Дайы өндіріс теориясы мен түрлері
Ұдайы өндіріс- бұл өндірісті тұрақты тұрде жаңғырту және өндірісті қайталауда оның нәтижелерін,пропорцияларын,нысандары мен қатынастарын біртұтас ету.Қоғам тұтынуды тоқтата алмайды,демек ұдайы өндіріс-тұрақты және үздіксіз тұтынудың шарты.Ұлттық ұдайы өндіріс процесінде қоғамдық өнім мен адамдар қызметінің басқа да нәтижелері жаңартылады,табыс пен шығыс ауыспалы айналады,үй шаруашылықтары мен фирмалардың арасындағы жеке ұдайы өндіріс пен байланыс,жеке деңгейдегі,сонымен бірге өңірлік қатынастар деңгейіндегі экономикалық процестердің барлық субъектілері (қатысушылар) арасындағы экономикалық қатынастар жаңғырылады.
Жай,ұлғаймалы және кішіреймелі ұдайы өндіріс болады.Жай ұдайы өндіріс-бұл өндіріс пен тұтынуды бұрынғы ауқымда жаңғырту.Ұлғаймалы ұдайы өндірісте өнім өндірісі мен тұтыну көлемін арттыру қарастырылаы.Кішіреймелі ұдайы өндіріс (өнім өндірісінің көлемі төмендегенде) белгіленген кезең ішінде жүзеге асырылуы мүмкін,алайда өндірістің ұзақ уақыт бойы түсуі елдің әлеуетінің бұзылуына және халықтың қмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.Экономикаға ұлғаймалы ұдайы өндіріс тән.Тек сол ғана игілікті тұтынуды арттыруға,өндірісті жетілдіру үшін жаңа алғышарттар құруға,жаңа технологиялар игеруге,әлеуметтік,экологиялық және қоғамның басқа да көкейкесті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен,өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын,экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда)үлкен рөл атқарады.
21.Нарықтың түрлері.
Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
түрғын үй және өндірістік емес ғимараттардын, нарығы.
Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:
жылжымайтын мүліктер нарығы;
енбек құралдарының;
шикізат пен материалдардың;
қуат ресурстарының;
пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:
капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары:
қүнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;
валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер парығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күні парығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Қ.Р-ның нарықтықтық экономиканы жетілдіру үрдістері.Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды.Ол:жекеменшік сектордың жоқ болуы,өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап,сауда ауқымындағы монополиялар және т.б.Сонымен,аталған кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қ. басшылығының
экономикалық,әлеуметтік,саяси түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырады.Мұның өзінде табыс шарты болып-дұрыс таңдалынған стратегия. Қ.Р. экономикасының ерекшелігі халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты.