Басқарушылық шешімдердің тиімділігі
Басшылық шешімдердің тиімділігі – мекемеде қабылданған немесе іске қосылған шешімдердің қорытындысы барысында оның ресурстық нәтижелілігі. Ресурстар түріне қаржылар, материалдар, емделушінің денсаулығы, еңбекті ұйымдастыру және т.с.с.
Жалпы тиімділік пен басқару шешімдері тиімділігі ұқсас келеді, және олар ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техноло-гиялық, психологиялық, құқылық, экологиялық, этикалық және саяси болып бөлінеді.
Басқарушылық шешімдердің ұйымдастырушылық тиімділігі – бұл ұйымдастырушылық мүдденің аз адам санымен немесе аз уақыт ішінде орындалуның деректілігі. Ұйымдастырушылық мүдде адамның мынадай қажеттілігімен байланысты: оның өмір сүруімен қауіпсіздігін ұйымдастырудың, басқарудың, тұрақтылықтың, тәртіптің болуы. Ұйымдастырушылық тиімділігі мен басқарушылық шешімдердің сапалылығы бөлінбестей болып, өзара байланысты келеді, сондықтан көптеген басылымдарда басқарушылық шешімдер өлшемдері бірге қарастырылады.
Басқарушылық шешімдердің экономикалық тиімділігі – бұл нақтылы басқарушылық шешімді іске асыру барысында пайда болған қосымша өнім құны мен оны жасап, іске қосқанға кеткен шығындаржың қатынасы.
Басқарушылық шешімдердің әлеуметтік тиімділігін көпшілік пен қоғамға қажетәлеуметтік мүддеге ең қысқа аз уақыт ішінде, аз қызметкерлер мен аз қаржылық шығындар арқылы жетудегі орын алған деректер деп қарауға болады. Әлеуметтік мүдде адамның мынадай қажеттілін іске асыруды көздейді: ақпараттық, білімдік, жасампаздық еңбекету, өзін-өзі таныта білу, араластықққа ұмтылу, демалу сияқты.
Басқарушылық шешімдердің технологиялық тиімділі– Бизнес-жоспарда көрсетілген белгілі бір нәтижелерге (өндірістің салалық, ұлттық немесе әлемдік технология деңгейіне) ең қысқа мерзім ішінде және де ең аз қаржылық шығындармен жету.
Басқарушылық шешімдердің психологиялық тиімділі–көпшілік жұмыскерлерге немесе жұртшылыққа психологиялық мүдденің ең кем уақыт аралығында, аз қызметкерлер санымен немесе аз шығындармен жету. Психологиялық мүдде адамның мынадай қажеттіліктерін іске асырады: отбасына қару, сүйспеншілікке, қоғамдық бос уақыты деген сияқты.
Басқарушылық шешімдердің құқылық тиімділігін мекеменің және оның қызметкерлерінің құқылық мақсаттарына ең аз кем уақыт мөлшері аралығында аз шығындармен жету деп қарау керек. Құқылық мақсаттарға адамның қауіпсіздігі пен тәртіпт сақталуы жатады.
Басқарушылық шешімдердің экологиялық тиімділігі дегеніміз олмекеменің және оның қызметкерлерінің экологиялық мүддесіне ең кем уақыт аралығында ең аз қызметкерлер санымен, аз шығындармен жету. Экологиялық мүдде адамның мынадай қажеттілігін көздейді: қауіпсіздік, денсаулық, физологиялық, тұрақты толып келетін өмір сүру қалпын жасау.
Басқарушылық шешімдердің этикалық тиімділігі дегеніміз мекеменің және оның қызметкерлерінің әдептілік мүдделерін кем деген уақыт аралағында және аз шығындармен жету. Әдептілік мүдделері адамның жұрыт арасында парасаттылық, әдет-ғұрыптық мінездері мен қалыптарын сақтауды көздейді.
