Студенттердің өздік жұмысы
СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Маркетинг» курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ эссе және жағдайлық тапсырма түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тапсырманың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.
Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.
Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады.
Студенттердің өздік жұмыстарының және студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- Қазақстанда маркетингттің қалыптасуы және даму ерекшеліктері- Эссе
- Тұтынушы сұранысын талдау жүйесі – Жағдайлық тапсырма
- Жылжымайтын мүлік нарығын талдау - Эссе
- Қазақстандағы ұялы байланыс жүйесі нарығын талдау – Эссе
- Сервистік қызмет көрсету және оның артықшылықтары - Жағдайлық тапсырма
- Көрсетілген қызметтер маркетингі- Жағдайлық тапсырма
- Банк маркетингі - Жағдайлық тапсырма
8.Туризм саласындағы маркетинг ерекшеліктері (Қазақстан мысалында) – Эссе
9. Халықаралық маркетингті сегменттеу- Жағдайлық тапсырма