартты заттай өнім көлемінің өлшемдерін тек бір ғана өнім түрін шығаратын кәсіпорындарда немесе оны бір салмаққа теңестіруге болатын болса қолдануға болады.
Талдау барысында, ең алдымен негізгі өндірістік қорлар мен қор қайтарымының белсенді бөлігінің құрылымының еңбек құралдарын пайдаланудың қортындылау көрсеткіші деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтау қажет. Негізгі өндірістік қорлар құрылмының қор қайтарымына әсері негізгі өндіріс қорларының әртүрлі категорияларының өндірістік процеске бірдей қатынасуына байланысты. Қор қайтарымы есептегенде, олардың белсенді бөлігі негізгі өндірістік қорлардан бөлінеді және өндіріс көлемінде тиімді пайдалануына байланысты ол еңбек құралдарына (жұмыс машинасы мен жабдықтар) тікелей әсер етеді. Қор қайтарымын талдаудың бұл екі факторлық моделі өте қарапайым болады. осы факторларда қор қайтарымының тәелділігі мына формуламен бейнеленеді:
f = Fa ´ DN
F Fa
Мұндағы: f – қор қайтарымы;
Fa – негізгі қорлардың белсенді бөлігі;
F – негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны;
Fa - өндірістік негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің
F үлес салмағы;
DN - негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымы.
Fa
Бұл факторлардың шамасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер 29-кестеде келтірілген.
^ Негізгі өндірістік қорлардың құрылымының және олардың белсенді бөлігінің өзгерунің қор қайтарымына әсерін анықтау үшін бастапқы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер | Өткен жылы | Есеп беру жылы | Ауытқуы (+ , - ) |
1. | Босатылған бағамен өнім сатудан түскен табыс (ақша), мың тг. | 11890 | 14537 | +2647 |
2. | Негізгі өндірістік қорлардың жылдық-орташа құны, мың тг. Соның ішінде: Белсенді бөлігінің, мың тг. | 3054 910 | 5015 2388 | + 1961 +1478 |
3. | Белсенді бөлігінің үлесі, % | 29,8 | 47,6 | +17,8 |
4. | Белсенді бөлігінің қайтарымы, тг. | 13,06 | 6,09 | - 6,97 |
5. | Қор қайтарымы, теңге | 3,98 | 2,90 | - 0,99 |
Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының өзгеруінің және оның қайтарымы деңгейінеің еңбек құралдарын пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерінің мөлшерін тізбекті ауыстыру тәсілімен анықтауға болады.