Табыстың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда мен залал туралы есепте берілген ұйымның табыстары мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады.
Пайда көп болған жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға табыс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайдаланылады. Пайданы өлшеуге тікелей байланысты қаржылы есептіліктің элементтері табыстар мен шығыстар болып табылады.
- табыстар -активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы;
- шығыстар - активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшелінетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.
Табысты айқындау өзінің негізгі қызметтеен түскен табысты, сол сияқты өзге де табыстарды қамтиды. Табыстар өзіне ұйымның қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, оның ішінде өнім сату мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар мен дивидендтерді сатудан түскен табыстарды қамтуы мүмкін.
Пайдалар мен залалдар туралы есеп негізгі қызмет бойынша, сондай-ақ негізгі емес қызмет бойынша да алынған барлық табыстар мен шығыстардың жиынтық деректерін көрсетеді де, пайдаланушыларға ұйымның түпкілікті қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл есепті жасау және өткізу тәртібі 1- "Қаржы есептілігін ұсыну" Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты, Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсыруды тұжырымдамалық негіздемемен белгіленген[25].
Ұйым аталған есепті жасау және тапсыру мақсатында жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарының сыныпталу және есепке алу тәртібін жүйелі түрде анықтайды да, ұйымның әр түрлі заңды есепті кезеңдердегі және әр түрлі заңды тұлғалардың қаржылық нәтижелерін салыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Көрсетілген нормативтік құжаттар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстар мен шығыстардың әр түрлі баптарының сондай-ақ басқа да табыстар мен шығыстардың мазмұнын ашып көрсетеді.
Пайда мен залал туралы есептілікте талдауға жатқызылған бірінші көрсеткіш ол жалпы пайда. Ол өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім) және өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны арасындағы айырманы білдіреді. Бұл есептік аналитикалық көрсеткіш аралық пайда көрсеткіші ретіндеге мәнге ие.
Жалпы пайда=ӨӨТТ - ӨӨӨҚ
Мұнда:
ӨӨТТ - өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс;
ӨӨӨҚ - өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны.
Жалпы пайданың өзгерісіне өткен жылмен салыстырғанда келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
1) Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2)бір өнімнің бағасы;
3)өткізілген өнімнің көлемі (саны);
4)өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Өнімнің өзіндік құны жалпы пайдаға әсер етуші маңызды фактор болғандықтан көптеген ұйымдарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызмет бөлімшелері жұмыс атқарады. Бірақ айтарлықтай шамада бұл жұмыс бастапқы шикізат пен отын-энергетикалық ресурстардың бағасының өсуінен және инфляцияға байланысты құнсызданады. Бағаның күрт өсуі және меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында шаруашылық субъектілерде өзіндік құнды төмендету нәтижесінде табысты арттыру мүмкіндігі болмайды.
Өнімді өткізу көлемінің өсуі жалпы пайданың шамасына тікелей пропорционалды түрде әсер етеді. Өткен кезеңмен салыстырғанда өнім көп өндірілген сайын, жалпы пайда соншалықты көп алынады[26].
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлары-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы теліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлары- материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді. Келесі жалпы пайдадан кейінгі көрсеткіш ол жалғасатын қызметтен алынған кезеңдегі (пайда) залал. Оның шамасы мына формуламен анықталады:
ЖҚП = (ЖП+ҚТ+ӨТ)-(ӨӨШ+ӘШ+ӨШ+Ү)
Мұнда: ЖҚП - жалғасатын қызметтен түскен пайда;
ЖП- жалпы пайда;
ҚТ - қаржыландыру табыстары;
ӨТ- өзге табыстар;
ӨӨШ - өнімді өткізуге (қызмет көрсетуге) кеткен шығындар;
ӘШ- әкімшілік шығындар;
ӨШ - өзге шығындар;
Ү - үлестік қатысу әдісімен есептелінген ұйымның пайда (залал) үлесі.
