Күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады
Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру, контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт конкурс өткiзудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын темiр жол мен автомобиль жолдарын және көпiрлердi салу (реконструкциялау, жөндеу) кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарттар жасалады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1. жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу;
2. барлау;
3. өндіру;
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріндегі кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсіз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларың басқа түрлерінің бәрі уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар олардың жер қойнауын пайдалану құқықтарының мерзімсіз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі талаптар:
Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
1. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, соның ішінде өндіруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін берілетін пайдалы қазбалар, кен орындары жер қойнауы учаскелері қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерттеудің толымдылығын қамтамасыз ету;
2. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
3. бай учаскелерді таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4. кен орнын игеру кезінде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негізгі және онымен бірге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттерді, соның ішінде минералдық шикізатты, өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын нақты есепке алу;
5. жер қойнауын кен орындарының сапасын төмендететін немесе оларды пайдалануды және игеруді күрделілендіретін су басудан, өрттен және басқа сұрапыл факторлардан қорғау.
6. жер қойнауын пайдалану, әсіресе мұнайды газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргізуде жер қойнауын ластанудан сақтау. Қазақстан Республикасындағы жер нарығының ерекшеліктері
2.3 Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың экономикалық мәселелері.
Жерді пайдаланудың фуикциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болмайды.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатыи табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет. Бұл мынаны білдіреді: келешекте бұлінген топырақ қабаттары қарқынды шаруашылық қызметке жарамсыз болады. 2,5 см қалыңдықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшіи 300-100 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен.
Біздің планетамыздың беті - 510 млн км2 (51 000 млн га). Оның көп бөлігі - 361 млн км3 (36 100 млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілі - 149 млн км2 (14 900 млн га). Бұл территорияның 4 060 млн га (28%-ін), орман алып жатыр, шалғын мен жайылым - 2 600 млн га (17%), өңделетін жер (еігістік) - 1 450 млн га (10%). Жер категориясы бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген:
Жер ресурстарын қолдануда қалыптасқан жағдай келешекте ауыл шаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіңдік бермейді. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімін алу үшін ендігі жерде, яғни бұдан былай өзгермейтін пайдалы жер пайдаланылады.
Жер - өндіріске мәңгілік қажетті жағдай әрі ол дұрыс пайдаланылатын болса, оның құнарлығы түресілмейді (таусылмайды). Тек бір мәрте пайдаланылуы ықтимал минералдық және орман ресурстарынан айырмашылығы жер жыл сайын өнім бере алады. Жерді пайдаланудан түсетін табыс бір емес, бірнеше мәрте түсетіндіктен экономикалық бағалауда бұл табыс пайдаланылған уақыт ішінде осы учаскіден түскен табыстың жалпы шамасын аынқтау үшін жиынтықталуы қажет деп саналады.
Бұл тәсіл алуан түрлі әр мезгілде уақыттың бір сәтінде алынатын орман шаруашылығы өнімдерін келтіру жолымен ағаш өнеркәсіптерін орналастырушы ұйымдардың іс-тәжірибесінде кеңінен тараған деуге болады. Проблеманың мәнін мынадай шартты мысалмен түсіндіруге болады. Айталық, екі орман учаскесі бар. Бірінші учаскіде 50 жылда пісіп жетілетін қайың, ал екіншісінде - 100 жылдан соң кесуге жарайтын қарағай өседі. Қайыңды кесуден 100 м3 ағаш және 150 тенге табыс алынса, қарағайды кесуден 200 м3 жене 300 тенге табыс алыыады. 100 жылдың экономикасы дамыған елдерде Е дисконтты коэффиценті 0,02-ден 0,08-ге дейінгі шекте қабылданған.
Соңғы жылдары түпкілікті өнім есімінің қарқыны күрт төмендеп кетті, алдыңғы кезеңге арналған капитал салымына жоспарланған мөлшері өте аз, сол себепті де нармотив көп төмен болуы керек, әдеттегіше капитал салымы тиімділінің нармотивіне қарағанда әлде қайда кем болуы қажет. Халық шаруашылығы бойынша ірі есептердің нәтижесі көрсеткендей дисконттаушы көбейткіш шетелдерде қабылданған нармотивке сәйкесетін 0,02 - 0,04 шегіндегі шамаға ие болуы керек.
Табиғат ресурстары оның ішінде жер еңбек өнімі болып табылмайды, осыған орай оның ақшалай бағасы әділ түрде толық анықталатын болса да құны болмайды. Алайда ол бағаланған ресурстарды игерудің өткен шақтағы шығынымен емес өндіріске - бұрын пайдаланылмаған учаскені игеруге кеткен шығынмен беріледі.
