Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау
Жергілікті жерді карта бойынша оқып-үйрену әдістері. Саяхатшылар мен әскери құрамалардың, геологтардың бейтаныс таулы, орманды, шөлді жерлерде күндіз немесе түнде қозғалуы үшін жергілікті жердің бүркеніштік және бағдарлау жағдайларын картадан алдын-ала оқып үйренудің маңызы зор.
Жергілікті жердің ерекшеліктерін оқып-үйрену жолбасшылардың күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Жергілікті жерді оқып-уйрену қажетті аумақтың жалпы ерекшеліктерін, жер бедерінің жекелеген құрамдас бөліктерінің сандық және сапалық сипатын сонымен қатар, жергілікті нысандардың бағдарлауга әсерін қамтиды. Жергілікті жерді оқып-үйренуге қалыптасқан жағдайға сай әртүрлі дерек көздерін қолданады. Жергіліктіжерді оқып-үйрену:
- саяхатқа шығар алдында топ жетекшісінің баратын аумақты көзімен көріп оқу, ғылыми-танымдық немесе басқада іс-шараларды өткізуге қолайлылығын барлауды;
- топографиялық карталарды пайдаланып жергілікті жердің жалпы ерекшеліктерін оқып-үйренуді;
- топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді бір-бірімен беттестіре отырып, жергілікті жердің ерекшеліктерін айқындайтын жаңа деректер алуды;
- жергілікті тұрғындардың арасында сауалнама жүргізу арқылы қажетті аумақтың негізгі ерекшіліктері жөнінде ақпараттар жинауды қамтиды.
Жергілікті жерді карта бойынша оқып-үйрену. Топографиялық карта жергілікті жер туралы мағлұмат беретін негізгі дерек көзі болып табылады. Оның көмегімен жергілікті жердің бүркеншектік қасиеттері мен ондағы заттардың сандық және сапалық сипаттарын жедел анықтауға мүмкіндік туады. Картаны оқып-үйрену барысында картаны құрганнан кейін сол жерде болатын өзгерістерді де ескеру қажет.
Жергілікті жерді карта бойынша оқып-үйренуді картаның өзімен танысып, оны жұмысқа даярлаудан бастайды.
Картаны бағалау. Картаны бағалау бұрыштаманың сыртындағы деректерге негізделіп масштабын, горизонталь аралық қима биіктігін, шығарылған жылын анықтаудан басталады. Масштаб пен горизонталь аралық қима биіктігін жергілікті жердегі заттар мен жер бедерінің тетіктерінің кескінделу дәлдігінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Масштабтың мәніне сүйене отырып, жергілікті жердегі заттардың мөлшері мен олардың бір-бірінен қашықтығын жылдам анықтауға болады.
Картаның құрылған жылы туралы мәліметі қамтылған аумақтағы нысандардың қазіргі кезеңдегі шындыққа сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Бағытқа түзетуді жатқа білсең, дирекциондық бұрыштан магниттік азимутқа немесе картадан шақырымдық тор бойын бағдарлауға болады.
Картаны жұмысқа даярлау. Картаны жұмысқа даярлау карталарды бір-бірімен жалғауды, көтеру мен қаттауды қамтиды.
Карталарды жапсыру. Оқып үйренетін аумақ пен оған баратын бағыт іс-жүзінде бірнеше картада болуы мүмкін. Ірі масштабты картаның әр бетімен бөлек-бөлек жұмыс істеу қиындық тудыратынадықтан оларды бір-біріне жапсыруға тура келеді. Ол үшін карталарды номенклатурасына сай іріктеп алып, кесетін жерлерін белгілеп, кесілмейтін бұрыштарын ғана қалдырып қалған бұрыштарын түгел кеседі де, бір-бірімен жалғайды. Көбінесе, карталарды алдымен колонналары бойынша, содан соң оңнан солға қарай үстіңгі бетін астыңғы бетімен беттестіріп, бұрыштамалары мен шақырымдық тордың кескіндерін бір-бірімен беттестіріп желімдейді (Сурет 3.35).