Таза пайда көрсеткіші - қарастырылып отырған есеп берудің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Таза пайданы пайдалану бағыттары ұйымның өздігімен анықталады. Оның есебінен резервтер құрылады, дивидендтерді төлеу, акционерлік жиналыстарда бекітілген үлестегі жұмысшыларға төлеу, акционерлік жиналыстарда бекітілген үлестегі жұмысшыларға төлеу, қайырымдылық және басқа да мақсаттарға аударым жүргізіледі. Оның негізінде қаржылық аналитиктердің әртүрлі рейтингтері және есептемелері қалыптасады, оның шамасынан акция бағамы, қарапайым және артықшылығы бар акциялар бойынша төленетін дивиденд мөлшері байланысты. «СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-нің 2014-2015 ж.ж. бойынша абсолютті табыстылық көрсеткіштерін талдауы 17-кестеде берілген.
Кесте 17 - «iNVEST City» ЖШС-нің абсолютті табыстылық көрсеткіштерін талдау
мың тг
№ | Көрсеткіштер | 2014ж | 2015ж | Ауытқуы (+,-) |
Түсім | 8 838 494 | 8 044 047 | -794 447 | |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны | 7 962 131 | 7 234 159 | -727 972 | |
Жалпы пайда | 876 363 | 809 888 | -66 475 | |
Сату шығындары | 501 010 | 375 213 | -125 797 | |
Әкімшілік шығындар | 388 174 | 358 611 | -29 563 | |
Басқа да шығыстар | 599 328 | 799 703 | 200 375 | |
Басқа да табыстар | 1 000 780 | 1 408 340 | 407 560 | |
Барлығы операциялық пайда | 388 631 | 684 701 | 296 070 | |
Қаржыландыру табыстар | 120 716 | 354 145 | 233 429 | |
Қаржыландыру шығыстары | 844 763 | 866 450 | 21 687 | |
Салық салуға дейінгі пайда (залал) | -335 416 | 172 396 | -163 020 | |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 33 721 | 33 159 | ||
Жалғасатын қызметтен салық салудан кейінгі пайда (залал) | -335 978 | 138 675 | -197 303 | |
Таза пайда (залал) | -335 978 | 138 675 | -197 303 | |
Ескерту - «iNVEST City» ЖШС-нің қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған |
Ұйымның пайда мен залал туралы есеп беруіндегі табыс көрсеткіштерінің көп бөлігі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Өнімді өткізуден түскен түсім мөлшері 794 447 мың теңгеге төмендеген. Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны да жыл басымен салыстырғанда 727 972 мың теңгеге түскен. Осы фактордың төмендеуі жалпы пайда шамасының 66 475 мың теңгеге төмендеуіне әкеп соқтырды. Қаржыландырудан түскен табыс жыл басында 120 716 мың теңгені құраса, жыл аяғында 354 145 мың теңгені құраған. Басқа да табыстар шамасы да 407 560 мың теңгеге өскен.Шығындар түрлерінде де көрсеткіштердің өсу өзгерістері байқалған, оның ішінде жыл басымен салыстырғанда әкімшілік шығындар мөлшері 29 563 мың теңгеге, қаржыландыру шығыстары 21 687 мың теңгеге ұлғайған. Ал басқа да шығыстар мөлшері 200 375 мың теңгеге артқан.Шығындардың өсуі таза пайда сомасының қысқаруына әкелді. Оның шамасы жыл басында 138 675 мың тг құраса, жыл аяғында -335 978 мың теңгені құрады.
«iNVEST City» ЖШС-нің 2014-2015 ж.ж. бойынша абсолютті табыстылық көрсеткіштерінің ауытқуы 12-13-суреттерде көрсетілген.
Сурет 12. «iNVEST City» ЖШС-нің абсолютті табыстылық көрсеткіштерін
Сурет 13. «iNVEST City» ЖШС-нің абсолютті табыстылық көрсеткіштерін
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер [27].
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1)жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал және олардың жекелеген элементтері);
2)өнімдер
3)ақша қаражатының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігі - берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілерінің бірі болып саналады. Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудіңбірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
-кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
-табысты болжау әдісі;
-шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіртін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне жататындар:
1. Ұйым активтерінің табыстылығы ( ).
Барлық активтер тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
2. Қысқамерзімді активтердің табыстылығы ( ). Ол ұйым қысқа мерзімді активтерге жұмсалған бір теңгеден қанша табыс алатынын көрсетеді және мына формуламен анықталады:
3. Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы қысқа мерзімді активтердің табыстылығын анықтау жолымен ұқсас. Тек бөлшек бөлімінде ұзақ мерзімді активтердің орташа шамасы алынады.
