Автомобиль жолдары туралы түсінік
Дәріс
Жер төсемесін түрғызу бойынша жасалған жұмыстар туралы негізгі мағлуматтар
Автомобиль жолдары туралы түсінік
Республикамыздың траснпорттық жүйесі: темір және автомобиль жолдарынан,әуе,өзен және теңіз жолдарынан,сонымен қатар мұнай өнімдері мен газ тасымалына арналған құбырлардан тұрады. Транспорттың негізгі түрі темір жол; ол алыс қашықтықтарды жүк және жолаушылар тасымалының негізін құрайтын транспорт түрі болып табылады. Темір жол,су,әуе транспорттары автомобиль жолдарымен тығыз қатынаста болуы керек,яғни тиеу пунктеріне темір жол станциясына,порттарға және аэродромдарға қатынайтын жолдарды күту және тасымал ұйымдастыру автомобиль жолдарына тиесіл. Тасымалдаудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде,жүктердің көп бөлігі автомобиль жолымен тасымалданады,яғни жүктерді қабылдау және белгіленген орынға жеткізу автомобиль жолдарына жүктелген. Автомобиль жолдары таулы өлкелермен байланыс түрінің жалғыз өкілі болып келеді,мысалы темір жол салу қиындығы туатын болса. Автомобиль транспорты дүние жүзі бойынша басқа транспорттармен салыстырғанда әлде қайда үлкен жылдамдықпен қозғалады. Автомобиль жолдарымен тасымалдаудың құнына жолдардың сапасы өз үлесін қосады. Жаман жолдармен қозғалыс кезінде жанар май әлде қайда көп шығындалады,жылдамдық азаяды,сонымен қатар автомобиль жөндеу жұмыстарын көбірек қажетсінеді және істен шығуы көбейеді.
Жаңа жолдарды проектілеген кезде,жол құрылысына кеткен қаржы 8 жыл ішінде тасымалданатын жүк құнына,яғни құрылыстың өздік құны 8 жыл ішінде ақталуымен сипатталады,жетілдірілген жол жамылғысы 3-4 жылда құрылыс құнын өтейді. Сондықтан,автомобиль транспортының әрі қарай дамуы жол жамылғысын салу технологиясының дамуына Республикамыздың жол жүйесі әлі де қажетті көлемдегідей тығыз орналаспаған. Бірақ автомобиль жолдарының құрылысы тын жерлердің көп бөлігін алуына байланысты,сондықтан автомобиль жолдарын салуға техника-экономикалық жағынан қаралуы тиіс. Жол құрылысын жүргізу:
А) Мемлекеттік маңызы бар орталықтар арасындағы магистральдар
Б) Жаңа халықтық шаруашылықтарды игеру кезінде салынатын жолдар
В) Ауылдық аумақтарды жол құрылысын жүргізу
Г) Ескі жолдарды қалпына келтіру
Д) Қала көмірлерін салу және оларды безендіру
Бір бағытта әртүрлі жылдамдықпен қозғалған көліктер көлік ағымын құрайды. Жолдағы қозғалыстың басты қасиеті ретінде,жолдың бір қашықтығында белгілібір уақыт арасында өткен көліктердің барлық санын айтады,оны қозғалыс қарқындылығы деп айтады. Қозғалыс қарқындылығы тұрақсыз шама. Ол ауылдың шетінде үлкейіп,апта күндері мен мезгілге байланысты өзгереді. Демалыс күндері мен мерекелерде жүк тасымалының көлемі артып,жүк көліктерінің мөлшері көбейеді. Бұнда жыл мезгілдеріне байланысты тасымал да болады. Көлік ағымындағы көлік маркалары мен жүк көтергіштігі әртүрлі болғандықтан,қарқындылықты берілген коэффиценттер арқылы,яғни жүк көтергіштігімен анықтайды.