Сурет 4. 35
Ірі масштабты карталарды бір-бірімен жалғау: а) шолу карталары; б) карталарды калонналары бойынша бір-бірімен жалғау; в)карталарды жапсырудың реті
Картаны көтеру жергілікті жердегі жекелеген заттар мен жер бедерінің тетіктерін жан-жақты оқып-үйрену мақсатында жүргізіледі. Картаны дұрыс көтеру қозғалатын бағытты мұқият оқып үйренуге мүмкіндік береді. Картаны көтеру кезінде аса қажетті заттарды бояу карандашпен сызу арқылы бөліп көрсетеді. Олардың аты мен сандық деректерінің астын сызып қояды. Кейде картада жекелеген нысандармен заттар (көпірлер, мұнаралар, жекелеген үйлер) мөлшері шағын шартты белгілермен көрсетіледі. Картаны көтеру барысында жер бедерінің биіктік белгілерінің шыңдары, жылға, жота сияқты жер бедерінің жекелеген тетіктері боялып (штрихталып), жуандатылған горизонтальдармен белгіленеді.
Жергілікі жердегі заттардың тобы төменде көрсетілген түстермен көрсетіледі:
- ормандар мен қалың бұталар, бау-бақша сияқты өсімдік жамылғысының басқа түрлері-жасыл;
- өзен, бұлақ батпақ, көл-көк;
- жолдар - коңыр;
- елдімекендер - қара;
- жер бедері — ашық қоңыр түс.
Карталарды көтеру жергілікті жерді оқып-үйренумен қатар жүреді.
Карталарды қаттау. Жергілікті жерде картамен жұмыс істеу жеңіл болу үшін оларды қаттайды. Қааттау карталарды көтергенге дейін де, кейін де жүргізіле береді. Үйдің ішінде жұмыс істеу үшін карталарды қабаттап жинайды. Алдымен ұзыннан созылған бағытын, содан соң түзілген жолақтарын жинайды.
Жергілікті жерді карта бойынша оқып үйренудің жалпы ережелері мен реті.Жергілікті жерді оқып үйренудің дәлдігі мен реті алдыға қойған мақсаттар мен шешуге тиісті міндеттерге байланысты болады. Алдымен жергілікті жердің жалпы ерекшеліктері, содан соң ондағы жекелеген заттар мен жер бедерінің пішіндерінің тетіктерін оқып үйрену жүзеге асырылады.
Сурет 3.36
Карталарды қаттау
Жергілікті жердің жалпы сипатын оқып үйрену барысында жер бедерінің елді мекендердің,жолдардың,өзен торлары мен өсімдіктер жамылғысының ерекшеліктерімен жан-жақты танысу мақсат көзделеді.
Жергілікті жердің жалпы ерекшелігі картаға көз жүгірту арқылы жүргізіледі. Жергілікті жерді жан-жақты оқып-үйрену қозғалатын бағыттың бойындағы жергілікті заттар мен жер бедерінің пішіндерінің тетіктерін оқып-үйрену мақсатында жүргізіледі.
Жолды біршама терең оқып-үйрену барысында оның бойында көпірлердің, болат құбырлары бар бөліктердің, төгілген құм үйінділерінің болуын да ескерту қажет.
Су торлары.Су нысандары жергілікті жердің тілмделу дәрежесін анықтайды. Ол сумен қамтамасыз етуге, су көлігімен қозғалуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Картада су нысандары жергілікті жердегі басқа заттардан айқын ажыратылатын көк түспен кескінделеді.