4. Меншікті капитал табыстылығы ( ). бұл көрсеткіш акционерлік компания құқығында жұмыс істейтін ұйымдар үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін, яғни акционерлік капиталдың пайдалану тиімділігіне баға беретін негізгі көрсеткіш болып табылады.
5. Инвестициялардың табыстылығы ( ). Қаржылық салымдардың табыстылық деңгейі ұйым қаншалықты инвестициялық қызметін тиімді атқаратынын көрсетеді.
6. Сату көлемінің табыстылығы ( ). Бұл көрсеткіш деңгейіне өткізілетін өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және сатылатын бағалардың өзгеруі әсер етеді.
7. Өткізілген барлық өнімнің табыстылығы ( ). Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін таза табыстың мөлшерін көрсетеді.
8. Негізгі қызметтің табыстылығы ( ).
9. Перманентті капиталдың табыстылығы ( ). Ол ұйымның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капитал қанша табыс әкелетінін көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың табыстылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы - талдағанда ұйымның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.
10. Тартылған капиталдың табыстылығы ( ).
18-кестеде «iNVEST City» ЖШС-нің табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдауы көрсетілген.
Кесте 18 - «iNVEST City» ЖШС-нің табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
№ | Көрсеткіштер | 2014 жыл | 2015 жыл | Ауытқуы (+;-) |
Таза пайда, мың теңге | -335 978 | 138 675 | -197 303 | |
1. Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге | 8 838 494 | 8 044 047 | -794 447 | |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны, мың теңге | 7 962 131 | 7 234 159 | -727 972 | |
2. Жалпы пайда, мың теңге | 876 363 | 809 888 | -66 475 | |
3. Кезең шығындары, мың теңге | 1 733 947 | 1 600 274 | -133 673 | |
4. Негізгі қызметтен түскен табыс, мың теңге | 401 452 | 608 637 | 207 185 | |
5. Авансталған капиталдың орташа шамасы, мың теңге | 10 840 426 | 12 264 793 | 1 424 367 | |
6. Қысқа мерзімді активтердің орташа шамасы | 4 492 569 | 6 418 952 | 1 926 383 | |
7. Ұзақ мерзімді активтердің орташа шамасы | 6 347 857 | 5 845 841 | -502 016 | |
8. Меншікті капиталдың орташа шамасы, мың теңге | 2 437 210 | 2 579 272 | 142 062 | |
9. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің орташа шамасы | 3 540 741 | 7 469 087 | 3 928 346 | |
10. Тартылған капиталдың орташа шамасы, мың теңге | 8 403 216 | 9 685 521 | 1 282 305 | |
11. Активтердің табыстылығы, % | -3,09 | 1,13 | -1,96 | |
12. Қысқа мерзімді активтердің табыстылығы, % | -7,47 | 2,16 | -5,31 | |
13. Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы, % | -5,29 | 2,37 | -2,92 |
18-кестенің жалғасы
14. Меншікті капиталдың табыстылығы, % | -13,7 | 5,37 | -8,33 | |
15. Инвестициялардың табыстылығы, % | -5,62 | 1,38 | -4,24 | |
16. Сату көлемінің табыстылығы, | 9,9 | 0,1 | ||
17. Өткізілген өнімнің табыстылығы, % | -3,8 | 1,72 | -2,08 | |
18. Негізгі қызметтің табыстылығы, % | 4,14 | 6,88 | 2,74 | |
19. Перманенттік капиталдың табыстылығы, % | -9,48 | 1,85 | -7,63 | |
20. Тартылған капиталдың табыстылығы, % | -3,99 | 1,43 | -2,56 | |
Ескерту - «iNVEST City» ЖШС-нің қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған |
Кестеден келе, зерттелініп отырған ұйымның табыстылық көрсеткіштерінің кейбіреулерінің азайғандығы көрінуде. Табыстылық көрсеткіштері ішінде, активтердің табыстылығы кезең басымен салыстырғанда 1,96%-ға, қысқа мерзімді активтердің табыстылығы 5,31%-ға, ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы 2,92%-ға, меншікті капитал табыстылығы 8,33%-ға, тартылған капиталдың табыстылығы 2,56%-ға кемігенін көруге болады.
3.2 | Қысқа мерзімді активтердің құрылуы мен құрамын талдау |
Қысқа мерзімді активтер-маңызды экономикалық категория, яғни ол кәсіпорынның айналым құралдарын бағалауын және де көлемін олардың қаржылық жағдайға тұрақтылығының кұрылымын белілі бір дәрежеде әсер ететінін көрсетеді.
Қысқа мерзімді активтер бір өндірістік цикл барысында активтердің бір жылдық мүмкін айналым бағытын ақшалай түрде көрсетеді. Қысқа мерзімді активтердің ұзақ мерзімді активтерге қарағанда айырмашылығы олар ұзақ мерзімге қолданылмайды. Айналым каппиталы кәсіпорынның технологиялық процесспен, шикізатпен, материалдармен ,жартылай фабрикаттармен ,ақшалай қаражатпен сондай ақ тағы басқа да мүмкіндіктермен қамтамасыз етуін қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көбінесе оның айналымдық көрсеткіштері қысқа мерзімді активтерге байланысты.
Кез келген ұйым табысты жұмыс істеу үшін ең бірінші ақшалай қаражаттыңқозғалысын талдау керек. Талдау барысы ақшалай қаражаттың түсуі мен қайда жұмсалу бағыттарының объективтілік дәл және уақытылы сипаттамасын беретін ақшалай қаражат параметірінің қажетті көлемін объективтік,субъективтік сыртқы және ішкі факторлардың көлемін құрамын құрылымын алу мақсатында жасалды.
Акшалай қаражаттың қозғалысын таладау міндетіне:
- ақшалай қаражат көлемінің оңтайлылығын бағалау;
- ақшалай қаражат қозғалысының құрамын құрылымы мен бағытын бағалау;
- ақшалай қаражаттың ағындарын қалыптастыруға әр түрлі факторлардың мәселелердің жасайтын ықпалын анықтау және өлшеу;
- ақшалай қаражатты пайдалануды жақсартатын резервтерді анықтау және бағалау;
- ақшалай қаражатты пайдаланудың тиімділігін артыратын резервтерді іске асыру жөнінде ұсыныс әзірлеу жатады.
Акшалай қаражаттың қозғалысын талдамай ақшалай қаражатты басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес ал жүйе болмаған жағдайда кез келген ұйым банкрот болуы ықтимал. «iNVEST City» ЖШС-нің ақшалай қаражаттының қозғалысы туралы есеп келтірілген. Оның деректері бойынша ұйымның есепті кезеңіндегі ақшалай қаражатының кетуі мен келуі өткен кезеңмен салыстырып талдаймыз (кесте 1).
Кесте 1 - «iNVEST City»ЖШС-нің 2015 жыл - 2016 жылдардағы ақшалай қаражаттың қозғалысы, мың теңге
№ | Көрсеткіш | Сома | Өзгеруі (+,-) | |
2015 жыл | 2016жыл | |||
Операцииялық қызмет | ||||
1.1 | Ақшалай қаражаттың түсуі | 7 963 215 | 12 527 819 | +4 564 603 |
1.2 | Ақшалай қаражаттың кетуі | 7 751 422 | 12 726 972 | +4 975 550 |
1.3 | Операциялық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттың таза сомасы | 2 117 793 | -199 154 | -410 947 |
Итвестициялық қызмет | ||||
2.1 | Ақшалай қаражаттың түсуі | 3 973 | 242 591 | +238 618 |
2.2 | Ақшалай қаражаттың кетуі | 160 208 | 50 419 | -109 789 |
2.3 | Итвестициялық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттың таза сомасы | -156 235 | 192 172 | +348 407 |
Қаржылық қызмет | ||||
3.1 | Ақшалай қаражаттың түсуі | 7 744 686 | 11 096 995 | +3 352 309 |
3.2 | Ақшалай қаражаттың кетуі | 7 814 063 | 11 039 544 | +3 225 481 |
3.3 | Қаржылық қызмет тен түсетін ақшалай қаражаттың таза сомасы | -69 374 | 57 451 | 126 828 |
Қаржылық шаруашылық қызметтен түсетін барлық ақшалай қаражат | -13 819 | 50 469 | +64288 | |
Ескерту - |
Деңгейлес және сатылас талдау әдістерін пайдаланып ақшалай қаражаттың көлемінде де ,сондай- ақ ұйымның үш түрлі қызметтінің құрылымында орын алған өзгерістерді анықтаймыз.