Жаңа жер кодексі,оның қысқаша жалпы сипаттамасы.
Жаңа жер кодексі 170 бап пен 21 тарауды қамтитын 5 бөлімнен тұрады.
Бөлімдер мен тараулардын тек аттарын ғана келтіре отырып, олардың ерекше жаңашылдықтары барларын қысқаша сипаттап өтелік.
Жаңа Жер кодексі, 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған «Жер туралы» заңның орнына, 2003ж. маусым айында енгізілді. Жалпы алғанда екі кұжаттың мазмұндары ұқсас. Дегенмен, екінші бөлімнің 3,5,9,10,20 және 21 тарауларында айтарлықтай жаңашылдықтар байқалады.
Жалпы алғанда кодекс ірі жер пайдаланушылықтар мен тұрақты — рентабельді бәсекелеске төзімді және экспортқа шығарылатын өнімді өндіретін шаруашылықтарды дамытуға бағыттайды.
Алдын ала, жер туралы қатардағы заңның орнына толықканды және көпбапты Кодекстің әзірленуін жоғары бағалау қажет.
Кодекстің мазмүнын сипаттай келе, бірінші кезекте мыңадай жағдайды атап өткен жөн. Жалпы елдің экономикасынын, әсәресе оның агросаласының дамуына орасан зор ықпалды ауылшаруашылық алаптарға жер жеке меншігін енгізу механизміне қатысты тараулар мен баптар жасайды.
Бірқатар баптарда жерде енбек ететіндерге жеңілдіктер ескерілген (жерді сатып алу бағаларының азайтылуы, осы бөліп-бөліп төлеу және т.с.с.)
Тәуелсіздік жылдары экономикалық сонымен бірге аграрлық және жер реформаларыньщ барлық кезендерінде, кейбір әлеуметтік топтардың ара наразылығына қарамастан, жерге жеке меншік бірте-бірте қоғамдық өмірге еніп бейімделе бастады. Бұл бағытта аса маңызды қадам болып ҚР Конституциясының 6-бабы мен 1995 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған заң күші бар Президенттін Жарлығы саналады. Соңғысын жүзеге асыру нәтижесінде ҚР-ның 2496 мың атты қазір ұсақ жер учаскелерінің иесіне айналып отыр.
Осымен қатар 2300 мың ауыл тұрғындарына шартты жер үлес иемдеуге құқық беретін куәліктер тапсырылған болатын.
Бірақ, 2001 жылы бекітілген «Жер туралы» Заң бойынша бұл куәліктер заң күшін жоғалтып, оны тірілту» мақсатымен жер учаскелерін азаматтарға тегін беру жөніндегі ұсыныстар қабылданбай қалды.
Заң шығару ісінде, басқа салаларда сияқты, белгілі бір сабақтастық байқалады. Жер қатынастарын реттеуге тікелей қатысты жер зандарын шығару ісінде де бұл құбылыс орын алады. Осыған орай жаңа кодекс пен оның алдындағы жер заңындағы тараулар мен баптар мазмұндарының ұқсастығын атап өткен қажет. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерге жеке меншік институтын енгізу осы екі кұжаттың ең басты айырмашылығы. Кодекс бойынша экономиканың барлық салаларына, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірісіне, тарату ұмтылу сезіледі.
Жер жеке меншігін енгізу аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық проблема, өйткені оны жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін қозғайды.
Осымен бірге шетел тәжірибесін де ескерген қажет: ұсақ фермерлік шаруашылықтары ауыл шаруашылығының қазіргі мүшкіл жағдайы өзгертуге оның тиімділігін жаксартуға қаблетті деу өте киын.
Дегенмен, жер қатынастарының берікті кұқықтық негізі салынғаны шүбәсіз. Ендігі мәселе осы құқықтық негізге тіректене отырып, жер кодексін қоғамдық өмірге енгізудін нақты механизмін қамтамасыз ету. Бұл жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлерінің аса маңызды міндеттерінің бірі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салдарынан халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып жүр. Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім: теңіздер, өзендер мен көлдер ластанып, жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып жатыр, миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға мәжбүр, халық арасындағы өлім саны да көбейді.
Бүгінгі таңда - ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп түсуде, ал олардың түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр.