Өзендер, көлдер, бұлақтар, каналдар, көлдер мен батпақтар сияқты табиғи кедергілерді оқып-үйрену барысында олардың енін, тереңдігін ағысының жылдамдығын, арнасының табанындағы шөгінді тау жыныстарының сипатын жағалауының ерекшеліктерін, көпірлердің саны мен олардың сипатын, тас бөгеттер мен өткелдерді анықтауға мән беру қажет. Мысалы, 1: 100 000, 1:50 000, 1:25 000 масштабты оқу карталарында Соть өзені көрсетілген. Жазуының сипаты өзеннің жол қатынасына жарамдылығын айғақтайды. Бағдар сызықтағы сан ағысының 285 жылдамдығының 0,1 м/с, 285/ 4,8n енінің 285 тереңдігінің 4,8 метр екенін, арнасының табаны құмды жыныстардан тұратынын көрсетеді. Андога, Голубая сияқты шағын өзендердің табанын түзетін шөгінді жыныстар берілмеген. Оларды ағысының жылдамдығына қарап анықтауға болады.
4.5 – кесте
Өзен ағысының жылдамдығына сай арнасының табанында түзілетін шөгінді жыныстардың сипаты
Ағысының жылдамдығы м/с есебімен | Арнаның табанына шөгуге тиісті шөгін тау жыныстары |
0,1-0,2 | құм қайраң |
0,2-0,5 | Құм |
0,5-1,0 | ірі түйіршікті құмдар |
1,0-1,5 | тығыздалған саз қиыршық тас |
1,5 жоғары | ірілі-ұсақты малта тастар |
Топырақпен өсімдік жамылғылары. Картадан топырақ пен өсімдіктер жамылғысын оқып-үйрену барысында өтуге, бақылауға, тығылуға мүмкіндік беретін жергілікті жердің орманды-бұталы алқаптарға, батпақтар мен сортаңдардың, құмдар мен қорымдардың сипатына талдау жасалады.
Батпақтардың сипатын шартты белгілердің сызықтарына қарап анықтайды. Бірақ оның өту мүмкіндігін анықтағанда жыл мезгілі мен ауа-райының сипатын ескеру қажет. Картадағы өтуге болатын батпақтар жауын-шашынды кезеңдерде өткел бермейді. Ал өтуге қиын батпақтар қыста қатты аязды күндері жеңіл өткел беруі мүмкін.
Ірі масштабты карталарды жергілікті жерде бағдарлау мақсатында пайдаланудың маңызы. Топографиялық карта бейтаныс жерде жолбасшы болатын маңызды құрал болып табылады. Одан өзің тұрған орынды жылдам тауып, белгіленген бағытпен сенімді әрі алаңсыз қозғалуға болады.
Карганың қазіргі кезеңде бағдарлау құралы ретіндегі қызмет күннен-күнге артуда.
Жергілікті жерде бағдарлау мақсатында туристік саяхат кезінде жолбасшылар, маман геологтар мен әскери құрамалардың басшылары көбінесе 1:50 000,1:100 000 масштабты топографиялық карталарды қолданады.
Картаның көмегімен бағдарлау жақын орналасқан бағдарларды пайдалана отырып, жергілікті жермен беттестіруді, өзің тұрған орынды анықтауды және карта арқылы бағдарлап қозғалуды қамтиды.
Жергілікті жерде дұрыс бағдарлау үшін картадан өзің тұрған орынды тауып алып, бағдардың дұрыстығына көз жеткізу үшін жергілікті жердегі жақын және алыс орналасқан бағдарларды таба отырып, картаны жергілікті жермен беттестіреді. Карта бойынша бағдарлауды үйрену кезінде жергілікті жердегі бағдар болар заттарды картадан тауып, бір-бірімен беттестіруді бағдарлау тәсілдерін меңгеруі қажет.
Картаның көмегімен бағдарлау үшін оны көлденең түзу жагдайға келтіріліп, солтүстік (жогарғы) бұрыштамасын солтүстікке бағыттауы тиіс.
Картаны мұндай жағдайда ұстау жергілікті жердегі заттармен жер бедерінің негізгі пішіндері бір-біріне сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Картамен бағдарлау сызықтық бағдарлау немесе тұратын орнын алдын-ала белгілі болған жағдайда бағдарға бағыттау арқылы жүргізіледі.
Сызықтыктарды бағдарлау шамамен көз мөлшері мен немесе нақты болуы мүмкін. Шамамен көз мөлшерімен бағдарлау кезінде өзің тұрған нүктеден сызықтық шартты белгімен жергілікті жердегі сызықтық бағдармен сәйкес келетіндей етіп картаны ойша бұрады. Мысалы, сызықтық бағдар ретінде алынған жолдың шартты белгісін жергілікті жердегі бағдар ретінде алынған жолға бағыттап бір-біріне сәйкестендіреді.
Нақты бағдарлау үшін картаны көлденең түзу жағдайға келтіріп, ондағы сызықтың бағдардың (өзен, жол, т.б.) шартты белгісіне нысаналы сызғышты қойып, жергілікті жердегі бағдардың бағытымен үйлестіреді. Содан соң сызықтық бағдар ретінде алынған жолдың оң жағымен сол жағындағы заттар мен жер бедерінің пішіндерінің барлығының картада бар-жоғы тексеріледі. Егер шартты түрде орындалса, онда бағдар дұрыс деп есептелінеді.
Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау. Бағдарлаудың ең дұрысы, жолбасшы болып табылатын топографиялық картаның көмегімен бағдарлау болып табылады.
Алдымен картаның өзімен бағдарлап, содан өзің тұрған қажетті заттарды белгілеп, өзің жүретін жолдың бағытын анықтау қажет. Карта арқылы бағдарлау үшін картаның бетінің бұрыштамасын географиялық меридианның бағытына сай келетіңдей етіп орналастырылады. Ал картографиялық кескіндеудің сызықтары (өзен, жол, электр желілері) жергілікті жердегі оған сай келетін сызықтарға бағыттас орналастырылады. Жергілікті жерде бағдарлар жеткілікті болған, жақсы көрінетін жағдайда жергілікті жердегі сызықтарға нысаналау арқылы және тұсбағдар арқылы жүргізіледі.
Жергілікті жердегі сызықтарды карта арқылы бағдарлау тұрған нүкте сызықтың нысандарда тұрғанда және оның орны шамамен белгілі болғанда жүргізіледі. Ол үшін картаның бетіндегі сызықтың нысандар жер бетіндегі сызықтық нысанның бағытымен сай келетіндей етіп орналастырады.
Картадағы нысанмен жергілікті жердегі нысандардың бағыты сай келуі керек (Суреттер 4.37, 4.38).
Сурет 4.37 Сурет 4.38
Жергілікті жердегі сызықтар Карта арқылы жергілікті арқылы картамен бағдарлау жердегі бағдарға нысаналау
Егер өзің тұрған нүктенің орны картада белгілі болса, бағдарлардың бағыты дұрыс анықталса, сол жаққа қарай карта арқылы нысаналайды. Ол үшін өзің тұрған нүктеден бағдарлайтын нысанға бағыттап сызғыш қояды. Сызықтың қабырғасы жергілікті жердегі нысанға сай келуі тиіс.
Түнде нашар көрінетін жағдайда және бағдарлық нысандарға кедей жерлерде картада тұсбағдар арқылы бағдарлайды. Тұс-бағдардың магниттік бағдарын босатып, 0°-180° топографиялық картаның тік бағыттағы шақырымдық сызығымен сай келетіндей жағдайда орналастырып, тілін бағытқа енгізілетін түзетуге сәйкес 3 бұрыш жасайтындай жағдайға келгенше бұрамыз. Егер түзету 3° кем болса, онда 0° келгенше бұрамыз,
Адрианов тұсбағдарының лимбасының шкаласы 3°кейін жүргізілгендіктен жергілікті жерде бұрышты жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкін емес. Өзің тұрған жердің орнын жергілікті жерді картамен беттестіріп көз мөлшерімен жергілікті нысандармен салыстыру арқылы және арақашықтықты өлшеп немесе жүріп өту арқылы анықтайды.
