Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштері
Кез келгген инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау, ол жоба бойынша қаржыландыру нысандарының қайтарымдылығына көз жекізумен байланысты болуы керек. Мұндай бағалаудың басты мақсаты – жоба бойынша жұмсалған шығындар мен жобаны іске асырудан түскен түсімдерді өзара салыстыру б.т.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдісі 2 топқа бөлінеді:1дисконттау концепциясына негізделген жобаның тиімділігін бағалау әдістері; (бұл топтағы әдістерге ағымдағы құнды есептеу әдісі, болашақтағы құнды есептеу әдісі, инвестициялау рентабельділігін бағалау әдісі, ішкі пайданы есептеу әдісі жатады).2дисконтау концепциясына негізделмеген, яғни жобаның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістерге: жоба бойынша зиясыздық нүктесін есептеу әдісі жатады.Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері Тиімділіктің келесі түрлері бөлінеді: жобаның жалпы тиімділігі және жобаға қатысудың тиімділігі. Өз кезегінде жобаның жалпы тиімділігі өзіне қосады:жобаның қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) тиімділікті;жобаның коммерциялық тиімділігін.Жобаға қатысудың тиімділігі қосады:кәсіпорын-қатысушылар үшін инвестициялық жобаның тиімділігін;акционерлер үшін тиімділікті;жоғары деңгейлердің жобаға қатысуының тиімділігі, соның ішінде аймақтық, халықшаруашылық және салалық тиімділікті;инвестициялық жобаның бюджеттік тиімділігін.Кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері өндірістік нәтижелерді – өнімді өткізуден түскен түсімнен өзіндік қажеттіліктерге, пайда (табыс) немесе өндірістің ағымды шығындарын (өзіндік құн) өтеуге кеткен бөлігін алып тастағандағы бөлігі, және кәсіпорын жұмыскерлеріне және олардың жанұяларының мүшелеріне қатысты әлеуметтік нәтижелерді есептеуге мүмкіндік береді.Инвестициялық жобалардың тиімділігінің бағасымен байланысты ерекшеліктер келесілерге саяды:Коммерциялық тиімділікті, кәсіпорынның жобаға қатысу тиімділігін және кәсіпорынның акцияларына инвестициялаудың тиімділігін есептеу үшін, нарықта өткізілетін және мемлекетке жеткізілетін өнімнің әртүрлі бағаларын пайдалану қажет. Осындай инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау туралы сұрақты шешу бюджеттік тиімділіктің мәліметтеріне сүйенетіндіктен, бюджеттік тиімділікті есептеу кезінде алмастыру тиімділігін ескеру қажет. Алмастыру тиімділігі берілген кәсіпорынның өнімін сатып ала отырып, мемлекет ұқсас өнімді ішкі және/немесе сыртқы нарықта эквивалентті көлемін сатып алуға қарағанда аз қаражаттар жұмсайтынынан туындайды. Коммерциялық тиімділік (немесе қаржылық негіздеме) – бұл талап етілген табыстылық нормасын қамтамасыз ететін қаржылық шығындар мен нәтижелердің қатынасымен анықталатын тиімділік. Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің сәйкес бюджеттің (мемлекеттік және жергілікті) табыстары мен шығындарына әсерін көрсетеді.Аймақтық тиімділік көрсеткіштері сәйкес аймақ тұрғысынан жобаның аймақ кәсіпорындарына, аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайға, аймақтық бюджеттің табыстары мен шығындарына ықпал етуін есепке алғанда жобаның қаржылық тиімділігін көрсетеді.Статикалық әдістер деп есептік бағаларға негізделген әдістерді атайды, ал динамикалық әдістер деп дисконтталған бағаларға негізделген әдістерді атайды.Статикалық әдістер тобына инвестициялардың өтелу мерзімі (Payback Period, PP) және инвестициялардың тиімділік коэффициенті (Accounting Rate of Return, ARR) әдістері жатады.Инвестициялық жобаларды бағалаудың кең тараған статикалық көрсеткіші өтелу мерзімі болып табылады.Инвестициялық жобаларды бағалаудың динамикалық әдістеріне таза ағымды құн (Net Present Value, NPV), инвестициялардың рентабельділік индексі (Profitability Index, PI), ішкі рентабельділік нормасы (Internal Rate of Return, IRR), модификацияланған ішкі рентабельділік нормасы (Modified Internal Rate of Return, MIRR), инвестицияның дисконтталған өтелу мерзімі (Discounted Payback Period, DPP) жатады