Осыған орай, әсіресе қарайған халық қана емес, сонымен қатар мемлекеттік билікті иеленген, еліміз бен халықтың қауіпсіздігі үшін жауап беретін адамдардың өзі экологияның колайсыздығына, күннен күнге нашарлап бара жатқан тұрмыс деңгейіне көз жұма қарағаны алаңдатады. Өкінішке орай, осындай қауіпті үрдіс бой көрсетіп келеді.
«Экологиялық құқық бұзушылық» және «экологиялық зиян» ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С.Б.Байсалов назар аударған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты. Сонымен бірге, экологиялық зиян ұғымының жалпы жұртшылыққа танылған бірынғай анықтамасы әзірше жоқ.
Экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан келтірілген зиянның ұғымы туралы мәселе тиісті құқық бұзушылық объектісі үғымымен тығыз байланыста қарастырылады, себебі заңсыз әpeкеттердiң салдарынан нақ осы экологиялық ортанъщ өзіне зиян келпрепндіктен ол жалпы құқьщ бүзушылық объектісіне айналады.
Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасына келтірілетін болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдында құқықтық қоргау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның сапасы түсінігін беру керек.
Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелер шарттан тыс міндеттемелердің ерекше түрі болып табылады (деликттер).
Зиян келтірушіге келтірілген зиянды өтеуміндғтін жүктеу-заңда көрсетілген жағдайларда қолданылатын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі болып табылады.
Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне қатысты мұндай жауапкершіліктің қастандық жасалған объектінің ерекшеліктеріне байланысты өз ерекшеліктері бар.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер жеке адамның немесе ұжымның (адамдардың ұйымдасқан тобының) белгілі бір мінез-құлқының (әрекет, қылықтар жуйесі немесе әрекетсіздік) нәтижесінде туындайтын анық.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер салдарының қоғамдық зиянды сипаты мемлекет тарпынан оған тыйым салуды қажет етеді. Ақыр соңында ол сонда әрекеттердің экологиялық нормаларда бекітілуі әдісімен жүзеге асырылады. Соңғылары белгілі әрекеттердің ережелерін қамтиды, тығымдар жүйесін белгілеп, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Сондықтан, қоршаған ортаға зиян келтірген адамды жауапкершілікке тартудың негізгі шарты – оның әрекеттернің (әрекетсіздігінің) заңдылығы немесе заңсыздығы мәселесін шешу болып табылады.
ҚОСЫМША
Кесте 1
Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдар
Ресурстар мен обьектілер | Заңдар: |
Жер | «Жер туралы» |
Жер қойнауы | «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану», «Мұнай туралы» |
Су | «Су кодексі» |
Жердің озон қабаты, Атмосфералық ауа және климат | «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» |
Ормандар | «Орман кодексі» |
Жануарлар әлемі | «Жануарлар әлемін пайдалану, қайта өндіру және қорғау» |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. | «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» |
Негіздеме: Кесте автордың құрастыруымен берілген |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Г.С Оспанова,Г.Т Бозшатаева, «Экология» Алматы 2001ж.
2. Бейсенова Ә.Б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Оқу құралы. Алматы, 2004.
3. Бродский А.К. «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Оқу құралы. Алматы, 1997,
4. Экология (оқулық) - Алматы, 2008
5. Стамқұлұлы.Ә "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж
6. Нұрпейісов С.А, Сатыбалдиев О.С «Қоршаған орта» 2005ж.
7. Е.М Үпішев «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» 2006ж.
8. С.Мұқаұлы «Қоршаған ортаны құқықтық қорғау» 2006ж.
9. ҚР «Жер кодексі» – Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
10. Жер мәселесі бойынша нормативті актілер жинағы Алматы: Қаржы – Қаражат, 1996.
11. ҚР ның экологиялық кодексі, 2007ж.
12. Лукьянчиков Н.Н., Потравный И.М. Экономика и организация природопользования. Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002, с.260-272.
13. Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
14. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. «Табиғат қорғау» Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
15. А.Б.Молдахметова, М.Ө.Өтебаев. Микроэкономика, Астана - 2008ж.
16. Қ.С.Есенғалиева. Микроэкономика. Алматы - 2007ж.
17. Экономикалық теория негіздері. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Нәрібаев КН., Жатқанбаев Е. Б. және басқ. - Алматы, 1998.
18. Назарбаев Н.А. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
19. Мамыров Н. Қ. ж.б. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1998.
20. Мельников В. Д., Ілиясов К. К. Қаржы. Оқулық - Алматы: Экономика, 1994.
21. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.
22. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.
23. Экономикалық теория. ҚЭУҚ - Қарағанды, 2005.
24. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005
25. Бұғыбаева. Макроэкономика. Оқу-тәжірибелік құрал /