Егер нүктелік бағдарлар (жеке тұрған ағаш, бұлақ) болса, бағдарлар өзі тұрған орынды картадан еш қиындықсыз таба алады.
Ашық жердегі А нүктесінің өзің тұрған нүктеден қашықтығын көз мөлшермен немесе олардың арақашықтығын өлшеу арқылы анықтайды. Тұсбағдармен бағдардың азимутын және оған дейінгі арақашықтықты өлшеп, одан соң шартты белгіден өзің тұрған нүктеге дейінгі кері азимутты анықтап арақашықтықты масштабка салып өлшейді. Егер өзің тұрған нүктеден бір бағдар көрінетін болса, сызықтық кескінді жүріп өтіп, кесте сызу арқылы өзің тұрған нүктенің орны анықталады.
Ол үшін алдымен тұсбағдармен немесе жергілікті жердегі сызықпен бағдарлап, содан соң бағдардың картадағы белгісіне сызғышты қойып жергілікті жердегі бағдарлық нысанга бағыттайды да, жолдан (байланыс желісінен) нүктеге дейін түзу сызық жүргізіп, тұрған нүктенің орнын табады. Жергілікті жерде қозғалғанда, картаның бетін жергілікті жермен салыстырып, өзі тұрған орынды оның маңында кескінделген бағдарлық нысандардың бірінші ірісін, содан соң ұсақтарын тауып алады.
Бағытпен қозгалғанда жұп адымды үздіксіз санап отыру қажет. Көріну нашар болғанда (түнде) бағытты тек тұсбағдармен анықтайды. Сондықтан бағыттты дұрыс бақылап арақашықтықты өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тауып алу үшін оған дейінгі қашықтықты көз мөлшерімен анықтап картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды жергілікті жерден табу үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып одан нысаналайтын затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып, таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың ең тиімді жолын таңдайды.
Картаның бетіне қозғалатын бағыттың сызықтарын түрлі түсті қарындашпен сызып, жер бетіндегі бағдарлардың арақашықтығын өлшеп жазады. Егер жүретін жол ұзақ болса, онда тоқтап демалатын, қонатын жерлерді картада белгілейді. Бағытпен қозғалу барысында жергілікті жердегі нысандар мен картаны салыстырып бағдарлық нысандарды тауып отырады.
Топографиялық бағдарлау. Көріну жағдайы әртүрлі жергілікті жерде жылдам әрі тез бағдарлаудың маңызы зор.
Жергілікті жерде бағдарлауды топографиялық бағдарлау дейміз. Топографиялық бағдарлау жүргізу үшін алдымен уақыт пен көкжиектің бір бағыты көрсетіледі. Көбінесе солтүстік пен белгілі-бір нүктенің арасындағы бұрыш, градус есебімен алынған азимут беріледі. Содан соң өзің тұрған орын мен оны қоршаған заттар мен оларға дейінгі қашықтық беріледі (Сурет 4.39 а).
Сурет 4.39 а
Жергілікті жерде топографиялық бағдарлау
Бағыт өзі орналасқан орыннан (солға, оңға, түзу) немесе көкжиектің жақтарынан, жергілікті уақыт бағдарлайтын заттың аты мен топографиялық картадағы орны беріледі. Топографиялық бағдарлау нәтижесінде адамдар өзі тұрған жерден елді-мекенге, өзенге, көлге немесе басқа да жергілікті ірі заттарға қатысты орны мен бағытын, олардың аттарын анықтай білуді үйренеді. Мысалы: жергілікті уақыт 18°35'. Солтүстік теміржол көпірі 211,7 м биіктікте тұрмыз. Оң жағымызда 3 шақырымда Ивановка; Тура 4 шақырымда қашықтықта Бежица өзені 10 шақырым қашықтықта Каменск; сол жақта 3 шақырым қашықтықта Глубокое көлі, бұдан соң жолбасшы бағытты көрсетіп бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.
Топографиялық бағдарлау тұрған орынды карта болмаған немесе бағдардан адасқанда, байланыс құралдары арқылы хабарлағанда да қолданылады. Мысалы: теміржол көпірінің солтүстігіндегі 2 шақырым қашықтықтағы қорғанда тұрмын; 900 м батысында орман; 5 шақырым онтүстік қашықтықта зауттың екі түтін шығатын мұржасын көріп тұрмын.
Картадан азимутпен қозғалуға қажетті деректерді даярлау. Азимутпен қозғауға қажетті деректер ірі масштабты топографиялық картадан алынады. Оның құрамына жергілікті жерді оқып үйрен қозғалатын бағытпен бағдарларды таңдау бағыттардың магниттік азимутын және таңдаған бағытпен олардың бұрылыстарына дейінгі арақашықтықты өлшеп, қозғалатын бағыттың сызба-нұсқасын құру кіреді. Жергілікті жерді оқып-үйрену барысында оның өтуге қолайлылығы мен қорғаныштың қасиеттері, кездескен өте алмайтын кедергілерді айналып өту жолдары қарастырылады.
Қозғалатын бағытпен бағдарларды таңдау. Қозғалатын бағытты сызу жергілікті жердің сипатына, қозғалатын бағыттың жағдайына байланысты. Қозғалатын бағытты таңдау барысында олардың бұрылыстарының аздығы ескеріледі. Қозғалатын бағыт бұрылыстардың аз болуын ескере отырып таңдалады. Қозғалатын бағыттың құрамына жүретін жолдың бағытқа сәйкес келетін автомобиль жолдары, соқпақ жолдар сияқты басқа да сызықтық бағдарлар алынады. Олар қозғалыс барысында бағдарды дұрыс ұстануға көмектеседі.
Қозғалатын бағыттың бұрылыстарының тірек нүктесі ретінде мұнара текті құрылыстар, жол айрықтар, көпірлер геодезиялық белгілер сияқты оңай есте сақталатын, жылдам танып білуге мүмкіндік беретін заттар таңдалады.
Бағдарларды таңдағанда қозғалатын бағыттың жекелеген бөліктеріндегі бағдарларды таңдау барысында бағытты дұрыс ұстау әдістері мен нақтылығы ескерілуі тиіс. Мысалы, жаяу қозғалу кезінде жүріп өткен жолдың ұзындығы мен компас бойынша бағытты ұстану дәлдігі 0,1 тең.
Егер қозғалатын жолмен бағдардың арақашықтығы 4 шақырым болса, келесі бағдарға дейінгі ауытқу 400 метрге тең болады.
Білдірмей келуді қамтамасыз ету үшін бағыттарды жылғаларды бойлай құрады. Бағытпен қозғалу барысында көрінбей жүру үшін жолдар мен төбеге шығуға тыйым салу қажет.
Картадағы нысанмен жергілікті жердегі нысандардың бағыты сай келуі керек (Сурет 4.38 – 4.39). Егер өзің тұрған нүктенің орны картада белгілі болса, бағдарлардың бағыты дұрыс анықталса, сол жаққа қарай карта арқылы нысаналайды. Ол үшін өзі тұрған нүктеден бағдарлайтын нысанға бағыттап сызғыш қояды. Сызықтың қабырғасы жергілікті жердегі нысанға сай келуі тиіс.
Түнде нашар көрінетін жағдайды және бағдарлық нысандарға кедей жерлерде картада тұсбағдар арқылы бағдарлайды. Тұсбағдардың магниттік бағдарын босатып, 0°-180° топографиялық картаның га бағыттағы шақырымдық сызығымен сай келетіндей жағдайда орналастырып, тілін бағытқа енгізілетін түзетуге сәйкес 3 бұрыш жасайтындай жағдайга келгенше бұрамыз. Егер түзету 3° кем болса, онда 0° келгенше бұрамыз. Адрианов тұсбағдарының лимбасының шкаласы 3° кейін жүргізілгендіктен жергілікті жерде бұрышты жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкін емес. Өзің тұрған жердің орнын жергілікті жерді картамен беттестіріп көз мөлшерімен жергілікті нысандармен салыстыру арқылы және арақашықты өлшеп немесе жүріп өту арқылы анықтайды.