Басқарушылық шешімдердің саяси тиімділігі – мекеменің және олардың қызметкерлері арасында саяси мақсаттарына қысқа мерзім ішінде аз шығындармен жетуді айтады. Адамның саяси мақсаттары қатарына: сенім, отансүйгіштік, өзін-өзі ұстау мен таныту, басқару қажеттіліктері жатады.
Басқарушылық шешімдердің тиімділігіоның көлемі, әсер ететін адамдар саны мен жасалу шараларының көлемі мен деңгейіне байланысты. Басқарушылық шешімдердің тиімділігі өндіріс пен басқару, бірнеше фирмалар мен салалар, аймақ пен ел арасындағы деңгейіне қарай бөлінеді.
Басқарушылық шешімдердің тиімділігін басқару сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесі арқылы мекеменің шығаратын өнімдері мен жасайтын қызметтеріне байланысты нақтылы көрсеткіштері, мөлшер мен стандарттар арқылы жүргізіледі. Бүндай көрсеткіштер болып осы саладағы мыналар жатады:
· компанияның барлық қызмет түрлері;
· қызметкерлердің мұқтажы мен қажеттіліктерінің қанағат-тандыру дәрежесі;
· нақтылы нарықтағы компанияның атқаратын қызметі;
· басқарушылық, қосымша қызмет көрсету және өндірістік қызметтер атқару;
· өндірістің тікелей өзі;
· кейбір өнімдердің шығарылуы (қызмет көрсету, ақпарат жинау, білім беру);
· материалды және интеллектуалды ресурстарды пайдалану.
Басқарушылық шешімдер тиімділігін түсінігін (сапасысы сияқты емес) оның іске асыру жағдайынан бөліп қарауға болмайды. Бұл шешім тиімділігі бар шындықты ашатынында емес, қайта уақытында бірте-бірте жүргендігінен сол шын ісімен мақсатқы жетуге мүмкіндік беретіндігінде. Демек, басқарушылық шешімдердің тиімділігі сапасының өзімен де, сондай-ақ оны сапалы түрде іске асыруымен де анықталмақ. Сөз арасында айтып кету керек, күнделікті тәжірибе көрсеткеніндей, қабылданған шешімдер дер кезінде іске аса бермейді (кейбір деректерге қарағанда ондайлардың үлес салмағы 30% болып қалады). Сонымен қатар, іске асқан шешімдердің жартысы күткен нәтижені бермейді, яғни керекті деңгейде тиімді болып шықпайды. Басшылырдың өздерінің айтуынша, сарапшылар бағалағаныдай, бүндай шешімдердің үлесі 25%-ға дейін барады. Неге бұндай жағдайлар орын алады? Әрине, бұл ақпараттың толық болмауынан, емдеу-алдыналушы қыз-меткерлерінің біліктілігінің төмендігінен немесе баламалы шешім-дерді дұрыс сараптап қарамагандықтан болады, сондай-ақ орындалатын жұмысты дұрыс ұйымдастыру және істің ретін бұзумен қатар, бақылаудың болмауынан шығады.
Басқарушылық шешімдердің тиімділігі, айтып кеткеніміздей, көптеген техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық факторлар қатысуынан болады және олардың әсері шешім шығарып, оны іске асырған кезеңдерде әр түрлі болып келеді. Бірақ олардың негізгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
· шешім шығарушының біліктілігі мен жұмыстағы тәжірибесі;
· емдеу-алдыналушы қызметкерлердің ақпаратпен қамьамасыз ету дәрежесі;
· шешім қабылдау барысында оны алқалы түрде қарау;
· бақылауға жататын шешімдердің үлес салмағы;
· шешім шығаратын басшылар мен мамандырдың оны іске асыру барысына қатысуы;
· орындаушыларды уәждемелеу;
· басшылардың шешім нәтижелеріне жауапкершіліктігі.
ТАҚЫРЫП