Алдымен ұйым қызметтінің түрлеі бойынша ақшалай қаражат қозғалысына деңгейлес талдау жасаймыз.
«iNVEST City»ЖШС-і өткен жылы 13 819мың теңге залал шексе,2016 жыл ішіндегі қаржылық- шаруашылық қызметтінің нәтижесінде 50 469 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды. Есепті жылы операциялық қызметтен 12 527 118 мың теңге сомасының ақшалай қаражаты түсті ,бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 564 603 мың теңгеге немесе 57,3%-ға көп. 2016 жылы ақшалай қаражаттың кетуі мың теңгені құрады бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4 975 550мың теңге немесе 64,2 %-ға көп. Есепті жылы ақшалай қаражаттың кетуі олардың түсінен 199 154 мың теңгеге көп. Басқаша айтқанда,операциялық қызметтен ұйым 2016 жылы осы сомаға залл шекті, ал өткен жылы ол 211 793 мың теңге пайда тапты.
Инвестициялық қызметке қатысты айтатын болсақ, 2016 жылы ақшалай қаражаттың түсімі өткен жылмен салыстырғанда 238 618 мың теңге сомасына артты. Инвестициялық қызметке жұмсалған шығыс 3,2 есеге азайып, 50 419 теңгені құрады. 2016 жылы инвестициялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың таза сомасы 192 172мың теңгені құрады, ал өткен жылы талданып отырған қызмет түрінен 156 235 мың теңге сомасында теріс нәтиже алған болатын.
Қаржылық қызмет бойынша дәл осындай жағдай қалыптасқан болатын. 2015 жылы ақшалай қаражаттың таза сомасы 69 374 мың теңгеге тең теріс мөлшерді, ал 2016 жылы оның мөлшері оң болып,57 451 мың теңгені құрады.
Жалпы қызметтің үш түрі бойынша «iNVEST City»ЖШС-і 2016 жылды оң нәтижемен аяқтады. Ұйымның қаржылық шаруашылық қызметтен алған ақшалай қаражатының таза сомасы 50 469 мың теңгені құрады,ал өткен жылы ол 13 819 мың теңге сомасына шығын шеккен еді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін табу үшін төлем қабілеттілігі коэффициентімен анықтаймыз, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
К (Платаларды) = ақша қаражаттары / қысқа мерзімді міндеттемелер (13)
Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті тең немесе 1-ден көп болса, онда бұл кәсіпорын төлеуге қабілетті. Егер коэффициент 1-ден кем болса, онда талдау процесінде орнату керек себептері жеткіліксіз төлем құралдары.
2014 ж. = 382 / 11474,07 = 0,3
2015 ж. = 1430 / 40378 = 0,03
2016 ж. = 1675 / 32416 = 0,05
Талдау көрсеткендей, 2014-2016 жылдарға арналған төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден кем болса, бұл кәсіпорынның төлеуге қабілетсіздігі. Оның себебі ретінде қызмет етеді үлкен үлесі дебиторлық қарыз құрылымында актив. «iNVEST City»ЖШС-і бойынша сомалары және іске асыру пайдаланылмайтын ұзақ мерзімді активтердің дебиторлық қарыздың уақтылы қайтару шараларды қабылдау қажет.
Кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық қарызды талдауға басты назар аударуы қажет.
Дебиторлық қарызды талдау үшін талдамалы есептің деректері және бухгалтерлік баланс пайдаланылады. Дебиторлық қарызды талдаудағы мақсат- дебиторлық қарыздың сомасын анықтау және ақталмаған қарызды табу өзгерістерді талданып отырған кезеңде, дебиторлық қарыздың сомаларын, себептерін және мерзімі өткен дебиторлық қарыздарды анықтау болып табылады.
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздың жалпы көлеміндегі қысқа мерзімді активтердің үлесінің көрсеткіші (Айналым құралдары), формула бойынша табамыз 2:
Ддз= (ДҚ/ӘБ) *100% , (2)
мұнда, Ддз үлесінің көрсеткіші дебиторлық қарыздың жалпы көлеміндегі қысқа мерзімді активтер
ҚМ - қысқа мерзімді активтер
ДҚ - дебиторлық қарыз
2014 ж. Ддз= (55964/298140) *100%=18,7%;
2015 ж. Ддз= (126298/579141) *100%=21,8%;
2016 ж. Ддз= (62908/485074) *100%=13,0%.