Егер нүктелік бағдарлар (жеке тұрған ағаш, бұлақ) болса, бағдарлар өзі тұрған орынды картадан еш қиындықсыз таба алады.
Ашьщ жердегі А нүктесінің өзің тұрған нүктеден қашықтығын көз мөлшерімен немесе олардың арақашықтығын өлшеу арқылы анықтайды. Тұсбағдармен бағдардың азимутын және оған дейінгі арақашықтықты өлшеп, одан соң шартты белгіден өзің тұрған нүктеге дейінгі кері азимутты анықтап, арақашықтықты масштабқа салып өлшейді. Егер өзің тұрған нүктеден бір бағдар көрінетін болса, сызықтық кескінді жүріп өтіп, кесте сызу арқылы өзің тұрған нүктенің орнын анықтайды.
Ол үшін алдымен тұсбағдармен немесе жергілікті жердегі сызықпен бағдарлап, содан соң бағдардың картадағы белгісіне сызғышты қойып, жергілікті жердегі бағдарлық нысанға бағыттайды да, жолдан (байланыс желісінен) нүктеге дейін түзу сызық жүргізіп тұрған нүктенің орнын табады. Жергілікті жерде қозғалғанда картаның бетін жергілікті жермен салыстырып, өзі тұрған орынды оның, маңында кескінделген бағдарлық нысандардың бірінші ірісін, содан соң ұсактарын тауып алады.
Бағытпен қозғалғанда жұп адымды үздіксіз санап отыру қажет. Көріну нашар болғанда (түнде), бағытты тек тұсбағдармен анықтайды. Сондықтан бағытты дұрыс бақылап арақашықты өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тауып алу үшін оған дейінгі қашықтықты көз мөлшерімен анықтап картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды жергілікті жерден табу үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып, одан нысаналайтын затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың ең тиімді жолын таңдайды. Картаның бетіне қозғалатын бағыттың сызықтарын түрлі түсті карандашпен сызып, жер бетіндегі бағдарлардың арақашықтығын өлшеп жазады. Егер жүретін жол ұзақ болса, онда тоқтап демалатын, қонатын жерлерді картада белгілейді. Бағытпен қозғалу барысында жергілікті жердегі нысандар мен картаны салыстырып, бағдарлық нысандарды тауып отырады.
Топографиялық бағдарлау. Көріну жағдайы әртүрлі жергілікті жерде жылдам әрі тез бағдарлаудың маңызы зор.
Жергілікті жерде бағдарлауды топографиялық бағдарлаудейміз. Топографиялық бағдарлау жүргізу үшін алдымен уақыт пен көкжиектің бір бағыты көрсетіледі. Көбінесе солтүстік пен белгілі бір нүктенің арасындағы бұрыш, градус есебімен алынған азимут беріледі. Содан соң өзің тұрған орын мен оны қоршаған заттар мен оларға дейінгі қашықтық беріледі. Бағыттың өзі орналасқан орыннан (солға, оңға, түзу) немесе көкжиектің жақтарының, жергілікті уақыт бағдарлайтын заттың атымен топографиялық картадағы орны беріледі.