Жаңа жолдар проектісін қозғалыс қарқындылығының құрылыс аяқталғаннан кейінгі 20 жыл көлемінде есептейді. Көлік ағымының қасиеті болып көліктердің орташа жылдамдығы келеді. Қозғалыс қарқындылығы аз болса жекелеген көліктер өзінің барлық динамикалық қасиеттерін қолдануы мүмкін. Қарқындылықтың өсуіне байланысты көліктердің әсері пайда болады,сондықтан көлік ағымының жылдамдылығы бекітілуі мүмкін. Қарқындылықтың өсуіне байланысты көліктердің әсері пайда болады,сондықтан көлік ағымының жылдамдылығы бекітілуі мүмкін. Бұл жылдамдық жол өткізгіштігінің қасиеті болып табылады,демек уақыт бірлігінде берілген жылдамдылықпен өтуі мүмкін көлік санын айтамыз.
Құрылыс нормалары мен заңдылықтары қазіргі заманға жолдарды 5 техникалық категорияға бөледі. Қозғалыс қарқындылығы үлкейген сайын,соғұрлым салынған жол мүлтіксіз болуы керек. Сонымен,неғұрлым қозғалыс қарқындылығы жоғары болған сайын,жол категориясы жоғары болады.
Әр категориялы жолдын барлық элементтері көрсетілген жылдамдық шамасында көліктерге қауіпсіз қозғалыс көрсету ойымен есептеледі.
Автомобиль жолдары жүк және көлік тасымалдарын барынша аз қаражат жұмсау арқылы жүзеге асуы керек
Құрылыс нормалары мен заңдылықтарында қолданылған терминдер мен белгіленулер СТ РК 10 53арқылы белгіленеді,сонымен қатар мына терминдер мен белгіленулер қолданылады:
Жер төсемесінің жоғарғы қабаты-жер төсемесінің бөлігі,жол жамылғысынан төмен,қату дәрежесінің 2/3 терендікте орналасып жүру бөлігінің бетінен 1,5м төмендіктен аспауы керек.
Жер төсемесінің негізі табиғи тегістелген топырақ қабаты,жер төсемесінен төмен орналасады.
Ойық негізі жұмыс қабатынан төмен орналасқан топырақ қабаты.
Негіздің тұрақты қабаты еріген(сулы) және үгінді қатқан топырақтардан тұратын, жер төсемесіндегі тығыздығы 7.2.2.-таблицамен анықталған қабат. Сол себепті еру кезінде н\е ұзақ уақыт жүктемеден кейін оларда бұзылу пайда болуы мүмкін.
Жол жамылғысының жамылғысы жол жамылғысының құрылымдық элементі, автомобиль дөнгелектерінің әсері мен атмосфералық факторлардың негізгі әсеріне ұшырайтын қабат,жол жамылғысының жоғарғы қабаты,жүру бөлігінің эксплуатациялық қызметин анықтайтын бөлігі,жамылғыға тағы да тозу қабаты мен кедір бұдыр жамылғылы қабат кіреді.
Жол жамылғысының негізі жол жамылғысының құрылымдық бөлігі, жамылғыдан төмен орналасып,онымен бірге конструкцияға түскен күштерді азайтып,жер төсемесіне түсуін кемітетін қабат.
Негіздің қосымша қабаты(аязға төзімді,жылу өткізбейтін және т.б.)
Жер төсемесінің жұмыс қабаты мен негіздін астынғы қабаты арасындағы,аязға төзімділікті және жол жамылғысы мен жер төсемесі арасындағы су өткізгіштікті қамтамасыз ететін қабат.
Органикалық минералдық қоспа рационалды алынған қоспа,шағыл тас,қиыршық тас және құмнан немесе жылжымалы құрылғыларында алынатын және активті қоспалармен немесе оларсыз немесе органикалық тұтқырғыш қоспаларының топырақ араластырғыш көліктерде немесе карьердегі қоспалар құрылғысында алынады.
Негізгі түсініктер