Бұл көрсеткіш айналым құрылымы қаражаттын сипаттайды. Сондай ақ бұл көрсеткіш қанша жоғары болған сайын, мүлікті ұйымдастырудың мобильді құрылымы кемейеді. дебиторлық қарыздың маңызды элементін талдау болып оның айналымдық бағалауы болып табылады. Айналым жылдамдығы жоғары болса,ол дебиторлық қарыз инвистицияланған қаражат болады.дебиторлық қарыздың айналамдық коэффициентін дебиторлық қарыздың саласын бағалау үшін пайдаланылады. Сонымен қатар оның коммерциялық қарыздарды кеңейтеді немесе азайтады жәнеде көлемін көрсетеді.
Айналымдылық көрсеткіштің дебиторлық қарызы бұл коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады 3[31,с. 235]:
Дқа=/ҚШ*100% (3)
мұнда, Дқа -дебиторлық қарыздың айналымдылық Көрсеткіші
- Түсім
ДҚ - дебиторлық қарыз
Кәсіпорын коммерциялық қарыздарды кеңейтуін немесе азайтуын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төмендеуі несиеге сатуды артырады немесе керісінше.Есеп айырысу осы көрсеткіштің 10-кестеде келтірілген.
10-кесте -«iNVEST City»ЖШС-нің айналымдылық коэффициенті қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
Көрсеткіштер | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | Өзгеоуі +,- |
Өнім сатудан түскен түсім, мың. теңге | ||||
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз, мың. теңге | -63390 | |||
Қысқа мерзімді дебиторлық айналым коэффициенті % | 165,0 | 89,2 | 753,1 | 663,9 |
Ескерту - қаржы есептілігінің негізінде есептеледі |
2014 жылы бұл көрсеткіш 165% құрады, содан кейін 2015 жылы бұл көрсеткіш төмендеді және 89,2% -ды құрады, ал 2016 жылы біз өсім 753,1%, яғни 8,4 есеге артты қараңыз. Бұл коэффициенттің мәні кредиттік сату азайтуды көрсетеді.
Дебиторлық төлемдердің орташа мерзім күндері - дебиторлық талдау аса маңызды элементтерінің бірі. Дебиторлық (борышкер күн) немесе дебиторлық қарыз (жинау кезеңі) айналымы кезеңі шоттарының төлемдердің орташа мерзімді қалпына келтіру (Инкассация) борыш бойынша қажетті күндердің орташа санын көрсетеді. сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысулар, сондай-ақ, еңбек ақы төлеу қорының және бюджетке бойынша төлемдерді мерзімдері барлық шарттық талаптарын аралас әсері ретінде әзірленді орташа айналымды көрсетеді.
Дебиторлық қарыздың айналымының орташа мерзімі келесі формулада анықталады
Тдз= 360 / Дқа
Құрайтындар орташа мерзімді дебиторлық қарыз айналымы болып табылатын жағдайларды
Дқа - дебиторлық қарыз айналымдылығы
Жылдағы кун саны -360 күн
2014 Дқа = 360 / 1,65 / 100 = 2,2 күн
2015 Дқа = 360 / 0.892 / 100 =4.0 күн;
2016 Дқа = 360 / 7.531 / 100 =0,47 күн.
Бұл көрсеткіш, ол өз шоттарына төлеуге компанияның клиенттеріне өз шоттарына төлеуге уақыт көрсетеді. қайтармау тәуекелі мерзімі ұзағыракжәне жоғарыюлдвады.
2014 жылы, ол, 2015 жылымен салыстырғанда ол 4 күн құрады, ал 2016 жылы, 1-күн 3 күн болды, яғни, 3,5 күн -ға азайды өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыз, аз өтеу мерзімі, емес қарыз тәуекелі төмен болып табылады. Біз 2014- 2016 жылдары (11-кесте) дебиторлық құрылымы «iNVEST City» қысқа мерзімді шоттардың өзгерістерін қарастырамыз.