Топографиялық бағдарлау нәтижесінде адамдар өзі тұрған жерден елді-мекенге, өзенге, көлге немесе басқа да жергілікті ірі заттарға қатысты орны мен бағытын, олардың аттарын анықтай білуді үйренеді. Мысалы: жергілікті уақыт 18°35'. Солтүстік теміржол көпірі, 211,7 м биіктікте тұрмыз. Оң жағымызда 3 шақырымда Ивановка; Тура 4 шақырым қашықтықта Бежица өзені; 10 шақырым қашықтықта Каменск; сол жақта 3 шақырым қашықтықта Глубокое көлі, бұдан соң жолбасшы бағытты көрсетіп, бағдарлау жұмыстарын жүргізеді. Топографиялық бағдарлау тұрған орынды карта болмаған немесе бағдардан адасқанда байланыс құралдары арқылы хабарлағанда да қолданылады. Мысалы: теміржол көпірінің солтүстігіндегі 2 шақырым қашықтықтағы қорғанда тұрмын; 900 м ол батысында орман; 5 шақырым оңтүстік қашықтықта заводтың екі түтін шығатын мұржасын көріп тұрмын.
4.4 Карталарды бөлу, жіктеу (классификация)
Барлық карталар мазмұны жағынан жалпы және арнайы карталар болып бөлінеді.Жалпы немесе жалпы географиялық кескінделген жер бетінің (ландшафт)көрінісі.
Бұл көріністерге, жердің рельефі, гидрографиясы, топырағы, өсімдік түрлері, елді мекендер жолдың барлық түрлері, мемлекеттік және әкімшіліктік шекаралар жатады.
Өз кезегінде, жалпы карталар, топографиялық және жалпылама шолу (обзорное) жасайтын карталар болып бөлінеді.
1. Ірі масштабтағы карталар-1:25000
2. Орта масштабтағы карталар-1:50000
3. Ұсақ масштабтағы карталар- 1:300000
Шолу карталарына бетінің барлық белгілері нақтылықпен, дұрысы 1:1000000 масштабпен түсірілген жалпы карталар жатады.
Қазіргі уақытта әр түрлі масштабтағы шолу карталары шығарылады.Бұл карталар қызмет түрлеріне қарай топтастырылып, төмендегідей масштабтармен жарық көреді:
1:1250000; 1:1500000; 1:200000; 1:2500000; 1:300000; 1:400000; 1:500000; 1:7500000; 1:10000000; және бұдан да ұсақ.
Арнайы немесе арнаулы карталардың көптеген түрлері бар. Атап айтқанда:
- Табиғат жағдайларына байланысты карталар- жалпы физикалық географиялық, гипсометриялық су және гидрофизикалық, топырақтану, өсімдіктану тағы басқа карта түрлері болып бөлінеді.
- Халық шаруашылығы және халықтың қоныс тебуі жөніндегі карталар.Бұған жалпы экономикалық және халық саны, өндіріс, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, пайдалы қазбалар т.б жатады.
- Мәдениет және денсаулық сақтау карталары мәдениет құрылымдары, денсаулық, білім салаларының карталарын айтуға болады.
- Тарихи карталар-жалпы тарих және тарихи кезең карталары болып бөлінеді.
- Саяси әкімшілік және әкімшілік карталары деп бөлеміз.
- Әскери карталар-жалпы әскери, әскери өнер (исскуство) сол сияқты соғыс өнері (стратегия) шұғыл басшылық (оперативное) соғысты басқару (тактика)әскери инженерлік карталары болып түрлі бөлімдерге таратамыз.
Жоғарыда көрсетілген жіктеулер, мазмұны жағынан карталардың бастауы болып табылады,сонымен қатар, қолданыс мазмұнына байланысты карталарды кеме жүргізу (нивигация) және мектеп оқушыларына арналған карта деп бөлуге болады. Оқу (учебное) карталары бастауыш сыныптарына, орта мектепке және жоғарғы оқу орнының оқушылырына арналған карталар жалпы географиялық және арнаулы карталар болып бөлінеді.
Ауылшаруашылығына арналған карталар да шаруашылықтың белгілі бір түріне, оның мазмұнына байланысты болады.
Бұл карталардың түрлері 45 параграфта берілген. Халық шаруашылығының түрлі салаларын және түсіргенімізбен оның қыры мен сырын толығымен ашып көрсете алмаймыз. Сондықтан, карталар мен бірге қосымша мәлімет беретін қосымшалар қоса жасалады.