Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
Ұйымдардағы шаруашылық қызметіне тиімді басшылық жасап, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі мен арнайы принциптер және қолданбалы тәсілдерге сай келуін тексеру үшін сенімді жинақталған мәліметтер қажет. Жоғарыда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер, сондай-ақ өндіріс пен сату және жабдықтау процесіне байланысты жинақталған мәліметтер мен ақпараттарды әрбір айдың аяғына қарай бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу арқылы жинақталатындыған айтқанбыз.
Есеп объектілері мәліметтерін жинақтап, тексеру үшін бухгалтерліе есеп тәжірибесінде айналым ведомостысы жасалынады. Айналым ведомостысын жүргізу арқылы әрбір жекелеген шоттарға жазылған шаруашылық фактілерінің мазмұнын ай сайын тексеріп отыру мүмкіндігі туындайды. Айналым ведомостысында шаруашылық операцияларын жүргізуде қолданылған шоттар бойынша қалдық пен айналым сомасының жиынтығы шығарылады. Айналым ведомостысы бухгалтерлік есеп жазуларын тексеруде қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бұл құжат аналитикалық және синтетикалық шоттарының көрсеткіштері негізінде арнайы кесте түрінде жасалады. Ол аналитикалық айналым және синтетикалық айналым ведомостысы болып екіге бөлінеді.
Ең әуелі синтетикалық шоттары бойынша жүргізілетін айналым ведомостысын жүргізудің тәртібіне тоқталайық.
Арнайы үлгідегі кестеге әрбір жекелеген шоттар бойынша дебеттік немесе кредиттік бастапқы қалдықтар жазылып, бұдан соң ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомасының жинағы есептелінеді. Осы операциялар орындалғаннан соң, әрбір шоттар бойынша келесі айдың басына жазылатын дебеттік және кредиттік қалдықтар шығарылады. Есте сақтайтын жағдай, активті-пассивті кейбір шоттар бойынша бірдей кезеңде әрі дебеттік, әрі кредиттік қалдықтар болуы мүмкін.
Жоғарыда аталғандардың негізіне сүйене отырып, ендігі жерде айналым ведомосын жасау әдісін көрсетуге болады.
Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
№ | Шоттардың аталуы | Ай басындағы қалдық | Ай ішіндегі айналым | Ай соңындағы қалдық | |||
Дт | Кт | Дт | Кт | Дт | Кт | ||
Негізгі құралдар | - | - | - | - | |||
Материалдар | - | - | |||||
Аяқталмаған өндіріс | - | - | - | ||||
Есеп айырысу шоты | - | - | - | ||||
Жарғылық капитал | - | - | - | - | |||
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу | - | - | - | - | |||
Жабдықтаушылармен есеп айырысу | - | - | |||||
Есептелініп шығарылған жинақтарға қарағанда, синтетикалық шоттары бойынша жасалған айналым ведомостысындағы дебеттік және кредиттік айналым сомалардың, сондай-ақ шығарылған соңғы дебеттік және кредиттік қалдық сомаларының жинақтары бірдей екендігін көруге болады. Осылайша шығарылған жинақтардың бірдей болып, тең келуінің нәтижесі активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебінің баланста екі жақты жүргізіліп, шоттар бойынша екі жақтылық принциптің дұрыстығы тексерілгендігін дәлелдейді. Бастапқы кіріспе қалдықтың /272000 теңге/ дебеттік және кредиттік бірдей болуы, кіріспе баланстағы активтік және пассивтік сомалар жинағының теңестірілгендігін, активті қаражаттар мен бұлардың көздерінің екі жақты топтастырылып, баланстық теңдіктің дұрыс көрсетілгендігін растайды.
Ай ішіндегі айналым жинақтың /45600 теңге/ дебеттік және кредиттік соманың бірдей болуы бухгалтерлік есеп шоттарына жазылған соманың дұрыстығы мен екі жақты жазу принципінің дұрыс орындалғандығын көрсетеді. Жазу жүйесінде қате жіберілмегендігі дәлелденді. Синтетикалық шоттары бойынша жасалған айналым ведомостысындағы соңғы қалдық /258900 теңге/ кіріспе баланс пен ай ішіндегі дебеттік және кредиттік жазулардың, сонымен қатар айдың аяғына қарай активтік және пассивтік жазулар теңдігінің қатесіз орындалғандығын байқаймыз. Яғни баланстық теңдеу сақталып екі жақтылық принцип орындалды.
Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
Есеп регистрлері
Ағымдағы есептік жазбалар жүргізілетін, арнайы түрде жолма-жол сызықтар салынатын парақтар есеп регистрлері деп түсіндіріледі. Бұл есеп жұмыстарының екінші кезеңі. Оларда синтетикалық және аналитикалык шоттар бойынша шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы, шығу көздері туралы мәліметтер топтастырылып, жүйеленеді. Есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша есептемелер жасалынды. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде сыртқы турі мен мазмұны жағынан әр түрлі есеп регистрлері қолданылады. Бос парақтар (журнал-ордерлер, ведомостер), карточкалар (карточкада сақталады) және кітаптар (кассалық, депозитке салынған жалақы жэне т.б.) пайдаланылады.
Есеп регистрлерінің қайсысын таңдау ұйымының есеп саясатында алдын-ала ескертіледі.
Мазмұны мен міндеті жағынан есеп регистрлері мынадай болып бөлінеді;
- синтетикалық есеп;
- аналитикалық есеп;
- синтетикалық және аналитикалық есепті үйлестіретін есеп регистрлері.
Синтетикалык есеп регистрлерін түзеуге есеп кестелерін жолма-жол сызудың шахматтық түрі негіз болъш салынған. Мұндайда аналитикалық есеп жүргізілетін регистрлердің кұрылымы мен мазмүны аналитикалық есеп объектілеріне, есеп міндеттеріне, субъектінің шаруашылык іс-әрекетін оперативті бақылау мен басқаруға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Материалдық құндылыктарды қадағалау үшін кәсіпорында заттай және ақшалай көрсетілетін әр түр жөніндегі күн сайьшғы түсу мен жұмсалу туралы дәл мәліметтер болуы қажет. Жабдықтаушылармен өзара есептесу операциялары бойынша әрбір жекелеген жабдықтаушы немесе одан алынған материалдар партиясыньщ әрбіріне есеп айырысулардың жағдайы жайлы нақты мәліметтер болуы тиіс, Сондықтан тауарлы-материалдық қорлардың аналитикалық есебі регистрлері жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша аналитикалық есеп регистрлерінен айырықшаланады.