11-кесте - «iNVEST City»ЖШС-нің қысқа мерзімді дебиторлық қарыз құрамы мен құрылымы
Дебиторлық қарыздың мәлиметтері | 2014жыл | 2015жыл | 2016жыл | Өзгеруі (+,-) | Көрсеткіштердің өзеруі | ||||
Сомасы,мың тг | Үлес салмағы % | Сомасы,мың тг | Үлес салмағы % | Сомасы,мың тг | Үлес салмағы % | Сомасы,мың тг | % | ||
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз,Барлығы | -63390 | -50,1 | - | ||||||
Алуға арналған шоттар | 83,7 | 87,6 | 81,2 | -59545 | -53,7 | -7 | |||
Басқада дебиторлық қарызтер | 13,7 | 8,2 | 15,2 | -885 | -8,4 | ||||
Қызметкерлердің қарызы | 2,6 | 3,2 | 3,6 | -1955 | -4,8 | ||||
Ескерту - қаржы есептілігінің негізінде есептеледі |
11 кестеден көріп отырғанымыздай ЖШС «» жылы дебиторлық қарыз 2014 жылы 70,334 мың адамға артып, ал 2015 жылы көріп отығанымыздай 63390теңгеге төмендегенін көреміз. 2014 жылы базасында оның құны 126 298 мың теңгеге жоғары болған болса, 2015 жылы есептілік кезінде ол 62 908 мың теңгені құрады,яғни 50,1 тармаққа төмендеп отыр. Елеулі өзгерістер дебиторлық құрылымында орын алған. Біз 2016 жылы қарыз сомасы 59545мың теңге -ге төмендеген екенін көрідік, бірақ тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу үлес салмағы, 81,2%, немесе 7 баллға дейін 87,6% -дан базасымен салыстырғанда есепті жылы төмендеді . Есепті жыл ішінде басқа дебиторлық қарыз үлесі бастапқы деңгеймен салыстырғанда 7 балл артық, яғни 15,2% -ды құрады.
Қорлар ұйымның қысқа мерзімді активтердің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және де оның активтерінің жалпы мөлшеріне өзінің әсерін тигізеді.
Ұйым қорларының жағдайын талдау үдерісінде келесілерді ескеру қажет:
- ұйымның қажетті шикізатпен, материалмен, аяқталмаған өндіріспен, дайын өнімдермен, тауарлармен қамтамасыз етілуін бақылау;
- дер кезінде қажет емес артық материалдық ресурстарды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімдер мен тауарларды анықтау.
Ұйымның қорларды пайдалану тұрғысынан алып қарағанда іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткішке айналымдылық коэффициенті жатады.
Қор айналымдылығын анықтау үшін төмендегі формула қолданылады.
Қа = Ө / Қ.о.ш,
Мұнда, Қа – қорлар айналымдылығы;
Ө – өнім (айналым);
Қ.о.ш – қорлардың орташа шамасы.
Айналымдылық көрсеткіші жылына ұйым активтерінің неше рет «айналатындығын» көрсетеді. Осы көрсеткіштің ұйымның қаржылық жағдайын бағалаудағы маңыздылығы өте жоғары. Себебі, айналым қаражаттарының жылдамдығы, яғни олардың ақша қаражаттарына айналу жылдамдығы ұйымның төлем қабілеттілігіне әсерін тигізеді. «iNVEST City»ЖШС-нің қорларының құрамы мен құрылымын зерттеу үшін келесідей көрсеткіштер қолданылған (Кесте – 2). Бұл кесте қорлардың құрылымын және динамикасын талдауға, яғни олардың абсолютті және қатыстырмалы өзгерісін, сондай – ақ қорлардың әр бір жеке түрлерінің үлес салмағын анықтайды.
Зерттеліп отырған «iNVEST City»ЖШС-нің қорлары есепті жылы азайған. Қорлардың жалпы сомасы 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 257350 теңгеге азайды. Оған шикізат пен материалдардың, кабельдік өнімдердің, кабельдік құрылғының тіркелген жері, басқа да шикізат пен материалдардың, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің, өңделуге берілген материалдардың, құрылыс материалдардың азаюы әсер етті. Қорлардың құрамында есепті кезеңде ең жоғарғы үлес салмақты кабельдік өнімдер 29 % - ды алады.
«iNVEST City»ЖШС– да өткізудің (сатудың) таза құнына дейін қорларды бағалау 2015 жылы 7691 теңгені және 2016 жылы 810 теңгені құрайды. Ал өткізкудің таза құнына дейін қорларды бағалауды шегеріп тастағандағы жалпы сомасы өткен жылы 662879 теңгеге (670570 – 7691), ал есепті жылы 405529 теңгеге (406339 – 810) тең.
Кесте 2 – «iNVEST City»ЖШС-нің қорларының жағдайын талдау
Көрсеткіштер | 2015 жыл | 2016 жыл | Ауытқу | |||
Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы % | Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы % | Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы % | |
Қорлар барлығы: | -257350 | - | ||||
Шикізат пен материалдар | 11,7 | 12,6 | -27446 | 0,9 | ||
Кабельдік өнімдер | 35,6 | 29,0 | -120926 | -6,6 | ||
Кабельдік құрылғының тіркелген жері | 13,2 | 12,4 | -38112 | -0,8 | ||
Басқа да шикізат пен материалдар | 10,6 | 13,3 | -17242 | 2,7 | ||
Отын | 9,5 | 15,3 | -1747 | 5,8 | ||
Қосалқы бөлшектер | 9,4 | 9,4 | -24913 | |||
Ыдыс және ыдыстық материалдар | 0,001 | - | - | 0,001 | ||
Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар | 6,9 | 5,9 | -22058 | -1 | ||
Басқа да материалдар | - | - | 0,02 | 0,02 | ||
Өңделуге берілген материалдар | 0,003 | 0,004 | -4 | 0,001 | ||
Құрылыс материалдар | 3,0 | 2,0 | -11866 | -1 | ||
Ескерту – «iNVEST City»ЖШС-– ның есеп мәліметтері негізінде жасалды |
Қорлардың айналымдылық көрсеткіші неғұрлым жоғары болған сайын, ұйымның қаржылық жағдайы тұрақтанады. Қорлардың тиімді пайдаланылуын талдаудың мақсаты – өндірісте қолданылатын қорлардың үнемді пайдалануы мен неғұрлым сапалы өнім шығару көлеміне қатысуын анықтау.
«iNVEST City»ЖШС-нің тауарлық – материалдарды тиімді пайдаланудың талдауын анықтау үшін материал қайтарымы, материал сыйымдылығын талдау қажеттілігі туындайды. Материал сыйымдылығы – халық шаруашылығында материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің қорытынды көрсеткіштерінің бірі, ол материалдық шығын өнім шығаруды ара салмағын көрсетеді. Өнім өлшеміне шаққанда материалдық ресурстардың нақты түрлерін пайдалану тиімділігі металл сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы сияқты материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері түрінде көрсетіледі.
«iNVEST City» ЖШС-нің түгендеу кезінде айқындалған артықшылықтар кіріске алынады. Түгендеу қорытындылары «Материалдық қорлардың түгендеу тізіміне» жазылады. Тауарлы – материалдық қорлардың өндіріске пайдалануы мен сақталуы және олардың бухгалтерлік есебі тексеріліп отырған кезде ғана тиімді қолданылады.
Қорларды дұрыс пайдалану бойынша мақсатқа жету үшін бухгалтерлік есеп қызметінде ай сайын тауарлық қорларды дайындау немесе алу бойынша іс-әрекеттерге талдау жүргізуге мүмкіндік беретін толық, ашық ақпарат болуы керек.
Әрбір ұйымның қызметінің басты негізін қорлар құрайтындықтан, олардың филиалда алатын орнының ерекшелігімен және тиісті бақылауды жүргізудің қажеттілігімен сипатталады.
Қазіргі кезде барлық ұйымдар үшін оған келіп түскен, дайындалған, өндіріске немесе сыртқа босатылған қорларды уақытында есептеп, кіріске алып, есептен шығару маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен бірге, қорлардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылауы керек. Қорлардың өндіріске босатылған және нақты тұтынылуы қажет мөлшерінің қорын анықтауы қажет. Сондықтан да қорлардың қалдығының белгіленген мөлшерден артып, немесе төмендеп кетпеуін, өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылайды. Қорлар есебінің дұрыс және жақсы ұйымдастырылуы олардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.